Сабақ жоспары :: Психология

Файл қосу

Қазіргі кезеңдегі психологиялық қызметтің негізгі жұмыс бағыттары мен іс - құжаттарының түрлері



Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі


Оңтүстік Қазақстан облысы
Созақ ауданы
І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектеп



Тақырыбы:

<<Қазіргі кезеңдегі психологиялық қызметтің негізгі жұмыс бағыттары мен іс - құжаттарының түрлері>>

Баяндамашы: педагог-психолог
Браташ Сауле Мухамедияровна






2014 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ...................................................................................... 3

І. Негізгі бөлім
1.1 Білім беру жүйесінде психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру ................................................................................. 5

1.2 Психологиялық қызметтің міндеттері, жұмыс бағыттары және оны жүзеге асыру формалары ............................................ 7

1.3 Педагог - психологтың негізгі құжаттарының түрлері
және оның жүргізілу тәсілдері .................................................... 10

ҚОРЫТЫНДЫ ............................................................................. 15

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ........................... 16
ҚОСЫМША ................................................................................... 17

Біз әркімнің ар-намысы, абыройы мен беделі қадірленетін,
мәртебелі мораль, этикалық негіздері мен рухани құндылықтар
ірге тепкен қоғам құруға тиіспіз.

Н.Назарбаев
К І Р І С П Е
Психологиялық қызмет әлеуметтік ортаның барлық салаларында кеңінен тарап келе жатыр. Білім беру жүйесінде, оның ішінде орта мектепте, осы қызметті ұйымдастырудың өзіне тән қыйындықтары мен шешілмеген проблемалары өте көп. Мектеп психологтары жұмыс мазмұнын анықтау үшін басқа мемлекеттерде қалыптасқан тәжірибені зерттеу қажет болды.
Көпшілікке психологиялық қызмет көрсету ХVIII ғасырда кезінде Батыс Еуропа елдерінде аяқ ала бастады. ХIХ ғасырда психологиялық зерттеулерге қызығушылық кеңінен тарағандықтан АҚШ, Германия, Франция т.б. елдерде әлеуметтік-психологиялық зертханалар ашылып, талапкердің психофизиологиялық ерекшеліктерін бағалап беруге мүмкіндік туды. Осы елдер тәжірибесін зерттеп жүйеге келтірген ғалымдар З.А.Малькова, В.М.Вульфсон, К.Р.Рональдо, Г.Б.Радионов, И.А.Соколова, А.С.Овчинников.
Өткен ғасырда жасалған көптеген психодиагностикалық әдістемелерді және оларды пайдалану ережелерін қазіргі кездегі психологиялық қызметте, бұрынғы кеңес мектептер тәжірибесінде қолдану жолдарын анықтағандар М.Р.Битянова, И.В.Дубровина, Л.И.Прихожан, Р.С.Немов, В.Г.Гильбух, Е.И.Рогов, Р.Римский, С.Рмисая т.б. ғалымдар жасады.
Олардың еңбектерінде психолог қызметінің мақсаты мен міндеттері, психологиялық қызмет моделі, мектептегі психологиялық қызметтің мазмұны мен зерттеу жүргізу әдістемелері анықталған. Бұл ұсыныстардың негізгі қағидалары мектеп психологиялық қызметінде кеңінен қолданылып жұр. Психолог өз жұмысын бірнеше бағыттарда ұйымдастыруды қажет етеді. Олардың үлгі моделін жасағанда М.Р.Битянованың психодиагоностикалық минимумдар негізінде барлық жұмысты ұйымдастыру ыңғайлы болып табылады. Сонымен қатар И.В.дубровина мен Л.И.Прихожан жасаған <<Положение о школьной психологической службе>> деген еңбекке сүйене отырып көптеген мәслелердің мән-мағынасын ашып алуға мүмкіндік туады. Осы әдістемелік құралдар орыс тілінде ғана жарық көріп жүр, әлі қазақ тіліне аударылмаған. Сондықтан мектеп психологтары түп нұсқадан бастап барлық әдістемелерді толық өздері анықтап шығуға тура келіп тұр.
Тек соңғы кезде С.Х.Бектенғалиева, Н.Қ.Ядгарова <<Бала бақшадағы психологиялық қызметті ұйымдастыру>>, жақында жарық көрген әдістемелік құралдар Л.К.Көмекбаеваның <<Психологиялық қызметті ұйымдастыру>>, Т.Р.Нұрмұхамбетова <<Тәжірибелік психология>>, Сұлтанова Ғ.Т. <<Мектеп психологының жұмыс кітабы>> әдістемелік көмекші құрал ретінде кітабы осы оқулықты толықтыруға мүмкіндік жасап жатыр.
3

Қазіргі таңда практикалық психология белсенді даму үстінде: психологиялық қызметтің небір салалары бар. Психология күнделікті өмірде болып жатқан құбылыстардың мәнін ұғынуды, бала тәрбиесі, психикалық тұрғыдан денсаулық туралы, тұлғалық даму туралы ойланатын, түсінгісі келетін әр адамның ең жақын қолдаушысына айналуы тиіс.
Ұлдардың, қыздардың жүріс-тұрысы, киім киінуі, құрбы-құрдастарымен, айналысымен қарым-қатынасы, бәрі де арнайы білім алумен бірге тәрбиеге тығыз байланысты. Біз, ата-ана, мұғалімдер және психологтар - оларға көрсеқызарлық, жеңіл мінезділік, жат қылықтардан гөрі татулық, адамгершілік қасиеттерді көбірек айтып, бойларына сіңіре отырып, тәрбие өзегіне айналдырамыз.
Психологтың барлық міндеттерін, этикалық және эстетикалық талғамдарын сақтай отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, зияткерлігін арттырып, мен өз қызметімнің алға басуына күшімді саламын. Себебі, мен өз мамандығымды қызығушылықпен орындап, басқалары қызыға қарайтындай деңгейге жеткізгім келеді.
Мектеп психологиялық қызметінің жұмысына қажетті әдістемелік құралдардың жетіспеушілігі мәселелері болғандықтан баяндаманың тақырыбын: <<Қазіргі кезеңдегі психологиялық қызметтің жұмыс бағыттары мен іс-құжаттарының түрлері>> деп алдым.
Мақсаты: мектеп психологі жұмысының негізгі бағыттар мен іс - құжаттарын жүйеге келтіру.

Зерттеу базасы: І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебі Созақ ауданы
Ұсынылып тұрған баяндамада: педагог-психологтың лауазымдық міндеттері, ұйымдастыру жұмыстары, негізгі бағыттары, жылдық, айлық, апталық жоспары, циклограмма, өткізілетін сабақтардың бағдарламасы мен іс-шаралары, оқушылардың даму, педагогикалық-психологиялық, жеке карталары,жылдық есеп пен номенклатура құжаттары, журналдары және тағы басқа педагог - психологқа қажетті іс-құжаттары жазу үлгілері берілген.
Бұл баяндама жұмысы психология ғылымындағы әр түрлі елдердің зерттеулеріне, интернеттегі ақпараттарға, Рессейлік әріптестерімнің жұмыстарына, бірнеше қаланың педагог-психологтардың (Т.Р.Нұрмұхамбетова <<Тәжірибелік психология>>, Сұлтанова Ғ.Т. <<Мектеп психологының жұмыс кітабы>> әдістемелік көмекші құралына,) жұмыстарының тәжірибелеріне, әрі бірнеше бағытта оқытылған психологтардың оқуына қатысып, өзімнің бес жыл бойы жинақталған, құрастырылған іс-тәжірибемнің құжаттарыма сүйене отырып жазылған жұмысымды ұсынамын.

4

1.1 Білім беру жүйесінде психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру
Білім беру жүйесінде психологиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға соңғы кезде үлкен назар аударылуда, өйткені мектептегі оқушылардың жеке ерекшелігін, таным процестерін толық менгеруге, ата-аналар мен мұғалімдердің көптеген мәселелерін шешуге, психологиялық жағынан көмек беруге мұғалімдердің өздеріне өте қиын. Сондықтан да білім беру жүйесінде психологиялық қызметті ұйымдастыру күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі болып отыр.
Мектептегі психологиялық қызмет дегеніміз не, мақсаты, міндетті, іс - құжаттарының түрлері қандай деген мәселені қарастырайық.
Мектептегі психологиялық қызмет - әрбір баланың толыққанды психикалық және тұлғалық дамуына әсер ететін жағдайлармен қамтамасыз ету негізгі мақсаты болып табылатын білім беру жүйесіндегі арнайы сала.
Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаты - мектеп оқушыларының жеке тұлға ретіндегі қалыптасуына, олардың шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуына, қабілеттері мен бейімділіктерінің дамуына көмектесу; олардың психологиялық ерекшеліктерін терең зерттеу; оқушылардың психикалық дамуындағы ауытқушылықты, кешеуілдеуді болдырмаудың жолдарын іздестіру; мұғалімдер ұжымында психологиялық ахуалды қалыптастыру; ата-аналар үшін психологиялық сауаттандыру, білім беру сабақтарын ұйымдастыру. Халыққа білім берудегі мектептегі психологиялық қызметтің негізгі мақсаттары оның жұмысының мазмұнына сәйкестігімен анықталады:
1. Баланың әр жас ерекшелік кезеңінде толық жеке және интеллектуальдық жетілуін, өз-өзін тәрбиелеу және өз-өзін жетілдіру қабілеттерін дамытуын қамтамасыз ету қажеттілігімен анықталады. 2. Әр балаға жекелей ықпал етуді және осыған сәйкес балалардың психологиялық-педагогикалық жағын зерттеу ерекшеліктерін қамтамасыз ету маңыздылығымен анықталады. 3. Профилактика міндеттерімен және балалардың жеке және ақыл-ой дамуындағы ауытқуларын жеңе білуімен анықталады.Міндеттері:
- білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметті ұйымдастыру проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау негізінде мектеп психологиялық қызметінің міндеттері мен мазмұнын анықтау;
- мектеп психологі қызметінің негізін құратын жұмыс бағыттарын, іс-құжаттары мен психодиагностикалық әдістемелерді іріктеп алып, оларды жүйеге келтіру;
- І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектеп директорымен бекітілген педагог - психолог С.Браташтың лауазымдық міндеттері;
Өз жұмысына педагог-психолог Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын, ҚР Президентінің Жарлықтарын, білім беру саласын басқаратын барлық деңгейдегі органдардың шешімдерін басшылыққа алады.
5
Мектеп психологының құқықтары мен міндеттері және жалпы ережелер, мектеп психологының негізгі қызметтік мәселелері туралы арнайы Психологтың ұстаным әдебі туындайды:
* Бүлдіріп алма! Өз біліміңді игілік үшін қолдан!
* Баға беруге асықпа! Әсіресе, теріс баға беруге әуестенбе! Теріс бағаны дауыстап айтпа!
* Әр адамды қазір қандай, сол тұрғыда <<сөзсіз оң қабылдау>> (Роджерс). Өзіңе сеніп келген баланы түсінуге тырыс.
* Кәсіби құпияны сақта. Оқушылар, педагогтар, ата-аналар туралы оларға қандай да кесел келтіретін мәліметтерді хабарлауға қатаң тыйым салынады.
* Жұмыстағы әріптестеріңді, олардың кәсіби шығармашылығы мен жұмыс әдістерін өз бетінше таңдау құқығын сыйла.
* Өзге адамдар алдында әріптестерге қатынасты жұмыстағы жағдайларды талқылама!
* Білікті бол! Өзің жеткілікті дәрежеде игермеген техника мен әдістемелерді қолданба!
* Клиентпен өзара шекараңды біл! Клиентке өзі туралы аса қымбат құпияларын ашуға мүмкіндік берме, оны белгілі бір арақашықтықта ұста, әйтпесе оның құрметі мен сенімін жоғалтып алуға болады.
* Клиенттің өз құқықтары мен қылықтарына өзі жауап беру мүмкіндігін тартып алма! Клиентке өз тағдыры үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру қажет.
* Өз біліміңді көрмеге қойма! Клиентке кез-келген сәтте сөйлеуге, ойын айтуға мүмкіндік бер.
* Клиентке теріс ақпарат берме. Психолог кей кезде өзі біле бермейтін нәрсе туралы айтып, соңынан ол жалған нәрсе туралы мойындағысы келмеуі мүмкін. Бұл клиенттің де, психологтың да өмірін күрделендіруге, немесе қате шешім қабылдауға алып келуі мүмкін.
* Клиенттің психологиялық процедураларға міндетті түрде қатысуы және ерікті түрде қатысу принципін сақта.
* Ө - зіңді адам ретінде және маман ретінде құрметте! Ескер! 14. Психологтың негізгі қасиеті - тыңдай білу...

Теңіз жағасында күнбе-күн бір қарт адам жағаға шығып қалған теңіз жұлдызшаларын еңкейіп алып теңізге кері лақтырып жүреді. Оны байқап жүрген бір бала: <<Ата, мұндай жұлдызшалар мың-мыңдап толып жүр ғой теңізде. Несіне әуре боласыз? Сіздің кері лақтырғаныңыздың қандай пайдасы, мәні бар>> депті. Сонда қарт кезекті жұлдызшаны көтеріпті де: <<Оның мына жұлдызша үшін мәні бар>> деп жұлдызшаны суға жіберіпті.
Әрбір адам - бір жұлдыз. Біздің міндетіміз әрбір адамның жарқырауына көмектесу!!

<<Менің ойымша қазақтардың қайталанбас этикалық-психикалық әлемі - әлі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние>>
Н.Ә. Назарбаев

+ Психологиялық қызметтің негізгі жұмыс бағыттары, міндеттері
және оны жүзеге асыру формалары
* Психологиялық диагностика - оқушының, ата - ананың тұлғааралық жетілуіндегі ерекшеліктерді нормадан ауытқуды ғылыми негіз деп беретін сала. Психологиялық диагностиканың мақсаты: жеке тұлғаның дара және жас ерекшелігін, тұлға аралық қарым-қатынасын зерттеу. Психологиялық диагностиканың негізгі міндеті - педагогтарға ата-аналарға балалардың жеке психологиялық ерекшеліктері жайлы қажетті ақпарат беру. Психологиялық диагностикаға кіріспестен бұрын, оқу жылы барысында тесттердің мақсаты мен міндетін түсіндіру, олардың жазбаша рұқсатын, қолдарын жинау қажет.
* Психологиялық ағарту (профилактика) - мұғалім, ата анасы, оқушыны психологиялық білімдермен қамтамасыз ету, жаңалықтарды жеткізу. Психологиялық ағартудың мақсаты - тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуын кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау, педагогтарды, ата-аналарды психологиялық біліктілігін арттыру. Психологиялық ағартуға әдістемелік кеңесте, ата-аналар жиналысында өтілетін лекциялар, әңгімелесулер, семинар-практикумдар, ата-аналар жиналысы, көрмелер, жаднамалар дайындау. Балаларға қазіргі уақытта бақытты арайлы өмір жағдайын туғызу. Яғни ересектерге психологиялық ағарту жүргізу арқылы мұның басты мәселе екеніне көзін жеткізу. Психологиялық алдын алу - мүмкін болған ауытқудың алдын алу шаралары. Психологиялық алдын алудың мақсаты: барлық жас кезеңінде балалардың психологиялық саулығын дамыту және сақтау, нығайту. Әр жас кезеңін ескере отырып, балаларға арналған дамыту бағдарламаларын жасау және он іске асыру, алдын алу шараларын қолдану, мектептегі тәрбие мен оқу арқылы баланың толыққанды дамуына жадай туғызу психологтың ең жауапты жұмыс бағыты.
* Психотүзету (психокоррекция) және дамыту - түзету, өңдеу мақсатында нормадағы балаларды қарастырады, ауытқуы бар балаларды түзету іс - шараларын қарастырады. Психологиялық түзетудің мақсаты: балаларды жеке тұлғалық дамуындағы психологиялық ауытқуларынан арылту, түрлі жағымды іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру жалпы оқу дағдысымен біліктілікті дамыту. Психолог жұмысындағы түзету-дамыту бағыты, қызметтің ең қиын тұсы. Сондықтан да бұл бағыт практик психологтан шеберлікті қажет етеді.
* Психологиялық кеңес (консультация) жүргізу, кәсіби кеңес (консультация) жүргізу - диагностикалық негізде туындайды. Психологиялық кеңес берудің мақсаты: педагогикалық үрдістердегі қатысушыларға мәселелерді,оқу-тәрбие үдерісінде туындаған проблемаларды шешуге көмек көрсету. Кеңес беру жұмысында психологтың іскерлігі мен дағдысын дамытумен бірге бұл арнайы дайындықты талап етеді.
* Әлеуметтік-диспетчерлік бағыттар: 1) педагог-психологтың және кең көлемде талап етілетін мамандардың кәсіптік құзыреттілігі, функционалдық міндеттері шеңберінен шығатын проблемаларды шешу бойынша (дефектологтарға, логопедтерге, тифлопедагогтарға т.б.) аралас-мамандармен жұмыс жүргізу; 2) әлеуметтік-медициналық-психологиялық қызметтер туралы деректер банкін қалыптастыру; 3) аралас-мамандармен және шұғыл жағдайда көмек көрсету бойынша мүдделі органдармен өзара іс-қимыл нәтижелерінің мониторингін жүргізу.
Аналитикалық іс-әрекеттің мақсаты: туындаған проблемалық
себептердің ғылыми-теориялық негіздерін қарастыру, педагогикалық процеске қатысушыларға кешенді ұсыныстар жасау.
Психологиялық білімді көтеру - мақсаты: педагогикалық үрдістерге
қатысушыларды психологиялық мәдениетін көтеру.

Балалармен жұмыс істеудегі психологтың міндеттері: Оқушы
Баланы әлеуметтендіру, яғни білім беру мекемесі мен өз тобына, сыныбына, жаңа ережеге және қарым-қатынасқа бейімдеу;
* Жас кезеңіндегі баланың психикалық дамуын қалыпты ету;
* Бала дамуындағы өзіне ғана тән ерекшелігін, әрекетінің және қарым-қатынасының жеке стилін қалыптастыру;
* Баланы өзін-өзі жетілдіруіне және тұлғалық өсуіне ықпал ету;
* Баланың эмоциялық және ерік сипаттарын тұрақтандыру;
* Баланың танымдық қабілетін, қарым-қатынасын және қайтымды байланысын белсенді ету;
* Балалармен топтағы тұлғаралық қатынасын оңтайландыру;
* Балалардағы психологиялық ауытқулар мен бұзылулардың алдын алу.
Мектептегі қосымша міндеттер:
* Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру;
* Ішімдік пен есірткіге психологиялық, химиялық тұрғыда бағыныштылықты және формальды емес топтар мен діни, қоғамдық-саяси, асоциалды бірлестіктерге психологиялық бағыну мен олардың манипуляция жасауының алдын алу;
Психологиялық - педагогикалық консилиум - белгілі бір баланың, сыныптың немесе тұтас білім мекемесінің психологиялық-педагогикалық проблемаларын шешудің тәсілдерін анықтайтын психологтың педагогпен, білім мекемесінің әкімшілігімен бірлескен жұмысы.
Психологиялық жұмыстың бағыттары:
* Балаларды диагностикалау;
* Балалардың дамуын түзету;
* Балалардың ауытқуын алдын алу;
* Балалармен дамыту жұмыстары;
* Балаларға кеңес беру;
* Балаларға ағарту жұмысын жасау.
Жұмыстың оңтайлы формалары:
* Білім мекемесіндегі баламен жеке жасалатын жұмыстар - диагностикалау, ойындар, сабақтар, кеңес берулер.
* Топпен және кіші топпен жұмыстар - психологиялық түзету, дамыту сабақтары, психологиялық сабақтар, сағаттар.
* Балалардың өз қатарластарымен бірлескен жұмысы.
Отбасымен жұмыс істеудегі психологтың міндеттері:
* Бала мен ата-ана қатынасын оңтайландыру;
* Баланы дамыту мен оқытудың жеке стратегиясын анықтау;
* Баланың жағымды эмоциялық күйін және жетістікке жетуін қамтамасыз ету;
* Баланың психологиялық ауытқуын және бұзылуын алдын алу.

Психологиялық жұмыстың бағыттары: Ата-ана
* Ата-аналарды диагностикалау;
* Ата-аналармен дамыту жұмыстарын жүргізу;
* Ата-аналарға кеңес беру;
* Ата-аналарға ағарту жүргізу.
Жұмыстың оңтайлы формалары:
* Ата-аналармен жеке жұмыстар - диагностикалау, кеңес беру.
* Топтық жұмыстар - психологиялық тренингтер, семинарлар, ата-аналар клубы, ата-аналар жиналысы.
* Ата-аналар мен баланың бірлескен жұмысы.
Педагогикалық ұжыммен жұмыс істеудегі психологтың міндеттері:
* Педагогикалық үдерісті психологиялық тұрғыда қамтамасыз ету;
* Педагог пен бала қарым-қатынасындағы педагогикалық стильді оңтайландыру;
* Баланың тұлғалық өсуіндегі дара ерекшелікті анықтау.
Психологиялық жұмыстың бағыттары:
* Педагогикалық ұжымды диагностикалау;
* Педагогикалық ұжыммен дамыту жұмыстарын жасау;
* Педагогикалық ұжымға кеңес беру;
* Педагогикалық ұжымға ағарту жұмыстарын жүргізу.
Жұмыстың оңтайлы формалары:
* Педагогтармен жеке жұмыс - диагностикалау, кеңес беру, сабақтарға қатысу және оны талдау.
* Топтық жұмыс - психологиялық тренингтер, семинарлар.
* Педагогпен және әкімшілікпен бірлескен жұмыс.
* Білім мекемесі жағдайында жасалатын психологиялық жұмыстың екі формасын жүргізу, яғни психологиялық - педагогикалық консилиум ұйымдастыру және педагогикалық кеңеске мәселені қою.

10

1.3 Педагог - психологтың негізгі құжаттарының түрлері
және оның жүргізілу тәсілдері

Мектептердегі психологиялық қызметтін қалай ұйымдастырылуы, мектеп психологтарының негізгі құжаттарының қалай болуы, қалай жүзеге асырылуы женінде әдістемелік құралдардың аздығы, болса көбісінің орысша басылып, оны аударуға уақыттың көп кетуі, қазақша психологиялық сөздіктің жоқтығы деген сияқты мәселелер мектеп психологтары үшін қиындыктар тудырады.
Педагог - психологтың негізгі құжаттарының түрлері
I. Нормалы (қағидалы) құжаттар
Мақсаты: Психологтың жұмыс мазмұның мемлекеттік стандартқа сай болуы.
* Бала құкығы туралы халықаралық конвенция
* <<Білім туралы>> ҚР заңы
* <<Білім>> мемлекеттік бағдарлама
* Психологиялық қызмет ережесінің жобасы
* Білім мекемесіндегі педагог-психологтың статусының жобасы
* ҚР білімінің даму концепциясы
7. Психологтың этикалық кодексі
II. Концептуалды құжаттар
Мақсаты: Психологтың жұмысын ұйымдастыру
* Психологиялық қызметтің тұжырымдамасы
* Психологиялық қызметтің моделі (құрылымы)
* Мектептің басқа жұмысындағы мақсатты бағдарламасы
III. Қызметтік және есептік кұжаттар
Мақсаты: Психологтың атқарған жұмыстарын тіркеу журналы
* Мекеме басшысымен бекітілген бір жылға арналған күнтізбелік жоспары
* Психологиялық қызмет бағыттарын көрсететін жалпы жұмыс жоспары
* Күндік, апталық, айлық жоспар
* Циклограмма
* Жылдық есеп
* Жеке іс - шаралар:
* Дарын
* Девианттық
* Аутоагрессия
* ҰБТ
* ОЖСБ
* Кәсіптік бағдар
* Мүмкіндігі шектеулі
* Үлгерімі төмен
* Бейімделу 5,10 сынып
* Ата - аналармен
* Мұғалімдер
* ЖҚТБ,есірткі
11
Есептік құжаттар
Мақсаты: Психологтың жұмыс мазмұнының көрінісі (жабық құжат)
* Жылдық аналитикалық анықтама, мәлімет, есеп
* Статистикалық есеп (айлық, тоқсандық, жылдық мәтіндік есептер)
* Педагогикалық - психологиялық сараптама жұмыстарының қорытындысы бойынша талдау жеке топтық жұмыстардың аналитикалық анықтамалары
* Психологиялық кеңес беру бағытының журналы
* Жеке түзету-дамыту сабағын есепке алу журналы
* Топтық түзету-дамыту сабағын есепке алу журналы
* Сұранысты тіркеу журналы
* Психологиялық сұраныстар журналы
* Психологтың атқарған жұмыстарын тіркеу журналы
* Психодиагностикалар (акт, карта, психологиялық портреттер, зерттеудің хаттамалары, қорытулар, салыстырмалы кестелер, кеңестер)
* Әкімшілікпен жұмыс жоспары
* Кәсіптік өзін-өзі жетілдіру жоспары. Мектеп психологында психологиялық-педагогикалық шеберлікті дамыту папкасы болу керек. Онда: білімді жетілдіру курстарын бітіргенін растайтын сертификатгар, жетістіктер, грамоталар, мақтау қағаздары болады.
* ЖБІБ және мектеп ішілік тіркеуде тұрған оқушылардың картотекасы;
* Ішкі қолданыс үшін қамқорлыққа алынған балалардың медико-психолого-педагогикалық мінездемесі;
* Психологиялық қызмет көрсету кабинеті жоспары
Қосымша психологқа арналған құжаттар
* Бапкердің сөмкесі (психологиялық ойындар мен жаттығулар)
* Бейімделу процесін психологиялық қамтамасыз ету
* Танымдық процесстерді дамыту тақырыбы бойынша материал папка
* Тақтаға ілетін материал.
* Мектеп тақырыбы бойынша тәжірибелік экспериментік жұмыстың бағдарламасы ТЭЖ (2-3жылға)
* Психологиялық - педагогикалық шеберлікті дамыту папкасы (білімді жетілдіру курстары, сертификаттар грамота мақтау кағазы
* Психологиялық ағарту бағыты (педагогикалық кеңесте, ата-аналар жиналысында өтілетін лекциялар жинағы, семинар практикумдар, тақырыптық көрмелер, жадынамалар).
* Психологиялық алдын - алу бағыты (жас кезеңі ескерілген дамыту бағдарламалары) материалдары папка
* Өткізілетін сабақтардың қысқаша жоспары және бағдарламасы
* Кабинет паспорты, мүліктер мен құралдар тізімі
* Диагностикалық материалдар картотекасы (әдістемелердің авт.)
* Психологиялық қызмет көрсету кабинеті жоспары
* ҰБТ алдындағы лайындық материалдар жинағы папка
* ОЖСБ - ға дайындық материалдары папка
* ЖҚТБ,есірткі жайлы материалдар жинағы папка
* Аутодеструктивтік (суицид) жайлы материалдар жинағы папка 12
* МПМК (үйде оқытылатын оқушыларға) материалдар жинағы папка
* Девиантты балалармен жұмыс материалдары папка
* Кәсіби бағдар бойынша жұмыс материалдары папка
* 12 жылдық білім беру материалдары

Түрлі балалар құрамымен жұмыс:
а) Дарынды оқушымен жұмыс (оқушы жайлы мәлімет, жеке ерекшелігіне арнаған картотекасы, арнайы жұмыстар)
б) Үйде оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс (сабақ кестесі, жылдық жоспар, даму динамикасы, мінездемесі, пән мұғалімдерімен жұмыс анықтама, құжаттарын қадағалау)
в) Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс (оқушы жайлы мәлімет, жеке ерекшелігіне арнаған картотекасы, арнайы жұмыстар)
г) Девианттық мінез-құлқы бар балалармен жұмыс (мәліметтер алу, жеке, топтық жұмыс, қызығушылығына қарай үйірмелерге тарту, сынып жетекшіге педагогикалық - психологиялық көмек көрсету, ата-аналарына кеңес беру, психологиялық-педагогикалық консилиум өткізу, ДТІЖО, КТІЖБ-мен бірлесіп профилактикалық жұмыстарын ұйымдастыру, жеке картотека арнау, ағарту жұмыстары девианттық мінез-құлықтың алдын алу іс шаралары)
д) Қамқорлықтағы балалар және жетім балалармен жұмыс (мәлімет алу, жеке бағалауда қадағалау, жеке топтық жұмыста ерекше көніл бөлу, жеке картотека арнау) Әлеуметтік педагог пен байланыс
е) Аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылармен жұмыс (мәлімет алу, жеке бағалауда қадағалау, жеке топтық жұмыста ерекше көніл бөлу, жеке картотека арнау) Әлеуметтік педагог пен байланыс
ж) Аутоагрессияға бейімділігі бар, ерекше назар аударатын оқушымен жұмыс (мәлімет алу, жеке бағалауда қадағалау, жеке топтық жұмыста ерекше көніл бөлу, жеке картотека арнау, мониторинг) Сынып жетекші мен пән мұғалімдермен байланыс
Оқушылардың жеке психологиялық мінездемесі, оқушылардың жеке картотекасы (өткізілген жұмыстардың нәтижесі, ескерту, даму динамикасы бәрі жүйелі түрде сыныптан сыныпқа, тұлға туралы жан - жақты ақпарат жиналып, жас ерекшелігне сай жыл бойы толтырылады).
Оқушыларға арналған құжаттар (ашық құжаттар)
+ Іс - шара, сабақтардың бағдарламасы ата - аналарға
+ Әдістемелік нұсқаулар, жадынамалар оқушыларға арналған материалдар: мақала, кеңестер жинақтар папкасы
+ Оқушыларға арналған сауалнама, әдістемелер жинағының папкасы
+ Өткізілетін тренинг - сабақтары, (слайд) баяндама, кеңестер жинақтар
+ Мектеп үшін өзекті тақырыптар бойынша тәжірибелі эксперимент жұмыстарының (ТЭЖ) бағдарламасы
+ ҰБТ-ға дайындық кезінде оқушыларға психологиялық сүйемелдеу жұмысы
+ Дарынды балалармен психологиялық сүйемелдеу жұмыстарының папкасы
Оқушыларға арналған құжаттар (жабық құжаттар) 13
+ Педагогикалық-психологиялық сараптама жұмыстарының қорытындысы бойынша талдау дәптері (әр сыныпқа)
+ Психодиагностикалық нәтижесі бойынша оқушының жеке даму картотекасы
+ Мектептің 5-11 - сыныптарындағы психодиагностикалық зерттеулердің қорытынды аналитикалық анықтамасы әр сыныпқа
+ Зерттеу жұмыстарының мониторингі, хаттамалары, мәлімет.
Ата - аналарға арналған құжаттар (ашық құжаттар)
* Іс - шара, сабақтардың бағдарламасы ата - аналарға
* Әдістемелік нұсқаулар, жадынамалар ата анаға арналған материалдар: мақала, кеңестер жинақтар папкасы
* Ата аналарға арналған сауалнама, әдістемелер жинағының папкасы
* Ата аналарға өткізілетін тренинг - сабақтары, (слайд) баяндама, кеңестер жинақтар папкасы
* Ата - аналарға арналған құжаттар (жабық құжаттар)
* Ата аналарға өткізілген жұмыстарға мәлімет, сараптама мониторинг жүргізілген жеке жұмыстардың аналитикалық анықтамалары т.б.
* Сұраныс бойынша жұмыс дәптері
* Ата - анамен жеке, топтық жұмыстың дәптері
* Ата анаға өткізілген жұмыстарды тіркеу дәптері
* Ата анамен байланыс дәптері
* Әр жылға өткізілген жұмыстардың мониторингі, салыстырмалы түрде диаграммасы, нәтижесі, ескерту, сараптама ұсыныс есебі
Мұғалімдерге арналған құжат (ашық құжаттар)
* Іс - шара, сабақтардың бағдарламасы
* Мұғалімдерге, жас мамандарға арналған материалдар папкасы
* Мұғалімдерге өткізілетін тренинг - сабақтары, баяндама, кеңестер папкасы
* Мұғалімдерге арналған сауалнама, әдістемелер папкасы
* Жас мамандармен, сынып жетекшілермен байланыс жұмыс папкасы
* Мұғалімдерге арналған құжат (жабық құжаттар)
* Мұғалімдерге өткізілген жиналысқа хаттама: сауалнамаға аналитикалық анықтама, жалпы өткізілген семинар жұмыстарға мәлімет папкасы
* Сұраныс бойынша жұмыс дәптері
* Жеке, топтық жұмыстың дәптері
* Сынып жетекшілермен байланыс дәптері
* Өткізілген жұмыстарды тіркеу, сараптама, байланыс дәптері,
* Әр жылға өткізілген жұмыстардың мониторингі, салыстырмалы түрде диаграммасы, нәтижесі, хаттама, ескерту, ұсыныс есебі папкасы
* Педагогикалық зерттеу журналы; (мұғалімдердің жеке картотекасы, психологиялық - педагогикалық мінездеме)
Әр папка ішінде бар құжаттар тізбесі болу керек. Әр сыныпқа жас ерекшелігіне сай папка бастауға ұсыныс жасауға болады, онда жиналған керек мәліметтер жиынтығы яғни, диагностикалық тексеріс мәліметі, суреттер, және т.б. туралы мәліметтерді сақтау үшін мұрағат болу керек. Мұндай құжаттар оқуды аяқтағанша сақталу қажет. 14

<<Мектебімізде таза, берік, хәм өз жанымызға (қазақ жанына) үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады>> дейді М.Жұмабаев.

ҚОРЫТЫНДЫ

Бұл жерде мектеп психологіне жүктелер міндет ауыр. Ең бастысы психолог маман мектепті алға апарудың барлық жақтарын білуі шарт. Мектептегі психологиялық қызмет халық ағарту жүйесіндегі аса қажетті салалардың бірі. Психолог өзінің кәсіптік білімдеріне сүйене отырып, баланаң даму деңгейін белгілейді; түрлі психологиялық ауытқушыларды дер кезінде аңғарып, оны түзету жолдарын тығыйындайды; болуы мүмкін қиындықтардың алдын алу үшін психологиялық шаралар ұйымдастырылады. Мектеп ұжымына кездесіп қалатын психологиялық мәселелерге өтініштің түсуіне байланысты психологиялық (топтық және жеке) кеңестер береді, ата-аналармен психологиялық ағарту жұмыстармын өткізеді. Клиенттің тұлғалық қасиеттерін анықтау нәтижесінде психолог оның мүмкіндігі туралы құнды деректер алады. Ұжымдағы өзара қарым-қатынас типтерін реттейді, топтағы психологиялық ахуалды байқап бір қалыпты жағдайда ұстап отыруға мүмкіндік береді. Сонымен психологтың білім беру мекемелеріндегі алатын кәсіптік статусы түрлі жерде әр түрлі. Ол психологтың жұмысты ұйымдастыру тәсілдеріне байланысты, яғни жұмыс істейтін психолог маманданған, психологиялық білімі жоғары, адам жанын танушы болуы қажет.
Психологтың жылдық жоспары психологиялық климатына анализ жасауға, іс-шараларды бірегей өткізуге, ата-анамен қарым-қатынасына, балалар мәселесі, әкімшілік және ата-аналар сұранысына әсер етеді. Психологтың басқа мамандармен өзара қарым-қатынасы жүйелі түрде болғаны қажет. Мұғалімдерге, психологтарға арналған психологиялық семинарлар, лекциялар тәжірибе алмасу жұмыстары өткізілуі тиіс.
Оқушылар, мұғалімдер, ата-аналармен психологиялық жақсы қарым-қатынаста болу керек. Пед.советтерге қатысамын, сұраныстар бойынша мәліметтер жинап дайындаламын. Оқушыларымен, ата-аналармен, ұжыммен тест жұмыстарын, тренинг жаттығуларын өткіздім. Мен әлі де жас маманмын, осы уақыт бойы атқарылған жұмыстарым көп, әлі де ойымда, болашақта көптеген жоспарланған жұмыстарым көп. Бүкіл жоспарланған ойымды жетілдіруге тырысамын деп үміттенемін.
Қазақстанда Өзіміздің Ұлттық психологиялық қызметтің жүйелі, нәтижелі болуына үлесімізді қосуға дайынмын деп айтсам да болады.

15


Пайдаланылған әдебиеттер:

1 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы / Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. - Астана, 1 наурыз 2006.
2 Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңы. /ҚМ., 23 шілде, 1997
3. Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 528 Бұйрығы.
4. Т.Р.Нұрмұхамбетова <<Тәжірибелік психология>> IIII - бөлім
5.Сұлтанова Ғ.Т. <<Мектеп психологының жұмыс кітабы>> әдістемелік көмекші құрал
6. О.Н.Истратова,Т.В.Эксакусто Большая книга подросткового психолога
7. Е.И.Рогов Настольная книга практического психолога
8. С.Нұржанова Жалпы және балалар психологиясы
9. А.Панова Әлеуметтік педагог қызметі: ұйымдастыру және жоспарлау
10. Мектептегі Психология в школе журналдары
11. Большая энциклопедия психологических тестов М Эксмо, 2007г
12. М.М.Байбекова, П.М.Ибраева <<Әлеуметтік психологиялық тренингтер, әдістемелер мен жаттығулар>> Шымкент 2012ж

16


Ұқсас жұмыстар
Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны даярлау бағытында жүргізілген психопрофилактикалық жұмыстар
Психологиялық ағарту шаралары
<<технология пәнінен жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері.>>
Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері және құрылымы
Оқушылардың білім сапасын арттырудағы сынып жетекшісінің ролі
Оқушының сабаққа
Бос уақытты ұйымдастыру
Педагог-психолог, 2013-2014 жылдық есеп
Педагог-психологтың ата-аналарға психологиялық кенес беру жұмысы
Тәрбие жоспары. 9 сынып
Пәндер