Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Жаңа форматтағы курс бізге не үйретті?
Жаңа форматтағы курс бізге не үйретті?
Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: <<ХХІ ғасырда нені оқыту керек?>> және де екіншісі - ол да маңызы жағынан біріншіден еш кем емес: <<Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?>>
Білім-тоқтаусыз, толассыз үрдіс. Қазіргі таңда әлемнің көптеген алдыңғы қатарлы елдерінде білім беру саласында енгізілген реформалар жемісті нәтижесін беріп келетінін көріп-танысып жүрміз. <<Ел болам десең- бесігіңді түзе>> демей ме дана халқым. Міне, сондықтан Қазақстанның әлем - дік қоғамдастыққа ықпа - лда - суы үшін білім беру саласының алдында шетелдік тәжіри - белерді зерделеп енгізу та - лабы туындап отыр. Осы мақсатта Республика - мыз - да бұрын-соңды бол - ма - ған мектеп мұғалімдері біліктілігін арттырудың <<Кембридж тәсілінің>> теориялық негізіндегі үш деңгей бойынша 3 айлық курстары іске асырылып жатыр.
Оқытудағы <<Кембридж тәсілінің>> теориялық негіздерінде түрлі тәсілдер қарас - ты - рылғанына қарамастан, орта білім беру жүйелерінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым та - нымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқы - ту тәсіліне басымдық беріліп отыр. Бұл оқытудың басты бағыты ойлауды дамыту, сол арқылы оқушылардың та - ным - дық көкжиегін кеңей - ту - ге жағдай туғызу болып табылады.
Педагогикалық қызметімде теориялық білімді тәжірибемен байланыстыра отырып, жан-жақты мүмкіндіктерімді ашу мақсатында мен де осы бағдарламаның бірінші (ілгерілеуші) деңгей бағдарламасы бойынша Атырау қаласында білімімді жетілдірдім. Бұл курс бізге нені үйретті?
Ең алдымен, Кембридж бағдарламасы бойынша 7 модуль ықпалдастырылған сабақтарды жоспарлаудан бастап, коучинг пен тәлімгерлік арқылы өзге мұғалімдерге көмек беру,олардың өз тәжірибесіне өзгеріс енгізуіне ықпал етуді қалай енгізуге болатынын бізге үйретті. Осы оқу барысында біз, оқытып жатқан оқушыларды өзіндік ойлауға, өзіндік шешім қабылдауға, ойын батыл түрде жеткізуге үйретіп отырмыз.
Курс барысына біз сонымен қатар, кәсіби қоғамдастық құра отырып, мектептің дамуына кедергі келтіретін проблемаларды анықтауға және осы проблеманы шешу бағытында мектеп даму жоспарына өзгеріс енгізуге көшбасшылық жасауға үйрендік.
Заман талабына сай, мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығы енді мектеп аясынан тысқары шығып, басқа педагогикалық ұйымдар мен әлеуметтік ұйымдарды қамтуы тиіс. Сондықтан да біз,көшбасшы мұғалімдер желілік қоғамдастық аясында бірлесіп тәжірибе алмасуға,өздерімізді толғандырып жүрген мәселелер төңірегінде пікір алмасу арқылы білім саласын дамытуға үлесімізді қосуға тиіс екенімізге көзіміз жетті.
Осы курстың менің кәсіби дамуыма, оқыту жүйесіне жаңа көзқараспен қарап, өзімнің болашақ бағытымды айқындауыма көмегі зор болды деп ойлаймын. Курстан кейінгі менің көшбасшы мұғалім ретінде алдыма қойған мақсатым- ұжымдағы басқа мұғалімдердің осы сындарлы оқыту теориясы негізінде диалогтық оқыту мен сыни ойлауды дамыту бағытында мән-жайға қанығып, өз іс-тәжірибесіне өзгеріс енгізуге, сол арқылы бүкіл мектеп шеңберінде өзгеріс жүргізілуіне ықпал ету. Бұл бағытта мен оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер туралы, коучинг, тәлімгерлік және сыныптағы бірлескен зерттеулер арқылы нәтижелі әрі тиімді оқытуды жүзеге асыру мақсатында әріптестеріме қолдау көрсетуді, мектепті дамыту мақсатында кәсіби желілік қоғамдастық аясында білім алуға бастама жасау және қолдау көрсетуді алдыма мақсат етіп қойып отырмын.
Әр уақытта білімді алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Елді өсіретін де, төмен түсіретін де - білім. Сондықтан да барлық жаңашыл әдіс-амалдарды тиімді пайдалана білу біздің үлесімізде, құрметті әріптестер!
Аққайнанова Нұргүл Өтегенқызы
Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназияның география пәні мұғалімі

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz