Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты
Файл қосу
Отбасындағы туыстық қарым-қатынас. тәрбие сағаты
Сабақ тақырыбы: Отбасындағы туыстық қарым-қатынас.
Мақсаты: Оқушыларды жақсы қасиетке үйрету, жаман әдеттен жиренту арқылы адамгершілік қасиетін дамыту. Отбасын аялауға, ата-анамызды, туған туыстарымызды сыйлауға, құрметпен қарауға үйрету.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады. <<Кім жақын?>> Қазыбек би сөзі.
Мұғалім сөзі: Кез келген азамат өзінің ағайын жұрты , қайын жұрты және нағашы жұрты болатынын жақсы біледі. Алайда, олармен қарым-қатынастың өзіндік ерекшеліктерін жете білмейтіні де кездесіп жатады. Көпшілігі жігіттің үш жұрты былай тұрсын, жезде-балдыз, жеңге-қайын деген сияқты туыстық атаулардың өзін білмей қалып жатады. Халық дәстүрін сақтай білген жігіттің қайда барса да жүзі жарқын. Оны өз туыстары да, қайны мен нағашы жұрты да алақанға салып ардақтайды. Ал егер, жігіт туыс-жырағаттың кім екеніне мән бермей, дәстүрден аттаса, ондай азаматта береке де, бедел де болмайды. Сондықтан <<үш жұртты>> таныстыра отырып, атаулардың мағынасын еске салайық...
2.Оқушылар сөзі: (нағашы жұрты,қайын жұрты,өз жұртымен таныстырады).
Дәулет: Өзінің ата-анасы, аға-бауырларынан бастап, әкесінің арғы аталарынан қосылатын ағайындарына дейін жігіттің өз туысы саналады. Оларды жеті атадан бері санай бастаған, өз алдына рулы ел болып көзге түседі. Жігіт соларды өз жұртым деп мақтан етіп, ең алдымен солардың сойылын соғады.
Томирис: Жігіттің ата-анасынан кейінгі ең жақын туыстары аға-іні, апа-қарындастары. Бұлардың ішінде басқаларынан жасы үлкен ағаның хұқы бәрінен де жоғары. Іні-қарындастарынан бірнеше көйлекті бұрын тоздырып, азды-көпті өмір көрген аға өзінен кейінгелерге ақыл айтуға, оларды тәртіпке шақыруға ерікті. Ағаға қарсы шығу дәстүрде жоқ, сондықтан жасы кіші іні-қарындастар ағаны сыйлап, оның айтқанын екі етпей орындайды. <<Ағасы бардың жағасы бар>> - деп бауырларының ағаға қызмет көрсетуге тиіс екенін еске салып отырады. Ағасын қалай сыйласа, жігіт жеңгесінде солай сыйлауға, ағайын алдында оның шашпауын көтеріп, абыройын асыруға міндетті. Алайда, жеңгемен қатынас ағамен қатынастан өзгеше. Ағаны <<аға>> деп құрметтеп, оның алдында артық-ауыс сөз сөйлемейтін жігіт жеңгесімен еркін әзілдесуге, ойнап-күлуге ерікті. Мұндайда аға ара түспейді. Жарасымды әзіл-қалжың, ойын-күлкі қайын мен жеңгені достастырып, оларды татулыққа, сыршылдыққа баулиды.
Азиза: Босағадан аттасымен-ақ көргенді келін көргенділігін көрсетіп салт-сана шеңберінде әрекет етеді. Ата-дәстүрі бойынша ең алдымен қайын ата, қайын енесінен бастап, сол үйдің бес жасар баласына дейін ат қоюды өзіне парыз санайды. Өйткені, ерте кезде олардың атын атау жас келін үшін әдепсіздік саналатын.
Қуандық: Жігіттің ағайын жұртының ішінде апа (әпке) - қарындастардың орыны бөлек. Бір анадан туып, бір емшектен сусындаса да әпке мен қарындас - жат жұртыққа жараланған жандар. Сондықтан оларды ата-анасы қалай аялап өсірсе, аға-бауырлары да солай құрметтеп, сыйлап өтеді. Олар ұядан ұшып, құтты орнына қонған соң, жігіттің сағына іздеп барып белдеуне ат байлайтын бір үйіне айналады.
Әмина: Жігіттің әйелінің төркіні (туыстары) қайын жұрт саналатыны белгілі. <<Жұрт>> болған соң олар бір ғана отбасының адамдары емес. Алайда жігіт ең алдымен өз келіншегі шыққан шаңырақтың адамдарын <<қайыным>> деп қадір тұтады. Олардың қатарында қайын ата, қайын ене, қайын аға, қайын бике, балдыздар бар. Ата-ене туралы айтпасақ та түсінікті. Жігіт үшін қайын аға мен қайын бикенің дәрежесі тең. Сондықтан үлкенді сыйлау дәстүрімен жігіт оларды әрқашан да қадір тұтып, өзінің ағасы мен әпкесіндей құрметтейді. Олардың алдында көстеңдемей, ауызын бағып, орынсыз қалжыңнан тиылады. Ал, балдызбен қарым-қатынасқа келгенде жезденің жанып түсетіндегі баршаға белгілі.
Ғалымжан: Жігіттің әйелінен жасы кіші ұлдар мен қыздар балдыз болғанда, олар үшін жігіт жезде саналады. Халық дәстүрінде қайынысы мен жеңгесі сияқты, балдыздар мен жезденің емін-еркін ойнауына ерік берілген.
Малика: Бір отбасының екі қызына үйленген жігіттер бір-біріне бажа саналады. <<Төрт аяқтыды бота тату, екі аяқтыда бажа тату>> дейтін мәтел тегін айтылмаған. Өйткені апалы-сіңілі екі қыз бірін-бірі еш уақытта жек көрмейді және бірін-бірі күндемейді. Әйелдер тату болған жерде еркектердің де ауыз жаласып, ерекше сыйласатыны шындық. Сондықтан бажалар <<бас тырнаспайды>>, тырнасса да біріне-бірі кек сақтамайды, тату-тәтті өмір сүреді.
Ұлдана: Қайын жұрт үшін күйеу баланың орны бөлек. Өз қызын аялап өсірген ата-ана күйеуді де өз балам деп есептеп, оған құшақ жаяды. <<пайғамбар да күйеуін сыйлаған>> деп, оған сый-құрмет көрсетеді. Соған орай жігіттің де мерейі үстем болып, өзінің қайын жұртына деген ықылас-ілтипатын арттыра түседі. Екі жақты сыйласым тату-тәтті тіршілік өзегін жая береді.
Айбек: Сонықтан күйеу де, келін де төменгі жақтан орын алады. Төрді сыйлау да әдептіліктің бір түрі. Мұны ескермеген күйеу, келіннің сөгіс естіп қалуы ғажап емес. Ал, күйеу кәртейген кезде бұл тәртіп өзгереді. <<Күйеу қартайса жиен болады>> деп, қайын жұрт оған төрден орын береді.
Айзада: Жігіттің шешесінің туыстары нағашы аталып, өзі оларға жиен болатыны баршаға белгілі. Нағашы жұрт жиенді ешуақытта сыртқа теппейді, керісінше <<қыздан туғанның қиығы жоқ>> деп баурына тартып отырады. Сөйте тұра <<Жиен ел болмайды, желке ас болмайды>> дейтіні тағы бар. Бұған жауап ретінде: <<Жиен елболады - малы болса, желке ас болады - майы болса>>,- деп әзіл-қалжыңға май құяды. Мұның бәрі нағашы мен жиен арасын алыстату үшін айтылған сөз емес, өзара достық әзілден туып, көпшілік арасында қалыптасып кеткен бейнелі ұғымдар. Жиеннің жау емес екенін біле тұра оны <<ел болмайды>> деу ақылға симайды. Бұл жігіт намысын қайрай түсу үшін әдейі айтылған әзіл-қалжың. Сондықтан да жігіт бұл сөзге жасымайды, қайта жігерлене түседі.
Нұржамилә: Әзілі жарасқан жиен қашан да нағашы жағынан қырық серкеш <<даулаумен>> болады. Нағашылары оған <<кет әрі>> демейді, керісінше оның талабын құп алып, тауанын қайтармайды. Бұл-бұл ма, жиенін өз қолынан үйлендіріп, басына отау тігіп, алдына мал салып берген нағашылар да баршылық. Бұл - әркімнің хал ақуалына қарай орындалатын дәстүрлі сыйлық.
Бекзат: Өз анасын шын сүйетін жігіт сол ананың туыстарын да жақыным, бір жұртым деп қадір тұтып, олардың бауырына кіруге әзір тұрады. Нағашылар да жиенді баласындай еркелетіп, басынан сипайды.
3. Отбасылық суреттермен таныстыру.
4. Слайдтар, суреттермен жұмыс. Берілген суреттерге ат қою.
5.Сұрақ-жауап (оқушыларға).
1. Балалар, Айбар мен оның ағасы Марат болашақта үйленеді, олардың әйелдері бір-біріне кім болады?
2. Қуандық, сенің ағаң үйленді делік, оның әйелі саған кім болады?
3. Ұлдана, сенің бөлелерің бар ма? Неше бөлең бар?
6. Ата-аналарға сұрақ. Берілген атауларға анықтама беріңдер.
Абысын,балдыз,жиеншар,шөбере деген кімдер?
7. Бейне ролик.
8. Қорытынды:
Мұғалім сөзі: Осы бейне роликте көрсетілгендей, отбасылық, туыстық қарым-қатынас бірінші отбасынан, ата-анадан басталады. Сондықтан да, осы қасымыздағы ата-анамызды, тумаластарымызды бағалай білейік. Аға-апа, іні-қарындасты сыйлап, бір-бірімізге жанашыр болып жүрейік.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz