Ислам тағылымы

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы
№3 орта мектеп
Өткізген: Жанжигитова Гульнар
6 гимназия
Орыс тілі мен әдебиет мұғалімі
2012-2013 оқу жылы
Тақырыбы: Ислам тағылымы.
Мақсаты: Діни білім беру арқылы келер ұрпақты адамгершілікке, мейірімділікке, мәдениеттілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу; Оқушылардың діни сауатын ашу;
Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар:
« Ислам - дін ғана емес, ол біздің мәдениетіміз».
Н. Ә. НАЗАРБАЕВ
I бөлім: «Діні бардың -діңгегі мықты»
1 -жүргізуші
Сәлеметсіздер ме. Құрметті оқушылар және ұстаздар. 6-ші гим сыныбының дайындап келген «Ислам тағылымы» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Тәрбие сағатымыздың бірінші бөлімі «Діні бардың -діңгегі мықты» тақырыбында. Дін ислам туралы қысқаша мәліметтермен танысып өтеміз.
2-жүргізуші
Халқымыздың ұрпағының саналы өсуіне парасатты, инабатты, елін сүйер азаматы немесе азаматшасы болуына, ақылды, ойлы ұрпақ болуына дін арқау болған.
1 -жүргізуші
Дін халықтың өткені және тарихи екеніне ешбір күмән келтіруге болмайды.
2-жүргізуші
Ислам дінінің қазақ даласында аяқ басып, табан тірегеніне бірнеше ғасырдан артық уақыт өтсе де дін байрағы қалпынан өзгерген жоқ.
Рүстем, Гауһар
Дін дегеніміз сенім-нанымның ұйымдасқан түрдегі жүйесі әрі рухани дәстүр, Сонымен қатар ол жаратушы жайында қалыптасқан жоғары деңгейдегі киелі ұғым. Адамдар арасында өзінің жеке ұғымын, өмір сүру тәсілін, дүниетанымын дін ретінде түсіндірушілерде кездеседі. Алайда ортақ бір мәселе бар:дінге сенетін барлық пенде өзіне әсер ететін белгілі бір құпия күштің бар екендігіне сенеді.
Батыл «Дін-ғылымның анасы»Хабан Дәурет
Дін-ғылымның анасы,
Дін-ғылымның әкесі,
Ғылым-діннің баласы
Дін-ғылымның көкесі.
Ғылым да бар, дінде бар,
Қоқыс та бар гүл де бар.
Адам ата өлмесін
Ақырзаман келмесін,
Қол қусырып құдайға,
Ғылым мен дін, бірге бар.
1 -жүргізуші
Дүние жүзін дүр сілкіндіріп желдей есіп тез тараған Мұхаммед
Пайғамбарымыз негізгі қалаған Ислам діні.
2-жүргізуші
Ислам дінінің негіздерін үйрену, оқу, меңгеру, өйткені адамзатқа жаратушысын танытып шынайы бақытқа жеткізетін дін-Ислам діні.
Арман Ислам діні
Ислам діні-дүниежүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін. Ол біздің заманымыздың 7 ғасырында арабия түбегін мекендеген тайпалар алғашқы қауымдық қатынастардан таптық. . Қатынастарға көше бастаған кезде құл иеленушілік .
идеологиясы ретінде дүниеге келді. Тарихи деректерге, әдеби аңыздарға сүйенсек. Ислам діні Арабиядағы Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы-Меккеде шықты.
Венера
Ислам діні әлемдегі ең үлкен, ең мықты дамыған діндердің ең соңғысы. Ислам дінінен соң ешқандай дін өмірге келген емес . Ислам -мойұсыну, бойұсыну дегенді білдірсе, мойынұсыну-яғни қабылдау, бағыну және айтқанын орындау деген сөз. Кім Аллаға мойынұсынса, ол мұсылман.
Мұсылмандар
Аллаға, Пайғамбарға. Алла кітабына, періштелерге, өлімнен кейін өмір болатынына сенеді.
1 -жүргізуші Ислам діні адамдарды жағымды, көркем мінезділікке, әдептілікке, инабаттылыққа, имандылыққа тәрбиелейді. Ислам дінінің бес шарты бар: Иман, намаз оқу, рамазан айында бір ай ораза ұстау, зекет беру, қажыға бару. Ислам дінін тұтынатын адамдарды мұсылман деп атайды.
Мұсылман дінінің негізін салған Мұхаммед Пайғамбар деп атады.
2-жүргізуші
Мұхаммед Пайғамбар біздің заманымыздың 570 жылында Аравия жарты аралығында дүниеге келді.
Гүлайша, Жансая(Адамата)
![]()
1 -жүргізуші
Бүкіл әлемнің жаратушысы бір Алла Тағала ғана. Алла Тағала өсиеттері әр түрлі ғасырларда, әр түрлі қауымдарда баян етілген.
2-жүргізуші
Алла ғана асқан шебер пәктеулі,
Ұмытпаңдар, құдіретті хаһ деуді.
Шебермін деп шіренсеңдер бәрібір,
Шеберсіңдер мүмкіндігі шектеулі.
Алла ғана асқан шебер ақтаулы,
Әр ісіміз Алла алдында сақтаулы,
Аллаға арнап ақтарайық адамдар,
Ғаламдағы барлық мадақ мақтауда
Күміс
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас» ТЕМІРХАН БАЙСҰЛТАН
Алланың өзі де рас, сөзі де рас
Рас сөз ешуақытта жалған болмас.
Көп кітап келді Алладан оның төрті
Алланы танытуға сөз айырмас.
Аманту оқымаған кісі барма,
Уактубиһи дегенмен ісі бар ма,
Алла өзгермес адамзат күнде өзгерер
Жарлық берді ол сіздерге сөзді ұғарға
Замана шаруа мінез күнде өзгерді,
Оларға кез-кезімен нәби келді
Қағида шариғаты өзгер
Тағриф Алла еш жерде ешжерде өзгермеді.
Күллі мақұлық өзгерер Алла өзгермес,
Әһлі кітап бұл сөзді бекер демес.
Адам нәпсі, өзімшіл мінезбенен
Бос сөзбенен қастаспай түзу емес.
Махаббатпен жаратқан адамзатты
Сенде сүй ол Алланы жаннан тәтті
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп
Және хақ жолы деп әділетті
2-жүргізуші Хор « Аллаға шүкір»
1 -жүргізуші Құран барша мұсылмандардың ерекше қадір тұтып ұстанатын қасиетті кітабы. Құран сөзі араб тілінен аударғанда көп оқылатын кітап деген мағынаны білдіреді. Шариғат ілімінде құранды жазуды ең соңғы Пайғамбар Мұхаммед періште арқылы дахи жолымен түскен.
![]()
2-жүргізуші
Құранда 114сүре бар. Сүре араб тілінен аударғанда «қамал, абырой» деген мағынаны білдіреді. Сүренің әр жолы аят деп аталады.
Жұпар
1-жүргізуші Хадис-Мұхаммед пайғамбардың даналық сөздерінің жиынтығы, «Құран кәрімнен» кейінгі ең қастерлі кітап. Мұнда мұсылманшылық, имандылық, инабаттылық, адамгершілік ережелері жинақталған.
2-жүргізуші
Хадисте: «қайсыбір әйел төрт амалды орындаса, сегіз жәннаттың қалаған есігіне кірсін» делінген.
Біріншісі- күніне бес уақыт намазын оқу.
Екіншісі- жылына бір келетін Рамазан айында ауыз бекіту.
Үшіншісі- күйеуінің ризашылығына бөлену.
Төртіншісі- ар-ұятын сақтау.
Батыл: Аш адамға көмек беріңдер. Аурудан хал сұраңдар.
Қарызға батқан адамның қарызын өтеуге көмек беріңдер.
Ақнұр: Кездескенде кім бірінші сәлем берсе, сол адам тәңір алдында да, адам алдында да иманды адам. Иманның жақсысы-сабырлы және кеңпейілді болу.
Ләззат: Тәңір әйелдермен сыпайы сөйлесуді бұйырады, себебі әйел-анаңыз, әжеңіз, қызыңыз.
Жансая: тамақ салынған табақтың шетінен ғана алып жеу керек. Ортасына қол жүгіртпе, себебі береке ортада болады.
1 -жүргізуші
Қасиетті Мекке мешітіне тоқталып өтсек. Қасиетті мешітінің төбесіндегі ұлы қоршаудың ішіндегі анық аулаларды қоса есептегенде аумағы 356000 шаршы метр. осы аулаға млн мұсылман сыйды.
Ләззат
![]()
2-жүргізуші
Мен сенің алдыңдамын. Сенің ешқандай теңдесің жоқ. Қажылар мекеге осы мынажатты айтып кіреді екен.
ҰЛМЕКЕН, Алмас ( Мекке)
1 -жүргізуші
Қағбаға кіретін есік солтүстік қабырғада жерден 2м -ден биік . есікті кәдімгі жапқышпен жабумен жабады. оның аты бурка.
2-жүргізуші
Киева-қағбаның жапқышы деп аталады. Киева жібек пен мақта қосып тоқылған матадан жасалады.
Гауһар(қағба)
![]()
1 -жүргізуші
Мұсылман болу-ұлы игілік. Біз Аллаға осы игілігі үшін ризамыз. Алланың алдында бес парызымызды өтеуге тиіспіз.
2-жүргізуші
Мұсылманның бес парызы
Иман айту, Намаз, Зекет, Ораза, Қажылық - Осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтейік
Рүстем
Бекназар
Нұрлыбек
Күміс
Жұпар «Бес парыз» Мұханов Бағдат
Мұғалімнің сөзі: Ендігі сөз кезегін, қонағымыз мектебіміздің дінтанушы мұғалімі Боранқұлов Қайырбек ағайға берейік.
Мұғалімнің сөзі: Қайырбек ағай, әнгімеңіз сондай әсерлі, тартымды жақсы болды. Осы берген жауаптарыныз, әнгімелерініз бізді қатты қызықтырды . Енді әнгімеден кейін оқушылар өз ойларын айтсын.
Ал, енді балалар келесі кезекті Кенжебай Арманнын орындаунда «Мереке »күйін тамашалайық.
II бөлім «Әулиеге түне, Алладан тіле!»деп аталады.
2-жүргізуші Ұранымсын, жан-баба
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz