Білім беру жүйесіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ақпараттық мәдениетті қалыптастыру мен бәсекеге қабілеттілікті арттырудағы рөлі

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаћандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.
ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері - жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі - оқытудың жаңа технологияларын меңгеру.

Осындай аса қажетті технологиялардың бірі - ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану. АКТ - ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ - ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
Интерактивті тақта;
Мультимедия;
Интернет кеңістігі;
Электронды оқулық.

Компьютерлік техниканы технология сабағында не үшін қолданады және ақпараттық технология құралдарын қолданып қандай әдістемелік мәселелерді шешуге болады?
Ақпараттық технологияны пайдаланудың педагогикалық мақсаты мынада:
1. Жеке басының дамуы
• ойлану
• эстетикалық тәрбие
• экспериментальды-зерттеу мүмкіндігін дамыту
• ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
2. Әлеуметтік тапсырысты орындау
• пайдаланушының жалпы ақпараттық дайындығы («компьютерлік сауаттылық» деп аталатын)
Компьютерлік технологияны пайдалану мұғалімге оқушының оқу пәніне деген танымдық қызығушылыәын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.
. Жаңа ақпараттық технология өзіндік ерекшеліктерімен ерекшеленеді
Олар төмендегідей:
• Жобаның презентациясын жасау мен ұйымдастыру;
• Ғылыми - көпшілік журналының сайтына кіру;
• Әлемнің кез-келген еліндегі оқушылар мен еркін араласу;
• Интернет- олимпиада мен шығармашылық байқауларға қатысу;

Ақпараттық технологиялардың ішіндегі мультимедиялық құралдарда сабақ кезеңдерінде пайдалану кезіндегі бұл құралдардың тиімді тұстарын атап көрсетсек, олар:
- Оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;
- Танымдық қабілетін қалыптастырады;
- Этнопедагогикалық тәрбие береді;
- Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
- Оқытушының уақытын үнемдейді;
- Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді;

Технология пәнін меңгертуде видео - сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с. ) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео - сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз.

Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың білім беру мен ақпараттық мәдениетті қалыптастырудағы рөлі
Білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың маңызы және оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру
Білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі мен интерактивті тақталарды қолданудың педагогикалық тиімділігі
Білім сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникациялық және интерактивті технологиялардың рөлі
Нәтижеге бағытталған білім беру жағдайында мектеп мұғалімдерінің ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру
Қазақстан жағдайында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен интерактивті тақталардың білім сапасын арттырудағы рөлі
Инклюзивті білім беру: принциптер, мәселелер және ақпараттық технологиялардың рөлі
Білім беру үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың әдістемесі мен тиімділігі
Білім беру жүйесінде жастардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
Жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыру теориясы мен әдіснамасы: ақпараттық технологиялардың рөлі
Пәндер

Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz