Сабақ жоспары :: Биология

Файл қосу

Экология – заман талабы

Өскемен қаласы,ШҚО арнайы жетім балаларға арналған мектеп-интернаты
<<Экология - заман талабы>>атты экологиялық пресс конференция сабағы.
Мақсаты:1.Оқушыларға экологиялық,валеологиялық білім беру.Адам - табиғат>>арасындағы үйлесімділікті,табиғатта болатын қарым-қатынас жәйлі,Каспий теңізінің ,Балқаш қөлінің,Өскеменнің экологиясының - адам,өсімдік,жануарлар өміріне деген әсерімен танысып,қорғау шаралары туралы қаулы қабылдау.
2.Есте сақтау,ойлау,салыстыру,сараптау,саралау қабілеттерін осы сабақ арқылы дамыту.
3.Қоршаған орта мен оның табиғи байлықтарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын,аялай білетін,адамгершілігі мол,экологиялық,валеологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілік:тақырыпқа байланысты қанатты сөздер,Экология - заман талабы>>
атты стенд,экологиялық сот процессінен көрініске арналған декорациялар және <<Жамбыл театрының труппасы>>,<< Каспий тағдыры>>,Балқашым - бағым>>,Бақыттың мекені - Өскемен>>атты шығармашылық топтары,ШҚО ақпарат жүйесі - <<Дидар>> ,Кенді Алтай>>,Менің қалам"- газеттерінің өкілдері,Эколог,Географ,Тарихшы мамандары,тәжірибелерге арналған құралдар,Қазақстан Өскемен телеарнасының>>жарнамасы.
Өткізілу формасы:пресс конференция.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі мұғалімнің кіріспе сөзімен басталады(музыка әуені)
Оқушылар бүгінгі : <<Экология - заман талабы>>атты сабағымыз экологиялық пресс конференция түрінде өтпек.Экологиялық пресс конференция дегеніміз - ақпарат жүйелерімен сұхбаттасу арқылы білімдерімізді ортаға салу және экологиялық мәселе бойынша қаулы қабылдау.
Сабақ жоспары:
І.Экология - заман талабы - негізгі бөлім.
1.Каспий - тағдыры>>
2.Балқашым - бағым>>
3.Бақыттың мекені - Өскемен>>
4.Арт.терапия
ІІ.Өнер саласы - <<Жамбыл атындағы драмтеатрының <<қойылымы <<Экологиялық сот мәжілісінен көрініс>>
ІІІ. <<Қазақстан Өскемен>> телеарнасының жарнамасы <<Бұл біз қорғайтын орта.
ІV.Шығармашылық топтардың жұмыстары - көрме.
V.Экологиялық пресс конференцияның қаулысын қабылдау.
Ал,енді <<Экология - заман талабы>> атты негізгі бөлімімізді бастайық.Сөз ақпарат жүйесіне.
<<Дидар>>газеті:Ал онда, экология деген не?
<<Эколог>>маманы: Экология бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әрбір іс-әрекетіне келешекте шек қоятын,оның тыныс -тіршілігіне ат салысатын ғылымның жаңа саласы
<<Тарихшы>>:Экология ғылыми табиғат заңдылығының бұзылуын,тепе-теңдіктің сақталуын бақылай отырып,өзгерістеріне дер кезінде шара қолданады.
<<Географ>>:Экология - гректің <<ойкос>> - үй, логос>> -ғылым деген сөзі.
* Ендеше,бұл ғылым үй жөнінде екен.Ал сендер үшін үй дегеніміз не ?
* Адамның үйі оның баспанасы,жануарлар мен құстардың,аңдардың үйі -орман,дала,тау,су,өзен,көл.Ал осы барлық тіршілік иелеріне ортақ үй - жер планетасы.
Мұғалімнің қорытуы:
Табиғат әсемдік төркінісің,
Ән саламын бір сенің көркің үшін
Жан - жануар табынып бір өзіңе,
Сенен алып тұрғандай бар тынысын деп,
Жамбыл атамыз жырлағандай,қазіргі заманда адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы күрделенді.Демек,адам баласы өзінің саулығын ойлап,барды күтіп,аялап сақтаумен қоса,қалпына келтіру,көркейтуге мән беру керек.
<<Кенді Алтай>>газеті: Ал,біздің Отанымыз Қазақстанның экологиясы қандай? Экологиялық мәселесі бар ма?
Мұғалім: сөзді географ маманына берейік қысқаша Қазақстанмен таныстырып кетсін.
<<Географ>>:Қазақстан ең үлкен Еуразия материгінің ортасында орналасқан.Солтүстікте - Ресей елі,шығыста - Қытай елі,оңтүстікте - Қырғызстан,Өзбекстан,Түрікменстан елдерімен шекаралас.Астанасы - Астана қаласы.Тұрғындарының саны 16миллионнан астам,200 ұлт өкілдері тұрады.
<<Эколог>>:Экологиялық жағдайына келетін болсақ: қазіргі заманда адамның қоршаған ортамен қарым - қатынасы күрделенді.Адам санасының өсуі,өнеркәсіптің тез өркендеуі,ғарышты игеру қоршаған ортадағы тепе - теңдіктің бұзылуына әкеліп соғуда.Бүгінде Қазақстанда экологиялық мәселе - өзекті мәселеге айналды.
Мұғалім:осы заман талабына сай Қазақстаннің батысында орналасқан Каспий теңізі,орталығындағы - Балқаш көлі,шығысындағы - Өскемен қаласының экологиясына көңіл бөлдік.
<<Дидар>> газеті: Каспийдің экологиясы туралы айтып кетсеңдер.
<<Географ>>:Каспий теңізінің жалпы жағалауы - 7000 км.Қазақстандағы ұзындығы - 2340 км.Каспий тұйық теңіз.
-Ластану себептері:өндірістік қалдықтардың тасталуы,мұнай - газ,тау - кен кәсіпорындарынан төгілетін сулар мен мұнай төгінділері.
-Ластану салдары: мұнай өндіру жұмыстары таязда жүргізіліп,мұнай операцияларынің экологиялық қауіпсіздігі толық сақталмауы Каспийдің биологиялық жүйесіне зардап келтіреді.
-Қорғау шаралары: Каспий теңізінің мәселесін Каспий маңы елдері - Қазақстан,Әзербайжан,Иран,Ресей,Түрікменстан бірлесе шешеді.Осы елдердің қатысуымен 2003 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы даму бағдарламасы бойынша Каспий тіңізінің табиғи ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенция>> қабылданып,2006 жылы күшіне енді.Қазақстан Каспийдегі мұнай апаттарының алдын алу,реттеу ісіне ірі көлемде қаржы бөлуде.
Мұғалім сөзі: Иә,Каспий мәселесі осы 5 елді ойландырмай қоймады,жаңағы айтқан шараларды қолданып жатыр.
<<Кенді Алтай>>газеті: Ал, Балқаш туралы не ойлайсыздар?
<<Эколог>>:Орталық Қазақстанның оңтүстік құмды жерінде Балқаш көлі теңіз деңгейінен 340м.биіктікте,ұзындығы 600км. - ден астам.Ең терең жері - 26метр.
-Ластану мен тартылу себептері:
1.Қапшағайда су электр стансасы салуына байланысты Балқашқа құятын ең ірі Іле өзенінің бөгелуі.
2.Балқаш қаласындағы мыс қорыту комбинаты мен тағы басқа өндіріс орындарынан шыққан қалдықтардың көлге төгілуі.
-Экологиялық зардап:
1.Көлдің деңгейі бастапқы шамасынан 2 метрге жуық төмендеді.
2.Судың құрамында мыс,молибден және мырыш мөлшерінің көбеюі (14 - 15 есе)көлдегі тіршілік көздурінен жода.
3.Көлдің флорасы мен фаунасына зиян келіп,нәтижесінде пайдалануға жарамсыз.
4.Лас су - жергілікті тұрғындар арасында көп тарған түрлі аурулардың(ішек,теріаурулары)негізгі көзі.
Мұғалім: иә, блалар Қазақстанда осындай экологиялық апат аймақтар аз емес,біз тек осы аймақтарды көрсеттік.Ал әйтеуір теңіз,су туралы айтқандықтан,қазір біз біраз демалып алайық.Ол үшін <<теңіз бойында>>атты арттерапия үзіндісін тамашалайық(3 оқушы,теңіздегі толқындар,теңіз бойындағы өсіп тұрған ағаштар,теңіз жағасындағы пілді көрсету)
Келесі сұрақты <<Менің қалам>>газеті қояйын деп отыр.
- Өскеменде де экологиялық мәселе бар дедіңіздер?Айтып берсеңіздер.
<<Тарихшы>>:Біздің өлкеміздің негізгі қаласы Өкемен - Шығыс Қазақстан облысының орталығы.Ірі өнеркәсіп орны:Қазмырыш,Үлбі металлургия зауыты,Титан магний комбинаты жұмыс істеуде.Осы тұрғыда Өскемен Қазақстандағы экологиялық ауа атмосферасы ең лас қалалар қатарына жатады.
-Ластау себептері:
1.Ауыр және жеңіл өнеркәсіп пен тау-кен металлургия саласындағы аса ірі кәсіпорындардан шығатын қалдықтар.
2.Экологиялық тұрғыдан негізделмеген қала құрылысынан туындайтын ауа алмасуының әлсіздігі.
Ластанудың салдары:
- Қышқылды жаңбыр жауады;
- Ауа мен топырақ бүлінеді,
- Ауа қозғалысының әсерінен улы заттар басқа да жерлерге таралады;
- Жергілікті тұрғындар арасында ауру түрлері(тыныс жолдары,жүрек - қан тамырлары,жүйке,қатерлі ісік)етек алып,науқастар саны өсе түседі;
- Өсімдіктер мен жануарлар әлемі де күрт азайып,түрі мен саны кемиді;
Қорғау шаралары:
- Зиянды қалдықтарды тазалайтын сапалы сүзгілер орнату;
- Ауыр өнеркәсіп орындарын орналастыру кезінде климат пен жер бедер ерекшеліктерді ескеру;
- Еліміздің экологиялық қауісіздігін сақтау мақсатында ҚР Экология және табиғат қорғау министрлігі құрылды.
Мұғалім сөзі: иә, Өскеменнен басқа - Алматы,Ақтөбе,Тараз,Шымкент қалалары да ең лас қалалардың қатарына енді.Осыған кінәлі өнеркәсіп салалары,ең негізгі адам болып табылады.Осы орайда <<Менің қалам>>газеті келесі сауал қоймақ:
- Ал,өнер қауымы осы экология мәселесіне қалай атсалысады екен?
Мұғалім: біздің қаланың <<Жамбыл театры>> оқушыларға,жалпы қала тұрғындарына өз өнерлерімен танымал.Онда осы театр труппасына сөз берейік <<Экологиялдық сот процессінен көрініс>>:
Сотқа қатысушылар:
1.Сот - Тимур
2.Хатшы - Айбек
3.Жәбірленуші Жер,Табиғат - Алмас
4.Адам - Жандос
5.Қорғаушы - Ерғалым
6.Су маманы - Нарқыз
І.Хатшы: сот келеді,орындарыңнан тұрыңдар!
Сот: Отырыңдар! Адамнан жәбір көріп жапа шеккен,адамның әрекетінен табиғатына зақым келіп,көптеген табиғат компоненттері құрып кету алдында қалған жәбірленуші Жердің шағымы бойынша іс қозғалды.Істі экология соты жүргізеді.Куәгерлер сотқа жалған куәлік бергендеріңіз үшін айыпталатындарыңызды естеріңізге саламыз.
Сөз кезегі Жәбірленуші Жерге беріледі
Жер: мен Жермін,Табиғатпын.Адамды келесі қылмыстары үшін айыптаймын: - Адам жыл сайын жер қойнауынан 100 миллиард тонна пайдалы қазбалар алады,30 миллион тонна улы химикат пайдаланады.Атмосфераға 20 миллиард тонна көмірқышқыл газы,700 миллион тонна әр-түрлі қосылыстар тастайды.Осыдан көптеген экологиялық мәселелер пайда болады.
Мен Адамды жазалауды өтінемін.Адамға жер планетасында тұруға болмайды,оның жерден қуылуын сұраймын.Осы сөздерім дәлелді болу үшін куәгерлерді тыңдауларығызды өтінемін.
Сот: Куәгер Су маманына сөз беріледі.
- Құрметті сот!Су - баға жетпес табиғи байлық.Қазақстан тұщы су жеткіліксіз аймаққа жатады.Ауыз су тапшылығы судың аздығынан емес,оның адам әрекетінен ластанып жарамсыз болуынан.
Сот: сөз Қорғаушыға беріледі.
- Құрметті сот мүшелері, Адам - табиғаттың төл баласы,жас баласы осыны ескерсеңіздер екен.Жыл сайын экологиялық сенбілік,айлықтар ұйымдастырады,онда ауыл - қалаларды көгалдандыру сияқты жұмыстар жүргізіледі.Қазақстанда : 9 қорық,2 ұлттық саябақ,2 қорықша,2 табиғи ескерткіш бар.Қазақстан Республикасы табиғатты қорғау заңын қабылдады.
Осыны ескеріп Адамға кешірім беріп, өз қателігін жоюға мүмкіндік беруді өтінемін.
Адам: мен барлық кінәларымды мойындаймын.Жасаған қателіктерімді өзім түзеймін.Мен Жер Ананың төл перзентімін.Жердің,Табиғаттың адамсыз өмір сүре алмайтынын түсіндім.Өз қатемді өзім түзеймін.
Хатшы: орындарыңыздан тұрыңыздар,сот үкім шығару үшін үзіліс жариялайды.
Үзілісте - Мұғалім: сот шешімін шығарғанша біз географиялық жаттығу жасайық. Алфавит бойынша Қазақстанның қалаларын атайық.(Мен әріп көрсетемін оқушылар қала атын атайды: А - Астана,Қ - Қарағанды,
Ө - Өскемен,П - Павлодар,
Ш - Шымкент,Т - Тараз.
Өте жақсы!
Хатшы: орындарыңыздан тұрыңыздар,сот келеді!
Сот: Табиғаттың байлығы - Жер, Адамдар,өсімдіктер,жануарлар өз қорегін осы қара жерден алады.Сондықтан,Табиғат пен Жер - Ананы сүйе білу,оны аялау адамдардың азаматтық борышы.Жәбірленуші және куәгерлерді тыңдап,қорыта отырып,Қазақстан Қылмыстық істер кодексінің <<Қоршаған орта және оның зиянды әрекеттерден қорғау>> туралы 85 бабы бойынша сот Адамды Жерде қалдыра отырып келесі шешім қабылдайды:
- Табиғаттағы тепе - теңдік сақталу үшін шаралар ұйымдастырсын.
- Мектептерде зкология сабағы жүргізілсін.Осы шаралардың орындалуын Өскемен қаласындағы <<Жасыл елшілерге>> тапсырылсын.
- Сот мәжілісі жабық деп жариялаймын.
ІІІ.Сонымен,Адам өз кінәсін мойындап,өз қатесін түзететін және сот шешімін орындайтын болды.
Ал, енді <<Кенді Алтай>>газеті <<Қазақстан Өскемен телеарнасына>> сұрағы бар екен.
- Сіздердің телеарнаңыз экология мәселесіне көңіл бөле ме,қандай жұмыстар жүргізуде?
<<Қазақстан Өскемен телеарнасы>> жарнама ұсынады: Бұл біздің қорғайтын орта>> (слайд)
Мұғалім: сонымен қатар <<9б>> сынып оқушылары да, экология мәселесіне атсалысуда.Осы мәселені іс жүзінде,көзбен сіздер көрсін деп - география,жаратылыстану сабақтарында 2 апта бұрын келесі эксперимент өткізді: 4 стақан су, 4 жапырақ алды.
І - ші стақанда: таза су,жапырақ;
ІІ - ші стақанда: таза су,жапырақ және сірке суы.
ІІІ - ші стақанда:таза су,жапырақ,2 қасық май.
ІV - ші стақанда: таза су,жапырақ,қоқыс,қағаз,көкөніс қалдықтары салынады.
Нәтижесін барлықтарыңыз көрген шығарсыздар.Осы жапырақ таза суда ғана солмапты.Себебі,барлық тіршілік атаулыға : таза ауа,таза жер,таза су қажет.Біздің эксперимент осыны дәлелдеді.
ІV.Ал қазір осы <<Экология - заман талабы>>атты сабағымызды қаншалықты ұққанымызды,пысықтағанымызды білу үшін,тест ұсынамын.
1.Қазақстан қай материкте орналасқан:
А)Америка
Б)Еуразия
В)Африка
2.ШҚ облысының орталық қаласы:
А)Алматы
Б)Астана
В)Өскемен
3.Бұл ғылым табиғат заңдылығының бұзылуын,тепе-теңдігінің сақталуын бақылай отырып,өзгерістерге дер кезінде шара қолданады.
А)биология
Б)экология
В)геология
4.Батыс Қазақстан экономикалық ауданында орналасқан экологиялық апатты аймақ:
А)Байкал
Б)Арал
В)Каспий
5.Орталық Қазақстан зкономикалық ауданында орналасқан балығы жеуге жарамсыз көл:
А)Зайсан
Б)Балқаш
В)Марқакөл
Өте жақсы!
Мұғалім: ал,құрметті конференцияға қатысқан қонақтар!Қазақстанның экологиясын сақтау,жақсарту үшін осы шара өткізілді.Жұмыла көтерген жүк жеңіл>> демекші,бірлесіп бәріміз бір кісідей ат салыссақ,ісіміз алға басары анық.Ал енді әр экологиялық пресс конференцияға тән қағида,ол соңында қаулы қабылдау.(стенд бойынша)
1.Табиғатты тиімді пайдалану:
а)зерттеу;б)қорғау;в)игеру;г)қайта құру;д)үнемді технология қолдану.
2.Табиғат қорғау мәселелерін шешу жолдары.
3.Экологиялық саяхат.
4.Халықаралық экологиялық ұйымдар құру.
5.Жасылдар қозғалысы>>жұмысын жалғастыру.
V.Көрмеге назар аудару: 1. үй тапсырмасы кескін картаға экономикалық аудандарды түсіру,деңгейлер бойынша.
2.Жан жануарлардың адамдарға жолдауы...
3.Нағыз Қазақстанның азаматы білуі тиіс...
4.Бақыт құсының қанатына туған өлкеге бағытталған оқушылардың жылы лебізі...
Мұғалім: ал, осымен біздің экологиялық пресс конференциямыз аяқталды.Құрметті қонақтар,осындай экологиялық бағдарламаға келіп бізге мәнді де,мағыналы мәліметтер бергендеріңізге рахмет айтамыз.
Бұл кездесу Жер туралы,Қазақстанның экологиясының қорытындысы ретінде өтті.Бар ғаламшар сіздерге ғана сенеді,сіздер жердің келешегісіздер.Келешекте Жер ғаламшары,Қазақстан Жері таза болсын!
Сабағымызды <<Туған Жер>> әнімен аяқтаймыз.









Ұқсас жұмыстар
Топ атаулары
Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері және құрылымы
Сайыс сабақ құру
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру
Заңның құқығы
Топтарды марапаттау
Тест сұрақтары
Ана тіліме мөлтек сыр
Жаңашыл мұғалім болу заман талабы
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу
Пәндер