Ыбырай Алтынсарин: ағартушы-педагог және оның еңбегі

Сабақтың тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин - ағартушы, педагог»

Сабақтың мақсаты: Білімділік :оқушыларға қазақтың ірі ғалымы,

ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсарин туралы,

оның еңбегі, шығармашылық мұрасы, ағартушылық

қызметі жайында мәлімет беріп, білім қалыптастыру.

Дамытушылық: Ыбырай еңбектрі туралы білімдерін

одан әрі дамыту танымдық көзқарастарын нығайту,

шығармашылық ізденістерін жетілдіру.

Тәрбиелік: Қазақтың ұлы тұлғаларының бірі Ыбырай

еңбектерін үлгі ете отырып, оқушыларды

еңбекқорлыққа, адамгершілікке, іскерлікке

тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд; сурет; сызба; карточка.

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын, баяндау.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:сәлемдесу; түгендеу.
  2. Үй тапсырмасын қайталау:
  1. «Кім жылдам?» ойыны
  • Абайдың шын есімі кім?
  • Абай - ол кім?
  • Абайдың парасатты азамат болып қалыптасуына зор еңбек сіңірген кім?
  • Абай алғашқы білімін қай мектептен алды?
  • Он жасынан кімнің медресесінен дәріс ала бастады?
  1. «Сыр сандық» ойыныкарточка:1. Абай басқа балалардан немен ерекшеленеді?

2. Абай шығыстың қай ақындарының шығармаларын

оқиды?.

2. карточка: 1. Абай орыс тілін қай қалада жүріп үйренді?

2. Абай орыстың қай ақын жазушылырының

шығармаларын ана тіліне аударды?

3. карточка: 1. Абай өлең жазумен қанша жасында айналыса

бастады?

2. Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?

3. « Жылдар жырлайды» ойыны.

1845ж.
1845ж.: 1883ж.
:
1845ж.: 1904ж.
:

Бекіту сұрақтары:

  1. Абай қандай таудың баурайында дүниеге келген?
  2. Абайдың шын есімі?
  3. Науаи, Фирдоуси, Низами қай жақтың ақын жазушылары?
  4. Абайдың бір қыры
  5. Абайдың табиғат туралы бір өлеңі?
  6. Абайдың әкесінің аты кім?
  1. Жаңа білім беру:

Жоспары:

1. Ыбырай

2. Хронологиялық кесте

Ағартушы, педагог, жазушы, ғалым балалар әдебиетінің атасы Ыбырай 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының Торғай жерінде дүниеге келген. Әкесінен жастайынан айырылған Ыбырайды атасы Балғожа би тәрбиеледі. 1857 жылы Орынбор шекаралық комиссия жанындағы мектепті алтын медальмен бітіреді. Мұнда орыс, араб, татар және парсы тілдерін жақсы меңгеріп шығады. Сосын атасы Балғожа бидің хатшысы ретінде тілмаштық қызмет атқарады. 1864 жылы Торғай қазақ балаларына арналып ашылған мектепте ұстаздық етеді.

Сол заманнның ең озық білім ордалары саналған Петербург, Қазан қалаларына барып орыс ағартушыларының еңбектерімен, орыс үкіметінің халыққа білім беру жүйесімен танысты. Солармен таныса отырып, қазақ балаларына арналған оқулықтар жасаумен айналысты.

1879 жылы Ыбырай Торғай облысында мектептердің инспекторлығына тағайындалады. Осы жылы оның алғашқы қазақ тіліндегі оқулығы «Қазақ хрестоматиясы» Орынбор қаласында жарық көрді. Бұл қазақ хрестоматиясы оқулығына енгізілген өлеңдері мен әңгімелерінің тәрбиелік, білімдік маңызы зор болды.

Ыбырай қазақ даласында бірінші болып қыздарды білімге тартты. 1887 жылы Ырғызда жанында интернаты бар қыздарға арналған мектеп ашылды.

Ол 48 жасында ерте қайтыс болса да, болашақ ұрпаққа тәлім болар мол еңбек қалдырды. Ыбырай Алтынсариннің еңбегі қазақ халқының мәдени және рухани дамуына, алдыңғы қатарлы озық мәдениетке жетуге игі ықпал етті.

  1. Бекіту :

Хронологиялық кесте:

Жылдар
Оқиғалар
Жылдар: 1841
Оқиғалар:
Жылдар: 1857
Оқиғалар:
Жылдар: 1864
Оқиғалар:
Жылдар: 1879
Оқиғалар:
Жылдар: 1887
Оқиғалар:

V. Қорытындылау, бағалау.

Венн диаграммасы

Ерекшелігі
Ұқсастығы
Ерекшелігі
Ерекшелігі:
Ұқсастығы:
Ерекшелігі:

VI. Үйге тапсырма: оқу 37 121-123 беттер . Реферат жазу.


Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсарин - ағартушы-педагог және қазақ балалар әдебиетінің атасы
Сабақ жоспары: Ыбырай Алтынсарин - ағартушы-педагогтың өмірі, қызметі және шығармашылығы
Сабақ жоспары: Ыбырай Алтынсарин - ағартушы және ұстаз (IX модуль, 4-сабақ)
Ыбырай Алтынсарин: өмірі, педагогикалық қызметі және шығармашылығы
Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы адамгершілік тәрбиесінің педагогикалық мәні
Ыбырай Алтынсарин: қазақ балалар әдебиетінің атасы және педагогикалық мұрасы
Ыбырай Алтынсарин дидактикасының қазіргі мектеппен үндестігі
Ыбырай Алтынсарин - көркем сөз шебері: туғанына 175 жыл
Ыбырай Алтынсарин: өмірі, шығармашылығы және педагогикалық мұрасы
Ыбырай Алтынсарин: өмірі, шығармашылығы және ағартушылық қызметі - 180 жылдық мерейтойға арналған поэзиялық кеш
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz