1-сынып Ана тілі сабағы: Буын ұғымы және Не деу керек өлеңі бойынша сабақ жоспары

Алиева Сәнім Жакуқызы
бастауыш сынып мұғалімі
Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі
Ж. Бабаева
18. 02. 2014ж
Білімділік: Буын. «Не деу керек?» өлеңімен танысады.
Дамытушылық: Танымдық қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып, кішіпейілділікке баулу.
Тәрбиелілік: Топпен жұмыс жасай біледі, бір-бірін сыйлайды, көмектеседі.
Мәтінді өз беттерімен ұғыну. Түсініксіз жерлерін талдау.
Дүниетанымы кеңейеді, пәнге деген қызығушылығы артады, шығармашылық қабілеттері дамиды.
1. Оқулық
2. Тақырыпқа байланысты суреттер, интерактивті тақта.
3. Бағалау жолақшасы
АКТ
СТО
Оқыту үшін бағалау
1. жұппен жұмыс
2. топтық жұмыс
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, түгендеу, 3топқа бөлу, бағалау жолақшаларын тарату, топ ережесін еске түсіріп, іліп қою.
Психологиялық дайындық
Үлкенге де «сіз»,
Кішіге де «сіз»
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.
Топқа бөлу:
1-топ:Дыбыс
2-топ:Әріп
3-топ:Буын
«Көрші атам» жатқа сұрау.
Сәлемдесуге байланысты қандай сөздерді білесіңдер?
1-топ:Дыбыс тобына: мұғаліммен
2-топ:Әріп тобына: үлкен атамен
3-топ:Буын тобына: досымен
Видоролик көрсетіледі. ` «Сәлем- сөздің анасы»
Слайдтан суреттерді көрсету
(Балық, уық, ыдыс, нан) арқылы жаңа тақырыпты анықтайды.
Көркем жазу:бала
58-жаттығу
1-топ: А-па, ә-же, а-та.
2-топ: Көке, ше-ше.
3-топ: На-ға-шы, жи-ен. (туыстық атаулар)
Ереже: Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
1 - топ. Дыбыс Біз көзге көрінбейміз. Құлақпен естиміз, ауызбен айтады.
2 - топ. Әріп. Оқимыз, жазамыз, көреміз.
3 - топ. Буын. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
59-жаттығу
1-топ: Ананың сүті- бал,
Баланың тілі-бал.
2-топ: Күннің шуағы-жылы,
Ананың құшағы-жылы.
3-топ: Ана алдында құрмет,
Ата алдында қызмет.
Видоролик «Ана»
«Не деу керек?» 3-топқа бөліп берем
Рахмет, Кешіріңіз, Рұқсат па? Енді қайталамаймын.
Әнуарбек Дүйсенбиев (1931-1979)
Алматы облысында дүниеге келген. «Балдырған» журналының жауапты хатшысы. «Ана жүрегі», «Қайырлы таң, балалар», «Не деу керек?» т. б.
Қала, шана, нағашы, мереке, әже, ата