Арайлы, алтын күз!

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы
№3 орта мектеп
Өткізген; Жанжигитова Гульнар
Орыс тілі пәні мұғалімі
2013-2014 оқу жылы
«Арайлы, алтын күз» (сайыс ) .
Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Арайлы, алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
Жүргізуші: Армысыздар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Арайлы, алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер. Бәрекелді, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз- жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз- байлық, молшылық.
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!
Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!
Бүгінгі біздің бағдарламамызда:
Келтіретін әрдайым сезім күйін,
Көресіздер қызықтың неше түрін
Әншінің анықтаған әнін естіп,
Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.
Осылай бәрі-бәрі болып жатса,
Мақсатқа қалар едік біз де жетіп .
Ал енді оқушылар бүгінгі алтын күзге қатысушы топтарымызды ортаға шақырайық.
Жүргізуші: Нағыз сары алтындай сары күз-қыркүйек айы. Ол-еңбек айы. Күз маусымының екінші ай - қазан. Бұл ай - мереке басы. өйткені дихандар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы-қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп-тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айрылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.
Күз мейрам құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
әділқазы алқалармен таныстырып,
кетейінші осы отырған баршаңа, -дей отырып құрметті көрермендер әдәлқазы алқаларымен таныстырып өтейін.
1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Умырбаева Бибігүль апай
2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:Сатыбалдиева Гульзада апай
3. Мектеп әдіскері Исаева Қания апай
4. Ағылшын пәнінің мұғалімі- Әнетова Шырын апай
5. Қыздар кенесінің төрайымы Ермекпаева Палзада апай
Қош келдіңіз көрермен,
«Арайлы алтын күз» кешіне
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.
Көбейді құт-береке,
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке,
«Арайлы, алтын күзді» тойлаймыз.
Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, алдымен топтың қайсысы бірінші болып шығатынын жеребе тастау арқылы анықтап алайық. Ол үшін жеребе тартса дейміз топ басшылары.
Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарын атап өтейік.
1-шарттың 1-бөлімі «Сәлем -сөздің атасы»-бұл бөлімде әр топ өздерін таныстырады.
2-бөлімі. Үй тапсырмасы «Күз, береке молшылық »тақырыбындағы қабырға газеттерін қорғау.
2-шарт . «Кім білгір?» (сұрақ-жауап, жұмбақ шешу, мақал-мәтелді жалғастыру) .
3-шарт. Табиғат өнімдерінен бұйым (панно) жасау .
4-шарт. Күз сыйы. (Күзгі көкөністерден, жеміс - жидектерден дайындалған салат, оның жасалу жолы туралы айту)
5-шарт. «Сымбат көрік, сәндік өнер».
6-шарт. «Өнерлі өрге жүзер».
Жүргізуші:
1. Ондай болса енді «Арайлы алтын күз» атты сайысымыздың бірінші бөлімін бастайық Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар біздің . . . . . . . . атты тобымыз өздерін таныстырсын.
Жүргізуші:2
Көк майсалы, көрікті
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін, демекші сайысымыздың екінші бөліміне кезек берейік. Келесі бөліміміз топтарымыздың дайындап келген «Күз, береке молшылық»тақырыбындағы қабырға газеттерін қорғау. Ендеше топ басшыларын қарсы алайық!
Жүргізуші: Бірінші сайысымыздың бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде. (Берілген бағалар тыңдалынады)
Жүргізуші: Ойнайықта та ойлайық!
Қатардан қалып қоймайық,
Белсенді болып ортада,
Уақытты текке жоймайық!
Жүргізуші: Кезекті бөлім «Кім білгір?» деп аталады. Бұл болімде әр топ жұмбақтың шешуін табады және жауабын үш тілде айтады, мақал-мәтелді жалғастырады . Ендеше топтарды қарсы алайық!
1 тапсырма жұмбақ шешу.
1 Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көк киім.
Жаңбыр одан өтеді,
Түймелеуге жетпейді
(Қырыққабат, капуста, )
2 Ызақор бұғып жатыр,
Сақалын тығып жатыр.
(Пияз, лук, )
3 Көк ала костюм киеді,
Күнің көзін сүйеді.
(Қарбыз, арбуз, )
4 Күннен көзін алмайды
Мойны бірақ талмайды.
(Күнбағыс, подсолнух, )
5 Қабығы қатты, Іші тәтті
(жаңғақ, орех, )
6 Бақшаның алып жемісі,
Қайнамай піспес келісі.
Қоңыр күзге сақтайды,
Сары майдай ел іші
(Асқабақ, тыква, )
7 Қызыл болып піседі.
Тезірек жинап алмасаң,
Ұрлыққа торғай түседі.
(Шие, вишня, )
8 Түрлі - түрлі болатын.
Бірі ерте, бірі кеш,
Кезектесіп піседі.
(Алма, яблоко, эппел )
9 Қабығы қалың болатын.
Мөлт - мөлт еткен түрлері,
Моншақты еске салатын.
(Анар, гранат, )
2. Тапсырма. 5 минутта күз туралы мақал жазу. Қай топ көп жазса сол топ ұтады.
3. Тапсырма 5минут ішінде қай топ көп жауап берсе сол топ алға шығады.
1. Ең еңбексүйгіш жәндік.
2. Қай жануарда қалта бар?
3. Қазір қай ай?
4. 7 мысықтың неше құйрығы бар?
5. Алтын түстес жыл мезгілі?
6. 1 жылда неше ай бар?
7. Қазір жылдың қай мезгілі?
8. Мына нәрселерді басқаша қалай атауға болады? Сәбіз, жуа, қызылша, қызанақ
9. Шыршаны қашан сәндейді?
10. Жыл мезгілдері нешеу?
11. Қысы, жазы бір түсте тұратын ағаш?
12. Оны қыста қолға киеміз
13. Аспан көз жасы.
14. Қыста жауады.
15. Жылататын көкөніс
16. Көп киімді көкөніс
Жүргізуші: «Кім білгір?» бөлімі аяқталды, әділ қазылардың бағаларымен таныс болайық.
Жүргізуші: Алтындай сылдырлайды күздің үні,
Жібектей майда шуақ алтын күні.
Биылғы мерекелі нұрлы күздің,
Тамаша бірдей сұлу күн мен түні
Сондықтан биылғы күз мерекелі,
Көрсетеді өнер әр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып
Табиғат өнімдерінен бұйым жасап.
Қыздарымыз бармақтарын майыстырып
Келесі бөлім табиғат өнімдерінен бұйым (панно) жасау .
6 гимназия сыныбы Қожағулова гаухардын орындауында «Күз»әні қабыл алыңыз.
Жүргізуші: 1 Көрсетсін сайыскерлер өздер шығармашылықтары бойынша дайындап әкелген туындыларымен таныстырсын.
Жүргізуші : 2 Табиғат өнімдерінен панно жасау бөлімі аяқталды . . . . . . . . . ., әділ қазылардың бағаларымен таныс болайық.
Жүргізуші1 :Берекелі Күз-мерекеміз-дей отырып келесі бөліміміз «Күз сыйы» деп аталады. Күзгі жеміс-жидектерден, көкөністерден салат дайындап, дайындау жолдары туралы әңгімелеу.
Жүргізуші: 2 Ал енді «Күз сыйы» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде. (Берілген бағалар тыңдалынады)
Ойын Кім тапқыр аталады . Мен қойған сұрақтарға кім жылдамжәне дүрыс жауап береді
Жүргізуші :1Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен
Күз сәні өнерімен ортаға шығып
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен - деп сайыскерлерді«Сымбат көрік, сәндік өнер» үлгісінде ортаға шақырамыз
Жүргізуші :2Өнер жастан жаныңдар
Шақырған сайыстарға бірі - бірін
Өнерпаздар дарындылар
Көрейік, ән би, күйді көрермендер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz