Файл қосу

Шығармашылық жұмыс - ізденімпаздықтың кілті


«Бестөбе орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығармашылық жұмыс ізденімпаздықтың кілті .

Шығармашылық жұмыс – ізденімпаздықтың кілті .

Мақсаты : Оқушыны жан-жақты тұлға ретінде қалыптастырып , баланың
бойындағы қабілетті ашу , ерекше қасиетін тану , білім стандартына сай
жетік білім алуын қамтамасыз ету.

Міндеті : Нәтижеге бағытталған білім беру .

Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде әрбір ұстаз өз білімін
терең меңгеруі тиіс . Оқушыларға терең, тиянақты білім беруде , олардың
шығармашылық ойлау қабілетін, танымдық ізденісін дамытуда , берілетін білім
негіздерінің нақтылығын арттыруда шығармашылықпен жұмыс істеудің маңызы
зор. Химия пәні –жұмбағы көп, құбылысы әралуан , түсініктері салалы,
қызығы мен сыры мол пән. Табиғатта , өмірде және өндірісте кездесетін
химиялық үрдістердің мәнін айқындап , оқушылардың бойында практикалық
іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру. Әсіресе қазіргі заман
талабына сай жаңаша оқыту, жаңа педагогикалық технологияны терең
меңгеруі қажет. Сонымен қатар өз пәні бойынша жан-жақты жаңашыл
ұстаздардың іс –тәжірибелерін үнемі пайдаланып отыру, оны іс жүзіне асыру
кезек күттірмес мәселенің бірі. Әр пән иесі ізденімпаздықпен қатар
шығармашылықпен жұмыс істеу өз білімін тереңдету болып табылады. Жаңа пед
технологияны жан –жақты сабақта үнемі пайдалану . Көрнекілікті талапқа сай
пайдалана отырып , уақытты тиімді пайдалану. Озат іс-тәжірибелерді саралай
отырып өз пәнінде керекті жерлерін тиімді пайдалану. Сонымен қатар
білім жетілдіру курстарынан өтіп білімін көтеріп отыру. Оқушылардың
білімдерін арттыру мақсатында өребәйгелерге , танымдық ойындарға үнемі
қатыстырып отыру. Пән бойынша оқушылардың химия тілімен сөйлеуіне,
термин сөздерді дұрыс айтуына , реакцияны дұрыс теңестіріп формулаларды
дұрыс жазып, оқуына жете мән беру . Оқу үлгерімінің сапасын арттыр
мақсатында шығармашылық шеберлікті тиімді пайдалану болып табылады.
Шығармашылық жұмыспен айналысу , күнделікті ізденімпаздықты іс жүзіне
асыра білсек , биік мәжеге жетеріміз сөзсіз . Шығармашылық жұмыстың
пәрменділігін арттыруда өз пәнім бойынша т 8-9 сыныптарда сапа
көрсеткішім 65 пайыз , өзім сабақ беретін оқушыларым соңғы 3-жылда
дарынды оқушыларды анықтау мақсатында аудандық КҒА қатысып келеді .
2011жылы ІІ-орын , 2012 жылы өребәйгеден Төленді Айгерім 9-сынып
оқушысы ІІ-рын алды. Өз білімімді көтеру мақсатында 2010жылы Облыстық
білім жетілдіру институтында білім ді көтеру курсынан өттім Аудандық іс-
шараларға, семинарларға үнемі қатысып келемін .

Педагогикалық ұстаным :

« Мұғалім –өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім,
ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады ».

Проблемасы :

Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып , әлемдік стандарт
деңгейінде білім беру, оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен
ізденістерін қалыптастыру .

Мақсаты :

Оқушыны жан-жақты тұлға ретінде қалыптастырып, баланың бойындағы
қабілетті ашу , ерекше қасиетін тану, білім стандартына сай жетік білім
алуын қамтамасыз ету.

Жылдар өтіп қойылуда талаптар ,

Білімді ұрпақпен қатаяды қанаттар

Міндетіміз жердің жүзі танитын ,

Шәкіртіңе бере білу мол білім .

Заман жаңа , өркендеуде еліміз,

Қазақстан 2050 бағдарламасын жүзеге асырып

Ұрпақ үшін аянбай еңбек етейік ,

Жолдауменен жасай берсін мәңгі біздің еліміз !

Болашаққа жолдау үлкен жол ашқан,

Жарқырасын күнің биік қырды асқан .

Жас ұрпақты тәрбиелейік жаңаша ,

Заман тыныш шайқалмасын нұрлы аспан .


Ұқсас жұмыстар
Сыни ойлауды бағалау
Сабақтың мақсаттарын талдау
Математиканы оқытудың әдістері
Шығармашыл тұлғаны оқыту мен тәрбиелеудегі құзыреттілік
Дарынды баланың бойындағы дамыған сана белсенділігі мен таным белсенділігі, тума қабілеті
Қазақ халқы жайлы қара сөздері
Биология сабақтарында оқушылармен жеке жумыс
Қарама қарсы бұрыштары
Оқушының математика сабағында шығармашылық қабілетін дамыту
Ақсақ құлан мультфильмі
Пәндер