Әйгерім қуыршаққа балалардың атынан сыйлық

№7 «Балдырған» балалар бақшасы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған

оқу іс - әрекеті: «Музыка»

Тақырыбы: «Әйгерім қуыршақтың атынан

балаларға сыйлық»

Музыка жетекшісі: Марат Роза

Тобы: «Құлыншақ» II - кіші топ

Әйтеке би кенті

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: «Музыка»

Тақырыбы: «Әйгерім қуыршақтың атынан балаларға сыйлық»

Мақсаты: Балаларға ойын бейнесін суырып салмалық шығармашылықпен білдіруге талаптандыру. Өлең сөзін қимыл беріп, әнін анық жеткізе білуді үйрету. Музыка мазмұнын түсініп тыңдауға тәрбиелеу.

Методикалық әдіс - тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, тыңдау, сұрақ-

жауап, ойын.

Музыкалық репертуарлар: «Кір қуыршақ» әні: И. Нүсіпбаев

«Музыкалық саты» музыкалы - дидактикалық ойын.

«Қуыршағым әлдиім» әні: А. Меңжанова

«Ойыншықпен билейміз» би қимылы.

«Ойыншықты ұйықтату және ойнату».

Көрнекіліктер: Қуыршақ, «Музыкалық саты» музыкалы - дидактикалық ойын, ойыншықтар, «Ойыншықты ұйықтату және ойнату».

Әрекет кезеңі
Музыка жетекшісінің іс - әрекеті
Балалар іс - әрекеті
Әрекет кезеңі: Мотивациялық қозғаушылық
Музыка жетекшісінің іс - әрекеті: Балаларды музыка ырғағымен жүріс түрлерін жасатып, толық шеңбер бойлап жүргізу. Би қимылды жаттығуларын қайталау.
Балалар іс - әрекеті: Балалар жүріс түрлері мен би қимылдарын жасайды.
Әрекет кезеңі: Ұйымдастырушы - ізденуші
Музыка жетекшісінің іс - әрекеті:

Ән тыңдау:

«Кір қуыршақ» И. Нүсіпбаевтың әнін тыңдауды ұсынып, оның сипаты мен көңіл - күйін, мазмұнын түсініп, ажырата білуге тәрбиелеу.

  • Балалар, бізге қонаққа қуыршақ Әйгерім келді, ол сендердің өнерлеріңді тамашаламақшы.
  • Ендеше, бізбен бірге болсын келістік па?

Есту мен дауысты дамыту:

  • «Музыкалық саты» музыкалы - дидактикалық ойын. Дауыс ырғағын келтіріп, әндете жаттығулар қайталайды.

Ән айту:

«Қуыршағым әлдиім» әні: А. Меңжанова.

Балаларға жаңа тақырыпты таныстырып, өз нақышында орындап беру. Әннің не туралы, мазмұны мен сипатына көңіл бөле білуге тәрбиелеу.

  1. Әлди, әлди ән басы,

Ән өмірдің жалғасы.

Қуыршағым әлдиім,

Өкпелегіш болмашы.

Әлди, әлди қуыршақ,

Бола көрме ұрыншақ.

Ертек айтып берейін,

Ұйықтай қойшы тыныстап.

  1. Әлдилеймін өлеңмен,

Ұйықтамайсың неге сен.

Шақырсада достарым,

Кетпеймін ғой сенен мен.

Музыкалық - ырғақтық қозғалыс:

«Ойыншықпен билейміз»

би қимылы.

Қолдарына ойыншық ұстап, би қимылын жасай алуға, музыка ырғағымен сәйкестендіре білуге тәрбиелеу.

Музыкалық - ойын шығармашылығы:

Ойын арқылы бейнелі қимыл бере білуге, ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу. Музыкаға сай іс - әрекет көрсете білуге тәрбиелеу.

Балалар іс - әрекеті:

Музыканы тыңдап түсініп, мазмұнына мән беріп, өз пікірлерін білдіреді.

Балалар дауыс жаттығуларын әніне келтіре қайталайды.

Өлең сөздерін анық, әніне қосылып айтады.

Әннің не туралы екенін түсінеді, өз ойыншықтары туралы айтады.

Көрсетілген би қимылдарын музыка ырғағымен жасайды.

Балалар ойынға қызығушылық танытып, ойыншықтармен қимыл береді.

Әрекет кезеңі: Рефлексивті - түзетушілік
Музыка жетекшісінің іс - әрекеті: Балаларға қуыршақ Әйгерім ризашылығын білдіріп, мадақтайды. Қуыршақ сыйлыққа ойыншық бергенін хабарлау.
Балалар іс - әрекеті: Балалар алған әсерлері мен қуаныштарын сездіріп, пікір білдіреді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек: - Көңіл - күйді ажыратуды,

- Өлең сөзін әнімен орындауды.

.

Нені игереді: - Ойыншықпен бірге қимылдар жасауды.

- Музыкамен қимылды сәйкестендіруді.

Нені біледі: - Өлеңді әнімен қимыл - қозғалыста орындауды.


Ұқсас жұмыстар
Жасыл қала, таза қала-Талдықорған
Қуыршаққа арналған моншақ
Жас түлектерге ұстаздықтілегі
Саз жетекшісі
Әртүрлі заттар суреттері, пішіндер
Суретке түсіру
Балалармен қоштасу
Құлыншаққа арналған жол
Аңшы мен қояндар
Жаңа жыл мерекесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz