Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ең тату отбасы
Мақсаты: Отбасындағы тәрбиенің маңыздылығын, ата-ана мен тәрбиеші
арасындағы ортақ мәселе – бала тәрбиесі жайлы түсінікті
тереңдете
түсу. Баланы бауырмалдылыққа, адамгершілікке,
әдемілікке,
еңбекқорлыққа, үлкенді сыйлап, отбасыға көмекші болуға
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: плакаттартар, отбасы туралы мақалдар, жырлар, гүлдер,
шарлар.
Барысы.
І Ұйымдастыру бөлімі
Жүргізуші: - Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар және балалар! «Балалы
үй
базар», бала-өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер
гүлі. Отбасы-бұл
қоғамның негізі. Болашақ баланың жақсы азамат болып өсуі
отбасындағы тәрбиеге тікелей байланысты. Отбасындағы
тәрбие мен
түзеу кабинетіндегі оқу-тәрбие жұмысының сабақтастығын
жандандыру
мақсатында «Ең тату отбасы» атты ата-аналар мен
балалардың
қатысуымен өтетін отбасылық сайысқа қош келдіңіздер! Бұл
сайыста
отбасылар өз өнерін және шеберліктерін көрсетіп сынға
түскелі отыр.
- Ал енді, бүгінгі сайысымызға қатысатын отбасыларды
қарсы алайық!
Жүргізуші: Ән салуға жалықпайды
Шаршамайды, сірә бір
Гүлназдың сан өнері бар,
Сырын терең ұға біл.
1 – ші отбасымыз Гүлназдың отбасын қарсы алайық.
Жүргізуші: Жанұясын ілтипатпен құрметтеген
Жаны мөлдір, ісі жоқ дүрмекпенен.
Тілек отбасының айнасы ғой
Сегіз қырлы, бір сырлы болсам деген
Жүргізуші: Алайық қарсы Эльвираны
Үлгілі келін ибалы
Мерекеге бүгінгі
Әкелген көп бар сыйлары.
2– ші отбасымыз Жақсылыковтар отбасы Тілек пен Эльвираны қарсы алайық.
Жүргізуші: Сыпайы оның мінезі,
Күліп жүрер ақырын
Бүгінгі сайысқа кеп қапты
Шебер келін Бағдагүл
Жүргізуші: Еңбек сүйгіш, ерінгенге жаны қас,
Бір жұмысты екі істеп сабылмас.
Әскер мінез, отбасының ұйтқысы
Ақылбек отағасы табылмас
3– ші отбасымыз Құрманғазиевтар отбасын қарсы алайық.
Жүргізуші: Кімдер жүйрік, өнерпаз, білейікші
«Ең үлгілі отбасы» деп мектептің жүрейікші
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал отбасыларға тек сәттілік тілейікші!
Жүргізуші: - Алдымен сайыскер жас отбасыларымыздың бағы мен бабы қатар
жанған жандарды дәл анықтап беретін әділқазы алқасымен
таныстырып
алайық:
1. Хасанғалиева Б.М.- ППТК меңгерушісі
2. Бисембаева А.С.- ППТК логопеді
3. Абилова З.М- әлеуметтік мұғалім
4. Галлемова Марфуга – ата-ана
Жүргізуші: - Ендеше көрермендерге сайыстың шарттарымен таныстырып өтейік.
Сайыс 4 бөлімнен тұрады.
1. Сәлемдесу ата-салттың дәстүрі / таныстыру/
2. «Әлем жұрты қабылдар өнерім болса» / өнер сайысы, күй, ән,би, көркем
сөз оқу/
3.«Таңғы шуақ» жанұянының мерекелік салаты / үй тапсырмасы/
4.«Бірінші байлық- денсаулық» спорт сайысы / таңғы жаттығулар/
1 бөлім «Сәлемдесу ата-салттың дәстүрі»
Жүргізуші: Сәлемдесу атадан қалған салтымыз,
Осы салтты ұстанады халқымыз.
Сайыскерлер өнерді сал ендеше,
Амандасып көріңіздер өзгеше, — дей келе сайысымыздың
алғашқы шарты « Сәлемдесу ата-салттың дәстүрі» таныстыру бөліміне кезек
береміз.
(Әр отбасы өз отбасыларын таныстырып өтеді.)
Жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы өз бағаларыңызды берсеңіздер.
2 бөлім «Әлем жұрты қабылдар өнерім болса»
Жүргізуші: Қазақ халқы өнегелі бай ел екен,
Өнер деген мол қазына, кең екен.
Домбыра тартып, ән айтып жырламайтын
Өнерсіз қазақ кем де кем.
Шуақ төгіп мерейлі көңілдерге,
Ұйытқы болсын тыңдаған көрерменге.
Сынға түскен енді қазір сайыскерлер,
Өнерлерін көрсетеді сіздерге,-
Жүргізуші: - Келесі 2 — бөлім «Әлем жұрты қабылдар өнерім болса» / өнер
сайысы, күй, ән,би, көркем сөз оқу/ деп аталады. Бұл
бөлімде
сайыскерлер өз өнерлерін ортаға салып сынға түседі.
3 бөлім «Таңғы шуақ» жанұянының мерекелік салаты
Жүргізуші: Көрсетті өнер әр салада сайысып,
Қимылдары бір жүргендей жай ұшып,
Мерекелік ас мәзірін жасапты,
Келіңдер дем арада майысып.
4 бөлім «Бірінші байлық- денсаулық» спорт сайысы.
Жүргізуші: - Енді сайысымыздың 3-шарты бойынша «Таңғы шуақ»жанұянының
мерекелік салатын жасау үй тапсырмасына кезек берейік.
Жүргізуші: - Сайысымыздың 4-кезеңі.«Бірінші байлық- денсаулық» спорт
сайысында әрбір отбасының таңғы жаттығуына кезек
берелік.
Жүргізуші: - Қазылар алқасы ақылдасып жүлдегерлерді анықтағанша әнге кезек
берейік.
Ән «Туған өлкем» орындайтын Қанапьянов Әдиет
Жүргізуші: - Сайыстың аты сайыс, мұнда біреу жеңеді, енді біреу жеңіледі.
Жеңімпаздарымызды анықтау үшін сөз қазылар алқасына
беріледі.
Жүргізуші: Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы ай менен таласатын.
Өнеріне сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасасың.
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі отбасылық сайысында
Бәйге алуға аянбай ақ жан салыпты
Әділқазы өз бағаларын береді
Жүргізуші: Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,
Барымен шат-шадымен болыңыздар.
Қоштасайық, келесі кездескенше,
Әрдайым сау-саламат болыңыздар!
Жүргізуші: - Осымен бүгінгі өткізіліп отырған сайысымыз аяқталды. Келесі
кездескенше!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz