1-сынып математикасы: Санды және әріпті өрнектерге арналған сабақ жоспары

Ақтөбе облысы, Қобда ауданы,

Бегалы орта мектебінің

бастауыш класс мұғалімі

Утебаева Бибигуль Хасеновна

Математика 1сынып

Сабақтың тақырыбы : Санды және әріпті өрнектер

Сабақтың мақсаты :

1) Санды және әріпті өрнектерге есептер шығару жолдарын меңгерту

2) Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, тапсырмаларды ауызша-

жазбаша өз бетінше есептей білу машықтарын жетілдіру. Логикалық

ойлау қабілеттерін дамыту

3) Топпен жұмыс істеуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс, ойын

Көрнекілігі: таблица слайдтар, үлестірмелі қағаздар, интерактивті тақта

Түрі :Жарыс сабағы

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық .

2. Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау.

3. Жаңа сабақ.

Сабақтың мақсатын хабарлау.

Екі топқа бөліп отырғызу, топ аттарын таныстырады.

1топ- «Қосынды» тобы

2топ- «Айырма» тобы.

-Балалар, ат үстінде ойналатын қандай ұлттық ойындарды білеміз?

-Қыз қуу. Бәйге. Аударыспақ т. б.

-Дұрыс айтасыңдар балалар әр топтан бір-бір ұл бала шығып атқа мінеді. Жарысқа дайынбыз ба? Ендеше «Бәйге» ойынын бастаймыз.

-Қай топтың баласы үйге бірінші жетіп, тапсырмаларды алып, сұраққа толық мүдірмей жауап берсе, сол топтың жеңгені.

-Өте мұқият, белсенді болып, берілген сұраққа толық жауап беріп отырған топ «Білім» ордасының төрінен орын аласыңдар.

Жаңа сабақ бойынша түсіндіру интерактивті тақтада:

А -8, а -30 әріпті өрнектер мұндағы а = 38

20+1, 76-6 санды өрнектер

Дәптерге оқушылардың жазулары. Тақтаға екі топтан оқушылар шығып

әріпті өрнек пен санды өрнекке берілген есептер шығарады (қай топ мүшесі қатесіз, дұрыс шығарғанын ескеру)

- «Бәйге » ойыны

1топ 2 топ

-Өрнек түрінде жаз және мәнін табыңдар:

19 және 1, а мен 9 айырмасын 90 және 10, 8бен а-ның қосындысын

мұндағы а = 30 мұндағы а = 30

-Бос торды толтыр. Екі топқа таблицаны толтыру тапсырылады.

9
6
2
4
5
10
9
4

-Оқулықпен жұмыс.

- Тез ойла . Әр топтың өз беттерінше есеп құрастырып шығарулары:

? 3кг 5кг ?

10кг 8л

-Сергіту сәті.

-Көпбұрышпен жұмыс. Көпбұрышты дәптерге сызу, сұрақтарға жауап беру

-Көпбұрыштың неше қабырғасы бар?

-Неше бұрышы бар?

Бекіту:

Саны және әріпті өрнектерге берілген тақтадағы есепті шығарту

Сабақты қорытындылау:

-Сонымен бүгінгі сабақта не үйрендік, не білдік?

-Санды өрнек пен әріпті өрнектің айырмашылығы мен ұқсастығы неде?

-Ойымызды жинақтап, қорытындылап, әр топтың жинаған ұпайын санап, көп ұпай жинаған топты мадақтау.

-Топтық бағалау, (екі топта бүгінгі сабаққа жақсы ат салыстыңдар, екі жақ та бір-бірінен қалыспады, нәтижесінде мына топ (?) алға шықты)

-Рахмет балалар.

Үйге тапсырма беру


Ұқсас жұмыстар
5-сынып математикасы: Санды және әріпті өрнектерге арналған сабақ жоспары
Санды және әріпті өрнектер: бастауыш сынып математикасы сабақ жоспары
1-сынып математикасы: Өрнек - әріпті өрнекті санды өрнекке айналдыру және 10-а өрнегінің мәнін табу
2-сынып математикасы: Санды және әріпті өрнектерді жазу, мәнін табу және есептер құрастыру
Санды және әріпті өрнектер: жаңа сабақ жоспары
2-сынып математикасы: Қосындыдан санды азайтуға арналған сабақ жоспары
2-сынып математикасы: Екі және үш амалдан тұратын әріпті өрнектерді салыстыру
1-сынып ана тілі бойынша дыбыс пен әріпті ажыратуға арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Математика 1-сынып: Әріпті өрнектерді құрастыру, жазу және мәнін табу
6-сынып математикасы: санды теңсіздіктердің қасиеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz