Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Мәтіннің түрлері жайлы ақпарат


Тулеубаева Мереке Калмиденовна
Павлодар облысы Екібастұз қаласы
«№14 жалпы орта білім беретін мектеп»
мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі

Пән: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің түрлері
Сабақтың мақсаты: мәтін құрастыру, негізгі идеясын; ондағы негізгі ойды
анықтау арқылы мәтінге жоспар құру; құрылған жоспар бойынша мәтін
құрастыруды үйрету.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды қазақ тілі сабағына дайындау:
Қазақ тілім- өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім !
-Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі- туған тіліміз-қазақ
тілі сабағы.
Қызығушылықты ояту
Бір бет қағазға мәтін жазылып, бөлімдер бойынша бірнеше бөлікке бөлініп
қырқылады. Ол бөліктер партаның бетіне орындарын ауыстырып, араластырып
жайылып қойылады. Мазмұны жағынан әртүрлі мәтін беруге болады.
- Оқушылар осы мәтіннің бөліктерін оқып, мазмұнына қарай ретін тауып
құрастырыңдар
Мағынаны тану кезеңі
-Сөз неден құралады?
-Сөйлем неден құралады?
-Мәтін дегеніміз не?
-Абзац дегеніміз не?
-Жоспар қалай құрылады?
Сергіту сәті «Жапырақ теру» ойыны. Әр жапырақтың артында тапсырма бар.
Тапсырмаларға дұрыс жауап берсе, жапырақты себетке салу.
[pic] [pic] [pic] [pic]

1. сұрақ: Жуан дауысты дыбыстарды ата.
2. сұрақ: Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата.
3. сұрақ: Үнді дауыссыз дыбыстарды ата.
Кітаппен жұмыс.
1-жаттығу «Жайлаудағы бір күнім» тақырыбында әңгімелеу мәтінін
құрастырады.
2-жаттығу «Сұлтан Бейбарыс» мәтіні бойынша жұмыс
3-жаттығуда берілген жоспар бойынша мәтін құрылады.
Сабақты бекіту:
- Енді, балалар бүгінгі сабағымыздың қорытындысын шығарып көрейік
- Мәтін дегеніміз не?

Бағалау.
Үйге тапсырма.

-----------------------

мәтін


Ұқсас жұмыстар
Ақпараттың өлшем бірлігі
Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
Кітап оқудың пайдасы
Бауырсақ ертегісіне саяхат
Мәтіннің мазмұнын мәтінді жоспар бойынша жүйелі
Мұғалім оқушылардың сұрақтарға толық
Мәтін түрлері. Сипаттау мәтіні
Жануарлар дыбысын тыңдату
Мәтін. Мәтінді түсініп оқу,мәтіннің қай түріне жататынын табу
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Пәндер