Балабақшалардағы жүзу сабағына арналған бағдарлама

«Павлодар облысының білім басқармасы»
![]()
Павлодар 2009 жылы.
Балабақшалардағы жүзу сабағына арналған бағдарлама
Құрастырған : Айгужинова Гүлмира Зейноллақызы
суда жүзу нұсқаушысы
Осы бағдарлама : Суда жүзу, шомылу, ойындар ойнау, таза ауада серуендеу, жаттығулар жасау және сауықтыру шараларын жүзеге асыру - балалар денесін шынықтырудың ең пайдалы түрі болып табылады. Жоғарыда көрсетілген шаралар түрлері балалардың денсаулығын күшейтіп, жүйкелерін нығайтады. Суда жүзгенде баланың барлық мүшелері қозғалып, ол өте жақсы әсер алады.
Мазмұны:
1. Мазмұны . . . 3 бет
2. Мектепке дейнгі білім беру мекемелеріндегі суда жүзу сабақтарында балалардың белсенді қозғалыс деңгейін арттыру және денеге күш түсуін мөлшерлеу . . . 4 бет.
3. Суда жүзу баланың дене құрылысының жетіліуін, шынығуын және әрдайым денсаулығының жақсаруын қалыптастырады . . . 4 бет
4. Дем алу мүшелерінің өз ерекшеліктері бар . . . 4 бет
5. Баланың жүру - қозғалуы . . . 4 бет
6. Өмірде жүзе білу қажет . . . 5 бет
7. Мектепке дейінгі балаларды жүзуге үйретудегі ең негізгі мақсат . . . 5 бет
8. Мектепке дейнгі балаларды жүзуге үйрету . . . 5 бет
9. Суда жүзуге үйретудің әдістері мен ұйымдастырылуы . . . 6 бет
10. Жүзуге үйрету әдістері . . . 6 бет
11. Жүзу әдістері. 64 сағат - бір жылға арналған . . . 7 бет
12. Кроль кеудемен . . . 7 бет
13. Дененің орналасу жағдайы . . . 7 бет
14. Қолдардың қозғалысы . . . 8 бет
15. Аяқ пен қол қозғалыстарының сәйкестігі . . . 8бет
16. Демалу . . . 9 бет
17. Кроль арқамен . . . 9 бет
18. Суға бейімдеу . . . 9 бет
19. Аяқтардың қозғалысы . . . 10 бет
20. Қол мен аяқ қозғалысының сәйкестігі . . . 10бет
21. Қолдардың қозғалысы . . . 10 бет
22. Демалу . . . 11 бет
23. Қойылған талаптар . . . 11 бет
24. Мектапеке дейінгі ересек топтарына арналған жаттығулар . . . 11 бет
25. Суға үйренуге арналған жаттығулар және оның ерекшеліктерімен танысу.
. . . 11 бет
26. Суға кіруге және дем шығаруға арналған жаттығулар . . . 12 бет
27. Көзге арналған жаттығу . . . 12 бет
28. Суда сырғуды үйретуге арналған жаттығулар . . . 12 бет
29. Аяқпен қозғалуға арналған жаттығулар . . . 13 бет
30. Қолмен қимылдар жасауға арналған жаттығулар . . . 13 бет
31. Қойылған талаптар . . . 13бет
32. Су ішіндегі ойындар . . . 14 -15 бет.
33. Суреттер . . . 16, 17, 18 бет.
34. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 19 бет
Мектепке дейнгі білім беру мекемелеріндегі суда жүзу сабақтарында балалардың белсенді қозғалыс деңгейін арттыру және денеге күш түсуін мөлшерлеу.
Суда жүзу баланың дене құрылысының жетіліуін, шынығуын және әрдайым денсаулығының жақсаруын қалыптастырады. Суда шомылу, жүзу, су ішіндегі ойындар - жаттығулардың ең бір пайдалы түрі болып есептеледі. Бұл жаттығулар - балалардың денсаулығының шыңдалуына және жүйке тамырының нығаюына көп көмегін тигізеді.
4-6 жастағы жан - жағын дұрыс пайымдай алатын бала, жүзу қозғалыстарын қолдарының, аяқтарының, денесінің бұлшық еттерінің көмегімен істей алады. Жүзу кезіндегі қозғалыстар өздерінің қарапайымдылығымен, қозғалыс күшінің жылдамдығымен, пәрменімен сипатталады. Жүзу қозғалыстарының айналымында бұлшық еттерге күш салу мен босаңдату кезкпен алмасып отырылады. Сондықтан, баланың бұлшық еттерінің ыңғайлы жағдайда болғаны жөн. Аз уақыттағы бұлшық етке түсірілген күш, босаңсу және демалу кезеңдерімен алмасып отырады, бала ағзасын шаршатпайды және біршама уақытқа дейін денеге түскен күшке төзе алатын жағдайда болады.
Балалардың жүрек тамырларының жүйесі жаңа өсіп келе жатқан ағзаның сұраныстарына өте жақсы бейімделген. Үлкен адамға қарағанда, бала қанының көлемі көбірек, бірақ тамыр бойымен қозғалуы баяуырақ және қан айналымының жылдамдығы тезірек және кең жүректен қан қиындықсыз айналады. Баланың көп қимылдауы, қанның жүрекке, қарай айналуын да жеңілдетеді. Бірақ бала жүрегі күш түсіргілген кезде ілезде шаршауы мүмкін. Сондықтан, бала ағзасы жиі дем алып отыруы қажет. Жүрек тамырының бұл жағдайын, балаға жаттығулардың түрін таңдаған кезде байқау қажет.
Дем алу мүшелерінің өз ерекшеліктері бар: дем алу жолдарының тарлығы, мұрын жолдарының нәзіктігі мен тез жарақаттануы. Бұл дем алу мүшелеріне инфекцияның кіруіне, дем алу мүшелерінің қабынуына, қозуына әкеп соқтырады. Әрдайым жүзумен айналысатын адамдарда дем алу мүшелерінің жақсы дамығандығын байқауға болады. Олардың қозғалысы мен дем алуында сәйкестік бірдей дамиды. Жүзу кезеңдерінде адам таза, шаңсыз, дымқыл ауамен дем алады. Жүзу кезінде ішке дем тарту кезіндегі дем алу мүшелеріне қосымша күш түседі. Сонымен қатар, судың қарсылығын доғару үшін, дем шығару кезінде де күш қажет болып тұрады. Дем алу мүшелерінің осылай жұмыс істеуі әсерінен, кеуде торшаларының қозғалысы дамып, жақсарады. Өкпенің өмірлік дем алу көлемі артады. Баланың жүйелі түрде суда болуы және жүзуі, дем алу мүшелерінің дұрыс дамуын қалыптастырады.
Баланың жүру қозғалу мүшелері қалыптасу кезеңінде болады. Сондықтан баланың омыртқасы әлі қатаймаған, жұмсақ, буыны әлі қатпаған, жатқан кезде түзу қалыпта болады. Осындай бейімділіктің арқасында бала омыртқасы қажетсіз қисықтыққа ұшырауы мүнкін. Сол себепті жүзу баланың денесін нығайту үшін және кей жағдайда түзету үшін қолданылатын құрал ретінде есептелінеді. Мектепке дейінгі балалардың жамбасы толық жетілмеген, тек шеміршегі қатая бастайды. Сондықтан баланың төменгі мүшелеріне тым күш түсіруге болмайды. Әсіресе 40 - 50 см биіктіктан суға секіруге болмайды. Жүзу кезеңіндегі аяқтардың ешқандай тіреусіз жұмыс істеуінің арқасыңда, баланың табандарының дұрыс қалыптасуына көп көмегін тигізеді, майтабан ауыруына шалдығудан сақтандырады. Жүзу кезеңдерінде балалардың дене бітімін дұрыс қалыптастыруға, жақсартуға қажетті, ұйысу, ырғалу қозғалыстарының бәрі дамиды. 6 жасқа дейінгі баланың жүйке жүйесінде қозу кезеңі, балалық кезеңіне қарағанда әсерлілеу, сондықтан мектепке дейінгі бала өте қозғалғыш, зейіні тұрақсыз болып келеді. Мектепке дейінгі балалар еліктегіш болады. Сондықтан бұл балаларды жүзуге үйрету кезеңдерінде, жүзу қимылдарын көзбе-көз көрсетіп, үйрету қажет.
Баланың дене бітімін дұрыс жетілдіру, оның ағзасын шынықтырудан басталады. Шынықтырудың ең әсерлі құралы - ауа, күннің көзі және су. Оның ішінде ең әсерлісі- сумен шынықтыру қажетті температурадағы суды қолданудағы әдістерді қолдану. Оны күш пен уақыт шамасына қарай оңай саралауға болады. Олар- сүртіну, сумен құйыну және шомылу, жүзу тиімді болады. Себебі судың, ауаның және күн көзінің балаға әсер етуі, қозғалыспен жалғастырылады. Жүйелі түрде суда жүзіп, шомылған адам баласының дене құрылымы су температурасының әр түрлі өзгерістеріне тез үйренеді. Адам баласы төменгі температурадағы ортада да ұзақ мерзімде бола алады. Тері мен дененің температурасы суда аз төмендейді де, щомылудан кейін тез қайта қалпына келеді. Суыққа қарсы тұру бейімділігі қалыптасады.
Өмірде жүзе білу қажет
Жүзе білу денсаулықты күшейту үшін және дене бітімін дұрыс қалыптастыру үшін ғана қажет емес. Жүзе білу дағдысы адам баласына әр түрлі жағдайларда да қажет. Сондықтан мектепке дейінге әр баланы жүзуге үйретудің терең мағынасы бар. Егер әр баланы жас кезінен суда еркін ұстануына және бір кішкене қашықтыққа жүзуге үйрете алсақ, мүмкін көптеген бала өмірін бақытсыз жағдайлардан сақтап қалар едік. Жүзуге үйретудің орасан зор тәрбиелік мәні бар. Жүзуге үйрету кезңдерінде баланың батылдылық, тапқырлық шешімділік сияқты қабілет - қасиеттері қалыптасады. Жан жағын пайымдаушылық қасиеттерімен қатар, ұжымдағы төзімділік пен бір - біріне көмек көрсету қабілеті пайда болады.
Мектепке дейінгі балалрды жүзуге үйретудегі ең негізгі мақсат: олардың ден саулығын күшейту, шынықтыру, дене бітімін дұрыс қалыптастыру. Үйретудің ең бастапқы мақсаты, ол - балалардың үйреншікті емес ортаға үйренуі, суға бой үйретуі және суды сүйіспеншілікпен қолдануға машықтандыру.
Мектепке дейнгі балаларды жүзуге үйрету.
Педагогиканың негізгі дидактикалық талаптарына сүйене отырып, оның тәрбиелік және дамытушылық мәні болуы қажет. Ойын әдістері баланың жүзуге деген қызығушылығын оятып, біртүрлі жаттығуларды бірнеше рет қайталап қолдануға мүмкіндік береді.
Жүзуге үйретудің әдістері мен ұйымдастырылуы.
Бала бақшаларда жүзуге үйретуді, жүзу нұсқаушысы немесе, қосымша даярлықтан өткен тәрбишілер жүргізе алады. Олар өздері жүзе білулері қажет, және жүзу әдістерінің бірнеше түрлерін білулері керек. Олар суға батқанды құтқару әдістерін біліп, бақытсыз жағдайға ұшырамау шараларын білуі қажет. Осы тәрбиешілерге тағыда көмекшілермен қатар, арнайы медициналық бике болу қажет, немесе кей балабақшаларда арнайы суда жүзу нұсқаушысы болады да, оған көмекшілер тағайындалып, бала бақшаның медбикесі көмектеседі. Бала бақша дәрігері әрдайым жүзуге үйренетін орынның санитарлық жағдайын қадағалап, жүйелі түрде жүзуге қатысушы әр баланың денсаулығын тексеріп отырады. Балаларды шомылуға және жүзуге үйретуге тек қана дәрігердің рұқсатымен жібереді.
Жүзу кезінде қолданылатын барлық құралдар- резина, доптар, шеңберлер, батпайтын ойыншықтар, жүзуге арналған тақтайлар, арқан жіптер т. б- алдын -ала даярланып тұруы қажет.
Бала бақшада жүзуге үйрету сабақ түрінде өтеді. Бүкіл сабақ бойында баланың дене бітімінің дұрыс дамуына жанды- жақты көңіл бөлінеді. Әр сабақтан мынадай жүзуге үйренудің міндеттері қойылады: топты ұйымдастыру, жаңа жаттығуларымен таныстыру, суда үйренудің арнайы жаттығулары, жүзу әдістері, ойнау, жинақты түрде сабақты аяқтау.
Сабақ балаларды қатарға тұрғызудан басталады. Сосын судың жиегінде жаңа болатын жүзуге үйрететін қозғалыстармен, жаттығулармен және ойындармен танысады. Суға кірген соң, олар суда жүзудің әдістерін үйреніп, ойнап, әртүрлі жаттығуларды орындайды. Сабақтың соңында балалар баяу ойындар ойнап, өз бетінше жүзеді.
Жүзуге үйрету әдістері.
Мектепке дейінгі балаларды жүзуге үйрету кезеңдерінде жүзудің кроль әдісін қоланаған тиімді. Оның ішінде кроль арқамен, қроль кеудемен және кроль қол шығарусыз. Жүзудің бұл әдісі өте қарапайым және табиғи болып келеді. Себебі, аяқ- қолдың қозғалыстары әр түрлі қозғалыста болсада, адам баласының еңбектеу, жорғалау, жүру түрлеріне сәйкес келеді. Ең маңыздысы, кроль әдісімен жүзіп үйренген бала, жүзудің басқа әдістеріне ешқандай қиындықсыз бейімделеді. Кроль әдісмен жүзу, дұрыс және ырғақты дем алуды өндіреді деп есептеледі. Бұл әдіспен жүзу сәйкес келеді де, басқа әдістерді үйренуге де жеңілірек болады. Кроль әдісімен жүзудің табиғилығы мен қарапайымдылығы соншалық, үйретілген дағдының басқа тәсілдерді үйрену кезінде, балаға ешқандай бөгеті болмайды. Сондықтан бірінші кезеңдегі кроль әдісі баланың жанды-жақты жүзу әдетін даярлайды. Осы әдіспен үйренген дағды мен икемділік жүзудің басқа әдістерін де тез үйренуге бейімдейді.
Жүзу әдістері. 64 сағат Ересек топтарға аналған
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz