Темір

Сабақтың тақырыбы : Темір
Сабақтың мақсаты : Темір металы жөнінде білімдерін кеңейту, оқушылардың білімдерін жүйелендіру, пәнге деген біртұтас көзқарас қалыптастыру.
Сабақтың түрі : Кіріктірілген қорытынды сабақ .
Кіріктірілетін пәндер ( Химия, физика, География, Биология, Асторономия, Әдебиет, дін, халықтық педогогика және медицина .
Сабақтың міндеті :
Білімділік : Темір элементін жан-жақты зерттеу арқылы темір, оның қосылыстары, қолданылуы, маңызы жөнінде білімдерін кеңейту.
Дамытушылық : Оқушылардың ойлау, қорытындылау, жүйелеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік : Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту .
Сабақтың көрнекілігі : Кестелер, сызбанұсқалар, топтама .
Сабақты қорытындылау жоспары
- Темірдің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы ( электрон, протон, нейтрон саны, салыстырмалы атомдық масса) , қолданылуы . химик
- Табиғатта таралуы және маңызы . Геолог
- Темірдің ашылу тарихы . Тарихшы
- Физикалық қасиеттері . Физик
- Темірдің геохимиялық қасиеттері
- Темірдің биологиялық маңызы . Биолог
- Құранда темір туралы . Дін
- Абайдың жұмбағы . Темір туралы мақал-мәтел Әдебиетші
Темір
ұйымдастыру кезеңі
Темір десек біздің көз алдымызға шойын мен болат келеді . « Жер бетінде темір жойылып кетсе, не болады деп елестетсек, көшелерде сұмдық көрініс темір жол да, поездар да, машиналарда жоқ, көпірлер үйіндіге айналған, өсімдіктер солып тіршілін жоя бастаған . Адам денесіндегі 3 грамм темір жойылса, тіршілігін тоқтатып, өліп қалар еді» бұл көріністі суреттеген темірдің маңыздылығын айтқан атақты минеролог, академик А. Е. Ферсман
![]()
![]()
Химик :
Темір кені қоры бойынша Қазақстан әлемінде 8-ші, оны өңдеуде 11 орында . Қазақстанда есепке алынған 37 кен орны бар . Темір өндіретін зауыттар : Қарағанды, , Балқаш, Өскемен, Шымкент, Павлодар түсті металлургия зауыттары бар . Темір периодтық жүйеде
4-период, 4-қатар, 8-топтың қосымша топша элементі р№ 26 т. д 0, +2, +3, кейде +6 тотықсыздандырғыш болып табылады.
Физик : Ақ түсті, металдық жылтыры бар, тоқ пен жылуды жақсы өткізетін, магнитке тартылатын, жұмсақ, созылғыш металл . Магниттік қасиеті күшті металдар : темір, никель, кобальт .
Астроном темірді ертеде «Аспан тасы »деп атаған . Темір күн жүйесінде ең көп тараған элемент. Жер ядросының 90% темір құрайды . Жер мантиясында 12%, Жер қыртысында 5 % темір бар . Жер қыртысында таралуы бойынша -6 орында . Күн жүйесінің орталық жұлдызын Темірқазық деп атаған .
Геолог :
Темірдің табиғи минералдары :
Fe 3O4 магнитті немесе магнетит 72 % Fe
Fe 2O3 қызыл теміртас немесе гематит 70% Fe
Fe 2O3. 3H2O лимонит 50 % Fe
Темір кендерінің үлкен қоры Уралда . Онда таулар толық темірден құралған . Қостанай өңірінде көптеп кездеседі (Соколов-Сарыбай )
Тарихшы : Темірдің ашылу тарихы : Жер бетінде темір алтыннан да бағалы болған уақыттар болған. « темір ғасыры» деген терминді ғылымға ХІХ ғасырдың басында дат ғалымы Томсен енгізген . Әйгілі Тайқазан 1399ж Түркістанда құйылған, құрамында 7 түрлі металл, темір, мырыш, қалайы, қорғасын, мыс, күміс, алтын бар. Эйфель мұнарасы
1889жылы Парижде француз инженері Гюстов Эйфель алып мұнара құрылысын аяқтады . Париж эмблемасына айналған мұнара биіктігі 300 метр, таза темір металынан тұрады.
Биолог : Темірдің биологиялық маңызы .
Адам денесінде темір құрамы 3-7 гр дейін ұлпа, қан, ішкі мүшелерде болады. Темір біздің организмге тамақ арқылы келеді. Ересек адамның тәулік қажеттілігі 11-30 мг құрайды . Бұлшықет нәруызы -миоглобин, құрабында Fe +3 катионы етке қызыл түс береді . Жусан топырақта темір мөлшерін көрсететін индикатор -ашық сары түске енсе, темір мөлшерінің көп екенін көрсетеді.
Медицина : Адам ағзасында темір мөлшері жетіспеуінен қан аздық (анемия) ауруы пайда болады. Ол дұрыс тамақтанбаудан, экологиялық себептерден, әлсіреу, көп қан кету т. б пайда болады. Темір қара нанда, бұршақта, сары майда, қалақайда, етте, асқабақта, итмұрын тұнбасында, қара өрікте, жүзімде, жаңғақта, малдың бауырында жеткілікті болады. Ағзадағы темір мөлшерін көтеруге, темір изотоптары индикатор ретінде қан ауруларын анықтауға қолданылады.
Дін : Құранның 26 сүресінде темір сүресі периодтық кестедегі орнына сәйкес келеді. Бұл кездейсоқ жәйт емес . Мекедегі қара тастың өзі де таза темірден жасалғаны белгілі, оның тіреусіз қалқып тұруы магниттік қасиетіне негізделген.
Әдебиетші :
Бұл жерде біз данышпан Абайдың бір үзік жұмбақ келтірейік
Қара жер адамзатқа болған мекен,
Қазына іші толған әр түрлі кен.
Ішінде жүз мың түрлі асылы бар,
Солардың ең артығы немене екен ? шешуі : темір
Темірмін Жер әлемге кең таралған темірмін,
Өндірістің тұлғасы боп көріндім.
Қара металл патшасы боп танылдым,
Қарапайым үйдегі тұрмыста да,
Дамып жатыр алып құрылыста .
Қорытындылау . Оқушыларды бағалау . Үйге тапсырма беру кезеңі .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz