Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Курстан кейін мен көшбасшылықты қалай жүзеге асырып жүрмін


Кульджина Нургиза Бекзуркановна
ІІІ деңгейлік бағдарлама бойынша сертификатталған,
Тарих мұғалімі «№ 13 ЖОББМ» КММ ШҚО, Семей қаласы

Курстан кейін Мен көшбасшылықты қалай жүзеге асырып келемін

Сындарлы оқытудағы 7 модульдің бірі – оқытуды басқару және көшбасшылық
екені белгілі. Басқа модульдермен ықпалдастыра отырып, осы модульді қалай
қолданып, қалай жүзеге асырып жүрмін? Мен осы сұрақ төңірегінде айтқым
келеді. «Мұғалім – дамыту жұмысының көшбасшысы». Осы қағиданы негізге
алатын болсақ, мұғалімдердің біліктілігін арттырудың деңгейлік курстарында
мұғалімдер оқу көшбасшылары деп саналады, ал  оқу көшбасшылары қолданатын
тетіктер мектептің оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге көмектеседі.
Алдымен жұмысым жүйелі түрде жүру үшін оқу жылы басында өзіме төмендегідей
жоспар жасап алдым.
| Өз сабағымда дәстүрлі білім беруді , сындарлы оқытумен |
|алмастырамын. |
|р/с |Осы өзгешелікті енгізу барысында қандай |Қашанға |
| |іс-әрекеттерді орындауым қажет? |дейін |
|1 |Сабақ жоспарларын жаңа форматта жасауды үйрендім,|үнемі |
| |оны әрі қарай толықтырамын, жетілдіремін (жұмыстың | |
| |белсенді формалары - топтық, жұптық, жеке | |
| |жұмыстар) | |
|2 |Жеті модульді терең меңгеріп, оларды сабақтарымда |үнемі |
| |ықпалдастырамын. | |
|3 |Оқытудағы “Кембридж тәсілі” туралы алған |Мектеп |
| |біліміммен мектептегі мұғалімдерге педагогикалық |жоспарына |
| |кеңесте, әдістемелік бірлестікте тәжірибе |сәйкес |
| |алмасамын. | |
|4 |ІІІ –ші деңгейлі біліктілігін арттыру курсынан |үнемі |
| |өткен басқа мектеп мұғалімдерімен кеңес алуды, | |
| |тәжірибе алмасуды жалғастырамын. | |
|5 | Жаңа тәсілді пайдаланып ашық сабақ беремін. |Айына 2 рет|
|6 | Педагогикалық шеберлік орталығымен байланыста |үнемі |
| |боламын. (семинар, сабақтар т.б.) | |
|7 |Мұғалімнің өсу динамикасы – қалалық, облыстық, |үнемі |
| |республикалық сайыстарға қатысу. | |
|8 |Қазақстан ұстаздарына арналған сайттарға тіркелу, |Жыл бойы |
| |республиканың өзге өңірлеріндегі ұстаздармен пікір | |
| |алмасу, сайттарға мақалалар жіберу. | |

Мектепте деңгейлік бағдарлама бойынша сертификатталған мұғалім өзім
ғана болғандықтан мектеп әкімшілігіне, әріптестеріме, ата-аналарға,
оқушыларға «Кембридж әдісін» енгізу, дамыту, жетілдіру жұмыстарына
басшылық етуді өз міндетіме алдым. Сонымен жаңа әдіс жөнінде ұжымда
кімдермен кеңесуім қажет, менің жұмысым жүру үшін маған үлкен қолдау керек
қой. Сондықтан курста алған білімімді пайдаланып, кеңесу жұмысын
жүргіздім. Әріптестерді ашық сабақтарға қатыстырып, қызықтырып, бірлесе
жұмыс істеуге шақырдым. Ашық сабақтарда олар ерекшеліктерді байқап, бізге
осы әдісті үйреніп қолдануға бола ма? - деп сұрады да. Маған керегі де
осы емес пе?! Кейіннен ашық сабақтарда біршама мұғалімдер жоспар жасағанда
маған келіп көмек сұрап, қалай өткізуге болатыны жайында кеңестер алды.
КЕҢЕСУ ЖҰМЫСТАРЫ

|Мен кімдермен кеңестім? |Мен қандай мәселелер |Менің жоспарыма бұл |
| |жөнінде кеңестім? |кеңестер қалай әсер етті? |
|Мектеп директоры |Мектеп директорына |Директор зор ықыласпен |
| |педагог қызметкерлерінің |тыңдап, өзінің толық |
| |біліктілігін арттыру |қолдайтынын айтты. Қандай |
| |курсының үшінші деңгейі |көмек болса да қолұшын |
| |туралы айта отырып, өз |беруге әзір екенін айтып, |
| |мақсат, міндеттерімді |мектепте интернет жүйесін |
| |таныстырып, мектепке |кез келген уақытта |
| |енгізу мәселесі жайлы |пайдалануға рұқсат берді. |
| |түсіндірдім. |Мен бұл кеңес арқылы үлкен|
| | |жауапкершілікті түсіндім.|
|Мектеп директорының оқу |Мектеп директорының оқу |Сабақтар туралы айтқан |
|ісі жөніндегі орынбасары |ісі жөніндегі |ойлары мен пікірлері, |
| |орынбасарымен өткізілетін|қолдаулары менің жаңа |
| |сабақтар, сыныптар, сабақ|тәсілді мектепте енгізуіме|
| |өткізілетін оқу кабинеті |көп көмегін тигізді. Ашық |
| |туралы кеңестім. |сабақтар кестесі |
| |Сабақтарға басқа пән |әзірленді. |
| |мұғалімдерінің қатысуын | |
| |қамту туралы айттым. | |
|Әріптестер |Сындарлы оқытудың |Әріптестер өткізілген |
| |ерекшеліктерін |сабақтарға қатысып, өз |
| |түсіндіріп, өткізілетін|пікірлерін айтып, қолдау |
| |сабақтар жоспарымен |көрсетіп отырды. Оларда |
| |таныстырып, олардың |сындарлы оқытудың |
| |қойған сұрақтарына жауап |ерекшеліктерін білгісі |
| |бердім. |келіп, қызығушылық |
| | |танытқандары мені қуантты.|
| | |Оларды бірлесе жұмыс |
| | |істеуге шақырдым. |
| Ата-аналар |Ата – аналарға жаңа |Ата-аналар балаларының |
| |әдістің ерекшеліктерін: |оқуға қызығушылық таныта |
| |топтық жұмыс, диалогтық |бастағанын, топқа бөлінуді|
| |әңгіме, баланың өзі |ұнататындығын, сабақта |
| |түсініп оқуы, оқуына |зерікпейтіндіктерін айтты.|
| |жағдай жасау, баланың | |
| |өзін-өзі бағалауы, т.б | |
| |айтып жеткіздім. | |

Оқытудағы басқару мен көшбасшылық мұғалімдерге қолдау көрсетілген
жағдайда кәсіби өсу мен бірлескен кәсіби білім беруде іске асырылады деген
сенімге негізделген.
Педагогикалық кеңестерде «Топпен жұмыс жасау ерекшеліктері», «Оқушылардың
өзін-өзі реттеуі»; Жас мамандар жетекшісі ретінде апталық қорытындысында
«Мінсіз мұғалім болу мүмкін бе?» деген тақырыптарда коучингтер өткіздім.

Коучингтердегі мұғалімдер әрекеті
«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім,
оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» - десе педагог
К.Д. Ушинский , Ы. Алтынсарин: «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса,
онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған
өзін кінәлауға тиіс» дегені барлық ұстаздарға бұрыннан белгілі. Ендеше
мұғалім білім беруде көшбасшы бола отырып, өзінің көздеген мақсатына
табанды түрде жету үшін батылдық, шыдамдылық, ашықтық таныта біліп, өзінің
маңайындағыларға бойындағы харизмдік қасиетін көрсетіп, оны дамыту керек
деп ойлаймын. Сабақтағы топтық жұмыстарды дамыту көрсеткіші арқылы
мұғалімнің басшылық жасауы қалыптасады. Мен әр сабағымды, өзім сабақ
беретін әр сыныпта топтық жұмыстарды жүргізу үшін, тақырыпқа сай түрлі
тапсырмалар ойластырамын. Көбінесе тапсырмаларды түрлендіріп отыруға
тырысамын. Себебі оқушыларға келесі тапсырма қандай түрде болатынын жұмбақ,
сондықтан олар оны орындау ерекшелігіне қызыға отырып жасайды. Жоспарыма
сай оқу жылында ай сайын 2 рет ашық сабақтар беріп отырдым. Сабаққа
қатысқан мұғалімдер көбінесе сабақтың қалай өткенін білмей қалдық,
сөйлемейтін оқушылардың өзі топ ішінде тапсырмалар орындауға қатысқанын,
бос, зерігіп отыратын оқушылардың болмағанын, оқушылардың бір – біріне
түсіндіруі, көмегі, ортақ тіл табысуы, өзін-өзі бағалаулары туралы жақсы
пікірлерін үнемі білдіріп отырды. Бірақ бұл әдісті өз сабақтарында
пайдаланудың оңай еместігін, көп ізденіс, шеберлік қажет екенін біледі.
Жаңа әдіс бойынша орта мерзімді жоспар, қысқа мерзімді жоспар, рефлексивті
есептер, эссе, коучингтер т.б. туралы өзім тіркелген республикалық
«Білімділер порлатына», «Қазақстан ұстаздарының әлеуметтік порталына» және
«Ашық сабақтар сайтына» жариялап отырдым.

Сабақтың әр сәтінен көрініс

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995ж
2. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. 2007 ж
3. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Білім беру
бағдарламасы. 2011ж
4. Мұғалімге арналған нұсқаулық. 2012ж (ІІІ деңгей)

Ұқсас жұмыстар
Біліктілік белесі
Оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін мұғалім біліктілігін арттыру
Жаңа бағыт - жаңа ізденіс
Химиялық реакциялардың жіктелуі
Екінші Бетпе бет кезеңінде мектептегі тәжірибмізді курстағы әріптестермен бөлістік
«оқу үдерісіндегі көшбасшылықты анықтау»тақырыбы бойынша коучинг сабақтары туралы рефлексивті есептер
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модульі бойынша диологтік оқытудың тиімділігі туралы рефлексивтік есеп
Көшбасшы жоспары
Өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек?
Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы бір рефлексивті есеп
Пәндер