Сабақ жоспары :: Тарих
Файл қосу
Әлемнің жеті кереметі жайлы ақпарат
Сабақтың тақырыбы: «Әлемнің жеті кереметі».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Адамзат мәдениетінің ғажайып ескерткіштерімен, яғни сәулет
және мүсін өнерінің керемет тамаша үлгілерімен таныстыру. Әлемнің
кереметтері халықтардың мұрасы екендігін ұғындыру.
Тәрбиелік: Дүние жүзілік дамудағы адамзаттың орны ерекше екендігін және ол
жасаған бүкіл әлемдік құндылықтарды білетін, оларды өз отаны – Қазақстанның
дамуы үшін пайдалануға ынталы, жан-жақты жетілген азаматтарды қалыптастыру,
тәрбиелеу.
Эстетикалық тәрбие беру.
Дамытушылық: Білімге құштарлықтарын арттыру. Өз бетінше ізденуге уйрету.
Көрнекіліктер: 1. «Әлемнің жеті кереметі»
2. Карта
3. Ұлағатты сөздер:
а) «Жаратылыстың қолынан бәрі де
келеді
және ол бәрін де жасайды». (Мантень)
ә) «Өткеніңді зерттемесең анықтап,
Болашаққа ұша алмайсың шарықтап».
(Тұрсынзада Есімжанова)
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың типі: Саяхат сабақ
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.
II. Кіріспе – мұғалім.
Бүгінгі сабағымызда мәдениеттің негізгі түп қазығы болған антик
дүние елдеріне саяхатап,бүкіл әлемдік құндылықтардың ең алғашқылары туралы
аз да болса мағлұматтар алсаң деген ой болды
«Әлемнің жеті кереметі» антика /латынның ежелгі деген сөзі/заманында
сәулет пен мүсін ескерткіштерінің сол кездегі ең даңқты жетеуі осылай
аталған.
Б.ғ.д. IIIғ№кереметтің үлгісі деп:
1.Мысыр /Египет/ пирамидалары;
1
2.Вавилонның Семиралиданың/ аспалы бағы;
3.Эфес Артемидасының ғибадатханасы;
4.Галикарнас мовзалейі;
6.Александрия маягі;
7.Олимпиядағы Зевс мүсіні;
-осы жетеуі аталады.
«Керемет» деген ұғым бағзы заманнан бері орныққан дәстүр
бойынша кең мағнасында қолданылады.Жоғарыда аталған кереметтерді дүниеге
келтірудегі атқарылған жұмыстың мінсіздігі мен ауқымының жерден ақылға
сыймаса да,кереметатаулының бәрі сырттың көмегінсіз жер бетіндегі
адамдардың қолынан шыққан.
Көркем творчество мүмкіндігінің өзі еңбекпен тығыз байланысты.
«Еңбек өнерден көне деген»Плеханов.Демек,бүкіл дүние жүзіндегі өнер
өзінің пайда болуымен еңбекке борышты.Өйткені Ф.Энгельс жазғандай,тек
еңбектің және еңбек туғызған өзгерістердің арқасында «адам баласының қолы
жетілгендіктен сондай бір жоғарғы сатысына жетті, міне осы сатыда адам
баласының қолы бейне бір сиқырдың күшімен жасалғандай Рафаэльдің
суреттерін, Торвальдсеннің статуяларын, Паганинидің музыкасын дүниеге
келтірді».
«Жұлдызыды аспанның кең байтақтығы ғажап емес, адамның соны өлшеп
білгендігі ғажап». /Франс/
«Жаратылыстың қолынан бәрі де келеді және ол бәрін де жасайды».
/Монтень/
«Егер сен өмірден ләззат алғың келсе, онда өнерден білімдар адам болуың
керек». /К. Маркс/
Гете архитектураны «үнсіз музыка» деп атаған.
Атақты грек философы Демокрит: «Ляззаттың бәріне құмар болма, тек
әсемдікке байланысты құмарды ғана таңдай біл» - деген.
«Әсемдікті сезіну» адамдық қасиет шарты. Онсыз, осынау сезімсіз
кемеңгірлік те, талант та, ақыл да жоқ, тек үй ішіндегі тірлік үшін ғана
емес, өзімшілдіктің күйкі есебі үшін ғана қажет әқұрғақ ақыл» қалмақ. Тек
би музыкасына үн қататындар жүрегімен емес, аяғымен үн қатады, музыка көңіл
сарайын әлдилеп, жанын тербемейтін, суретті тек бөлменің сәнін кіргізетін
галантериялық зат деп біліп, оның жақтауын ғана тамашалайтын, өлеңді
жастайынан сүйіп өспеген, драманы тек театр пьесасы деп
2
білетін, романды еріккенде ермек үшін керек ертегі деп білетін пенде – адам
емес.Эстетикалық сезім – ізгілік негізі, адамгершілік негізі» - деп жазған
болатын Белинский.
Бірақ осындай сезімді адам өз бойында қалай дамыту керек?
Мұның ең жақсы жолы - өнерді жан – тәнімен сүйетін, әрі сол бір
таңданысқа толы түсінігін басқаларға жеткізе алатын адамның басшылығы
арқала ғана өнермен қауышу. Кезінде Белинский жазғанда «адамның бойындағы
нәзіктікті сезінуді сол нәзіктіктің өзі тудырады....» Мұның өзі Маристің
«өнер туындысы...өнерді түсінетін және әсемдіктен ләззат алуға қабілетті
адамдарды туғызады» - деген белгілі қағидасына сәйкес келеді.
Әлемнің кереметтері халықтардың мұрасы, сондықтан оларға барша
халықие.
Тарихи ештеңе із-түссіз құрып кетпейді.Тарихи құбылыс архивте де,
жылнамаларда да із қалдырмауы мүмкін, бірақ жерде қанша із қалады,
археология ғылымы мен археологтардың міндеті соларды табу, жазба
мағлұматтар баяу толығады...Ал, археология 20-30 жыл ішінде өз
мағлұматтарын және де негізгі мғлұматтарын молайтады.
Өткен заманның көптеген мәдени дүниелерін археологтар әлі де
беретіндіктеріне күмән жоқ және олардың өнері әсемдік нұсқалары қазынасын
толықтыра түседі.
«Әлемнің жеті кереметі» өшпес сұлулықтың, табиғат өзі жасай алмай,
адамның жасауына қалдырған архитектуралық алқасы. Сонымен қорыта келгенде –
Адамзат мәдениетінің ғажайып ескерткіштері – бірақ ол жұртшылықтың бәріне
бірдей мәлім емес, дегенмен игілікті болашақтан қайтады деген ниетпен
жұртшылыққа білгенімізді айтуды жөн көрдік.....
3
III. Негізгі тақырып бойынша: (антин дүниеге ойша саяхат).
1. Мысыр пирамидалары
Ежелгі Египет. Ғажайып пирамидалар.....
Сәулетшілер.Олардың көпшілігінің есімдері өздері жасаған ескерткіштерде
тасқа қашалған. Бұл ескерткіштердің ой жетпес асқаралы міндетінің өзі
египеттіктердің көз алдында оларды жасаушыларды да тұлғаландыра түсті.
Және олар өз еңбегі мен даңқын түсінетін. М: б.ғ.б. XYI ғ. өмір сүрген
атақты сәулетші Иненидің бұйрығы бойынша храмға ойып жазылған мынадай
сөздерді оқуға болады:
«Мен жасай алған нәрсе – ұлы нәрсе болды...мен ұрпақтарым үшін іздендім,
бұл менің жүрегімнің шеберлігі болды...Мен жүзеге асырғанның ізіне
түсушілер келер күндерде мені білімім үшін болды».
5 мың жылдай бұрын тұрғызылған ең көне Египет пирамидасы – перғауын
Джосердің пирамидасы. Оның негізін қалаушы тамаша сәулетші, данышпан
Имхотеп еді. Джосер пирамидасы тепкішекті болып келеді. Ол құмның арасынан
«аспан басқалдақтары» сияқты көтеріледі.
Перғауын Джосет өз мазарының «бірінің үстіне бірі қойылған орындық» сияқты
аспанға өрлеуін қалады.
Имхотеп бүкіл Египет тайпаларының ақсүйектерінен патшаның артықшылықтарын
тас арқылы бейнелеуге тиісті мұндай құрылысты қолға алған сәулетші болды.
Биіктігі 60 метр бұл пирамида жоғарылаған сайын кішірейе беретін бірнеше
мастабадан /орындық/ тұрады. Бұған дейін болмаған ұлылық әсетіне осылай қол
жетті. Одан кейінгі пирамидалар енді толассыз үшкірлене беретін, шыбын
тайып жығылатындай жылтыр, жоғары нүктеде бір деммен табысатын қабырғалары
арқылы ешбір тоқтаусы көкке өрлей береді.
Солардың ішіндегі ең атақтысы, биігі Хеопс пирамидасы. Бүкіл әлемдік өнерде
ұлы мақсат мейлінше дәл, мейлінше айбынды, сонымен бірге мейлінше мүлтіксіз
бейнелеген сәулет ескерткіші. Таста мәңгі бейнеленген керемет күш, ғаламат
геометриялық абстракция. Ақылға сыймас ажалды тәлкек етудің өжет дәлелі
жүздеген мың адамадрдың коллективтік еңбегімен осындай зәулімдер жасаған
адамзат кемеңгерлігі ұлылығының өшпес куәсі. Олар патшаларды мадақтау үшін
салынды, бірақ оларда тұтас халықтың қуатты, мүмкін саналы түрде болмаса
творчестволық еркі өз бейнесін тапты.
4
Ішіне кез-келген Еуропалық собор еркін сиятын Хеопс пирамидасының биіктігі
147 метрдей, оның әрбір көлбеу бетінің ұзындығы 235 метрдей. Ал, ол алып
тұрған жердің көлемі елу бес мың шаршы метрдей. Ол әрқайсысы екі жарым, үш
тонналық әктастардан салынған. Оның құрылысына барлығы екі млн. Үш жүз
мыңдай блок қажет болды. Бұл блоктардың бір-бірімен тығыз қиюластырылғаны
соншалық, жігіне ине де сұға алмайсың. Пирамиданың бүкіл сыртқы қабаты
тамаша етіп тегістелген әктас тақталармен қапталған. Пирамиданың өзі 20
жыл, ал Ніл өзені бойындағы тас қазғаннан тас таситын жол 10 жыл
салынаған. Құрылыстың беріктігі ғажап. ??? Ғасырдың ішінде тек ұшар басы
ғана шетілген.
Құрылыс жұмысымен бір мезгілде 100 мың адам айналысып, олар әрбір үш ай
сайын ауыстырылып отырған.
Пирамида. Ежелгі Египет перғауындарының қабіріне ескерткіш белгі ретінде
орнатылған ерекше алып құрылыс. Ежелгі Рим мен Жаңа Еуропа өнерінде
пирамида үлгісі мемориалды құрылыстар тұрғызу ісінде қолданылды.
Архитектуралық ерекшелігі жағынан теңдесі жоқ атақты Египет пирамидаларының
негізімен АҚШ қалаларының көк тіреген құрылыстары, Франция, Париждегі
Эйфель мұнарасы дүниеге келді...
5
[pic]
Саккарадағы Джосер пирамидасы
6
2. Вавилондағы аспалы бақ
Вавилонның аспалы бағы пирамидаға қарағанда жастау. Бұл аспалы бақ
грек әлеміне қарағанда Мысырдың көне дүниесіне жақын. Егер пирамидалар
талайдың ғұмырына куә болып, ғасырларды көктей өтер, аспалы бақтың құдіреті
де боркемік қыш қабырғасы кешікпей Вавилонмен бірге құлады. Вавилонның
құрылысшылары салған аспалы бақ төрт қабаттан тұрады. Әрбір қабаттың
жаппасы 25 метрлік колонналарға жалғасып жатыр. Қабаттардың табанына тас
тақталар төселіп, оның үстіне қамыс жайылған. Су өтпес үшін қамыс үстіне
асфальт пен қорғасын құйылған . Оның үстіне зәулім ағаштың тамыры жайылып
шығатындай етіп топырақ төселген. Әрбір қабатта түрлі-түсті етіп тақталы
саты салынған. Ең үстінгі қабатта күндіз-түні тоқтамай ағып тұратын су және
оның жағалауында неше түрлі ағаштар отырғызылған. Бұл аспалы бақ дүние
жүзінде тұңғыш рет махаббаттың құрметіне салынған монумент болатын.
Ассирияны әйел патшасының есімімен атаса, аспалы бақты сол әйел құрметіне
арнап, «семирамида бағы» деп атаған. Бұл аспалы баққа Мидия баурайындағы
саялы мекеннің елесін орнатты. Бұл аспалы бақты Новуходоносор өзінің
сүйікті әйеліне арнап салған. Аспалы бақ ондағы хош иісті гүлдер, ағаштың
сыбдырлары – бұл адамның көңілін тартар бақ болатын. Тіпті, Александр
Македонскийдің өзі де өлер алдында сло аспалы баққа апаруын бұйырады.
Төрт қабатты аспалы бақ және сылдырлап аққан су, сыбдырлаған ағаш дәл
Мидия қаласының елесін береді. Кейіннен бұл аспаыл бақ қабырғасын су шайып,
Вавилонмен бірге құлады. Ондағы өрнек сынықтарын аспалы бақ қалдығы деп
көрсететін болды.
7
[pic]
Иштар тәңіриясының қақпасы
8
3. Эфестегі Артемидасының ғибадатханасы
Сонымен Эфес Артемидасының ғибадатханасына қысқаша тоқталар болсақ.
Біздің айтылар әңгіме екі ғибадатхана, екі сәулетші және екі қылмыскер
туралы айта кеткен жөн болар. Мұнда зұлымдық пен мейірімділіктің қайсысының
бел алғандығын айрыу да оңай емес. Грек әлеміндегі ең дамыған, байлыққа
бөккен, оған қоса Шығыс мәдениетімен толыға құлпырған Эфес қаласы.
Иониядағы грек қалаларының ішіндегі көрнекіліктерінің бірі болатын. Сонымен
тереңірек танысар болсақ, соңғы уақытта ғибадатхана әлденеше рет салынады.
Алайда ағаш тез тозып, өртке шалынып немесе осы төңіректе жиі болып тұратын
жер сілкінісінен зардап шеге беретін. Сондықтан да біздің жыл санауымызға
дейінгі YI ғасырда қаржы мен уақыттың бет жүзіне қарамастан қамқоршы құдай
атаның құрметіне айтулы тұрақ салу үшін шешім қабылданды. Осы ғибадатхана
туралы салынып біткен соң бірнеше жүз жылдан кейін қалам тартқан Плений
былай дейді: «Мұны 27 патшаның сыйын білдіретін 127 қаланы қоршаған».
Қалай болғанда да Лидияның дәулеті тасыған үстем патшасы Крездің ерекше
үлес қосқаны анық. Бұл құрылысты саларда архитекторға, суретшіге немесе
мүсіншеге тапшылық болмаған. Ең үздік жоба ретінде әйгілі Херсифронның
еңбегі қабылданған. Ол ғибадатхананы мәрмәрдан салуды және сол кездегі
Иония шартымен үйлесе бермейтін қос мәрмәр калонамен қоршауды ұсынады.
Шешім батыл болып ғибадатхананы өзен жағасындағы ми батпақ үстіне
салмақшы болады. Ал салмағы ауыр мәрмәр құрылысы ми батпаққа батып кетпес
үшін терең апан қазылып оған бірнеше метр қалыңдықта ағаш көмірі мен жүн-
жұрқа қоспасы төселді. Бұл төсеніш шын мәнінде архитектордың ойынан шығып
ғибадатханаға ұзақ өмір сыйлайды. Қанша әрекеттенсе де Херсифрон тас
табалдырықты орнына қоя алмайды. Ол бұл тасты ең соңғы серперіне балап өзін-
өзі өлтірмекші болады. Сөйтіп табалдырық түнде өзі жылжып орнына түседі.
Сол күні түнде Хелсифрон кенеттен қайтыс болады. Ол табалдырықты да
ғибадатхананың біткенін де көре алмай қалады. Енді оның бас архитектор
міндетін баласы Метагон басқарады. Ол өлгеннен кейін Пеонит – Деметрий
аяқтады. Ғибадатхана 450 жылда салынып болды. Херсифронның істегені мен
баласының аяқтағаны Геростраттаң кесірінен жоқ болған. Бұл тек қана өзінің
байлығы үшін атағын даңқын мәңгілік атақ үшін ғибадатхананы өртеп жібереді.
9
Бұл біздің жыл санауымызға жетпей 350 жылғы оқиға.
