Жүзден жүйрік туралы ақпарат

C:\Users\админ\Desktop\Фото Музей\Новая папка\P1010433.JPG

Егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпақ - бүгінгі мектеп оқушысы. Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен түскен емес. Заманның өзекті мәселесі негізіне айналған оқыту жүйесінде әлемдік және ұлттық негізінде жеке тұлғаны дамыту түрлі әрекеттер іске асырылады.

Қазіргі оқушы - ұлт болашағы. Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. Осыған орай ұстаз қауымына үлкен міндет жүктеледі. Ұстаздың алдына қойған мақсаты: ой - өрісі жаңашыл, шығармашыл деңгейде жұмыс істей алатын, дүниетанымы жоғары жан-жақты қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеу болып отыр.

Ногаева Светлана - 8 жыл еңбек өтілі бар, ІІ санатты, жоғары білімді физика пәні мұғалімі. Ногаева Светлананың ұстаз болып, еңбек етудегі басты мақсаты - сауатты, алғыр ұрпақ тәрбиелеу. Белгілі педагог К. Г. Ушинский: «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» дегендей ұстаз өз мақсатына жету үшін әрбір сабағын үнемі ізденіспен өткізеді.

Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай жасап, өз ойларын еркін, ашық, тиянақты жеткізуге, әр оқушы өз жұмысын қорытындылай білуге үйретеді. Сөз қадірін, сөз мағынасын бағалай білетін мұғалім оқушыларының тиянақты жұмыс жасап, ой - қабілетін арттыруға үлкен мән береді. Мұғалім өткізген сыныптан тыс шаралар, тәрбие сағаттары, міне, осы мәселелердің дәлелі болып келеді. Мұғалімнің тәрбие сағаттарында топтық жұмыс, жеке жұмыс, ортамен жұмыс, рөлдерде ойнап, образға ену түрлері өте қызықты өтеді. Өз оқушыларын үнемі мектепішілік, аудандық сайыстарға қатыстырып отырады.

Осындай тынбай еңбектеніп, жұмыс жасап отырған мұғалімнің мектепішілік жоғары деңгейде өткізілген сыныптан тыс шаралары және тәрбие сағаттарын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

«Жүзден жүйрік»

Сайыстың мақсаты: Оқушылардың физика және информатика пәніне,

қызығушылығын ояту, физикалық құбылыс, физикалық дене, физикалық шама түсініктеріне терең түсінуге, ой-танымын дамыту.

Ойын шарты: Ойынға әр сыныптан 2 оқушыдан қатысады. Барлығы 8оқушы. Ойыншыларға бір шеттен бастап сұрақ қойылады.

Дәл солай 3 айналымға дейін сұрақ қойылады.

Әр үш айналымда сұраққа жауап бере алмаған оқушылар өздерінің дауыс беруі арқылы ойыннан шығып отырады.

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті көрермен!

Сөз бастайын терметіліп өлеңмен.

Тәрбиелі білімді боп әрқашан,

Өс өркенде қанат жайып кемелден.

Физик, ғалым астрономдар өтіпті,

Қиялменен көкке самғап жетіпті.

Табиғаттың аясында тербеліп,

Даналығын мұра етіп кетіпті.

Физикалық сұрақтар

Сұрақтар
Дұрыс жауап
№: 1
Сұрақтар: Гректің «Фюзис» сөзі біздіңше нені бідіреді?
Дұрыс жауап: Табиғат
№: 2
Сұрақтар: Ғылыми деректермен негізделген жорамал
Дұрыс жауап: Гипотеза
№: 3
Сұрақтар: Әлем кеңістігінде не бар болса, соның бәрі не деп аталады.
Дұрыс жауап: Материя
№: 4
Сұрақтар: Физика ғылыми тілін, заңдармен теорияларды Арнайы оқып үйренуге қолданылатын сөзді не деп атаймыз?
Дұрыс жауап: Термин
№: 5
Сұрақтар: Кеңістікте нақты пішіні және көлемі бар нәрсені не деп айтамыз?
Дұрыс жауап: Дене
№: 6
Сұрақтар: Өткір иісті затты бөлмеге алып кірсе, оның иісі тез арада бөлме ішіне таралып кетеді. Бұл қай құбылыс?
Дұрыс жауап: Диффузия

Сұрақ №2

Сұрақтар
Дұрыс жауап
№: 1
Сұрақтар: Астрономиядағы «астрон» сөзі нені білдіреді?
Дұрыс жауап: Жұлдызды
№: 2
Сұрақтар: Аспан денелері не туралы ғылым?
Дұрыс жауап: Астрономия
№: 3
Сұрақтар: Жерге ең жақын аспан денесі?
Дұрыс жауап: Ай
№: 4
Сұрақтар: Күн жүйесінде неше планета бар?
Дұрыс жауап: 9
№: 5
Сұрақтар: Жердің табиғи серігі не деп аталады?
Дұрыс жауап: Ай
№: 6
Сұрақтар: Күнге ең жақын планета.
Дұрыс жауап: Меркурий
№: 7
Сұрақтар: Жерден соңғы тұрған планета қалай аталады?
Дұрыс жауап: Марс
№: 8
Сұрақтар: Күнге ең алыс планета?
Дұрыс жауап: Юпитер
№: 9
Сұрақтар: Гелиоцентрлік жүйені жақтаушы ғалым?
Дұрыс жауап: Коперник
№: 10
Сұрақтар: Дененің қозғалатын сызығы не деп аталады?
Дұрыс жауап: Траектория
№: 11
Сұрақтар: Гелиоцентрлік сөзіндегі «гелиос» сөзінің мәні?
Дұрыс жауап: Күн
№: 12
Сұрақтар: Аспан денелерін бақылауға, зерттеуге арналған құрал?
Дұрыс жауап: Телескоп
№: 13
Сұрақтар: Поляр жұлдызы қазақша?
Дұрыс жауап: Темірқазық
№: 14
Сұрақтар: Дененің тірекке немесе аспаға әрекет ететін күш?
Дұрыс жауап: Салмақ
№: 15
Сұрақтар: СИ жүйесіндегі ұзындық бірлігі?
Дұрыс жауап: Метр
№: 16
Сұрақтар: СИ жүйесіндегі көлем бірлігі
Дұрыс жауап: Куб метр
№: 17
Сұрақтар: СИ жүйесіндегі жылдамдық
Дұрыс жауап: М/с
№: 18
Сұрақтар: СИ жүйесіндегі аудан бірлігі
Дұрыс жауап: КВ/м
№: 19
Сұрақтар: СИ жүйесіндегі уақыт бірлігі
Дұрыс жауап: Секунд
№: 20
Сұрақтар: 100км-де неше метр бар?
Дұрыс жауап:
№: 21
Сұрақтар: 1 ар ненің бірлігі, нешеге тең?
Дұрыс жауап: Аудан 100м2

Жүргізуші: Келесі дауыс беру арқылы, ең әлсіз буын ойыннан шығады.

Сұрақтар №3

Сұрақтар
Дұрыс жауап
:
Сұрақтар: Күн жүйесіндегі планеталарының массасы ең азы?
Дұрыс жауап: Меркурий
:
Сұрақтар: 1 жылда неше күн бар?
Дұрыс жауап: 365
:
Сұрақтар: 1 сағатта неше секунд бар?
Дұрыс жауап: 3600
:
Сұрақтар: Күн жүйесіндегі 8 -ғаламшар не деп аталады?
Дұрыс жауап: Нептун
:
Сұрақтар: Меркурийдің қазақша аты?
Дұрыс жауап: Шолпан
:
Сұрақтар: Аңырқай немесе қызыл жұлдыз деп қазақтар қайсы ғаламшарды атаған?
Дұрыс жауап: Марс
:
Сұрақтар: Юпитердің қазақша атамасы қалай?
Дұрыс жауап: Есек қыран
:
Сұрақтар: Үлкен Аю шоқжұлдызы қазақша атауы?
Дұрыс жауап: Жеті қарақшы
:
Сұрақтар: Белінде сақинасымен көрінетін ғаламшар?
Дұрыс жауап: Сатурн
:
Сұрақтар: Көлемін және пішінін сақтайды?
Дұрыс жауап: Қатты
:
Сұрақтар: Көлемін сақтайды, пішінін өзгертеді?
Дұрыс жауап: Сұйық
:
Сұрақтар: Дене бір уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе, қандай қозғалыс?
Дұрыс жауап: Бір қалыпты
:
Сұрақтар: Дененің жылулық күйін сипаттайтын шама?
Дұрыс жауап: Температура
:
Сұрақтар: Информатика нені зерттейді?
Дұрыс жауап: Ақпаратты алудың, сақтау-дың барлық әдістерін зерттейді
:
Сұрақтар: Ақпаратты енгізу құрылғысы?
Дұрыс жауап: Процессор, жүйелік блок, принтер
:
Сұрақтар: Файл дегеніміз не?
Дұрыс жауап: Ақпарат жазылған атауы бар аймақ
:
Сұрақтар: Буманы қалай құрамыз?
Дұрыс жауап: Контексті меню, создать папка
:
Сұрақтар: Себептің қызметі не?
Дұрыс жауап: Жойылған файлдар орналасқан қапшық
:
Сұрақтар: Бүкіл дүние жүзі бойынша таралған жалпы желілер?
Дұрыс жауап: Интернет
:
Сұрақтар: Адам қызметінің әр түрлі саласында пайдаланылатын ғылым?
Дұрыс жауап: Информатика
:
Сұрақтар: Компьютерде жұмыс жасағанда көзді экраннан неше см қашақтықта ұстау?
Дұрыс жауап: 60-70
:
Сұрақтар: Кез -келген ақпаратты компьютерге енгізуге негізделген құрылғы?
Дұрыс жауап: Пернетақта
:
Сұрақтар: Түймелер орналасқан пернетақта?
Дұрыс жауап: Клавиатура
:
Сұрақтар: Енгізу пернесі?
Дұрыс жауап: Интер
:
Сұрақтар: Дербес компьютер неше бөліктен тұрады?
Дұрыс жауап: 4
:
Сұрақтар: Информацияны есте сақтау құрылғысы?
Дұрыс жауап: Процессор
:
Сұрақтар: Құжатты қалай сақтаймыз?
Дұрыс жауап: Файл, сохранить как, сохранить
:
Сұрақтар: Тышқан неше батырмалы болады?
Дұрыс жауап: 2немесе 3
:
Сұрақтар: Бір атаумен, бір текті элементтер жиыны
Дұрыс жауап: жиын

Жүргізуші: Келесі дауыс беру арқылы, ең әлсіз ойыннан шығады.

Сұрақтар №4

Сұрақтар
Дұрыс жауап
№: 1
Сұрақтар: Эклиптика деген не?
Дұрыс жауап: Күннің бір жылдық жолы
№: 2
Сұрақтар: Сәуір айына тура келетін шоқжұлдыз?
Дұрыс жауап: Тоқты
№: 3
Сұрақтар: Балықтар қайсы айға тура келеді?
Дұрыс жауап: Март
№: 4
Сұрақтар: Мерген шоқжұлдызы деп қайсы айды айтады?
Дұрыс жауап: Желтоқсан
№: 5
Сұрақтар: Зодиак деген не?
Дұрыс жауап: Жан-жануарлар деген сөз
№: 6
Сұрақтар: Жазғы күнгі тоқырау қашан?
Дұрыс жауап: 22-шілде
№: 7
Сұрақтар: Күн мен түн теңесу қашан болады?
Дұрыс жауап: 21-наурыз, 22-қыркүйек
№: 8
Сұрақтар: Зодиак жұлдыздарын ата?
Дұрыс жауап: 12
№: 9
Сұрақтар: Қай планеталар алып планеталар?
Дұрыс жауап: Юпитер, сатурн, уран нептун
№: 10
Сұрақтар: Серпімді деформацияның шамасы түсірілген күшке тура пропорционал кімнің заңы?
Дұрыс жауап: Гук заңы
№: 11
Сұрақтар: Газдағы, сұйықтағы кіші бөлшектер қозғалысы?
Дұрыс жауап: Броундық қозғалыс
№: 12
Сұрақтар: Дененің жылулық сипатын білдіретін шама?
Дұрыс жауап: Температура
№: 13
Сұрақтар: Көлемін және пішінін сақтайды?
Дұрыс жауап: Қатты
№: 14
Сұрақтар: Көлемін сақтайды, пішінін өзгертеді?
Дұрыс жауап: Сұйық
№: 15
Сұрақтар: Көлемін және пішінінде сақтамайды?
Дұрыс жауап: Газ

Оқушыларды марапаттау

«Ғалымдар аты өлмейді» атты кеші

І-жүргізуші: Армысыздар, ағайын,

Ағайын тілін табайын

ІІ-жүргізуші: Бармысыздар, бауырлар

Өкпе емес бізде бауыр бар

І- жүргізуші: Есенбісіз ұстаздар,

Шаршамайтын қыс жазы.

ІІ-жүргізуші: Көренмендер аманба?

Отырған анау ойланып.

Екеуі бірігіп; Бәріңізге бір сәлем.

І-жүргізуші: Онда кешті бастайық.

ІІ-жүргізуші: Екеуміз асып саспайық

І-жүргізуші: Сөз кезегін келесі

ІІ-жүргізуші: Жұмбақтарға тастайық

І-жүргізуші: Кеште өздеріне арналған ғалымдар шықсын

қасқайып.

ІІ-жүргізуші: 1. Итальян ғалымы,

Инерцияны ашыпты

Оны білген балалар

Залдан жүруден қашыпты

Кім олды екен бұл ғалым? Г. Галелей.

І-жүргізуші: 2. Құрағанын бөлшектеп,

Заттарды ерте ұққанды.

Болжамын тәжірибе арқылы

Тек дәлелдеп шықпады.

Қай ғалым еді балалар,

Кім бар ойлап таба алар? (Архимед)

ІІ-жүргізуші: Формуласы күрделі

Есептен жылу мөлшерін

Ойлап тапқан ғалымға

Берген өлшем бірлігін. Д. Джоуль

І-жүргізуші: Тоқ күшінің өлшемі

Ағып өткен мөлшері

Физикалық шаманың

Ғалым атына теңеді. (Герог Ом. )

Жүргізушілер : Сонымен кешіміздің тақырыбы

Бірігіп «Ғалымдар аты өлмейді»

І-жүргізуші : Кешіміздің бағдарламасында:

І-бөлім Мақал - мәтелдердің нақты физикалық мағынасын ашу.

ІІ-бөлім Ақындар шықсын айтысқа . . .

Механикамен-электр айтысын тамашалайсыздар.

ІІІ-бөлім Викториналық сұрақтар.

І-жүргізуші: Түйені жел қозғаса,

Ешкіні аспанан ізде. (қозғалыс, тербеліс)

ІІ-жүргізуші: Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды.

(күш)

І-жүргізуші: Ай мен күн ауыысты

Тәулікті тауысты. (Жердің өз өсімен айналуы)

ІІ-жүргізуші: Ай жарығы әлемге

Күн жарығы төменге (жарық сәулесі. )

І-жүргізуші: От жанды жылытады

Жылы сөз тәнді жылытады. (Энергия)

ІІ-жүргізуші: Мақал - мәтелдер сайысының жеңімпазын ортаға шақырамыз. Сізге деген сыйлығымыз әзір. Музыкалық үзіліс.

Айтысып тер төкпесе, қазақ, қазақ болама.

Механика мен Электр мырзаларын ортаға шақырамыз.

Механика: Ассалаумағалейкум, электрім,

Немене болып кеткен сенің түрің

Төленбей дер кезінде еңбек ақың,

Бейшара халге түсті - ау, әрбір күнің.

Электр: Механикам аман ба?

Тап болған мына заманға,

Өзіңе ешкім көз салмай,

Көңілің сенің алаң ба?

Механика: Неменеге алаңдайын бала батыр

Өзендер арасында ағып жатыр.

Қадірімді сен менің білмей кетсең,

Сөзсіз - ау болатыны заман ақыр.

Электр : Қорқытпағын сен мені,

Заман ақыр сөзімен.

Энергия халық алуда,

Электрдің көзінен.

Механика: Ол жағын дұрыс айттың бала батыр,

Электрмен жарықтанып дала жатыр.

Кей кезде ашуланып долданумен,

Шығарасың тіпті от сатыр - сатыр.

Электр: Физикада басқалар,

Өзіңменен теңбеді?

Салыстырып өзгемен

Мойындағын сен мені.

Мақсатымыз емес ғой,

Механикамен электрдің

Бірін - бірін женгені.

І-жүргізуші: Осымен доғарайық! Кәне қазылар алқасы

ақындардың бағасын беріңіз.

Келесі кезекті векториналық сұрақтарға берейік.

1. Дүниедегі ең жүйрік не ? (ой - қиял)

2. Көзіңмен көресің, бірақ ұстай алмайсың?

(көлеңке)

3. Жүгі болса жүреді, жүгі жоқта тұрады.

(Аспалы сағат)

4. Егер түнгі сағат 12 - де даңбыр жауса 72 сағаттан соң күн ашылып шуақ

түсе ме?

(Жоқ. Түнгі мезгіл)

5. Алты аяқ, екі арқа, бір бас. Бұл не?

(адам орындықта отыр)

6. Сағат тілі ұшының қозғалыс траекториясы қандай сызық сызады.

(Шеңбер тәрізді траектория)

Кешті қорытындылау. Кешке қатысқан жақсы нәтежие көрсеткен,

қатысқан оқушыларды марапаттау.

Сабақ тақырыбы: «Кім болам?»

Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Мың түрлі мамандықтар туралы түсінік қалыптастыру.

Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңдай білуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық міндеттері, слайд көрсету.

1 Мен таңдаған мамандық.

2. Мамандық дегеніміз не? (оқушылардың пікірі)

3. Психологиялық сәт

4. Еңбек және жалқаулық туралы мақал-мәтелдер айту.

5. Ойын: «Қай мамандық иесі?»

Барысы: «Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергенің» қонақтармен амандасу.

Мұғалім:

Арыстандай айбатты

Жолбарыстай қайратты

Қырандай күшті қайратты

Мен жастарға сенемін - деп Мағжан ақын бір кездері бекер айтпаған болар. Сондықтан, біз, жастар, қоғам, халық алдындағы борышымызды сезіне білуіміз керек. Болашақ - білімді жастар қолында. Елбасы Н. Ә. Назарбаев білім алу үшін барлық жағдайға жол ашқан . Міне сол білімді саналы түрде игере отырып, Отанымыздың бір тетігіне сапалы маман болып қалану -біздің басты парызымыз.

Мамандықтың бәрі жақсы . Тек оны жүрек қалауымен таңдай біл. Сонда ғана сенің сол мамандыққа деген қызығушылығың артады. Осы мамандықтың барлығы ұлы тұлға -ұстаз алдынан өтеді.

Ұстаз болу -жүректің батырлығы

Ұстаз болу -сезімнің ақындығы

Ұстаз болу -мінездің күн шуағы

Азбайтұғын адамның алтындығы - деп Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай дана да, экономистте, дәрігерде бәрі - бәрі, әнші де ұстаз алдынан өтеді. Ғылым иесі ғалымда, ел қорғаған батырда, тілінен бал тамған ақында, егін салған диқанда, мал бағып, терін төккен шопанда, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер бәрі - бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Мұғалім: - Ендеше әрқайсымыз өз қалаған

мамандығымызды айтайық.

1-оқушы: Мамандық дегеніміз- адамның еңбек қызметінің түрі.

Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тапта бар қалан,

деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.

Біздің таңдауымыз әртүрлі.

Мұғалім: Әрине, біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.

Мұғалім: Сонымен балалар, белгілі бір мамандық иесі болу үшін арнайы оқу керек екен.

Қандай мамандық түрлерін білесіңдер?

-Мұғалім, кітапханашы, есепші, аспаз, сәулетші, дәрігер, заңгер, шахтер, тігінші,

Балалар, сендер қандай мамандықтарды көбірек естисіңдер?

Мұғалім, кітапханашы, аспаз, есепші, сәулетші, зергер, дәрігер, шахтер, заңгер, тігінші, т. б.

Ал енді, балалар қазір

« Мамандықтың бәрі жақсы » деген ойын ойнаймыз.

Ал сіздердің өздеріңіз армандаған мамандық туралы жыр -шумақтарыңызды тыңдап көрейік.

Ай-hай, ғажап қандай бұл!

Ал, қане кәсіп таңдай біл:

Аламын қандай мамандық

Алдым да толған таңдау тұр.

Әнші:

Әлемге ән боп жалғанар, Әйгілі не бір тарландар

Әуелей ұшқан аққудың, Әсерлі үнін ұшқан дәл.

Роза мен Күләштай Әнші болсам не арман!

Ұшқыш:

Ар- намысын сақтаған, Жүректе сыр жаттаған

Туған елін-ұясын, Жан тәнімен сақтаған

Ұшқыш болғым келеді.

Инженер:

Мен инженер боламын, Жерден алтын табамын.

Жолын қуған әйгілі, Академик ағаның.

Ақын:

Ал мен ақын боламын, Сусылдаған қаламым.

Адамдардың жүрегін, Жырмен жаулап аламын.

Агроном:

Нан беремін баршаға, Жер маманы болам мен

Барып жүрмін бақшаға, Агроном ағаммен

Теңізші:

Үлкен алып кемеммен

Мұхиттар мен теңіздерді шарлаймын,

Дауылдарда толқындардан қорықпаймын,

Болашақта мен теңізші боламын.

Суретші:

Суретті керемет салатын,

Суретші мен боламын.

Абілхан атам сияқты

Сурет жолын қуамын.

Суретші болған ұнайды,

Таң қалдырсам талайды,

Суретшілік өнерді

Жүрегім менің қалайды.

Кәсіпкер:

Кәсіпкер болсам егерде, Бар әлемді кеземде

Бар пайданы ойламай, Барымды берем мен елге.

Велсипедші:

Велосипед мініп, оданда Вело спортшы болам ба?

Вело жарыс жолында, Великпен желден озам да,

Винакуров секілді мен чемпион боламын!

Ғалым:

Ғалымның жолы ғажайып

Ғибарат сабақ алайық

Ғұмыр бойы ізденіп,

Ғанибет ашу жаңалық.

Мұғалім: Ал, балалар, кім еңбектің -қас жауы жалқаулық туралы мақал-мәтелдер біледі?.

1. Су-ырыстың көзі. Еңбек кірістің көзі.

2. Ащы еңбектен - тәтті нан.

3. Ермек қуған бәлеге жолығады, Еңбек қуған қазынаға жолығады.

4. Еңбек шаһар түзетеді, Еңбексіздік оны жүдетеді.

5. Жаманға жан жуымас, Жалқауға мал жуымас.

6. Еңбек-ширатады, Өмір үйретеді.

7. Еріншіек түске дейін ұйықтайды, кешке дейін есінейді.

8. Жалқауға сөз, шабанға таяқ өтпейді.

9. Біткен іске сыншы көп, Піскен асқа жеуші көп.

10. Еңбек етпесең елге өкпелеме,

Егін екпесең жерге өкпелеме.

11. Еңбектің көзін тапқан,

Байлықтың өзін табады.

12. Кім еңбек етсе-сол тоқ.

13. Жұмысы жемістінің-өмірі келісті.

14. Адал еңбек елге жеткізер,

Арам қулық елден кеткізер.

15. Жалқаудың жауы -жұмыс.

16. Уақытының бос өткені-өміріңнің бос өткені.

17. Қолыма жұмыс бергенің -жаныма тыныс бергенің.

18. Еңбек етсең емерсің,

ерінбесең жеңерсің.

19. Еңбек пен бақыт -егіз.

20. Еңбек адамның екінші анасы

Ана-бұл үлкен ұғым. Болашағымыздан үлкен үміт күтетін ата-анамыз.

Ендеше Ана туралы әнге кезек берейік Ән «Аруана»

Ал енді еңбек пен мамандықтың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?

2- оқушы: Еңбек -адамның қызметі материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған.

Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек.

3- оқушы: Ал мамандық -еңбек қызметінің түрі, ол арнайы біліктілік пен білімділікті талап етеді.

4- оқушы: Мамандық латын тілінен аударғанда ресми көрсетілген іс. Мамандық иесі болу үшін әдейі оқу керек.

5. Ойын: «Қай мамандық иесі?»

Оқубілім-бағдары,

Заманының бағбаны? . . . / Ұстаз /

Жаңалықтың жаршысы,

Қаламының «жолшысы» . . . Журналист

Араша тұрар өлімге,

Қай маман бұл-өмірде? . . . Дәрігер

Еңбек оның-талабы

Сүйікті әні-дала әні,

Егін жайын мәпелеп,

Асырайды елін . . . диханшы - агроном

-Күрегі бар қолында, Кімді айттым ойымда?

(Диқан)

Абай атамыз айтқандай «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға

жетіп, жақсы мамандық иесі болайық! Жалпы қорыта келгенде мамандықтың бәрі жақсы. Тек қана оны таңдай білу керек. Болшақта сіздерді үлкен маман иесі болады деп зор үміт күтеміз.

Қазақстанға өз үлесіңді қосатын үлкен азамат болуларыңа тілектеспіз.

Қазақстан туы биіктен желбірей берсін !

Ән ұран «Менің Қазақстаным»

«Ойлан тап» атты сайыс

Мақсаты: Оқушылардың физикадан алған білімдерін тексеру, физикаға қызығушылықтарын арттыру.

Түрі: Ойын. Жарыс.

Жоспары:

І-тур. Бәйге.

ІІ-тур. Көкпар.

ІІІ-тур. «Лабиринт»

ІV-тур. Полиглот.

V-тур. «Сиқырлы текше»

VІ - тур. «Марапаттау»

Физика - табиғаттың тілі екен ғой,

Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой.

Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас,

Бәрінің бағынары физика ғой.

Бүгін де физика барлық жерде,

Құрылыста, техникада, өндірісте.

Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,

Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер!

Бүгінгі кеш-қызықты кеш,

Көрермендер халайық.

Ой-түйсікті қозғап қазір,

Биік қанат қағайық.

Физика салтанатты,

Осы жерде құруын,

Белсенділік көрсетейік,

Бар ықылас құрулы.

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпаз болу шарт сол.

Еңбек етіп жалықпай,

Сәтті сапар тілеумен.

Сайысты біздер бастайық,

Көрсетіңдер өнерді,

Қарап қалма жасқанып.

Армысыздар, құрметті жиылған қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, «Жүзден жүйрек, мыңнан тұлпар» сайыскерлер.

Бүгінгі «Ойлан тап» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Ендеше, құрметті көрермендер, «Ойлан тап» атты интеллектуалды кешімізді тамашалайық.

Бүгінгі ойынның жұлдыздары:

1 топ: «Кішкентай Эйнштейндер»

Топ басшысы:

2 топ: «Электрон»

Топ басшысы:

Бүгінгі ойында әділ баға беруші қазылар алқасы құрылады:

І-тур. Бәйге.


Ұқсас жұмыстар
Топ басшысы
Жүзден жүйрік
Тақырып - Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
«жүзден жүйрік» танымдық спорттық ойын
Жүзден жүйрік сайыс
Шешендік өнердің дамуына қажетті алғышарттар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар жайлы ақпарат
<<жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар>> эстафеталық ойын
Компьютердің атасы кім
Интеллектуалдық ойын. 6-сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz