Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Жалпы және жалқы есім

Ашық сабақ жоспары. Қазақ тілі. 2 сынып
Тақырыбы:Жалқы және жалпы есім.
Мақсаты:1)жалқы есім және жалпы есім туралы түсінік беру.
2)Зат есім түрлерін анықтау
Білімділігі:Ережелерді түсініп оқуға, жаттығу орындаған кезде білімдерін қолдана білуге төселдіру.Сұраққа толық жауап беру арқылы тілін, ойын дамыту.
Дамытушылығы:Қызығушылығын ояту,сабаққа қатысып отыруға, зейінін шоғырландыру жұмыстарын жүргізе отырып ынтасын, талабын арттыру.
Тәрбиелілігі:Сауатты жазуға н-ң, ы-і дыбыстарының емлесіне жаттығу, қатесіз жазуға,әріп кемиграфиясын сақтауға үйрету.
Көрнекілігі:Батырлар портреті.
Әдісі:жеке оқушымен жұмыс , сұрақ-жауап, көрнекілік.
Түрі:жаңа сабақ.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі .Балалардың зейінін сабаққа аудару.
2.Үй тапсырмасын тексеру,бағалау.145 б.4-жаттығу.
Мақсаты:Көшіріп жазу, сұрақтардың орнына зат есімдерді тауып жазу,арқылы ойлау қаблетін дамыту.
(Кім?)Ағам отын жарды.(Кім?)Анам көйлек тікті.Аспанда (нелер?) Жұлдыздар көрінеді.т.с.с.
Сөздерді сөз құрамына талдау.
2-3 оқушы оқып сұрақтарға жауап береді:
Өткен сабақты пысықтау.
1)Түбір сөз денгеніміз не?
2)Жұрнақ дегеніміз не?
3)Жалғау дегеніміз не?
4)Зат есім дегеніміз не?
Жаңа сабақ.Балалар, бәріміз тақтаға назар аударайық.Балалар,бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы:Жалқы және жалпы есім.Бұл зат есім түрлері.
Мултимедиа.
-Балалар,тақтада үш бағанда әртүрлі сөздер жазылып тұр.Қане, оқып шығайық.
Алматы Ақтөс Талғат
Ақтау Ақбауыр Арман
Жайық Құлагер Асыл
Оқиды.
-Ендеше, әр топқа өз атауын берейік.
-Жер-Су аттары, жан-жануар атауы, кісі аттары.
Мағнаны таныту.
-Енді зейінімізді салып қарайық.
-Бұл сөздер кімдердің,нелердің атауы?
-Олар қалай жазылып тұр?
-Бас әріппен жазылып тұр.
-Ендеше балалар, ережеге назар аударайық.
Кісінің аты - жөні, жер-су аттары, жан-жануарға қойылған атаулар жалқы есім деп аталады.
Ережені 2 бала дауыстап оқиды.
Ауызша мысал келтіру.
Жалпы есім.-Енді балалар,жалпы есімге тоқталайық.Мына сөйлемге назар аударамыз.Қане оқимыз.
Арман-озат оқушы.
-Бұл сөйлемдегі зат есімді атайық
-Арман, оқушы.
-Арман - жалқы есім, себебі ол кісі аты,ол оқушы - жалпы есім.
Ендеше, ережеге назар аударайық.Жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есім дейміз.
Ережені 1 оқушыға дауыстап оқыту.
Жоғарыда сөйлемде туынды сөз бар ма?
-Оқушы
Туынды сөз дегеніміз не?(Ережесін айтады)
Жалқы есім мен жалпы есімді бекіту.
Ұқсастығы мен айырмашылығын айту.
Ауызша сөйлем құрау (Слайдтан көрсету)
Оқушымен жұмыс.
1-жаттығу .
-Балалар, оқулықтағы 1-жаттығуға қараймыз.Тапсырманы оқимыз.Өлеңді мәнерлеп оқу.(Батырлардың суреттін слайдтан көрсету )
-Талғат, Мәншүк, Төлеген, Тарғын,Қамбар, Нұркен, Мәлік, Қабанбай,Бауыржан, Бөгенбай кімдер?
-Батырлар
-Ұлы отан соғысының батырлары кімдер?
-Қазақтың батырлары
-Дұрыс балалар,бұл сөздерге қандай сұрақ қойылады
-Кім деген сұрақ қойылады
-Сөйлемнің ортасында, соңында келсе қандай әріппен жазылады.
-Бас әріппен жазылады
-Неліктен?
-Себебі, ол- жалқы есім.
Қорыту
Көркем жазу.1 оқушы тақтаға жазады.
-6-жаттығу Мақсаты:Сауатты әдемі,көркем жазуға төселдіру.зат есімдерді тауып астын сызу.
Ағаш кесіп тынбаймын
Кейде бал да сыйлаймын
-Бұл не?- Ара
Деңгейлік тапсырмалар
Слайд арқылы көрсету.
1.д.т. Әр оқушыға сөз жазылған парақша таратылады.Берілген сөздерді оқып, өз үйшігіне орналастыру.
Әр оқушы өз үйшігіне орналатырғаннан кейін, кестедегі жалаушасын алға қарай жылжытады.
Мадақтау.
ІІ деңгейлік тапсырма.
Сөздің түбірі мен қосымшасын ажырат.
Әр топқа бөлек- бөлек сөздер беріледі.
І-т ІІ-т ІІІ-т
1.балықшы бапкер білімпаз
2.кәсіпкер ауылға татулық
3.аулаға кітапты саяхатшы
4.қарауылшы қаламмен әлемде
5.терезеде боксшы қағазбен
6.оқушы құрылысшы ауылға
7.өзенге Алматыға мектепке
Қарда егінші
Оқушылар тез- тез шығып , жұрнақ пен жалғауды ажыратып,түбірін көрсетеді.

Жұрнақ дегеніміз не?
Жалғау дегеніміз не? Ауызша жауап береді
Түбір дегеніміз не?

Жеке оқушымен жұмыс .Парақша тарату.
Дайындалып отыру.(Аида, Рахымжан, Ғалиасқар, О.Нұрдаулет, Б.Диас)
ІІІ деңгейлік тапсырма:Оқулықтағы 2-жаттығу
1)жалқы есімдерді теріп жазу
Маңғыстау,Мыңқыстау , Қарақия,Қ.Сәтбаев.
2)Өңірді,ойпаты сөздерін сөз құрамна талдау
Дұрыс орындаған балалардың жалаушаларын алға жылжыту. Мадақтап отру.
Жеке оқушымен жұмыс.Тақтаға шығп орындау.
І парақша Аида: Заттың атын білдіретін сөздерді теріп жаз.
ІІ парақша Рахымжан:>>Қобзшы>> сөзінің түбір,қосымшасын белгіле.Тасымал түрін көрсет.
ІV парақша О.Нұрдаулет:жалқы есімге мысал келтір.Дыбыстық талдау жасау.
V парақша Б.Диас:>>Бота>> сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Мадақтау,бағалау.
Осыдан кейін ІІІ деңгейлік тапсырма тексерілді.жолаушаларын жылжытады.
Шығармашылық деңгей.
Сызбаға қарап,сөйлем құрастыр.

Мысал:Егінші егінді суарды.
Қорыту,бағалау.жасушаларын жылжыту.
Тақтамен жұмыс
І - оқушы. ІІ - оқушы
Кісі аттары: Жер - су аттары.
Алтынай Түркістан
Біржан Сырдария
Ақан Ақтау Қарағанды
Естай Көкшетау Алатау
Мадақтау, бағаалау
Қорыту: Сөздік диктант.
-Балалар, біздер қазір жаңа сабағымызды қорыту мақсатында сөздік диктант жұмысын жүргіземіз.Қатесіз, әдемі жазамыз. н-ң, ы-і дыбыстарының жазылуына мұқият боламыз.
Жетісу
Жаңбыр,көлеңке, сіріңке, шаңғы,ілгіш, Теміртау, Есіл, парта.
1)жалқы есімнің астын бір сызу.
2)жалпы есімнің астын бір сызу.
Бекіту сұрақтары:
-Қандай тақырыппен таныстық?
-Жалқы,жалпы есім
-жалқы есім дегеніміз не? Өз түсінігі бойынша айту.
-жалпы есім дегеніміз не?
Мысал келтіру.
Бағалау. Үйге тапсырма:4-5 жаттығу.5-жаттығу ,147- бет.
Сабақ аяқталды.


Ұқсас жұмыстар
Сабақтың максаттары. Сабақтың барысы
Жалқы есім мен жалпы есім. қазақ тілі, 2-сынып
Жалқы және жалпы есім. 3-сынып
Жалқы есім және оның жазылу емлесі
Жалқы және жалпы есім, қазақ тілі, 2- сынып
Сөз таптары. Зат есім туралы
Табиғат және Қазақстанның табиғаты, оны қорғау туралы түсінік беру
Зат есім. 6 сынып
Еліктеу сөз
Мәтін түрлері. Сипаттау мәтіні
Пәндер