Ашық сабақ: Алтын балық салатын дайындау - өзін-өзі күту және қонақ күтуде дастархан әзірлеу дағдыларын қалыптастыру

Тақырыбы: «Алтын балық»

Мақсаты: Өз-өзіне қызмет көрсету. Қонақ күтуге, дастархан

әзірлеуге үйрету. Салаттың құрамын біліп, тек пайдалы

дәруменді көкөністерді пайдалану. Сөйлеу тілін,

логикасын дамыту. Қауыпсыздық ережесін сақтауға

үйрету.

Түзеу мақсаты: Өзінің-өзі күту және өзіндік тіршілігін қалыптауын бағалау.

Сабақ барысы:

1 Ұйымдастыру бөлімі.

Армысың аспан әлемі,

Мейрімді жер ана,

Армысың менің достарым,

Сәлеметсіңдер ме, қонақтар.

Судай таза мөлдір көңілмен,

Бүгінгі күнді бастайық.

- Балалар қазір қандай жыл мезгілі?

- Күзде қандай өзгерістер болады?

- Бүгінгі ауа-райы қандай?

2 Ойын «Көкөністерді тап»

Себетте жемістер мен көкөністер араласып жатыр. Оқушылар ішінен

Көкөністерді теріп алулары қажет.

3 Жаңа тақырып

- Ал ос көкөністерді пайдаланып «Алтын балық» атты салат дайындаймыз. Осы салатты үйде жанұяңызға, әлде келген қонағыңызға дайындауға болады.

Дұрыс тамақтану үшін тамақтанудың гигиеналық ережесін сақтау керек. Тамаққа әртүрлі тағам өнімдерін пайдаланған тиімді. Олардың бірінің құрамында витаминдер көп болса, екіншісі ағзаның күшті болуына көмектеседі. Тамақтың жақсы сіңуіне тағамның сыртқы түрі, иісі, үстел әзірлегені де әсер етеді.

Салатымыз әдемі болу үшін, атына сай әдемі ыдыс тандаймыз және қажетті құралдарымызды дайындаймыз.

Ол үшін бізге піскен картоп, қызылша, сәбіз жұмыртқа және салатымыздың дәмін келтіру үшін шпрот атты балық қажет. Ал қолданатын құралымыз «терка»

4 Қауыпсіздік ереже.

Жұмысымызды бастау үшін қауыпсіздік ережесін еске түсірейік.

Терканың тістері өткір, сондықтан теркамен жұмыс жасағанда саусақтарымызға зақым тегізбеу үшін көкөністі қатты баспаймыз.

5 Салат дайындау.

Салатты жасауды бастаймыз мұқият қарап естеріңізге сақтаңдар.

1 Шпротты тәрелкеге салып жаямыз

2 Шпроттың үстінекартопты теркадан өткіземіз

3 Картоптың үстіне майонез жағып, сәбізді теркадан өткіземіз

4 Сәбіздің үстіне майонез жағып, жұмыртқаны теркадан өткіземіз

5 Қызылшаны майонезбен араластырып, сәбіздін бетіне саламыз

6 Салатымыз әдемі болу үшін бетіне алтын балық қоямыз.

6 Балалардың жұмыс барысын қадағалау.

Ұқыпты, таза жұмыс жасауды қадағалау.

7 Қорытынды.

- Балалар бүгінгі сабақ сізге ұнадыма?

- Осы сабақта сіз не үйрендіңіз?

Бөкей Орда ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті

Ашық сабақтың тақырыбы:

«Алтын балық» салаты

Оқушылар: Курмангазиева Дана

Мұрадым Жандос

Өткізген: З. М. Абилова

Сайқын-2014 жыл


Ұқсас жұмыстар
Сабақ жоспары: қонақжайлық пен қонақ күту салт-дәстүрлері (Қонақ келсе - құт)
Балабақшаға дайындау және мектепке дейінгі кезеңдегі баланың өзін-өзі сенімін қалыптастыру негіздері
Майшабақ пен көкөніс салатын дайындау технологиясы: сабақ жоспары мен тағамтанулық негіздері
Қонақ келгенде: қонақ түрлері, қарсы алу және қазақтың қонақжай дәстүрлері
Жеткіншектердің өзін-өзі тануы және өзін-өзі бақылау дағдыларын дамытуға арналған сабақ жоспары
Шапқан ет массасын дайындау және шала фабрикаттар әзірлеу: өндірістік оқу ашық сабақ жоспары
4-сыныпқа арналған Өзін-өзі тану пәнінің сабақ жоспары: өзін-өзі таныту және адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру
Өзін-өзі тану арқылы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру
Алтын қақпа сайыс сабағы: мемлекеттік тілді жетілдіру және сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
Дамыта оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі және өзара бақылау негізінде жеке дара жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz