Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Тәуелсіздік жолында
1. «Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған»(тарихи оқиғалар жайлы слайд) айдары
Мұғалім:
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан.
Тарихы оның тым әріден басталған
«Бодандықтан құтқарам» деп елімді
Талай боздақ талай жерді жастанған.
1-оқушы: Гүлдана
Қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті.Тарихта аты шулы «Ақтабан
шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар
шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті. Бірақ бұдан да асқан жауыздық
нәубетінің екі ғасырдан соң қайта келерін білген жоқ. Отаршылдыққа қарсы
Қабанбай мен Бөгенбай, Исатай мен Махамбет, Кеңесары, Жанғожа мен Есет,
Амангелді т б күресті, бодандықтан азат болуды аңсады.
2-оқушы: Зинат
1925-0-1933ж. Елімізді басқарған Голощекин «Қазақстанда әлі ревалюция
болмаған» деп «Кіші Октябрь» саясатын жүргізді, елді аштық тығырына
тіреп, негізгі күн көрісі мал болған қазақтар 2-3 жылда малдарынан түгел
айырылып, 3-миллиондай қазақ аштықтан қырылды.
4- оқушы: Мадияр
Асыра сілтеу қазақ әдебиетінде жайқалған теректердің тамырын қиды. Олар:
Шәкәрім, Ахмет, Мағжан,Міржақып Жүсіпбек, Бейімбет, Ілияс, Сәкен т б өзі
өлседе аты өлмеген ағалар рухына кейінгі ұрпақ бас иіп , олардың жолын
жалғастырады.
5-оқушы: Меруерт
1941-1945 жылдары Азамат тарихында болмаған алапат соғыста жан қиған
қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап ерекше ерлік
көрсетті.Жүзге тарта қазақ қаһармандарына « Кеңес одағының батыры» деген
атақ берілді .
6-оқушы: Ақжол
1986 жылы Атыраудан Алтайға дейін Сарырақадан Алатауға дейінгі байтақ
жерімізге желтоқсанның қанда қара дауылы үдей түсті, Дүрбелең жайлады.
Қазақтың көптеген азаматтарының мойындарын қыл шылбыр салынды. Әділдік үшін
бой көтерген жас боздақтарының маңдайы тасқа соғылды. Бастарына қара бұлт
үйірілді.
2. «Желтоқсан - тәуелсіздік шамшырағы» айдары
Бекзат:
Иә, бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қанын төкті, жанын берді, жеріміздің
тұтастығын сақтап ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті. Оның айғағы ел намысы үшін
жанын құрбандыққа қиған Желтоқсандықтар болатын. Оның айғағы – дүниені дүр
сілкіндірген , әлемге қазақ деген атты паш еткен Желтоқсан көтерілісі.
Видеоролик: «Желтоқсан ақиқаты»
«Ызғарлы желтоқсан»(көрініс)
Алихан
Қалың елім ,қазағым ,қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың.
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Кешегі Абайдың айтып кетекн аңғалдығынан әлі де арылмағансың
ба, халқым-ау!Кешегі Абайдың айтып кеткен аңғалдығынан әлі де арылмағансың
ба , халқым-ау?! Елдігің қайда, бірлігің қайда, ерлігің қайда, ұл-қызың
қайда, қазағым?!Қалың ұйқыдан қашан оянасың, басыңды қашан көтеріп ,
еңсеңді қашан түзейсің, елім-ау?!
Айгерім:
Мен қазақпын мың өліп мың тірілген...
Көз алдымдағы қилы-қилы халіңді неге көрмейсің?, Жерің тозды,
саның азайды, тілің күрмелді.Мәңгүрте айналған ұрпағыңның болашағына неге
алаңдамайсың, аңқау қазағым?! Ата-бабаңның жерінде, атамекен елінде жүріп
өз билігіңнің өз қолыңнан кеткені ме, елім.?!
(Сахнаның екі жағынан солдаттар шығып жастарды
қоршайды)
Жақсылық: Қане тоқтатыңдар ереуілді! Қарай гөр өздерін. Абайшыл , қазақшыл
бола қалғандарын.! Мына комедияны дереу доғарып тез тараңдар!
Айгерім: Ағай бүкіл халықтың тағдырын ойыншық ету де комедия ма ? Жо – жоқ
,бұл трагедия .
Ахмет: Ай қаршадайынан қағынғыр қазақшыл қарындас! Қане түс алдыға көзіңе
көк шыбын үймелетейік! (қыздың қолын қайыра бастайды)
Алихан: Үйретілген йттей арсылдаған ағасымақ, қай атаңнан көріп ең
Қызға қол жұмсағанды, тарт қанға боялған қолыңды !
Әскер: Ә солай ма, тарт ендеше сазайыңды! (солдаттар жастар тобын ұрып,
сахнадан шығып кетеді.)
Саида:
Сәл сялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер...
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер...
Алаң шетін қоршап тұрған шыршаларға ала көк,
Жас бүлдіршін, сезіміңді жанар етіп қарап өт.
Сол арадан сатқындық та елестейді қара бет,
Қара беттің көбі бүгін дара тұлға, дарабет.
Жас бүлдіршін, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,
Заманыңның жеңісі мен жеңілісін санап өт.
Санжар:
Желтоқсан - әйгілі күн,
Ерттеп мініп ар- ождан сәйгүлігін,
Ерлерім ерлік үшін атой салып,
Еншілерін қайтарған бәйгелі күн.
Желтоқсан- тағдырларға азалы күн
Қайраған намыстарын мазалы мұң.
Қыршынынан қиылған боздақтары.
Қалар мәңгі есінде қазағымның.
Желтоқсан қайсар ерлік, қуатты күн,
Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.
Тәуелсіздік билігі қолға қонған,
Тәңірімде желтоқсан-шуақты күн.
Желтоқсан-жадымызда жаралы күн,
Жастарым жапа шеккен жаралы мұң.
Еркіндік, егеменді елдігімді
Емірене аңсады саналы ұғым.
«Қайсар қазақ» әнімен би
Айдана:
(М Шахановтың «Желтоқсан тағылымы» өлеңі.):
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын , жас қайратым, жас өркені халқымның.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула , желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашан да еңкеюге тиісті емес жалауы.
3. «Тәуелсіздіктің бақытты ұландары» айдары
Алида:
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Мадияр:
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Гүлдана:
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Бекзат:
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Айгерім:
Мен – қазақпын, бір биік белеспін мен,
Ахмет:
Европа да, Азияда емеспін мен.
Меруерт:
Аралықпын, жетінші материктей,
Алихан:
Бірақ барша адаммен тел өстім мен.
Айдана:
Шалқы, қазақ, шалқитын заман келді,
Жақсылық:
Текке қанын төккен жоқ Аманкелді.
Жадыра:
Кең далаңда керіліп, атыңды атап,
Ақжол:
Жырла, қазақ, жаңа күй, жаңа ән келді.
Саида:
Әуеніңнен сонда мен алып көрдім,
Жақсылыққа жаралған халық көрдім.
Зинат:
Жорамалым ақталды, жаңылмаппын,
Санжар:
Жайла, қазақ, өмірдің жарқын төрін
Хормен :
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске –
Айта бергім келеді, айта бергім!
Кері байланыс: Тақтада өз тілектерін стикерге жазып іледі. Оқушылар
тілектерін жазып жатқанда «Тәуелсіз елдің ұландары» видеоролик жүреді.
Р.Мәрсеков атындағы орта мектеп
[pic]
[pic]
6-«А» сынып
Болаева Айнұр Қантайқызы
Қ.Қайсенов кенті
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz