Тәукехан тұсындағы қазақ хандығы

Сабақтың тақырыбы: Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тәукенің хан болу қарсаңындағы және хандық құрған кезіндегі ішкі-сыртқы жағдайы, «Жеті жарғы» заңдарымен қазақтың үш биі туралы мәліметтермен оқушыларды таныстыру.
Дамытушылық: Тәуке хан еңбектері туралы білімдерін одан ары дамыту, танымдық көзқарастарын нығайту, шығармашылық ізденістерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Тәуке хан бейнесі арқылы оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілік, адалдық, табандылық рухында тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, сурет, сызба, карточка.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын, баяндау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастаыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын қайталау:
1. «Миға шабуыл» ойыны
- Тәуекел хан қайтыс болған соң, хандық билікті кім басқарады?
- Есімнің хан болуын кімдер қалаған?
- Есімге қарсы тұрған топтардың бірін ата.
- Есім ханның алғашқы кездегі саяси жағдайы қандай болды?
- Тұрсын хан қай қаланы астана етіп жариялады?
2. Карточкамен жұмыс.
1. карточка: 1. Бұқар хан Тәуекел хан тартып алған қандай жерлерді қайтарып алуды армандады?
2. Бұқар хандығы мен қазақ хандығының арасындағы талас-тартыс немен аяқталды?
2. карточка: 1. Тұрсын ханды моғолдардың қай ханы қолдады?
2. Марғасқа жыраудың өлеңін жатқа айт.
3. карточка: 1. Есім хан ел билеуде қай ханның заң ережелерін ұтымды пайдалана білді?
2. Құрбанғали Халид Есім ханды қалай дәріптеген?
4. карточка: 1. Есім ханның ескі жолының қандай тарихи маңызы болды?
2. Тұрсын ханның бүлігі немен аяқталды?
3. «Жылдар жырлайды» ойыны.
- Есім хан қай қаланы өзіне астана етті?
- Есім хан моғолдың Шалыш пен Турфан қалаларын билеген қай ханмен одақтасты?
- Есім хан қалмақтарға қарсы қай жерге жорыққа аттанды?
- Есім хан қазақтың қай ханының інісі?
- Бір халықта екі хан, 1-шісі Тұрсын хан, 2-шісі қай хан?
- Есім хан өзінің хандық билігінің алғашқы кезінде қай ханмен бітім шартын жасасты?
- Әдеби деректерде Тұрсын ханды Есім ханды жазалаған, оны кімнің өлең жолдарынан оқуға болады?
- Есім хан қазақтың қай ханымен жауласты?
ІІІ. Жаңа білім беру.
Жоспары:
- Тәуке хан болу қарсаңындағы Қазақ хандығының саяси жағдайы
- Тәукенің хан тағына отыруы
- Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы
- Жеті жарғы
- Ұлы билер
1. Тәуке хан болу қарсаңындағы Қазақ хандығының саяси жағдайы
Есім ханнан соң баласы Жәңгір 1628-1652 жылдары хан болды. Қазақ халқы оның жоңғарларға қарсы күрестегі ғажайып ерліктері үшін Салқам Жәңгір атады. Жоңғарлардың қалың қолы қазақ жері Орбұлаққа 1643 жылы баса көктеп кірді. Жәңгір көп қол жингға үлгермей 600 жауынгерімен 50 мыңдық жоңғар әскеріне қарсы шықты. Осы шайқаста дұшпан әскері 10 мың адамынан айырылды.
Жоңғар әскерлері 1680 жылы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға баса көктеп кіріп, бірнеше қазақ ұлыстарын талқандады, 9 қаланы басып алды. Олар: Сайрам, Ташкент, Шымкент т. б. Тәукенің хан болу қарсаңындағы елдің саяси жағдайы осындай ауыртпалықта еді.
2. Тәукенің хан тағына отыруы (1680-1715ж)
Тәуке жас кезінен билікке араласқан. Тәуке көреген, саясаткер, ақылды дипломат, құдіреті күшті хан болды.
Тәуке хан билігінің ерекшелігі:
- Хандықтың бөлшектенуі тоқталып, бір орталыққа бағындырылды;
- Жоңғар шапқыншылығы бәсеңдеп, тыныштық орнады:
- «Жеті жарғы» заңын жасады;
Негізгі мақсаты:
- Билердің көмегімен хан билігін нығайту;
- Бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құру;
- Билер кеңесін ішкі-сыртқы саясаттағы аса маңызды мәселелерді шешетін басқару жүйесіне айналдырды;
- Билер кеңесі:Битөбеде(Түркістан маңында),Мартөбеде(Сайрам маңында),Күлтөбеде(Ангрен маңында) өткізілген;
- Даулы мәселені шешуді билер сотына жүктеді:
- Құрылтай Күлтөбеде өткізілді. Сұлтандар билігін шектеуге тырысты;
- «Билер кеңесі» жергілікті атқарушы өкіметке айналды.
- Тәуке ханның мақсатының арқасында Қазақ хандығының билігін
нығайтты.
- Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы
Тәуке хан отырғанда елдің ішкі-сыртқы жағдайы өте шиеленісіп тұрды
Қазақ жүздері бір тұтас қазақ хандығын мойындағанымен, іс жүзінде Ұлы ханға бағынбау үрдісін ұстанды
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы
Тәуке хан көрші мемлекеттермен одақтасудың және бейбіт қатынас орнатудыың жолдарын іздестірді
1681-1685жылдары Жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстанға бірнеше шабуыл жасады
Орта Азия мен
сауданы дамытты
1710 жыл үш жүздің өкілдері жауға қарсы күресте бірлесу мақсатында Қарақұм жиынын өткізді
3. Жеті жарғы
Тәуке хан Қазақ хандығының тағына берік отырған кезде хандықтың ішкі жағдайына ерекше назар аударып, мемлекеттің күш-қуатын арттыруды мақсат етті. Сол мақсаттың түп қазығы -Ұлы жүзден Төле бидің, Орта жүзден Қаз дауысты Қазыбектің, Кіші жүзден Әйтеке бидің қатысуымен «Жеті жарғы» дүниеге келді.
«Жеті жарғы» заңы (ХҮІІ ғ. мен ХҮІІІ ғ. басы) ( «жарғы» сөзі «әділдік» ұғымын білдірген)
Отбасы, үй ішіндегі тіршілікке байланысты адамдардың өзара қарым-қатынасы, әке мен бала, ене мен келін, үлкен мен кіші арасындағы қатынас. Үлкенді сыйлау, ата-ананы құрметтеу, жас ұрпақты тәрбиелеуге арналған заңдар:
Некеге отырудың шарты - 13 жас. Екінші шарт - жұбайлардың 7 атаға дейінгі туыстық қатынаста болмауы;
Ата-анасы өз балаларын өлтіргені үшін жазаға тартылмайды;
Ата-анасы қайтыс болса, жас балалары туыстарының қамқорлығына беріледі;
Ұрлыққа, барымтаға кедергі қою, халықты адалдыққа, таза еңбекпен күнелтуге бағыттайтын заңдар:
Ұрлық үшін 3 тоғыз (27) төлеу, бұл жаза айбана деп (100 түйе-300 жылқыға немесе 1000 қойға тең) аталады;
Ел мен ел, халық, ру арасындағы дау-жанжалдарды әділдікпен шешетін зандар:
13 жасқа толмаған балалар қылмыстық жауапқа тартылмаған.
Соттау құқығы ханның, билер мен ру басыларының қолында болды;
Істі шешкені үшін билер мен арада жүргізушілерге өтелетін есенің бір бөлігі берілуге тиіс;
Сұлтанды не қожаны өлтірсе 7 адамның құнын төлеу;
Әйелді зорлағандарды өлім жазасына кесу;
Әйелге тіл тигізуші одан кешірім сұрайды, бшлай істеуден бас тартса, қорлағаны үшін құн төлеу;
7 куә әшкерелесе, құдайға тіл тигізушіні таспен ұрып өлтіру;
Отан қорғау, ел бірлігін сақтау, жасақ құру, сардар сайлауға бағыттайтын баптар жатады.
Хан, сұлтандар, ру ақсақалдары халықтық істерді талқылау үшін күзде жиналуы қажет;
Жиналысқа қару-жарақсыз келуге рұқсат етілмейді. Қарусыз адамның дауысы боолмайды және оған жасы кішілер орын бермейді.
Кісі өлімі, адам денесіне зақым келтіру, «қанға-қан», «қанды кек», «ескіден келе жтқан жау» дегенде бірден ойға оралатын қатігездікті жұмсартудың жолын қарастырған, құн төлеумен белгіленетін заңдар:
Сұлтандардан басқа әр адам ханға жыл сайын мал-мүлкінің жиырмадан бір бөлігі мөлшерінде салық төлеу.
Құн төлеу мөлшері: ер кісі үшін 1000 қой, әйел үшін 500қой;
Дене мүшелерінің құны: бас бармақ - 100 қой, шынашақ - 20 қой; Өлтірілген тазы мен бүркіт үшін иесі құл немесе күң талап етеді.
- Ұлы билер
Ел бірлігін сақтауға, хандық биліктің заң негізінде күшеюіне өз үлесін қосты.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz