Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ата-анамен байланыс, әкелермен кездесу

Жумашева Айнур Биржановна
Таскала ауданы
Мереке ЖОББМБ орыс тілі пәнінің мұғалімі
класс жетекш.
‎«‏Әке‭ –‬асқар‭ ‬тау‭»

« Ана‎ ‏-‎ ‏өсiредi,‭ ‬Әке‭ –‬үйретедi‭ »

Аристотель
Максаты:‭ ‬-‭ ‬Мектеп пен отбасының өзара байланысын,‭ ‬қарым‭ –‬қатынасын нығайту‭;
-‎ ‏Отбасының қарым‭ –‬қатынасындағы сенімділікті және сыйластықты қалыптастыру‭;
-‎ ‏Бала тәрбиесінде‭ ‬Әкенiң‭ ‬ролі‭ ‬ерекше‭ ‬ екендігін түсіндіру.
Көрнекілігі:‭ ‬қанатты сөздер‭ «‬Ата көрген-оқ жонар,‭ ‬ана көрген-‭ ‬тон пішер‭» ‬,‭ ‬шарлар,‭ ‬презентация‭ ‬ « Ана‭ ‬-‭ ‬өсiредi,‭ ‬Әке‭ –‬үйретедi‭ »‬ .
Түрі:‭ ‬кофе-брейк,‭ ‬пікір алмасу.
Шақырылған қонақтар:‭ ‬6‭ ‬сынып оқушыларының әкелерi,‭ ‬мектеп директоры,‭ ‬психолог,‭ ‬мұғалімдер.
/Арнайы безендірілген кабинетке жеңіл дастархан әзілеген болатынбыз,‎ ‏әкелерге кофе дайындап,‭ ‬Кайрат Нуртастың‭ ‬,,‭ ‬Әкелер,,‭ ‬атты өлеңімен қошеметтеп карсылап алдық.‭ ‬/
Барысы:‭
І‭ ‬Жүргізуші:‭ ‬ Сәлеметсіздерме ардақты әкелер‭! ‬Бүгінгі‭ ‬біздің кездесуімізде,‭ ‬Әкелер,‭ ‬сіздер туралы‭ ‬әңгіме қозғағымыз келеді.‭ ‬Әке‭… ‬Бұл‭ ‬үш‭ ‬әріпті сөзде не бар‭? ‬Әке деген‭ ‬сөз‭ ‬-‭ ‬мейрімділік,‭ ‬ержүректік,‭ ‬әдептілік деген ұғымдармен іспеттес.‭ ‬Әкенің бала дүние есігін ашқаннан бастап,‭ ‬оның өсіп дамуына тигізетін әсері маңызды екені баршаңызға мәлім.
-‎ ‏Қадірменді әкелер‭! ‬Сіздің осы кездесуге‭ ‬үй шаруларыңызды тастап,‭ ‬бас тартпай‭ ‬келуіңіздің өзі‭ –‬бала бақыты сіз‭ ‬үшін маңызды екенін көрсетеді.
Тренинг:‭ ‬«Мен‭ ‬үшін әке болу‭ –‬бұл...‭ ‬»
Сөз басында мына ойыншықты‭ ‬/жұмсақ қонжық‭ ‬/‭ ‬бір-‭ ‬бірімізге жалғай отырып,‭ ‬мына фразаны аяқтайық‭! ‬«Мен‭ ‬үшін әке болу‭ –‬бұл...‭ ‬» /бақыт,‭ ‬жетістік,‭ ‬байлық,‭ ‬арман,‭ ‬дәреже,‭ ‬мәртебе,‭ ‬өмір,‭ ‬жауапкершілік...т.с.с./
Жүргізуші:‭ ‬Керемет‭! ‬Ой бөліскеніңізге‭ ‬рахмет‭! ‬Олай болса,‭ ‬жалғастырайық‭!
-‎ «‏Әке‭ –‬асқар‭ ‬тау‭» ‬деп теңестіреді халық даналығы.‭ ‬Әр бала‭ ‬Әкесі мен анасының махаббатының жемісі болғысы келеді.‭ ‬Бақыты бала тек бақыты ата-анада ғана болады.‭ ‬Бала тәрбиесінде‭ ‬Әкенiң‭ ‬рөлі‭ ‬ерекше.‭ ‬Алайда,‭ ‬қанша мүмкіншілік болса да көптеген ер адамдар бала тәрбиелеудің негізгі‭ ‬жауапкершілігін мойнына алмайды.‭ ‬Психологтардың зерттеуі бойынша,‭ ‬егер әкелер балаларымен тығыз байланыста болып,‭ ‬тәрбиелеу міндетінің жүктемесін мойындарына алатын болса‭ –‬анаға қарағанда тигізетін әсері басым болатынын айтады.
Ер бала әкені тыңдағысы келеді,‭ ‬оған ұқсас болғысы келеді.‭ ‬Ерекше әсер‭ ‬,әрине,‭ ‬-‭ ‬бірігіп ойын ойнау.‭ ‬Көптеген зерттеулер нәтижесі бойынша,‭ ‬мысалы,‭ ‬ана баламен ойын ойнаса,‭ ‬ол әкеге қарағанда,‭ ‬ойнай отырып,баланы күтуді жалғастырады‭ ‬/мысалы:‭ ‬ойнаса да,‭ ‬ол бала құлап қалмаса екен,‭ ‬немесе бір жерін ауыртып алмаса екен,‭ ‬киімін ластап тастамаса екен т.с.с.‭ ‬/‭ ‬Ал әке керісінше,күш,‭ ‬қозғалыс ойындарын таңдайды.Осының салдарынан баланың даму белсенділігі арта түседі.‭ ‬Бұған дәлел,‭ ‬ұлы Аристотель‭ ‬« Ана‭ ‬-‭ ‬өсiредi,‭ ‬Әке‭ –‬үйретедi‭»‬ деп бекер айтпаған‭ ‬.
‎ ‏Балалар‭ ‬шығармаларынан...‭
-А енді,‎ ‏балалардың жауабына құлақ түрсек‭! ‬Бiрнеше күн бұрын,‭ ‬тәрбие сағаттарымыздың бірінде балаларға мынадай тапсырма берген болатынмын.‭ ‬,,‭ ‬Жасырын турде‭ ‬/аноним/‭ ‬өз әкелерi туралы‭ ‬жасырмай жазуларын өтiндiм.‭ ‬Олар мынадай сұрақтарға жауап бердi.
-‎ ‏Әкемнің ұнайтын жағы
-‎ ‏Әкемнің ұнамайтын жағы
-‎ ‏Болашақта әке болғанда қандай боламын‭?
Слайдқа түсірілген балалар жауаптары.

Оқушы хаттарынан...

‎«‏Менiң әкемнiң мiнезi қаталдау.‭ ‬Менiң әкемнiң қолынан бәрі келедi.‭ ‬Тамақ пiсiрудi де бiледi.‭ ‬Өз әкемдi мақтан тұтамын.‭ ‬Ол бізге әрдайым қамқор болып жүредi.‭ ‬Оның жүрегi таза,‭ ‬жомарт адам.
Маған әкемнiң ғана айқайлағаны ұнамайды‭»

«Әкемнiң енбекқорлығы,‭ ‬байсалдығы ұнайды.‭ ‬Жазда әкем екеумiз өзенге шомылуға барамыз.‭ ‬Ол маған мотоцикл айдауды үйреттi.‭ ‬Сол сәт өте қызықты.‭ ‬Папа математик,‭ ‬екеумiз доспыз.‭ ‬Әкемдi жақсы көремiн.
Папамды көрмей жүрмiн‭ ‬-‭ ‬сол жаныма батады.‭ ‬»

«Маған әкемнiң күлгенi,‭ ‬бiзбен ойнағаны ұнайды.‭ ‬Ол ешкiмнiң қолын қайырмайды.‭ ‬Маған барлық затты алып бередi.
Әкемнiн анама ұрысқаны ұнамайды.‭ ‬»

«Әкемнiң ойнағаны,‭ ‬маған есеп шығарысқаны ұнайды.‭ ‬Менiң әкем дүниедегi ең жақсы адам.
Маған әкемнiң ішімдік iшкенi ұнамайды.‭ ‬Конаққа барғанын ұнатпаймын.‭ ‬Менiң әкем арақ iшпесе‭ –‬жақсы‭ ‬адам.‭ ‬»

«Маған әкемнiң мейiрiмдiлiгi,‭ ‬кеңпейiлдiлігi ұнайды.‭ ‬Ол шебер адам.‭ ‬Ол менi әрқашан түсiнедi.‭ ‬Ол менiң кеңесiмдi тындайды.‭ ‬Ол өте‭ ‬,өте,‭ ‬өте жақсы адам.
Әкемнiң ұнамайтын жерi,‭ ‬ол жаңа зат алған кезде көп ойланады.‭ ‬Оған жаңа заттың пайдасын түсiндiру киын.‭ ‬Бәрібір ол өте жақсы‭»

Жүргізуші:‭ ‬Иә,‭ ‬өзіңіз байқап тұрсыз,‭ ‬бала жұрегінде‭ ‬тіпті‭ ‬,,осал,,‭ ‬әкелерге де орын табылады.‭ ‬Әкесіз өскен баланың даму деңгейі төмен,‭ ‬оларда уайымшылдық және неврология синдромдары көп кездеседі.‭ ‬Әкенің жоқ болуы баланың сабағына,‭ ‬белсенділігіне‭ ‬әсерін тигізеді.‭ ‬Әсіресе ер балалардың.‭ ‬Оларға ержүрек болу,‭ ‬жалпы ер адам стилін‭ ‬ұстанып жұру қиындау соғады.‭ ‬Бұның бәрі,‭ ‬әрине,‭ ‬агрессияға және қатыгездікке әкеліп соқтырады.‭ ‬Нағыз бетке ұстар‭ ‬/идеальный отец/‭ ‬әке болу үшін ешқандай жаттығулар,‭ ‬дайындықтар қажет емес,‭ ‬бір нәрсе ғана керек.‭ ‬Ол-ұмтылыс.
Балаға тек әкесінің қасында болғаны жетік.‭ ‬Әкемен‭ ‬әңгімелесу,‭ ‬сыр бөлісудің өзі,‭ ‬факт жүзінде,оте пайдалы.‭
Барлығыңызға бала тәрбиесінде сәттілік тілеймін‭!
.

Анкета‭ ‬Слайд
Жүргізуші:-‭ ‬Ал енді,сіздер қандай әке екеніңізді білгіңіз келеме‭? ‬Олай болса,‭ ‬мына тест сұрақтарына назар аударайық‭?

Тест сұрақтары
Сіз өзіңіздің ата-анаңызға көмектесесізбе‭?

2.‎ ‏Сіз‭ ‬қайың‭ ‬жұртыңызбен жиі араласасызба‭?
3.‎ ‏Балаңыз сұраған заттардың бәрін алып бересізбе‭?
4.‎ ‏Балаңыздың көзінше жұбайыңызбен‭ ‬ұрыспауға тырысасызба‭?
5.‎ ‏Сіз балаңыздың‭ \‬қызыңыздың‭\ ‬дене‭ ‬бітімінің,‭ ‬ой‭ ‬ұшқырлығының‭ ‬дамуына ат салысасызба‭?
.‎ ‏Балаға берген сертіңізді‭ ‬үнемі орындайсызба‭?
.‎ ‏Балаңыздың‭ \‬қызыңыздың‭\ ‬ үй шаруасында белгілі бір міндеті бар ма‭?
8.‎ ‏Балаңыздың‭ \‬қызыңыздың‭\ ‬досы кім екенін білесізбе‭?
.‎ ‏Балаңыз‭ \‬қызыңыз‭\ ‬сізге сырын айтама‭?
о.‭ ‬өзіңізді жақсы‭ ‬әке деп есептейсізбе‭?
Тест‭ ‬қортындысы:
-егер барлық сұрақтарға‎ ‏,,ия,,‎ ‏деп жауап берген болсаңыз‭ –‬сіз нағыз‭ ‬үлгілі‭ ‬әкесіз‭!‬
-егер‎ ‏,,4,,‎ ‏немесе‭ ‬,,6,,‭ ‬сұраққа‭ ‬,,ия,,‭ ‬деп жауап берген болсаңыз‭ –‬сіз міндетті түрде жанұяңызбен айналысып,‭ ‬балаларға деген көзқарасыңызды жедел‭ ‬өзгерту керексіз‭!
-‎ ‏егер‭ ‬,,1,,‭ ‬немесе‭ ‬,,3,,‭ ‬сұраққа‭ ‬,,ия,,‭ ‬деп жауап берген болсаңыз‭ –‬сіз бәрінде түсүніп,‭ ‬бүгіннен бастап жанұяңызға және балаларыңызға көзқарасыңызды‭ ‬өзгертесіз‭!

Көрініс‭ ‬,,Бала мен‭ ‬әке,,
Ән‭ ‬,,‭ ‬Әкешім,,

Жүргізуші:‭ ‬/әкелерді класс‭ ‬өмірімен таныстыру,‭ ‬слайд,‭ ‬фотолар корсету/.
Слайд
6-шы сынып белсендiлерi:‎
Талапова Ляззат‭ ‬-‭ ‬сынып президентi
Жумагереева Данара‭ ‬-‭ ‬бiлiм министрi
Камалов Ербол‭ ‬-‭ ‬мәдениет министрi
Бекбулатов Чингиз‭ ‬-‭ ‬спорт секторы
Казиуллина Камила‭ ‬-‭ ‬тазалық
Ильясова Балсулу‭ ‬-‭ ‬секторлары

Бiздiн мактанышымыз:
Талапова Ләззат‭ –‬оқу озаты
Казиуллина Камила‭ –‬оқу озаты
Жумагереева Данара‭ –‬оқу екпiндiсі
Ильясова Балсұлу‭ –‬оқу екпiндiсі
Нарымбаева Ару‭ –‬оқу екпiндiсі
Бекбулатов Чингиз‭ –‬оқу екпiндiсі‭
Тулегенов Дарын‭ –‬оқу екпiндiсі

әкелермен әңгімелесу,‭ ‬мерекелерде,‭ ‬сабактарда‭ ‬түскен фотоларын көрсетіп,оларды қуанту.

Корытынды

Жүргізуші:‭ ‬-‭ ‬қорыта келе,‭ ‬ардакты‭ ‬әкелер,‭ ‬балалы болу‭ –‬бақыт екенін естен шығармайық‭!
Балаларыңызға‭ ‬бакытты балалык шак сыйлай біліп‭ ‬қана‭ ‬емес,‭ ‬өзіңіз де‭ ‬болашақта‭ ‬мақтан тұтуға лайық,‭ ‬үлгілі‭ ‬әке‭ ‬болыңыз‭ ‬деп тілеймін.
‎ ‏Ал нағыз‭ ‬өнегелі‭ ‬әке қандай болуы керек‭?‬ Бала тәрбисінде‭ ‬әке араласу керек пе‭?‬ Бұл сұраққа жауап‭ ‬өзіңізде‭!
Автордан:‭ ‬кездесу отырысы аяқталғанан кейін‭ ‬әкелерді спортзалға шақырып,‭ ‬оларға түлі спорттық жарыстар‭ ‬ұйымдастырдық.‭ ‬/армреслинг,гір тасын көтеру,‭ ‬мылтық ату т.б./‭ ‬Спорттық жарысты балалары да көріп,‭ ‬жанкүйер болды.‭ ‬Кеш‭ ‬өте‭ ‬әсерлі және‭ ‬қызықты‭ ‬өтті.‭


Ұқсас жұмыстар
Ынтымақты сынып шарасы
Мектептегі білім мен тәрбие. 7 класс
Біз отанның сарбаздары. ересектер тобы
Мұғалімнің оқушылармен және олардың ата-аналармен өзара қарым-қатынасының кәсіби мәдениеті
Елімнің еркіндігі- тәуелсіздік
Бала тәрбиесі – мәңгілік мәселе
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары
Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Ұлттық тәрбие
Үйден оқитын оқушының құжаттары
Пәндер