Құрақты қаламсап қабын тігу

БҚО Теректі ауданы
Подстепный қазақ орта мектебі
Иманбаева Г. Е
Сабақтың тақырыбы: « Құрақты қаламсап қабын тігу. »
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға құрақ түрлерін тігудің ерекшелігімен құрақ
бөліктерін дұрыс орналастыру реттілігін және өңдеу технологиясын үйрету.
ә) Оқушылардың үнемділікке, икемділікке, ұқыптылыққа, тиянақты
болуға тәрбиелеу, шапшаңдыққа, еңбек сүйгіштікке баулу.
б) Оқушылардың теориялық білімдерін іс - жүзінде
шығармашылықпен ұштастыру, өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі:
Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:
түсіндіру, сұрақ - жауап, нұсқау, сарамандық жұмыс
Пәнаралық байланыс:
Тарих, Геометрия, Бейнелеу, Сызу.
Керекті құрал - жабдықтар:
интерактивті тақта, қатты мата, қағаз, үлгілер, сызғыш, ине, жіптер, қайшы, бор немесе қарындаш
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
-оқушылармен амандасу,
-жоқ оқушыларды белгілеу,
-сабаққа дайындығын тексеру,
-оқушы назарын сабаққа аудару,
-топқа бөлу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Әр топ ұяшық таңдау арқылы сұраққа жауап беру.
1Құрақ құру дегеніміз не?
2. Құрақтың тарихы қандай?
3. Құрақтың қандай түрлерін білесіңдер?
4. Құрақ құрауда түстер үйлесімділігінің қандай маңызы бар?
5. Құрақ жасау үшін қандай құрал - жабдықтар қажет?
6. Құрақтың тұрмыста алатын орны қандай?
7. Құрақ қандай геометриялық фигуралардан тұрады?
Бағалау критерийлерімен таныстыру.
(топ басшылары жауап берген оқушыны белгілеп отырады)
Топтық жұмыс
Кім шапшаң?
ІІ. Жаңа сабақ
Жаңа сабақ құрақ түрлерін еске түсіру.
Сегізжапырақ, аққу, жұлдызша, ботогөз, тырна қатар т. б
Құрақ, оның түрлері туралы мағлұмат:
Құрақты қандай мақсатта құраймыз?
- Біріншіден, мата қиындыларын іске асыру, кәдеге жарату.
- Екіншіден, әдемілікке, ұқыптылыққа, тәрбиелілікке мән беру.
Құрақ құрау - халқымыздың үй - тұрмысы бұйымдарында ұрпақтан - ұрпаққа ұласқан ұлттық тәсілдегі өнері.
Құрақ құрау үшін, қалған қиынды маталар қолданған. Құрақ құрау - мата қиындыларын іске ұқсату, кәдеге жарату және үлкен сәнділікпен матадан әр түрлі пішіндерді қиюластыра отырып келтіру.
Бұрынғы әже - әпкелеріміз күнделікті үй - тіршілігінде өзіндік орны бар,
пайдалануына қарай, шәй құюшыға арналған шағын көрпеше, мейманға салатын «төр көрпеше», ұйықтарда салатын мамық көрпеше, қыз ұзатыларда беретін түрлі түсті сәнді «атасына, енесіне» арналып, құрақ көрпе - көрпешелер жасауын дайындаған.
Құрақ құрау өнерінің терең мән - мағынасы бар. Ертеде апа - әжелеріміз құрақ құрай отырып, қыз - немересіне арналған құрақты:«Отан болып құралып кетсін, өсіп - өнсін»деген тілекпен жасаған.
Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің қарапайым да қайталанбас түрі - қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай өте бағалы бұйымдар жасау. Оның қымбат құндылығының бір айғағы құрақтан жасалған заттардың ұзатылатын қыз жасауына еніп, бұл дүние - мүліктің ажарын арайландырып жіберетіні, үй ішіне ұлттық рең беріп, адамның рухын асқақтататыны. Құрақ - төрге төсейтін көрпеше. Мата қиындыларын қиюластырып, тұмарша, сегіз жапырақ, ромб тәрізді өрнектерден құралған көрпені құрақ немесе құрақ көрпе деп атайды. Ежелден қонақжай қазақ халқы төрін қонаққа арналған “қасиетті орын” санаған. Ерте кезде баласы өліп, тоқтамаған үй “тіл - көзден аман болсын” деген ырыммен қырық құрақ құрап, баласын соған ораған. Құрақ көрпені арасына мақта немесе қойдың, түйенің жүнін салып, сырып тігеді.
Кім шапшаң? (қағаз бөліктерінен құрақ құрастыру) .
IYСарамандық жұмыс.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz