Ашық сабақ: Ю дыбысы мен әрпі

Ашық сабақ
Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы
Ю дыбысы мен әрпі.
Сабақтың тақырыбы:
1. Білімділігі. Ю дыбысын дұрыс атату, әріп таңбасымен таныстыру, Ю әрпі шет тілдерінен кірітілген дауысты дыбыс екенін түсіндіру.
2. Дамытушылығы. Оқушылардрың ой-өрісін сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.
3. Тәрбиелігі. Ұқыптылыққа, тапқырлыққа, ұлттық тәрбиеге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, әріптер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру сұрақ- жауап.
Түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал
Қуанамын менде
Қуанайық күнге
Шуақ шашқан елге
Бәріміз де бірге
Түгендеу, партаға дұрыс отыру, сабаққа зейін аударту.
ІІ. Үй тапсырмасы:
Өткен сабақтан алған білімін тексеру.
- «Я» дыбысы қандай дыбыс ?
- «Сұр қоян» өлеңін жатқа айтқызу
- Оқулықпен жұмыс: Кісі аттарын айтқызу
Мақсат қою тақырыбын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ. Жұмбақ шешу
Қыс бойы жатады, тәтті ұйқыға батады. (Аю)
Сергіту : Орман аюдың,
Құлпынайы көп екен,
Теріп теріп алайық,
Қалтамызға салайық,
-Бізге таныс емес қандай дыбыстарды естіп турсыңдар?-Ю(бір неше
Рет қайталап дыбыстау) . Юдыбыстан екі дыбыстан тұратыны туралы
Түсінік беру Ю дауыс, сырттан енген, и+у дыбысытарының қосылуынан
жасалады.
Айу-аю, ойу-ою,
Баспа және жазба түрімен таныстыру
Оқулықпен жұмыс
Суретке қарап әңгімелеу
Бағандағы сөздерді оқытып, мағынасын ашу.
Аю / қо ю / құ ю / сү ю / е се ю / а за ю
Ою / қи ю /тү ю / кү ю / үл ке ю / кө бе ю
«Ою» мәтінін оқып, мазмұнын түсіндіру.
«Жақсы көрем» өлеңін жаттау.
Дәптермен жұмыс
А) әріп элементтерімен таныстыру
Ә) ауада жазу
Б) тақтаға жазу
В) Дәптерге «Ю» әрпін жаздырту.
ІV. Қорытындылау, бағалау.
- Біз бүгінгі сабағымызда қандай дыбыс және әріппен таныстық?
«Ю» - дауысты дыбыс, сырттан енген, «и» ж/е «у» дыбыстарының қосындысынан жасалған.
«Жоғалған дыбыс және әріп» ойыны.
Со . . . , қо . . . , та . . . , а . . . , жи . . .
Үйге тапсырма. «Ю» дыбысы мен әрпі.