Сабақ жоспары :: Өзін-өзі тану
Файл қосу
Ұқсасын тап
Ақтөбе облысы,Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы
«Жұлдыз» балабақшасы
І –ші кіші топ тәрбиешісі: Матчанова Г.Ғ
Білім саласы: Таным
ҰОІӘ: Сенсорика
Тақырыбы: «Ұқсасын тап »
Сабақтың мақсаты: Балаларды заттың түстері мен пішіндерін ажырата білуге
үйрету. Саусақ моторикасы арқылы ақыл ойын дамыту. Жаңа жыл мерекесін еске
түсіріп, есте сақтау қабілетін қалыптастыру. Балаларды сүйіспеншілікке,
қайырымдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, ойын тәсілдері, қызықты
сәт, мадақтау.
Көрнекіліктер: лента ,сары- қызыл түсті геометрилық пішіндер.
Тәрбиеші: Саламатсыздар ма Балалар! Бүгін бізде ерекше күн. Бізге қонаққа
апайлар келіп отыр. Қане бәріміз шеңбер құрып, қонақтармен амандасып
алайық.
Балалар:
Біз ақылды баламыз
Айтқан тілді аламыз
Бізге келген қонақпен
Амандасып аламыз
Салем, салем, салем!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар Балалар!
Ұйымдастыру сәті:
- Балалар айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі
- Ауа- райында қандай өзгерістер бар?
- Қыста күн суық, далада қар жауады.
- Ал қыс мезгілінде қандай мерекені тойладық? (Балалармен жаңа жыл
мерекесі туралы әңгімелесу).
Қызықты сәт: Кенет телефон шырылдайды.
Тәрбиеші:
- Ало, саламатсыз ба?
- Бұл кім екен?
- А-а-а Түлкі сен бе?
- Сен неге жылап түрсың?
- Саған көмек керек пе?
- Мұңай ма қазір біз саған көмекке барамыз.
Балалар ормандағы түлкіге біздің көмегіміз керек болып жатыр.
Оның жаңа жылдық шыршасының безендіріп қойған моншақтарын мыстан кемпір
үзіп кетіпті . Соған жылап бізді көмекке шақырып отыр. Түлкіге көмекке
барамызба?
Балалар: Ия , барамыз
Тәрбиеші: Ендеше біздер тездетіп , орманға жетуіміз керек.
Ендеше сапқа тұрып бір біріміздің қолымыздан ұстап ,көзіміздіжұмайық .
(Балалар орманға келеді, шыршаның түбінде түлкі жылап отырады. )
Түлкі: Балалар меніңшыршамның ілетін моншақтарын үзіп кетті. Енді менің
шыршам әдемі болмай қалды. (Тәрбиеші үзілген моншақтарды балаларға
көрсетіп, пішінін,түсін сұрайды. )
Тәрбиеші: балалар бізде мұнда моншақтар оқ. Енді не істесек екен?
Таптым , таптым балалар. Мұндай моншақтарды табу үшін сиқыршы ғана
көмектесе алады. Мен сиқыршыны шақырайын.
Ал балалар біз мына тапсырманы орындамасақ. Сиқыршы келмейді.(тәрбиеші
тапсырма береді, тапсырманы орындағаннан кейін сиқыршы келеді ).
Сиқыршы: Балалар, саламатсыздар ма? Мені неге шақырдыңыздар? (тәрбиеші
түлкінің жағдайын айтып түсіндіреді.)
Жарайды мен сендерге көмектесейін, бірақ менің бір шартым бар. Мен сиқыр
жасамас бұрын , мен сергіп билеп алуым керек.
Сегіту сәті:
Би билегім келеді.
Бірақ қалай бастайын
Бір оңға , бір солға
Өзін өзі айнала.
Сиқыршы сиқырын қолданып , сиқырлы қобдишаны алып шығады. Қобдишаның ішінде
дөңгелек және төрт бұрыш пішінді моншақтың бөліктері болады.
Тәрбиеші : Балалар, қараңдаршы мына қобдишаның ішіндегі дөңгелек және
төртбұрыш пішінді бөліктерді түсіне қарай ілгектерібар моншақтарға
тағайықшы. (балалар қобдишадан шыққан пішіндерді сәйкестендіріп, ленадағы
ілгектерге тағады ). Жеке шақырып таққызу.
Тәрбиеші: Балалар міне біздің моншағымыз дайын болды, енді түлкіге
сыйлайық.
Түлкі: Рахмет балалар, мен қатты қуанып тұрмын, Мен сендермен ойын ойнағым
келіп тұр.
Қимылдық ойын: «Түлкі мен балапандар»
(Балалар ойынды ойнап болған соң , түлкімен қоштасады. Түлкі ризашылығын
білдіріп , балаларға сыйлығын береді. )
Сабақ соңында балаларды мадақтау, қорытындылау.
-
-
-
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz