Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Бөлме өсімдіктері
Сабақтың тақырыбы: Бөлме өсімдіктері
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік:
Оқушылардың бөлме өсімдіктері туралы білімдерін
жетілдіру, көбірек тараған өсімдіктер түрімен таныстыру, бөлме өсімдіктерін
дұрыс күтуге үйрету.
2. Дамытушылық:
Оқушылардың еңбекке деген қабілеті мен ынтасын,
талабы мен іскерлігін арттыру.
3. Тәрбиелік:
Оқушыларды адамгенршілікке, мейірімділікке,
еңбексүйгіштікке, өсімдіктерді аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақстың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, әңгімелеу.
Сабақтың жабдығы: Бөлме өсімдіктері отырғызылған
құмыралар, шүберек, су сепкіш, түрлі – түсті қағаз, оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Оқушылармен сәлемдесу, кабинет тазалығын реттеу).
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
1) Психологиялық көңіл - күй
- Жан – жақтарыңа көз тастаңдар, гүлдерге қарап,
жылы жымиыңдар. Айналадағы гүлдер сендерге қандай көңіл – күй сыйлады? Бір
– біріңе жақсылық тілеңдер.
2) Жаңа сабақ бойынша істелетін жұмыс
- Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Бөлме өсімдіктері.
- Бөлме өсімдіктерін не үшін өсіреді?
- Үйлеріңде қандай бөлме өсімдіктері бар? (Аттарын
атап көріңдер).
- Сен ол өсімдіктер дұрыс өсуі үшін қалай күтесің?
- Сынып бөлмесінде қандай өсімдіктер бар? (Аттарын атату).
Оқушылар өздерінің қалай отырғызу керек, қалай күту керектігі туралы
білетіндерін ортаға салады. Оқушылардың өсімдіктер туралы қандай қызықты
мәліметтер білетінін, естігендерін, теледидардан көргендерін айтқызу
Үйде тұрып өсетін
Әкеп гүлдің көшетін,
Топырақты салдым да,
Отырғаздым қалбырға.
Жел ысқырып күз келді,
Жапырақтар түсті енді.
Жаурамасын біліп гүл
Тысқа қарап күліп тұр.
3) Оқушылармен жұмыс
Оқулық мәтіні бойынша балалар бөлме өсімдіктерінің тарихы туралы мәліметтер
біледі.
- Сен үйіңде және мектепте бөлме өсімдіктерін көріп жүрсің. Көп жағдайда
оларды «алыс жақтың өсімдіктері» дейді. Өйткені, ол өсімдіктердің тұқымы
мен өскіндері алыстағы ыстық елдерден әкелінген. Адамдар оларды үй ішінде
өсіп - өнуге бейімдеген. Сондықтан олар «бөлме өсімдіктері» деп аталады.
- Олар өз отанында ашық күннің аясында, әрдайым жылылықта тіршілік етеді.
Біз оларға соған ұқсас жағдай жасауымыз керек. Бөлме өсімдіктерінің
тіршілік иесі екенін естен шығармауға тиіспіз. Оларды баптап күту керек. Су
құйып, топырағын қопсытып, жапырағына қонған шаңды сүртіп отырған дұрыс.
- Бегонияның түсі әртүрлі, биіктігі 15 см-ден 2 м-ге дейін жетеді.
Бегонияның отаны – ыстық жақтың ылғалды ормандары. Оның жапырақтары ірі
болады, өйткені оның отынанда ылғал, жылу, жарық мол.
- Ал, кактусты «жасыл кірпі» деп атайды. Кактустың отаны – Американың шөлді
далалары. Олар сабақтарына су қорын жинап қояды. Оны, көбінесе,
компьютерлердің жанына қояды.
- Бөлме өсімдіктері мейіріммен қарағанды, өзімен әңгімелескенді жақсы
көреді. Көптеген бөлме өсімдіктерінің дәрілік қасиеттері бар.
4) Сергіту сәті
Отырайық жүрелеп,
Гүлді үзіп алайық.
Орнымыздан түрегеп,
Басқа гүлге барайық.
5) «Гүл жинау» ойынын ойнату.
- Қырға шығып тереміз
Қызғалдақтың қызылын.
Біздер енді көреміз
Ойынның да қызығын – деп енді «Гүл жинау» ойынын ойнаймыз.
(оқушылар алты бөлікке бөлінген гүлдің суретін құрастырады)
6) «Кім жүйрік?» ойыны.
- Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты – еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты – еңбек – дегендей, енді, сендармен «Бөлме өсимдіктерін
отығызу» .
7) Практикалық жұмыс.
«Гүлге арналған ыдысты әдемілеу»
«Бөлме өсимдіктерін отығызу» .
Балаларға бөлме өсімдіктерін күтуді практикалық жұмыс арқылы меңгерту.
Дымқыл, таза шүберекпен жапырақтарының шаңын сүртеді, тамырларына зақым
келтіріп алмай топырақтарын қопсытады, су сепкішпен су құяды.
8) Қорытындылау.
Сабақтың қорытындылау бөлімінде оқушылар бөлме өсімдіктері, оларды күту
туралы өздерінің не білетіндерін айтады.
- Қандай өсімдіктерді бөлме өсімдіктері дейді?
- Оларды неліктен «алыс жақтың өсімдіктері» дейді?
- Бөлме өсімдіктерін қалай күту керек?
- Сонымен, өсімдіктердің өсуіне нелер қажет?
Оқушылардың еңбектерін бағалап, мадақтау.
Үйге тапсырма беру: Бөлме өсімдіктерін куту.
Бөкей Орда ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті
Ашық сабақтың тақырыбы:
«Бөлме өсімдіктері»
Оқушылар: Мутешева А.
Курмангазиева Д.
Масалова А.
Өткізген: З.М.Абилова
Сайқын-2013 жыл
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz