Сабақ жоспары :: Биология
Файл қосу
Білім мен тәрбие беру арқылы оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
Білім мен тәрбие беру арқылы оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру.
Жоспар:
І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
- Негізгі ұлттық құндылықтарға сипаттама.
- Биология сабақтарында және тәрбие шараларында ұлттық құндылықтарды оқушы бойына қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйесі.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Әдебиеттер тізімі.

Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Атырау облысы Құрманғазы ауданы Н.С.Манаев атындағы орта мектебінің
І санатты биология пән мұғалімі.
Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының
арасында өз ұлты үшін қызмет
қылылатын болғандықтан,тәрбием,
баланы сол ұлт тәрбиесімен
тәрбие қылуға міндетті.
М.Жұмабаев.
Ата - бабамыздың ұрпағына мұра еткен бар асылының қаншама ғасырлар бойы көшпейтіндей етіп,артына із қалдыруы көрегенділіктің көрнісі. Адамзат баласының өз тіршілігінде көрген - білгенін, тоқып - түйгенін, қорытып келешек ұрпағына мирас етіп қалдырғаны-табиғи заңдылық. Адам бойында қалыптасқан имандылық қасиеттерді рухани құндылықтарға жатқызуымызға болады. Ел басымыз Н. Ә. Назарбаевтың биылғы <<Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ>> атты жолдауы-Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму жолын айқындайтын, стратегия, Президентіміз Тәуелсіз Қазақстанымызды дамытудың, әрбір Қазақстандықтың, әр отбасының, жастардың және келешек ұрпақтың мүддесін қорғаудың нақты жолдарын ұсынды.
<<Мәңгілік Ел-жалпы Қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы болатын. Ендігі ұрпақ-Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің ұлттық идеясы-Мәңгілік Ел!>> деп елбасымыз нақты атап өтті. Әлеуметтік маңызы зор құндылықтың мән-мағынасын ұғындыру,баланың санасына, сезіміне, түйсігіне, мінез-құлқына әсер ететіндей дәрежеде жеткізу ұстаздық шеберлікті талап етеді.
Қазіргі қоғамда бізге жетіспей жатқаны өзіміздің қазақи өмір сүруімізбен шығыстық дүние танымдағы ұлтттық мектебімізді құру. Қазақылық дүние танымның өзегі-адамшылдық. Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің ұлағатты сөздерінен, іс-қимылынан танылып, сезім арқылы жүректен-жүрекке беріліп отырған. Егеменді ел жастарының санасына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің маңызы зор.
Қазақстан Республикасының баянды тәуелсіз ел болуы үшін ұлттық құндылықтар, тәрбие арқылы халық педагогикасынан нәр алып адами құндылықтардың барлық саласын бойына сіңірген, таза елжанды азаматтар қажет. Қазақ елі үшін бар білімі мен қабілетін сарып ететін, елін, туып өскен жерін, тілін, халқының салт-дәстүрін,тарихын, дінін, мәдениетін құрметтейтін жеке тұлға тәрбиелеу.Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу дегеніміз-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгілік қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру. Бүгінгі таңда жаhандану үрдісі жүріп жатқан жағдайда ұлттық мүдде, ұлттық тәрбие, ұлттық құндылық, ұлттық рухымызды сақтап қалу - алдымызда тұрған үлкен міндет. Ұлттық тәрбие дегеніміз - сана сезім мен сенім қалыптастыру. Бүгінгі ұрпағымызды бірнеше ғасырлардан жинақталған ата-бабамыздың мол мұрасымен, ұлттық құндылықтарымен сусындату-біздің басты парызымыз.
Қазіргі қоғамда құндылықтардың алар орны ерекше. Қазақ педагогикасында құндылықтың түрі мен маңызына, сыры мен сипатына алғаш философиялық мән беріп, оныц жан-жақты талдай білген Абайдан асқан зор тұлғаны атау мүмкін емес. Абай - қазақ халқы үшін парасат биіктігінің ақыл-ой толықтығының, адамгершілік пен рухани байлықтың өлшемі. Абайдың қара сөздерінің жас ұрпақ үшін маңызы зор.
Қазіргі таңда ұлттық рухтың оянуы ұлттық тарих, мәдениет,салт-дәстүр жаңа көзқараспен қалыптастырды. Ата-бабаларымыз ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Өз ұрпағын адал еңбекке, өнер-білімге тәрбиелеп, өмірге бейімдеп, жанұяның, Отан намысын қорғауға тәрбиелеуі үлкен ұлағаттылықты байқатады. Әр халықтың тәлім-тәрбиесі ұлттық құндылықтың маңызды белгісі. Құндылық-тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған мұраттар. Оқушының ұлттық қасиеттері: меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық,инабаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайлылық, мәдениеттілік, шығармашылық, рухани-байлық, махаббат т.б сияқты қасиеттері арқылы ерекшеленеді. Құндылықтар-шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, дей тұрғанмен ол адам санасында орын алады. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады, сол арқылы тұлға құндылығы қалыптасады. Тұлғаның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткеншек және жасөспірім шақта жедел жүреді.Тұлға дегеніміз-сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойына жинақталған көрнісі. Тұлға-бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнімі. Тұлғаның қалыптасуы өмірге келген сәтінен бастау алып, жасөспірім, және жеткіншек шақта жедел қалыптасады. Рухани тұлға көрсеткіштері: ойы озық, еркін, кісілігі, намысы биік, өрелі, білімді, рухани бай, кемелденген, саналы, іскерлік. Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой,ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Әрбір тіршілік иесі - адам.Әр адам өзінің жеке қасиеттеріне қарай өзінше жеке тұлға. Адам жеке тұлға болып қалыптасып өсуі және дамуы үшін тек қана адамдар арасында өмір сүруі қажет. Жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуы ұлттық дәстүрлерімізді меңгеруі мен құрметтеуінен туындайды. Жеке тұлғаның құндылық түсініктеріне әсер ете оқыту, оның ең алдымен, әдептілігіне баса назар аударуды қажет етеді. Өйткені ол-халқымыздың ұлттық психологиясының өзегі, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрнісі, барлық кісілік қасиеттерінің жиынтығы.[1]
Қазақстан Республикасының білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасында <<әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздік білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу>> деп атап көрсетілген.
Білім берудің негізгі басты мақсаты мен нәтижелілігі - білім алумен бірге, біліктілік дағдыларына қол жеткізе отырып, заман талабына сай ұлттық құндылықтарды бойына дарытқан, өз Отанының партиоты, жан-жақты дамыған білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға беретін, функционалдық сауаттылығы қалыптасқан жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.
<<Ұлттық құндылық қасиеттер рәміздеріміз, ұлттық сана-сезіміміз, ойымыз, дәстүрлік іс-әрекетіміз заман ағымына қарай қолданыста өзгеріс табады>> деген пікірді әрбір ой толғаушы ғалымдардың еңбектерінен байқауға болады. Ұлттық руханилық ұлттық құндылықтың мәні деп түсінеміз. Әр ұлттың ұлттық қасиеттері ұлттық тәрбиеге байланысты дамып қалыптасқан. Әрбір тұлға саналы түрде өзін басқалармен салыстыра келіп өзіндік ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырады.
Мектептегі білім мен тәрбие жұмысын ұлттық ерекшеліктерге негіздеп, мазмұнына халықтық ұғымдар енгізу, уақыт күтірмейтін мәселе. Мұны өмір талабы, заман ағымы қажетсінуде. Ұлттық ерекшеліктер ұғымын жалаң тұрғыда емес, әр пәннің мазмұнына үйлесімділікпен енгізе білуіміз керек. Ұрпақ ата-бабадан жеткен асыл мұраларымызды саналы қабылдап, бойына дарыту үшін, ең алдымен, халықтық өзіндік болмыс ерекшеліктерінен, өмір тіршілігінен мол мағлұмат болуы қажет. Сонымен бірге жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің ең басты жолы-ұлттық қадір-қасиетті дәріптеп, ана тілімізді сақтап, мәдениетімізді дамыту болып табылады. Тәрбие - мәңгілік және адамзаттық. Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған, озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақ бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым - қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез - құлқын қалыптастыру. Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар - ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ұлттық қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.Тәрбие мазмұны, оны жүзеге асыратын әдіс - тәсілдердің негізі - адамгершілік, имандылық, ізгілік, елжандылық. Бұл ерекшеліктер ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа мирасқа қалып отырады. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ - дені сау, білімді, өнерлі, ақылды, еңбекқор, иманжүзді, сұлу да сымбатты, ұлтжанды болып қалыптасады. Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу дегеніміз - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым - қатынасын, дүниетанымын, өнерге деген көзқарасын және мінез - құлқын қалыптастыру.
Ұлтжанды, адами құндылықтарды бойына жинаған, қиыншылықтардан жол табатын, экономикалық бәсекелестікке қабілетті, ары таза, иманжүзді, біреудің қолдауынсыз өз еңбегімен білім алған, елі мен жерін сүйетінін атқарған ісімен дәлелдеген жастарды көргіміз келеді. Ұлттық тәрбие - әрбір халықтың ой-арманымен, тіршілік тынысымен, ұлттық дәстүрімен тығыз байланыста туып, қалыптасқан тарихи қазынасы, мәдени мұрасы. Ол болашақ ұрпақты өмір сүруге тәрбиелейтін өмір кітабы. Егеменді еліміздің болашағын қалыптастыру, ғасырдан - ғасырға жалғасып келе жатқан салт - дәстүрді, асқақтаған айбынды Отанды сүюге, ата - анаға құрмет, үлкенге ілтипатты, кішіге парасатты, салауатты дені сау ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күннің талабы.Ұлттық тәрбиеге тікелей ықпал жасайтын білім ордасы, мектеп. Мектеп - білім ошағы, тәрбие ордасы, тағылым табалдырығы. Мектеп - тұлғаның толық қалыптасуына жағдай жасайтын әлеуметтік орта. Бүгінгі жас ұрпақ мектептен білім мен тәрбиені қатар алып шығуы керек. Сонау замандардан жинақталған ата-бабамыздың мол мұрасымен, яғни ұлттық құндылықтарымен сусындату - ұстаздардың басты парызы. Демек, ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып тәрбиелеу арқылы мұғалімдер ұлттық құндылықтарды қалыптастырмақ. Жас ұрпақ тәрбиесі - адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгінігі де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Жас ұрпақты тәрбиелеуде құндылықтардың бірнеше саласын қарастыруымызға болады. Олар: білім беру құндылықтары, адамзаттық құндылықтар, ұлттық құндылық, рухани құндылық, адамгершілік құндылық, мәдени құндылық болып жіктеледі. Жас ұрпақты ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесі бар екендігі айдан анық. Ұстаз алдындағы негізгі мақсат- ұлттық болмыс ұғымдары арқылы оқушы дүниетанымын кеңейту, өз беттерімен пайымдау жасауға, терең ойландыруға ұмтылдыру. Қазақи ұлттық құндылықтар жойылып кетпейді, ол биология заңдылықтары сияқты жаңарып отырады.Ұлттық құндылыққа: Адамгершілік, Мінез-құлық, Салауатты өмір салты жатады.
Адамгершілік-тұлғаның адамгершілік сана-сезімін, іс-әрекетін қалыптастыратын, құндылық бағдарын айқындайтын құрал.адамгершілік қасиеттің ең жоғарғы түрі - ұлт, ар-ожданды сақтау, отанды сүю.Адамгершіліктің ең жоғарғы түрі - бауырмалдылық, бүкіл адам баласын бауыр, дос тұту, көпшіл болу, ата-ананы қадірлеу, ұлтжандылық қасиеттерді қастерлеу.Тәннің кемелділігі-денсаулық. Салауаттылық ұғымы-қазақ халқының салт-дәстүрін, көнеден келе жатқан мәдениетін, өнерін, әдет-ғұрпын жас ұрпаққа ұғындыру, өз ұлтының дінін ұстауға үйрету. Салауатты өмір салты-адам үшін аса маңызды, денсаулықпен тікелей байланысты құнды форма. Денсаулық-адам бақытының негізгі бөлігі. Ұлттық телеарнада салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өтіп жатқан жаңашыл әдістегі бағдарлама желісінде <<Толағай>>атты спорттық, ұлттық ойындар сайысын сыныбымда және 6-7 сынып оқушыларымен сыныпаралық, топтық сайыс түрінде өткіздім. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда оқушы ағзасына әсер ететін зиянды заттардан аулақ болу, саналы азамат болып тәрбиеленулеріне өз үлесімді қосып келемін.
Мектепте оқытылатын әрбір пән жан-жақты тәрбиелік қасиетке ие екені сөзсіз. Оқушы үшін мектепте оқылатын пәннің орны ерекше. Әр шәкірт әр бір пәннің бастауынан нәр алып, келешек өміріне пайдаланады. Басқа пәндер сияқты жаратылыстану бағытындағы пәндердің бірі биология пәні. Биология - жалпы тіршілік туралы ғылым. ХХІ ғасыр биология ғасыры аталуының өзі биологияның басқа пәндермен қатар, орны ерекше екенін көрсетеді.Биология пәнінен сабақ беру кезінде мен осы тақырыппен тұрақты жұмыс істеп, сабақ барысында халық педагогикасының элементтерін үздіксіз пайдалана отырып өмір тәжірибесіне сай, өз ерекшеліктерімен қалыптасқан және ұлттық тәрбиенің негізін терең меңгерген шәкірт тәрбиелеуге басым күш салдым.
Халық педагогикасын биология сабақтарында және сыныптан тыс шараларда қолданудың мынандай мақсаттары мен міндеттерін атап өткім келеді:
-Халық педагогикасының элементтерін қолдану арқылы қолайлы жұмыс түрлерін ұйымдастыру;
-Этнопедагогика бойынша көрнекі құралдарды қолдану;
-Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге тәрбиелеу;
-Қазіргі заман талабына сай азаматты тәрбиелеу;
-Ұлттық намыс, қадір-қасиеттерді оқушы бойына сіңіре білуге тәрбиелеу;
-Салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу;
-Халық педагогикасына жете мән беру;
-Салауатты өмір салты туралы ұлттық салт-дәстүрлерімен танысып оны ұстана білу;
Осы міндеттер мен мақсаттарға жету жолдары;
-Сабақ барысында тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдерді қолдану;
Генетика тарауын өткен кезде, генетиканың әдістері тақырыбы бойынша қазақ халқының жеті ата ауқымындағы туыстық атау, шежіре құрастыруда оқушылар өз ата-бабалары туралы деректерді жинауды тапсырдым.Биология сабағында биологиялық шежіре картасын толтырттым.
-<<Тұқым қуалаушылық пен ұрпақ сабақтастығының өмірде алатын орны жайлы>> пікір талас ұйымдастыру;
<<Ата - салтына, ұлттық тәрбиеге баулудағы жанұядағы әке мен ананың басты ролі>> атты педконселиум ұйымдастыру;
-Педагогикалық зерттеу жүргізу;
-Үлгілі отбасылары мен кездесулерп ұйымдастыру;
-Ардагерлер алқасымен жиі дөңгелек столдар, бас қосулар өткізу;
-Ақсақалдар кеңесінің мүшелерімен оқушылар арасында сұрақ-жауап кештерін өткізу.
Осындай жұмыстарды атқара отырып бұл жұмыс түрлерін жүйелі түрде сабақ барысында пайдалана отырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге тәрбиелеу мақсатында жасалды. Алдағы уақытта осы жұмысымды жүйелі түрде жалғастыра беремін.
Бүгінде оқушыларға әлемдік деңгейде, өркен ниетті негізде білім мен тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды жас ұрпақ бойына сіңіру әлемдік маңызы зор проблемаға айналып отыр. Ұлттық құндылықтарымыздың туын биік ұстап, жас ұрпақты қасиетті халқымыздың тәлімгерлік үлгісімен тәрбиелеу-ең маңызды міндет. Сонда ғана болашағымыз айқын, құрылымымыз берік негізді болады. Тәрбиесіз берілген білім-нәтижесіз еш еңбек. Алдымен ұлағатты ұрпақ өсіргіміз келсе, ата-салтын, ұлттық тәрбиемізді бірінші білім берумен қатар жүргізуіміз керек. Бұл түпкі мақсатқа жеткізудің негізгі жолы болмақ. Ол үшін ұрпағымызды оқыту мен тәрбиелеуде қашанда мектептегі басты тұлға ұстаз-мұрындық болу керек. Сөзімді қорыта келе еліміздің болашағы жарқын болып қалыптасуы үшін ұлттық құндылықты санасына терең меңгерген білімді, инабатты жас ұрпақты тәрбиелей отырып, қол жеткізсек бұл ұстаздар қауымы үшін үлкен жетістік болары айдан анық.
Күтілетін нәтиже
-Ұлттық құндылықты бойы игерген тұлға қалыптастыру;
-Ұлт болашағы мен ел тағдырынкелешек ұрпақ қолына сенімді етіп тапсыру;
-Бүгінгі ұрпаққа берілетін тәрбиеден күткен нәтижеге қол жеткізу;
-Ұлттық тәрбиені қаз-қалпында атадан балаға ұластырудың сабақтастығы тұрақты сақтау.
Әдебиеттер тізімі:
1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы <<Қазастан жолы-2050: бір мақсат, бір мүде, бір болашақ>> 2014ж 17 қаңтар.
2. Қазақстан Республикасының <<Білім туралы>> заңы. Алматы - 2008.
3.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырыдамасы.
4. <<Қазақстан мектебі>> журналы. №11-2010ж; №10-2009ж.
3. <<Оқушы тәрбиесі>> журналы. №12-2012ж
4. <<Мектептегі психология>> №3-2011ж.
Өтініш парағы
Аты-жөні
Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
Жоқ
Жұмыс орны
Атырау облысы Құрманғазы ауданы
Н.С.Манаев мектебі
Баяндама тақырыбы

Секция
Жаратылыстану-математика бағыты бойынша
Қажетті техникалық құрал-жабдықтар
Компьютер
Байланыс телефондары
Үй телефоны:8 (71233) 5-64-15
Мектеп телефоны: 8(71233) 3-54-02
Электронды пошта адресі (Email)
hilauova1971@ mail.ru

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz