Сабақ жоспары :: Химия
Файл қосу
Коваленттік байланыс
Сабақтың жоспары
I. Сабақтың тақырыбы: §2.1 Коваленттік байланыс.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Коваленттік байланыс, электрондық бұлттың
бүркесуі, тығыз электрондық аймақ, энергия ұтымы
ұғымдарын қалыптастырып, құбылыстарды оқып үйренудің
негізін қамтамасыз ету.
2. Дамытушылық: Коваленттік байланыстың маңызды
сипаттамасы байланыс ұзындығы мен байланыс
энергиясының мәнін түсіндіру.
3. Тәрбиелік: Ғылыми көзқарасты қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Лекция түсініктемелік конспект жазу.
Пәнаралық, сабақаралық байланыс: физика
Сабақтың жабдығы: Ақпараттық анықтамалық кесте «Инфопласт» 2004
Москва 2 бөлім; Үлестірме материал № 14 «Арман -ПВ» 2004 жыл., коваленттік
байланыс 8 сурет.
II. Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу, оларды тізім бойынша
түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Үй тапсырмасын сұрау: «Валенттілік» және «тотығу дәрежесі» түсініктерінің
арасында қандай айырмашылық бар?
III. Жаңа сабақ: Атом құрылысы заттардың құрылыс теориясымен, дәлірек
айтқанда химиялық байланыс теориясымен тығыз байланысты. Теорияны оқыту,
әдеттегідей коваленттік байланыстан басталады.
Коваленттік байланыстың пайда болуы қарапайым молекула – сутек
молекуласының түзілуі мысалында жақсы түсіндіріледі:
Н + Н = Н2 ^ Н0 = - 436 кДж/моль
.....
+ (
Радиусы 0,053 нм байланыс ұзындығы 0,074 нм
Атомдар жақындасқанда олардың электрондық бұлттары бүркесіп, ядроларының
арасындағы кеңістікте максимал электрон тығыздығы бар молекулалық бұлт
түзіледі. Ортақ ядролардың тығыз теріс зонаға тартылуы оларды
жақындастырады, байланыс ұзындығы 0,074 нм және тұрақты сутек молекуласын
түзіліп, энергия ұтымына әкеледі.
Қарама-қарсы спиндері бар жұптаспаған екі s- электрондарының қосылуын
кванттық ұяшықтарда сызбанұсқамен былай белгілейді:
S1 + S1 ( 1S2
Демек, ортақ электрондық жұп есебінен жүзеге асырылатын химиялық байланыты
коваленттік байланыс деп атайды.
Коваленттік байланыстың екі түрі бар: полюссіз және полюсті. Коваленттік
полюссіз байланыста электрондардың жалпы жұбынан түзілген электрон бұлт –
байланыс бұлты (тығыз электрондық аймақ деп аталады) екі атомның ядроларына
қатысты кеңістікте симметриялы таралады. Мысалы, бір элементтің атомдарынан
тұратын молекулалар: Н2, Cl2, N2, O2, F2 және т.б. Коваленттік
полюсті байланыстарда бүркесу зонасы электртерістігі үлкен атомға ығысқан.
Мысал ретінде газтектес хлорсутектің түзілуін қарастырайық:
( ( ( (
Н ( + ( Cl : ( Н (:) Cl : немесе Н - Сl
( ( ( (
Байланыс s- және p- электрондардың ортақ жұптарының түзілу есебінен
пайда болады. Коваленттік байланыс электрондық орбитальдардың бүркесу
тәсілі бойынша да ерекшеленеді. Коваленттік байланыстың екі маңызды
сипаттамасы бар: байланыс ұзындығы және байланыс энергиясы. Байланыс
ұзындығы ядроаралық қашықтықтың шамасына сәйкес келеді. Байланыс ұзындығы
неғұрылым аз болса, химиялық байланыс соғұрылым берік болады. Байланыс
энергиясы молекуладағы бар байланысты үзуге қажет энергияға тең.
Коваленттік байланыс түзілуінің донорлы-акцепторлы механизмдері бар.
Донор- бұл бос электрондық бұлты бар атом, ал акцептор- бұл электрон жұбын
қабылдауға қабілетті бос орбиталы бар бөлшек.
Үйге тапсырма беру:
1. § 2.1 Коваленттік байланыс. 35-36 беттер;
2. Коваленттік байланыстың полюссіз және полюсті екі
түрінің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
3. Пәнге белсене қатысып сұрақтарға тиісті жауап бергені
үшін, үй тапсырмасын дәптерге жазбаша орындап және сыныпта айтқаны үшін
бағалап сынып журналына қою.
V. Қорытындылау: Коваленттік байланыс – ядролар арасында молекулалық
бұлттың пайда болуына әкелетін екі атомның электрондық бұлттарының бүркесуі
нәтижесінде түзіледі. Едәуір күшті тартылу жалпы энергияның ұтымына және
молекуланың тұрақтылығына әкеледі.
Коваленттік полюссіз байланыс бір элемент атомдарынан тұратын
молекулаларда түзіледі. Полюсті молекулаларда бүркесу аймағы
электртерістігі үлкен атомға ығысады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz