Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

"шал мен бала" әңгімесі


Тақырбы: <<Шал мен бала>>
Сабақтың мақсаты: әңгіменің идиялық мазмынын ашып көрсету.
Білімділігі:Оқушыларға әңгімнің негізгі мазмұны, ойы адамгершілікке,
Ізгілікке,әдептілікке құрылғанын ұғындыру. Жүйелі сөйлей білуге
үйрету.
Дамытушылығы:Оқу мен жазу арқылы ой қаблетін,тіл белсенділігін, білімді өз бетінше игере білу дағдылығын дамыту.
Тәрбиелігі:Оқушыларды адамгершілікке,жанашырлыққа, кешірімді
болуға тәрбиелеу.
Әдісі:Сұрақ-жауап,әңгімелеу,баяндау,түсіндіру,топпен жұмыс,
шығармашылық жұмыс.
Түрі:Аралас сабақ
Көрнекілігі:Түйін сөздер жазылған плакат,күн суреті карточкалар.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Мұғалім :Өз тілімізді құрметтеудің белгісі-оны жете меңгеру,қыр-сырын ұғу.Олай болса,бүгінгі ана тіліне қалай дайындалып келдік?
2.Үй тапсырмасын тексеру.Сабақты бастамас бұрын тобқа бөлінейік.
1-топ-оқу орталығы.Тапсырмасы:Үйге берілген тапсырманы түсіндіру.
2-топ-жазу орталығы.Тапсырмасы:Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар дайындайды.
3-топ-шығармашылық орталық.Тапсырмасы:тақырыпқа байланысты мақал-мателдерді еске түсіріп,ойын жинақтап дайындалады.
а)3-топтың тапсырмалары бойынша тексіріледі.
ә)Әр топқа <<3Жолаушы>>туралы берілген 5 жол өлеңдерін тексеру.
б)Аптан,қуаң сөздеріне қарсы мағыналы сөздері оқылады.(салқын,шұрайлы,көгал,құнарлы.)
в) <<Ой қозғау>> стратегиясы бойынша сұрақ:
Нағыз адам қандай адам деп ойлаймыз.
( Ақылды, адамгершілігі мол, еліне жақсылық жасайтын, көпшілік құрметтейтін, көргенді.)
г) Қорытындылау.
- Мына күннің суретіне назар аударайық. Күн нұрын шашып, жан - жағын
Жарық қылып тұр.Оның әрбір сәулесінде адами жақсы қасиеттер жазылған. Сол қасиеттерді бойына жинаған адамда осы күн сияқты айнасындағыларға шуағын төгіп, жақсылық жасап жүреді. Қане хормен оқып жіберейік.
* Адамгершілік
* Ізгілік
* Инабаттылық
* Әдептілік
* Кішіпейілділік
* Мәдениеттілік
- Сонымен осындай ізгі қасиеттер әр балаға ана сүті арқылы да дариды. <<Нағыз адам>> мәтінінің авторы - Сухомлинскийдің мынадай бір қанатты сөзі бар: - <<Әлемдегі бар жақсылық ананың сүтімен жаралған>> деген. Осы бүгінгі тақырыпты қорытындылай отырып, сендер де жаман қасиеттен аулақ болып, жақсы қасиеттерді бойларыңа жинап, еліміздің ақылды, парасатты, білімді азаматы болып өсулерің керек. Жоғарыдағы автор сөзін дәптерлеріңе жазып алыңдар.
3. Жаңа тақырыппен жұмыс.
- Бүгін біз Б. Соқпақбаевтың <<Шал мен бала>> әңгімесімен танысамыз.
А) тақырыппен танысу
Ә) мәтіннің мазмұнын түсіндіру.
Б) топпен жұмыс
1-топ, рөлге бөліп оқу.
2-топ, <<көргенді>> сөзіне синонимдер жазу.
3-топ, Ата туралы 5жолды өлең
В) мақалмен жұмыс
Д) мәтіндегі Мәуленді сипаттау.
4. Қорытындылау. Бұл шығармамен таныса отырып, жамандыққа қашық, жақсылыққа жақын жүруді үйрендік.
5. Үйге тапсырма: << Шал мен бала>> әңгімесін оқып, түсінік айту.
6.Бағалау

Ұқсас жұмыстар
ӘЗІМ ӘҢГІМЕСІ
Әдебиет сабағында сатылай кешенді талдау
Ақсақ құлан, жошы хан, 5 сынып, қазақ әдебиеті
Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды
Одағай
Күй поэмасы
Оқиғаны суреттейтін төрт сөз
Нағыз адам Шал мен бала
"Шал мен бала"
Оқушыларға сұрақ қою
Пәндер