Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар

Файл қосу

Алматы - бас қалам, жас қала – астанам. 4 сынып

Ана тілі
Күні 20.02.2014ж.
89- сабақ
Сабақтың тақырыбы
Алматы - бас қалам, Жас қала - Астанам. Ж.Әбдірашев
Жалпы мақсаты
Жарасқан Әбдірашев шығармашылығының өзіндік ерекшелігін айтып түсіндіру. Өлеңді мәнерлеп оқытып, мағынасын ашу, талдау; Қазақстанның астаналары туралы мәлімет беру.Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, сөздік қорын дамыту, өзін-өзі реттеуді, өз бетінше жұмыс жасауды үйрету.
Негізгі идеялар
Оқушылардың сабаққа деген жауапкершілігін арттыру
Мұғалімнің оқытудағы нәтижесі
Сұрақ қою арқылы сыни ойлауға, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге машықтанады.
Сөйлеудің диалогтік сөйлесу екендігін табады. Өлеңді талдау барысында қалалардың айырмашылығы мен ұқсастықтарын анықтай алады.
Ақпарат көздері
оқулық, слайд, суреттер, ғаламтор
Іс-әрекет түрлері
Топпен жұмыс
Жұппен жұмыс
Диалогтық
топпен әңгімелесу
АКТ-мен дарынды баламен жұмыс
Бір-бірін бағалау және өзін - өзі бағалау

Мұғалімнің сабақ туралы жазбалары
тапсырма 45 минутқа арналып дайындалған
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
1.Алғашқы рефлексия кезеңі
<<Мен сияқты жаса>> ойыны арқылы Оқушылар дөңгелектене тұрады, жүргізуші музыкамен бір жаттығуды көрсетеді, басқалар қайталайды. Сонан соң жүргізуші ауыстырылып отырады.
Бэйджик арқылы бес топқа бөледі.
Өткенді еске түсіру
<<Шынжыр>> ойынын ойнату арқылы үй тапсырмасын сұраймын. Оқушылар топ болып барлығы тақтаға шығады да, тізбектеле отырып, өлеңді бір шумақтан жатқа мәнерлеп оқиды.
Топ басшыларын тағайындау.
Ой шақыру Ребус шешу арқылы баланың қызығушылығын арттыру. Тақырыпты ашу.
Тақырып бойынша не білеміз?
Астана, Алматы қалаларымен таныстыру Өлеңнің авторы жайлы мұғалім түсіндірмесі.
Оқулықпен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп оқу. Топ болып оны талқылап, бір оқушы әр топтан өз ойларын білдірсін.
Тапсырмалар орындайды
1-топ: Алматы мен Астана қаласын салыстыру

2-топ: Отан туралы мақал-мәтелдер айтады
3-топ: төрт жолды өлең шығару
4-топ: Өлең мазмұнына байланысты сурет салу.
Слайдтан көршілес мемлекеттердің астаналарын табу.

Сергіту сәті: би билейді

Қазақстанның астаналары болған қалаларды жазу
Ойды түйіндеу.
Бүгін не жайлы өттік? Сөзжұмбақ шешу.
<<Сыйқырлы сандық>> ойынын ойнату арқылы сабақты қорытындылау

Бағалау өлшемдері арқылы бағалау жүргізу.
Өзін-өзі бағалау <<Бес саусақ>>

Рефлексия кезеңі

Оқушылар орнынан тұрады, бір-бірінің қолдарынан ұстап, дөңгелене тұрады. Ойын ойнау арқылы ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады.

Топқа бөлініп, орындарына отырады.

Оқушылар тізбектеліп тұрып өлеңді мәнерлеп кезекпен жатқа оқиды.

Әр топ өзінің топ басшысын сайлап алады.

Төрт топ төрт ақылдаса отырып, шешуін табады, сабақтың тақырыбын ашады.
Кім көп біледі? ойыны арқылы сұрақ-жауап

Слайд, слайд шоу арқылы таныстыру

Оқушылар топ болып бір-бір шумақтан мәнерлеп оқиды.Оқушылар топта талқылап,мазмұнын, идеясын айтады.

Әр топтан бір-бір оқушыдан жауап береді
Топтық жұмыс

Картамен жұмыс. 4 топ сұрақтарға жауап береді. Бұл әдіс әрі ойын ретінде болғандықтан жылдам әрі нақты жауап беруге тырысады.
Компьютерден қойылған бейнероликтен қарап, қимылдарды қайталайды
Дәптермен жұмыс

Постермен жұмыс. Әр топтан екі-екі оқушыдан жауап береді, топ мүшелері қатесін тауып, түзетеді
Берілген сандарды таңдап,жасырынған сұрақтарға
жауап бер. Әр топ екі-үш саннан таңдап,

Сабақтағы өзінің және көршісінің жұмысына баға беру.
Бес саусақтарын сызып, әр саусаққа өзінің іс-әрекетіне баға береді.

Рефлексия, қорытындылау Стикерге сабақтан алған әсерлерін жазып, смайликтердің астына іледі
Пайдаланылған құралдар: Сызбалар, суреттер, смайликтер, стикер, тапсырмаларды жазатын қағаздар, түрлі түсті қарындаштар, маркерлер, түрлі - түсті бағалау қағазы, 4- сыныпқа арналған ана тілі оқулығы, дәптер, слайд, бейнежазба
Нақты үйге берілетін тапсырмалар
Осы тақырыпта қосымша материалдарды пайдалана отырып дайындалу (интернет, библиотека және т.б.) 220 бет жаттау

Тексерілді:


Ұқсас жұмыстар
Астана қаласына келіп жеттік
Астана - арман қала. сыныптан тыс шара
Мынау Астана қаласының қай жері
«астанам-айбыным»
Білесің бе, елорданың тарихын?
Астана қаласы өте әсем қала
Менің елім - Қазақстан жайлы ақпарат
Оқушы жетістіктері
Отан жүргізуші
Қазақстан болашақтың алтын көпірі
Пәндер