Бұл дәл Александр Македонский туған күн болатын. Ғибадатхананың күн
құрғатқан ағаш бөліктері, жер асты бөліктеріне төгілген астық қоры, алуан
түрлі сый-сыяпаттары, суреттер мен абыздардың киімдері міне, осының бәрі де
оттың тіліне тез көнетін дүиелер еді. Лап еткен жалын әп сәтте от құшағына
орап, ғибадатхана жанып кеткен. Сөйтіп Геростраттың көзін жояды. Ал,
эфестіктер болса ғибадатхананы қайта салуға бе буады. Екінші ғибадатхананы
архитектор Хейрократ салады. Афон тауын Александр Македонскийдің мүсініне
айналдырғысы келген, оның қолындағы құмырасынан өзен ағып тұрады деп
армандайды. Сөйтіп бұрынғыша салып тек көлемін үлкейтеді. Ұзындығы 109, ені
50 метрге жетті. Ал 27 метр 127 калона қос қатар болып қоршай орналасқан
әрбәр калонаға ою-өрнек салынып, бедер бейнелері әйгілі мүсінші Скопастың
өз қолынан шықты. Ғибадатхананың күміс тостағандары сатылады деген сыбыс
шықты. Александр деді ол,- құдай тектес ханның басқа құдайға ғибадатхана
салуы жараспайды. Қолбасшы езу тарта иығын бүлк еткізіп: «Қалауларың
білсін» деген-ді. Ал, эфестіктер Александрдың көңіліне келтірілген кірбіңді
жуып-шаю үшін суретші Апимеске оның портретін салуды тапсырды. Суретші
қолбасшы Зевс сияқтандырып, қолына найза ұстатып бейнелейді. Тап найза
ұстаған қолы полотнодан шығып келе жатқандай еді дейді. Авторға еңбегі үшін
25 алтын талант берілді. Сірә, содан бергі 23 ғасырды бір ғана суреті үшін
бірде-бір суретші мұндай гонарар алып көрмеген болар.Сөйтіп, бірте-бірте
калонаның мәрмәрларын алып, жаңа құдай Эфеске готтарды қаптатып, 263 жылы
Артемиданың қасиетті ғибадатханасы талауға түсті. Одан кейін екінші
күйзеліске түседі. Мәрмәр құрылысқа салынып, шатыры бұзылып, тұтастығы жоқ
аңғал-саңғал күйге түсті. Бір кездерде демеу болған калоналар енді терең
құрдымға тартып кете барды. Арада ондаған жыл өткенде ғибадатхана көзден
ғайып болды. Ағылшын археологы Вуд ғибадатхананың орнын табу үшін талай
айларын құрбан етті. 1869 жылы 31 октябрь күні ақыры болды. Ғибадатхананың
іргетасы тек қана 20 ғасырда толық аршылды. Бұл іргетастың астында бір
кездері Герострат өртеген ғибадатхананың да сорабы бар.
10
[pic]Эфес Артемидасы мүсінінің римдік көшірмесі.
11
4. Галикарнасс мавзолейі.
Кейінгі классикалық грек архитектурасының ең ғаламат зор
ескерткіштерінің бірі- парсы провинциясының билеушісі ???? Галикарнас
қаласындағы (Кіші Азияда) мазары еді. «Мавзолей» сөзі де соның атынан келіп
шықты. Мовзолейді сәулетшілер Сатир мен Пифий салды, ал оның мүсіндік
безендірілуі бірнеше шеберлерге тапсырылды. Олар Скопас (басшылық етті),
Пракентель, Лисипп – кейінгі классикалық ең ұлы грек мүсіншілері еді.
Бұлардың әрқайсысы өзінің дүние жайлы жарқын да, дара түйсігін, өзінің
сұлулық мұратын, өзінің мінсіздік жөніндегі ?? бейнеледі. Сөйтіп олар жеке,
өздері ғана ашқан жаңалық арқылы мәңгілік – жалпы адамзаттың асқар биікке
жетті. Олардың әрқайсысының творчествосындағы бұл жеке қасиеттер дәуірмен
үндесіп жатты, сөйтіп олар замандастарының өздерінің жеке сезімдерімен,
аңсаған армандарымен сай келетін жай күйін бейнеледі.
Галикарнасс мавзолейінде үш бірдей әйгілі үлгілер (тоқайласқан)
тоғысқан. Ол қос қабаттан тұрады.:
1. Төменгі қабаты – мазар камерасы – дориялық үлгідегі 15 колоннамен
тірелген.
2. Мазар храмы – ішкі колонналары коринф үлгісінде, сыртқы колонналары
иониялық үлгіде жасалған.
Биіктігі 60 метр. Оның ұшар басындағы 4 ат жегілген күймеде 2 м.
мавсол мен Артемисияның мүсіні асқақтайды. Мазардың төңінегіне арыстандар
мен шауып келе жатқан салт аттылардың мүсіні орнатылған.
Бір кездері әйгілі Герадот дүниеге келген қала, Нарияның астанасы
Галикарнас туралы айта келіп, Проспер Мериме былай деп жазды:
«Мавзол өз қарауындағы елдің қаққанда қанын, соққанда сөлін шығаратындығы
сонша, Герадоттың өзімен айтсаң, оның қойшылары қойжы жылан жалағандай етіп
қырыққанда басқа елдің қойшылары жіп есе алмай калушы еді. Ол қол
астындағыларға қырық сылтауды көлденең тартып пайда түсіре алатын; керек
болса жерлеуге ерекше салық шығарған, шаш салығын жүргізгенін қайтерсің.
Осылайшы қыруар салық жинаған. Неге Мавсолдың бейіті әлемнің жеті
кереметінің санатына кірді дегенде, осынау мол байлықты және нариялықтар
мен гректердің ұдайы аралас-құралас болғанын айтса лайық».
12
[pic]
Галикарнас мавзолейі.
13
5. Родос алыбы.
Родостықтарға Поликраттың шабуылы өтіп кеткесін өздерінің желеп, жебеушісі
ретінде Гелистің мүсінін салуға пәпу жасады. Родостықтар өздері тұрақ еткен
арал осы құдайдың тілегімен теңіз түбінен көтерілді дейтін.
Мүсінді қоюды ??? шәкірті, мүсінші Хареске тапсырды. Хорес Гелистің тұрған
қалпын бейнелеуді ұсынады. Сол қолынан сусып төгілген жамылғының бір ұшы
жерге тиіп, оң қолын маңдайына тигізген қалпы қиырға күн сала қарау керек
болды. 36 метрлік зор мүсінге иығына деңгейлес темір арқалықпен бекітілген
үлкен үш тас бағана негіз болады. Бағаналардың түбі мүсіннің екі аяғы мен
жамылғы арқылы тұғырға орнатылады., ал иық және белмен деңгейлес тұстары
көлденең діңгектермен ұстатылады. Бағандар мен діңгектердің сырты темір
қаңқамен қоршалып, оның сыртына қапталған қола жапырақ кигізілген болады.
Алып мүсін айлақтың жағасында ақ мәрмәрмен өрілген жасанды төбемен бірге
көтеріледі. Он екі жыл бойы мүсінді ешкім көре алмайды. Өйткені мүсіннің
қаңқасына кезекті қола жапырағы кигізілгенде, шеберлерге ыңғайлы болу үшін
төңірегіне үйілген топырақ биіктетіліп отырған. Кейін бос топырақ алынғанда
ғана родоятықтар өздерінің желеп-жебеуші құдайын көріп басындағы нұр шашқан
??? сұқтана қарайды.
Жарқыраған құдай мүсіні Родосқа келе жатқан жолаушының көзіне қиырдан
шалынатын. Кешікпей-ақ ол жөнінде небір алып-қашпа сөз бүкіл көне дүниені
кезіп кетеді. Алайда жарты ғасыр өткенде Родосты аса күшті жер сілкінісі
алып шығады. Осыдан «балшық аяқты алып мүсін» деп келетін мәтел қалған.
Родостықтар алып мүсінді тұрғызбақ болады. Осынау игі ниетті жүзеге асыруға
көршілерінің де тілеулес болғаны мәлім.. Мысыр патшасы жүздеген Мысыр
таланттары мен шеберлерін жібереді. Бірақ ештеңе өнбейді.
Алып мүсін келім-кетімді кісілер қызықтайтын аралдағы ең басты белгі болып
айлақ жағалауында жата береді. Бағы тойған алыпты біздің заманымыздың I
ғасырында үлкен Плений келіп көрген. Мүсіннің бас бармағныа ілеуде біреудің
ғана құшағы жететіндігі Пленийді қайран қалдырған.
Жер құшып жатқан алып мүсінді тот басып аңызға айналады. Көз көргендердің
әңгімесіне қарағанда оның үлкендігі тіптен зор болатын. Рим әдебиетіндегі
аңыз бойынша, ол алғашқы да айлақ үстінен асқақтай көтеріліп тұрғанда
үлкендігі соншалық, қалаға келетін кемелер оның екі аяғының ортасынан
өтеді екен дейді.
14
977 жылы ақшаға мұқтаж болған араб билеушісі бір көпеске сатқанға дейін
қақ бөлінген алып мүсін Родос аралында 1000 жыл жатады. Ал, көпес мүсінді
қайта балқыту үшін бірнеше бөлікке бөліп, таза қоланың өзін 900 түйемен
әкетеді.[pic] Родос алыбы.
15
6. Александрия маягі
Александр Македонский есімімен байланысып жатқан кереметтердің бірі –
Александрия маягі. Александрияның ірге тасы біздің жыл санауымызға дейінгі
332 жылы Ракотис деп аталатын Мысыр қалашығының орнына қаланып, Нілдің
атырауына жайыла салынған.
Александрия аймағы дүние жүзіндегі ең бір халқы сапырылысқан,
іскерлері көп мекен болғандықтан да қолайсыздау еді. Нілдің жойқын лай
ағындыларынан пайда болатын құм қайрақ пен тас шөгінділерінің ортасынан жол
тапқыш шебер лоцмандарға ұдайы зәру болатын. Ақыры теңіз жолының
қауіпсіздігі үшін Александрия кірер ауыздағы Фарус аралынан маяк салуға
шешім қабылданады. Біздің жыл санауымызға дейінгі 285 жылы арал мен
құрлықтың арасына бөген салынады да архитектор Сострат Книдский іске
кіріседі. Құрылыс жұмысы бар – жоғы 5 жылға созылады. Себебі: Александрия
сол кезде дүние жүзіндегі ең озық техникалық орталық әрі ең бай қала
болатын. Құрылысшыларға көмек көрсету үшін қыруар флот пен тас қопарушылар
және мусейн академиясының жетістіктерін пайдаланады. Маяк биіктігі 120
метрлік, 3 қабатты мұнара секілденіп салынады. Оның шаршы іргесінің әр
қабырғасы 30 метрден болады. Мұнараның 60 метрлік алғашқы қабаты тас-
тақталардан қаланады. Одан әрі 40 метрлік 8 қырлы мұнараның әр қыры
колонналармен бекітіліп, сырты мәрмәрмен қапталады. Үшінші қабатының
мұнарасы колонналармен шеңбер жасай көтеріледі де, оның үстінде мәңгілік от
лаулап, аса күрделі айналар жүйесі сәуле шашып тұрған. Бұл жүйе күмбезде
жанған оттың жарығын күшейтіп, ол от 60 км жерден көрінетін болғпн.
Маяктың ғажаптығы соншалық, осындай құдіретті салғанда бір кездері
ұмыт болмау деген ой шектелгенде, Сострат Книдскийдің өзі тәуекелге бел
буып, Птолемейдің жарлығын аттаған. Сөйтіп Маяктың іргесіне «Книдтен шыққан
Декстифонның ұлы Сострат теңізшілер үшін желеп-жебеуші құдайға арнады» -
деп қашап жазады. Бұл жазудың үсті сылақпен жабылады да, сылақ үстіне
Птолемей, Сотердің есімі ойып жазылады. Бұл қулықты істегенде Сострат
сылақтың түсуіне өмірім жетеді-ау деп үміттенбеген, патша қаһарына
ұшырармын-ау деп ойламаған. Состраттың жазуын Рим саяхатшылары көрген. Ол
кезде маяк бүтін қалпында болатын, Рим империясы құлаған соң маяк та
төңірегіне жарық шашуын тоқтатты. Мұнан кейін 100 жылда әбден тозығы жетіп,
үстіңгі мұнарасы құлайды, ал төменгі
16
қабатының қабырғалары ұзақ уақыт тұрып, XIV ғасырдағы жер сілкінісінің
құрбаны болады. Көне маяктың қалдықтары кейін түрік бекінісін салуға
пайдаланылады.
Александрия маягінің қайта салынған үлгісіне Нью-Йорктегі көкпен
таласқан Эмпайр Стейтс Билдинг аздап ұқсайды. Маяк жағалауды бағдарлауға
арналған мұнара шам: жол сілтеп, бағыт нұсқап тұрған жарық «маяк» деп
аталады.
[pic]
Александрия маягі
17
7. Олимпиадағы Зевс мүсіні
Олимпиадағы Зевс мүсіні – Еуропа құрлығындағы әлемнің жалғыз ғана
кереметі. Зевстің Олимпиаға тікелей қатынасы болған. Бұл өңірдің әрбәр
тұрғыны дәл осы жерде билікті балаларынан қызғанып, оларды тірілей жұтқысы
келген қанішер Кронды туған ұлы Зевстің жеңгенін жақсы білетін. Әр халықтың
қиял-ғажайып ертегілерінде мейірбан жанның ұшарасатыны сияқты, нәресте
Зевске де бір қамқор тап болып аман қалады. Кронның әйелі Фея күйеуінің
алдына Зевс деп, тас кесекті қойғанда Крон сол тасты жұтып жіберген. Сірә,
Крон өз балаларын бітеудей жұтса керек.
Кейін Зевс ер жетіп, әкесін жеңгенде бұрынғы тірідй жұтылған бауырларының
бәрін қайтадана құстырады. Сонда Зевс деп жұтқан ораулы тас та шыққан
дейді.
Олимпия ойындары ішінара осы оқиға құрметіне өткізіліп, Зевске құрбандық
шалынатын болған. Олимпиядаға ең басты ғибадатхана болатын. ФидийАфиныда
туып -өскен. Б.з.б.. 500 жыл туылып,430 жылы ұайтыс болады. Ұлы ойшыл, ұлы
суретші Фидий өнерде грек философиялық даналығының, грек рухының ең жоғары
орнының мүддегері болды. Автор өзі жасаған бейнелерде адам мүмкіндігінен
тыс ұлылықты бейнелей алған . Сондай ғаламат бейне, олимпия адамына
арналған Зевстің 14 метрлік мүсіні пілдің сүйегі мен алтыннан жасалған. Бұл
мүсін «Әлемнің жеті ғажабының» бірі саналған. Материалы синкретті (құранды)
осынау мүсінді жасау үшін Фидий бірнеше жыл Олимпияда болады.
Зевс мүсіні тұрған ғибадатхананың биіктігі 64 метр, ені 28 метр болса,
бөлме ішінің биіктігі 20 метрге жуық. Залдың төрінде тақта отырған Зевстің
басы төбеге жетіп тұрған. Кеуде жағы жалаңаш отырған Зевс ағаштан қашалған.
Желеп-жебеушінің денесі әдемі қызғылт түсті піл сүйегімен қапталып, киімі
алтын жапырақпен апталған. Бір қолында жеңіс құдай – Никаның алтын мүсіні,
келесі қолымен биік аса таяққа сүйеніп отыр. Ендігі қалғаны – піл сүйегінен
қашаған бедерлі суреттері бар құдайлардың алтын мүсіні орнатылған. Зевстің
орындығын сипаттау ғана. Тақтың бүйірлерін Фидийдің туысы әрі көмекшісі
суретші Панэн дезендірген.
Кейін Византия императорлары мүсінді аса мұқияттылықпен
Константинопольге алдыртады. Олар християн болғанымен, Зевске қол көтеруге
ешқайсысының батылы жетпейді. Аладйда, християн діні уағыздаушылардың
қалауы бойынша пұтқа
18
табынушылардың бәсекелестерін күнәға тартып, жолдан тайған императорларды
жазалап отырған ғой. Біздің заманымыздың V ғасырында император Феодосий II
сарайы өртенеді. Сонда алып мүсінді от шалып, Фидийдің мұрасынан күйген
сүйектер мен алтын балқымасы ғана қалады.
Әлемнің жетінші кереметі осылай құрылған.
[pic]
Олимпиядағы Зевс мүсіні
19
IV. Сабақты қорытып, аяқтау.
Қазақ жері. Мыңдаған жылдар бұрын да қазіргі қазақ жерінде
гүлденген қалалар, әсем сарайлар болған. Өнері мен мәдениеті жағынан
Еуропадан бірде-бір кес емес елміз. Оның айғайы - әлемді тамсандырған
есіктен табылған «Алтын адам».
Бұл өнер туындысы біздің жыл санауымыздан бұрын 5-ғасырда дүниеге
келген.
Өнер - өмір бұлағы, ізгілік пен әсемдік басатуы.
«Әлемнің жеті кереметі» туралы мағлұмат ала отырып Алматы, Республика
алаңында орнатылған «Тәуелсіздік монументі» (авторы Шот-аман- Уалиханов)
туралы айтпай кетуге болмас. Күндердің күнінде кереметтер қатарынан орын
алары сөзсіз.
Бүкіл, халықтың тарихын бойына сыйғызған, ойлы да әсерлі, әрлі дүние
емес пе?!
V . Үйге тапсырма беру.
20
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz