Ш.мұртазаның «тұтқын бала» әңгімесіндегі тұрар бейнесі, 6-сынып

ІІІ тоқсан
Сабақ 12- сабақ
Сабақ өтілетін уақыт: 3-сағат
Орны: 10-кабинет
Барлық оқушы саны: 18
Қатысқаны: 18
Оқу белсенділігін арттыруда қолданыла
тын әдіс-тәсілдер
Бағалау
(формативті суммативті)
Сабақ кезеңдері
1-кезең: Қызығушылықты ояту:
- ұйымдастыру
- үй тапсырмасын тексеру;
-қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;
- белсенді әрекетке жұмылдырылады;
- ойлау жұмысына ынталандырылады
Бір-бірін қолдайды.
Пікір білдіреді.
2-кезең: Мағынаны ажырату:
- оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;
- жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады
3-кезең: Ой-толғаныс:
- анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді;
- синтез, бір-бірімен ой бөліседі
- сабақ қорытындысы
1. Тұрар - сезімтал.
2. Тұрар - еңбекқор.
3. Тұрар- ұғымтал, білімге құштар, арманшыл.
4. Тұрар - намысшыл
Тұрарды жа-жақты қырынан көрсетеді.
Келесі оқуға арналған тапсырмалар
(үй тапсырмасы)
1. « Оян, Тұрар!»-деп Тұрарды камерада оятқан кім?
2. Түрмеден қашқан Тұрар кімнің үйін паналады?
3 . Тұрар мектепте алғаш жазған сөздер?
4 . «Диірменде туған тышқанның баласы диірменнің дүрсілінен қорықпайды». Кімнің сөзі?
5. Рысқұлды айдауға әкетіп бара жатқанда тұтқындар қалай қоштасты?
6. «Шынтақ жеңнен жылтыңдап қарамайды, оған надандық үңіліп қарайды» деген Ломоносовтың сөзін кім айтты?
1. Приходько мырзаның ұлының аты кім?
2. Тұрардың фамилиясы кім болып жазылды?
3. Сұлу мұртты, бойы тіп-тік, әскери кісі кім?
4. Оқу бітіру куәлігін толтыру кезінде Тұрар қандай қылмыс жасағаны үшін директордан кешірім сұрады?
5. Тұрар тақтаға шыққанда жырқылдап күлген бала кім?
6. Тұрарды Семашко мырза қандай қызметке қабылдады?
1. Аркаша сабақты қалай оқыды?
2. Надзиратель Тұрарға барқылдап ұрысқанда араша түскен кім?
3. Әке мен баланың арасын жалғап келе жатқан жіпті штыкпен қиып жіберген кім?
4. Қырғызбай Тұрарды оқуға жаздыруға неден қорықты?
5. Атамырза Тұрарға не үшін күлді?
6. Семашко мырза оқушы-шәкірттерді қалай таңдад
1-көрніс
Түрме. Тұтқын бөлмесі. Рысқұл ұйқыда жатқан ұлын оятады.
Рысқұл: Оян, Тұрар! Кәне тұра ғой.
Надзиратель: (Тұрарға жекіп) Жүр!
Рысқұл: Қайда? Қайда барады?
Надзиратель: Қайда деуін қарашы! Не баранчук осында демалысқа келді деп пе едің? Приходко мырзаның бұйрығы солай. Жұмыс істейді. (Жұлқып алып шығып, қолына күрек ұстатады. )
Надзиратель: Неге тасбақаша ілбіп келесің? Әй, бандиттің баласы, осы көрген күніңді көпсініп жүрсің бе? «Бала» деп сені Приходко мырза бекер есіркейді. Аяғыңа кісен салып қойса болар еді. Иттің баласы, тұмсығыңмен тазала мына жерді.
(Баланың желкесінен сығымдап, басын төмен тұқыртпақ болады)
Тұрар: Ағатай, өзім, қазір, қазір . . .
Надзиратель: Жоқ, сен қолыңмен де емес, күрекпен де емес, тек тұмсығыңмен тазала, былай, былай . . . (Баланың басын жерге тұқыртады)
Тұрар: Ағатай-ай, өзім тазалаймын, қазір, қазір, өзім-ақ істеймін.
Надзиратель: Иттің баласы! (сүйреп камераға әкеп тастайды)
Рысқұл:
Балапан . . . (баласының басынан сипайды) Қанаты қатаймаған балапаным, қара дауылға қарсы ұша алармысың, сен? Ығы жоқ, селдір бұтаның басында жалғыз қалдың-ау сен!
Өлмейсің! Сұп-суық сұрғылт күлдің арасында сөнбей жатқан бір түйір шоқтай болып, қалың қара бұлттың арасынан жылт етіп, анда-санда күн де көрінер. Жүдеме! Жаралының жан серігі- жасымау. Жасыма! Ұқтың ба, Тұрар!
Тұрар: Ұқтым, көке! (Әкесінің мойынынан тас қып құшақтайды)
Ауладағы алаңқайда отырған қарт адамға бір жас жігіт жақын келеді.
Жігіт: Ассалаумағалейкум, Ата!
Қырғызбай ата: Әліксалам! Қай баласың? Жол болсын!
Жігіт: Әлей болсын! Оқуға түсетін балалардың тізімін алып жүрмін. Оқу жасында балаларыңыз бар ма?
Қырғызбай ата: Қандай оқу қарағым?
Жігіт: Оу, отағасы, естімеп пе едіңіз, таяуда Әулиеата оязының өзі келіп, жеті болыс Меркеге арнап орысша-мұсылманша мектеп аштырып кетті ғой.
Қырғызбай ата: Ал ол оқуың не береді?
Жігіт: Не береді? Балаңыз сот, прокурор болады. Бар ма балаңыз?
Қырғызбай ата: Бізде бала жоқ, қарағым!
(Қасында жүн түтіп отырған кемпірібетін шымшиды)
Салиха: - О не дегенің, байғұс-ау, алжиын дегенсің бе? Тұрарды қайтесің? Ол бала емес пе екен?
Оқысын! Басын байлама баланың!
Қырғызбай ата: Мейлі оқыса, оқысын, бәле шақырып зарланбай шақыр баланы
Салиха: - Тұрар, а, Тұрар қайдасың? Кел мұнда.
Жүгіріп келген Тұрарды көрсетіп Салиха:
- Міне бала, оқытсаңдар. Орысша да, мұсылманша да ағып тұр. Тіл көзден аулақ болса, болайын деп- ақ тұр.
Мұғалім: -Аты кім?
Қырғызбай ата: Тұрар
Мұғалім: Әкесінің аты кім?
Қырғызбай ата: Қырғызбай деп жаз, Қырғызбай
Салиха: (бетін шымшып) Байғұс-ау, о не дегенің?
Қырғызбай: Болды, жарайды, Қырғызбай дедім бе Қырғызбай
Мұғалім: Жасың нешеде?
Тұрар: Он бірде
Мұғалім: О, сен шынында зерек шығарсың, Тұрар Қырғызбаев. Алдағы күзден бастап Меркедегі интернатта жатып оқитын боласың. Ал, көріскенше!
Сынып бөлмесі. Мұғалім парталарды аралап келіп Тұрардың қасына тоқтап, дәптерін алып дауыстап оқиды:
Директор: - Аспара, Қызыл Жебе, Көке. - Өзің жаздың ба?
Тұрар : - Иә
Директор: - Мұны қалай түсінуге болады? Аспара -таудың аты. Ал Қызыл Жебе, Көке дегендерің не?
Тұрар : - «Қызыл Жебе» деген ерен жүйрік жылқы еді, Иван Владимирович. Ауылдың балаларымен жалаң аяқ жарыста мен де жүйрік болдым. Содан мені балалар Қызыл Жебе деп атап кетті. Ал «Көке» дегенім - сол қызыл Жебеге мініп, көкпар шапқан кісі.
Директор: - Жарайсың, Қызыл Жебе! Жарайсың!
Тұрар : - Мақтауыңыз жетті Иван Владимирович, енді айыптайсыз, жазалайсыз мені.
Директор: - Неге?( директор шошып кетті) Әлде бланкіні бүлдіріп алдың ба?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz