«тәртіптің ең тамаша мектебі-отбасы !» тренинг

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті

Б. К. Мергенбаев атындағы №226 гимназия

педаго-психологы Аманкелдіқызы Надира

Тақырыбы: «Тәртіптің ең тамаша мектебі-отбасы !» тренинг

Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға мотивация қалыптастыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд

Керекті құрал - жабдықтар: айна, слад, орамал

Әдісі : топпен жұмыс (ата-анамен жұмыс)

Тренингтің барысы :

а) Тренинг ережесін бекіту

1. Тындай білу

2. Сөзді бөлмеу

3. Белсенділік таныту

4. Көңілді отыр

5. Ойын ашық ортаға салу

Психолог сөзі:

Сіздерді бүгінгі «Тәртіптің ең тамаша мектебі-отбасы !» атты психологиялық тренинг жаттығуларына қатысып отырғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Яғни бұл ойын жаттығудан сіздерге берерім бала тәрбиесінде

І. Таныстыру

Нұсқау: Бірінші өз есіміңізді айтып, қасыңыздағы көршіңіздің атын еркелетіп айтып таныстырасыздар. Ойын әрі қарай жалғаса береді.

Психолог сөзі:

Керемет! Яғни өз есімдеріңізді еркелетіп айтқанда көңіл -күйлеріңіз бір серпіліп қалды деп ойлаймын. Сондықтан балаларыңыздың көңіл-күйлеріне баса назар аударуларыңызды сұраймын. Мысалы : кейбір ата-аналар болады, балалары сабақтан келгенде кезде бүгін неше алдың деп жағасынан алып жатады. Әрбір ата -ана ең бірінші баланың көңіл-күйімен бөліссеңіздер, бала бойында ата-анам мені жақсы көреді, мен ата-анама керек екенмін деген деген жағымды ойлар арқылы психологиялық дамуына эмоционалдық жағынан көректендіре аламыз. Яғни балаға ата-ана мейрімділігін, қамқорлығын көрсете алмаса, онда балада эмоционалдық проблемалар мен қатар мінез-құлықда ауытқулар пайда болып, тіпті психикалық жүйке ауруларына да ұшырайды.

ІІ. «Айна, айна мен қандаймын?» жаттығу

Нұсқау: Қатысушы ата-аналар шеңбер бойына орналасады. Ортаға ойыншы шығып «Айна, айна мен қандаймын?» деген сұрақ қояды. Қатысушылар ойыншының бойындағы жақсы қасиеттерін айту керек.

Психолог сөзі:

Көңіл-күйлеріңіз қандай? - деп сұрақ қойылады. Мінекей өз бойларыңыздағы жағымды қасиеттерді естіген жағдайда көңіл-күйлеріңіз көтеріліп, ішкі ойларыңызға керемет әсер қалдыратынын сезіндіңіздер.

Адам баласы өмірінде ұрпағының тәрбиелі үлкен азамат болғанын армандап жүреді. ең бірінші отбасынан сосын бала бақшадан, мектептен, әлеуметтік ортадан қалыптасады екен. Бала дүниеге келгенде ақ парақ сияқты пәк таза болып келеді. Оның бойында үш түрлі мінез қалыптасады екен. Бірінші мінез-ол ата- анасынан, екіншісі ұстазынан, үшінші достарынан. Яғни бала үш мінездің біреуін ғана таңдап қалыптасатындығын айтуымызға болады.

ІІІ. «Ашулы шарлар» жаттығуы

Нұсқау : І топ қатысушылары ортаға шығып шарларды үрлеп, оларды байлайды. Шарлар адамның денесін бейнелейді, ал оның ішіндегі ауа - сезімін. Қатысушылар аяқтарымен шарды жару керек.

Кері байланыс:

1. Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңыздар?

2. Ашудың осылай шыққаны дұрыс жол ма?

Нұсқау: ІІ топ қатысушылары да шарларды үрлейді. Бірақ байламай ұстап тұрады. Бұл шарлар ашу толы сезімді білдіреді. Шарды жайлап аузынан жарты ауасын жіберу керек. Шар кішірейеді, бірақ жарылмайды. Қатысушылар шардағы ауаны толығымен шығарады.

Кері байланыс:

1. Бұл нені білдіреді?

2. Шардағы ауаны жайлап шығарғанда қандай сезімде болдыңыздар?

Психолог тұжырымдамасы:

- Қатты жарылған шар ол агрессияны білдіреді, ол - қатерлі жол.

- Егер біз ашуды бақылап шығарсақ, ол ешкімге зақым келтірмейді.

ІV. «Бала мүсіні» көрініс

Психолог: баланың роліне ата-аналардың бірін шақырамын. Қатысушыларға әр топтан көрініс кезінде айтылатын тыим сөздерді естерінде сақтап, орамалмен байлап тұру тапсырылады.

Менің кішкентай қызым бірінші сыныпта оқиды. Біз екеуміз мектепке асығып келеміз, автобусқа үлгеріп келуіміз керек. Менің қызым өте қозғалғыш, бәрін білгісі кеп тұрады, тіпті автобусқа асығып келе жатқанда да көп сұрақтар қояды. Мен қызымның қолынан алдым да, жүгіре жөнелдік.

  • Мама, анау не, қарашы!-деді қызым.
  • Уақыт жоқ, аяғыңның астына қара, сүрінесің де жүресің!Неге жан-жағыңа алақтай бересің? Жолға қара. ЖАН-ЖАҒЫҢА ҚАРАМА!-деп жауап бердім мен. Сол сәтте қызым сөздерді тура мғынасында түсініп, менің бұйырғанымдай көзін жұмды. (орамалмен көзін байлаймыз) Біз әрі қарай мектепке асығып кетіп барамыз. Автобусқа мініп, мен онда өзімнің құрбымды кездестірдім. Екеуміз кешегі күнді талқылай бастадық. Қызым мұхият тыңдап, содан соң былай деді.
  • Мама, мама, құстың сайрағанын естимісің? Сағат деген ағай кім?-деді.
  • Мен, неге сен үлкендердің әңгімесіне жағаласасың? Құлағыңды түріп алыпсыңғой, үлкендердің әңгімесін тыңдауға ұялмайсың ба? ТЕЗ ҚҰЛАҒЫҢДЫ ЖАП! (орамалмен қызымның құлағын байлаймыз)

Біз а втобустан түсіп, жолмен жүгіріп келеміз. Мен кешігіп қаламыз ба деп

қайта-қайта сағатыма қарап келемін.

Бүгін қандай күн, тамаша болады!Мама мен Малика күтіп отырған шығар

, мен оған фантик әкелемін дегенмін, анау ше . . . -деді.


Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік педагогтың отбасының тәрбиелік әлеуетін көтеру бойынша қызметі. баяндама
Ойларыңызға көп рахмет, құрметті ата - аналар
Өз құқығыңды білесің бе. 2 сынып"
Білім бастауы тәрбие
Баланың тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы- отбасы атты ата-аналар оқуы
Әлем менімен керемет
Қатысушы топ
Бақытым да,байлығым да-отбасым ( тренинг сабақ)
Адамгершілік тәрбиесі
Негізгі және туынды зат есім
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz