Сабақ жоспары :: Психология
Файл қосу
"мінез-құлық мәдениеті" көмекші мектеп бағдарламасы бойынша сабақтар
Күні 02.09.2011ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Өзіңді-өзің тани біл»
Мақсаты: Оқушының мінез-құлқының қалыптасуындағы өзін-өзі тәрбиелеудің
маңызы. Тұлғалық қасиетті білу.
Өту әдісі:жеке әнгеме, ойын және ертегі терапиясы.
Сабақтың барысы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
Өзіңнен өзіңді ізде,
Өзіңе
өзің бағын.
Өзіңді
өзің тани біл.
Ф.М.Достоевский.
Бүгінгі күннен бастап, «Мінез құлық – мәдениеті» сабағын өтеміз. Әр
жұма сайын бір рет сабақ өтіледі. Алдымен «Мінез құлық – мәдениеті»
сабағында не өтеміз? Адамның ішкі жан дүниесі, сезімі, сыртқы келбетінен
көздерінен, бет әлпетінен мінез құлқынан көрініс табады. Ішкі жан дүниесі
бай болса, оған мінез – құлқының жоғары мәдениеті де сай келеді. Әр адамның
өзіне берілген ерекше мінезі болады. Сол мінезімізде тек жақсы қасиеттер
болса, қандай мәдениетті адам деп саған айтады.
«Менің есімім» атты жаттығуын өтеміз. Өз атын атап, есімінің алғашқы
әріпінен басталатын ойына келген сөз айтылады. Мысалы: Сауле сабырлы,
немесе сникерс десек те болады. Ал сенің есімің кім? Айгерім! Тамаша! Ал
енді Айгерім «А» әріпінен басталады, сондықтан «А» әріпіне қандай сөз
келтіресің? Алма.......Аяулы....
Тапсырма: Өзім дегенде ........(Әнгіме түрінде ) Адам сөйлескенде ең көп
«Мен» сөзін қолданады екен. Өйткені бұл оған ұнайды. «Мен сүйттім», «Мен
бүйттім» дегеннен адам жадығар емес. Ал енді адам «мен» дей берсе сол
дұрыс деп ойлайсын ба? Неліктен? Өз ойыңмен бөлі сен. Ал адам өзін қалай
тани біледі? Талдау.....
«Өзін-өзі бағалау» Оқушының өзін-өзі бағалауын анықтау. Өзін-өзі бағалау-
өз қабілетіне, мүмкіндігіне, мінез құлқына, ішкі жан дүниесіне, басқа
адамдардың ортасында өз орнын табуы бойынша өзіне баға беріп, талдау.
«Ғажайып қыз» ертегі. авт. С.Б. Ертегіні ғажайып қалада, ғажайып үйде бір
қыз болған. Енді сол жайлы ертегіні бастаймыз, ал сен маған көмектесерсің,
егер мен ұмытып қалсам. Ғажайып қыз деп оны неліктен атаған екен? Өйткені
ол ерекше тәрбиелі, иманды, мінезі ақ жарқын, көнілді, мейірімді қыз
болғандықтан бәрі де оны жақсы көрген. Ал жалғасын келесі сабағымызда
жалғастырамыз. Сен сол қызға қандай жақсы қасиеттерді сыйлар едің?. сол
туралы ойланып, жақсы сыйлығынды дайындап қой.
Үйге тапсырма беру: Адам бойындағы жақсы қасиеттерді қандай болады, ойланып
айту.
Нәтижесі:...................................................................
............................................................................
......
Тексерген:
Күні 09.09. 2011ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Өзіңді-өзің тани біл»
Мақсаты: Оқушының бойына адамгершілік қасиеттерді ұялату, мейірділік,
ойшылдық т.б. қасиеттерді игеруге ықпал ету.
Өту әдісі: жеке әңгеме, дамыту ойындары.
Сабақтың барысы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
«Жел кімге қарай соғады?» ойыны авт. Нұрмұхамбетова Т.Р.
Мақсаты: баланың зейінділігін нығайту, басқа адамдардың жақсы қасиеттеріне
көңіл аударып оны бағалауға үйрету.
Ойынның ережесімен таныстыру. «Мен әрқайсыңның өздеріне тән
ерекшеліктеріңді атап отырамын, (ойыншықтарды ойынға есімін атап қатыстыру)
ал сен ол кім екенін табуың керек. Ыстық күнде салқын жел жирен шашты
балаға қарай соғып тұр. Ол кім? Енді желдің беті мамасын тындайтын балаға
қарай ауды. Ол кім? Енді жел сіңілісі бар қызға қарай ауды. Ол кім? Жел
жылауық баланы көргенде күшейіп кетеді. Біздің ортамызда ондайлар бар ма?
Жоқ. Жел тәртіпті қызға қарай бет бұрды. Оны танисыңдарма? Ал енді жел
ерекше ашық жарқын, улкендерді сыйлайтын, адамгершілігі мол қызды іздей
бастады, ал біз оған көмектесіп жіберейік.
«Кімде қандай қасиет бар» ойыны авт. Нұрмұхамбетова Т.Р.
Малдың түрі бейнеленген карточканы таңдап алады. Мысалы: ит және иесіне
берілгендік, түлкі және айлакерлік , түйе және такаппарлық және т.б.
Ойын барысында оң және теріс қасиеттердің сырт көріністен белгілі екенін
түсінеді. Талдау.
«Сурет салу» Суретпен жұмыс. Арттерапия методикасы бойынша.
Ойындағы жақсы қасиеттері бар қыздың суретін салу, өз еркіні бойынша.
Суретті талдау. Бұл кімнің суреті? Сенің? Ал бұл суретте кім? Ол саған
ұнайды ма? Не үшін? Бұл қызда қандай жақсы қасиеттері бар? Сен маған айтып
бересің бе?
Талдау.
.......................................................................
Нәтижесі:
............................................................................
............................................................................
............................................................................
............................................................................
............................................................................
............................................................................
............................................................................
............................................................................
............................................................
Үйге тапсырма беру: Көніл күйге байланысты сурет салу.
Тексерген:
Күні 16.09. 2011ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Қоршаған орта және мен»
Өту әдісі: психологиялық тренингтер, әнгіме.
Сабақтың барысы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
«Мүсінші батпақ» ойыны
Мақсаты: Байланыс құру және эмоцияның үнсіз түрін дамыту.
Біреуіміз мүсінші, ал екіншіміз батпақ болады. Енді мүсінші батпақтан бір
сезімді ойлап соны илейді, қажетті мимика мен келбетке келтіреді. Содан
кейін мүсінші өз ойын айтып оны таныстырады. Мысалы: бұл «Сенімділік»,
«Күш», деп аталатын мүсіні.
«Қалпақ ойыны» авт. С.Б.
Мақсаты: психикалық қобалжу сезімдерінен арылту. Таным процестерін дамыту.
Ойын ережесі: Алғашқыда тақпақты оқып беру, сосын мен «қалпағым» дегенде;
оқушы басын өз қолымен екі рет соғады, ал «менің» деп айтқанда өзінің
көкірегін көрсетеді. Келесі «үшбұрыш» деп сөзін қайталағанда, үш саусағын
көрсетіп екі саусағын қосып көрсету керек. Осылай тақпақты алдымен жәй
оқып, кейіннен тез айтып өзіңе де қимылдарын көрсету керек. Ал оқушы соны
қайталап, үлгеруі керек. Бірнеше рет қайталап, оқушы тез қимылдарын көрсете
бастаған да ойын аяқталады.
Қалпағым менің, қалпағым. Қалпағым менің үшбұрыш.
Ал егер үшбұрыш болмаса, Ол менікі емес қалпағым.
«Эмоциялық термометр» жаттығуы.
Мақсаты: Күні бойы эмоция мен сезімге талдау жасауға психоэмоционалдық
көніл күй туғызуға үйрету.
Көзімізді жұмып бір күннің таңертенгі күнін еске түсіреміз. Барлық
оқиғаны қарап шығып, жеке үзінділерді еске түсіреміз. Енді көз алдымызға
оқиғаны жасаймыз. Басқа адамдармен әнгімелестін бе, қандай әсер алдың, не
үшін? Қандай сезімде тұрсың? Не сезінесін? Не айтқан жоқпын деп ойлайсын.
Сенің қоршаған ортанда кім жүр? Кімді көп көресің, кіммен көп сөйлейсің?
және т.б. Талдау.
Нәтижесі:
............................................................................
............................................................................
............... Үйге тапсырма беру: Айна алдында тұрып өзіңнен –өзің
«Сергектік», «Өмірге құштарлық» деп аталатын мүсін жаса. Дене бет-пішін
есте сақта. Осы қасиетті күніне үш рет киіп және шешіп жүр. Сол сәтте
қандай сезімде болатынын есінде сақта.
Тексерген:
Күні 23.09. 2011ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Қоршаған орта және мен»
Өту әдісі: психологиялық тренингтер, әнгіме.
Сабақтың барысы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
«Төрт апат» ойыны
Мақсаты: Қимыл-қозғалыс пен есту мүшелері арқылы зейінді дамыту жаттығуы.
Егер «Жер» деген сөзді айтса, қолын төмен түсіреді. Егер «Су» деген сөз
айтылса, қолдарын алдарына көтересің, ал «Ауа» десе, қолын жоғары
көтересің.
«Шапалақты тында» ойыны
Мақсаты: Қимыл-қозғалыс пен есту мүшелері арқылы ойын, зейінін дамыту.
Жүргізілу барысы: Бір рет шапалақтағанда «тырна» секілді тұрып қалулары
керек. Екі шапалақ «құрбақа» секілді тұрып қалу, үш шапалақтаң соң «қоян»
секілді қалу керек. Төрт рет шапалақтағанда қайтадан бастапқы қалыпқа
келулері керек. Рефлекция.
"Ғажайып сурет"
Мақсаты: Қиялын, ойлауын дамыту.
Қажетті заттар: ақ қағаз, түрлі-түсті қаламдар.
Барысы: Баладан әр түрлі гүлдердің (бәйшешек, қызғалтақ, раушан, т.б.),
көкөністердің (қияр, сәбіз, қарбыз, банан, т.б.) жемістердің (алша, алма,
өрік, жүзім, т.б.). біреудің бейнесін, бір нәрсенің көрінісін-қыздың
бейнесін, жануардың, машинаның, балықтың, т.б. суретін салуды өтіну).
Ескерту: Бала жұмыс істеп отырғанда ешқашан асықтырмау керек.
Қорытынды: Салыстыру, мадақтау, Бала қандай сурет салса да, қандай түсті
таңдаса да жұмысын мадақтау қажет.
Нәтижесі:
............................................................................
............................................................................
............................................................................
............................................................................
............................................................................
............................................................................
.........
Үйге тапсырма беру: Айналадағы әлем туралы суреттер жинау.
Тексерген:
Күні 30.09. 2011ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Мен және жанұям»
Өту әдісі: психологиялық тренингтер, сурет салу.
Сабақтың барысы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
Такырыбы: "Амандасу-сәлемдесу".
Мақсаты: Балаларды біріктіріп, өзара сенім жағдайын жасау.
Барысы: Балалар жүргізушімен бірге шеңбер жасап отырады. Амандық сөздерді
әндетіп айтуға жаттығады.
Қайырлы таң...!(Мама! Папа! Аға! т.б. ).
Қайырлы таң, аспан! (жоғарыдағы қимылдарды жасап қайталайды).
Қайырлы таң, барлық жақсылық өзімізге, қоршаған жанұямға, оларға жылы
сөздер айту (оқушы қолын жанына жайып, кейін түсіреді).
"Отбасы" суреті
Нұсқау: Өз отбасыңның суретін сал.
Тестің жүргізілуі: Балаға ақ қағаз және түрлі-түсті қаламдар, ал ересек
жастағы балалар жай қарандашты да қолдануына болады. Нұсқауды түсіндіріп
болғаннан кейін, баланың жұмысына үлкендер араласпайды, бақылап отырады.
Жұмыс уақыты белгіленбейді, бірақ бұл 10-15 минуттан аспайды. Кішкене
балалардан (4-7 жас) қай жерге кімді салғанын сұрайды, ал 7-10 жас
аралығындағы балаларға суретте кімдердің бейнеленгенін қасына жазып қоюын
сұранады. Соңында мынандай сұрақтар қоюға болады - "Мына суреттегі адамдар
көңілді ме?, Жоқ әлде көңілсіз бе?, Қалай ойлайсың? Саған егер циркке екі
билет берсе, сен өзіңмен бірге кімді алар едің? Сендер қонаққа баруға
дайындалып отырсаңдар делік, осы кезде отбасы мүшелерінің біреуі ауырып
қалды, сен кімнің ауырып қалғанынын қалар едің?".Нәтижені талдау: Алдымен
салынған суреттің көлемі мен қағазда орналасуына көңіл аударамыз. Ең үлкен
дене (сурет) баланың ойынша отбасындағы ең басты тұлға.Бала өз суретін
отбасында өзіне жақын тартатын адамның қасына алады. Осы кісіні бала өзімен
бірге циркке шақырады.
Бала өзінен алшақ салынған кейіпкерлерге қорқынышы немесе қызғанышы
болуы мүмкін. Ол отбасы мүшелерінің біреуін арқасымен бұрылдырып, болмаса
оны бір затпен кедергілеп, басқаларынан жоғары немесе төмен салуы мүмкін.
Осы отбасы мүшесі баланың ойынша, барлығы қонаққа дайындалып отырғанда
ауырып қалады. Осы адамды бала "Екі үй" тестілеуінде көрші үйге (қара үй)
кіргізеді.
Нәтижесі:
............................................................................
............................................................................
............................................................................
............................................................................
......Үйге тапсырма беру: Жанұя мүшелері жайлы ертегі құру.
Тексерген:
Күні 07.10. 2011ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Мен және жанұям»
Өту әдісі: топтық жұмыс
Сабақтың барысы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
"Шуақты күн"
Мақсаты: Ойын арқылы балалардың ойында әр түрлі ережелерді сақтауға үйрету.
Барысы: оқушы сабақта өткен таныс ережелерді сақтап, күннің жылуындай
жанұясына жылы сөздер айтады. Анасына үй шаруасында көмек көрсетеді. Оны
"Шуақты күн" деп атайды. Шуақты күн терезеге түсіп тұр. Оқушы далаға
шыққанда көршілеріне мейірлене қарап, бір-біріне жақсы лебіз, жылы
тілектерін білдіреді.
"Жіп орамы" Жанұя мүшелерімен бірге өткізу.
Мақсаты: Жанұя мүшелеріне бір-біріне жақындастыру сезімін қалыптастыру
Барысы: Жанұя мүшелері дөңгелене отырады. Жүргізуші қолындағы жіп орамының
ұшын өзінің үлкен бармағына орап, өзін қызықтыратын сұрағын көршісіне қоя
отырып (Мысалы: "Сенің атың кім, сен кімді жақсы көресің?, сен неден
қорқасың? т.б.") жіп орамын көршісіне ұзатады. Ол жіп орамын алып өзінің
бармағына орайды да, сұраққа жауап береді, сөйтіп ол жіп орамын ұзата
отырып, келесі ойыншыға өзінің сұрағын қояды. Осылай, соңында жіп орамы
жүргізушінің өзіне оралады. Жіп орамы барлық ойынға қатысушыларды бір-
біріне байланыстырып, әрқайсысының ішкі дүниесін сезініп, бір-бірін
жақынырақ түсінуге көмектеседі.Барлығы бірігіп бір ортақ дене кұрағандай
сезінеді. Ескерту: Қиналып айта алмай отырған балаға жүргізушінің көмегі
қажет жағдайда, ол жіп орамын өзіне қайта алып, балаға қажетті сөзді айтып
қайта лақтырады. Осылай жасалған тәсіл жүргізуші мен баланың арасындағы
қарым-қатынасты 2-3 есеге арттырады.
"Кеме"
Мақсаты: Сенімділігін, құлшынысын арттыру.
Барысы: Ойыншылар көбірек болса ойын қызықты өтеді. Көрпе- бұл кеме, әдемі
желкен. Бір бала- капитан, қалғандары — матростар. Капитанға өзінің кемесі
ұнайды, матростарына сенеді. Ойында жүргізуші жетекшілік жасайды., ол
капитанның міндетін түсіндіріп отырады: қатты шайқалыс болғанда ол кемені
немесе матростарын сақтап қалу үшін, кеменің ортасында тұрып жоғары
дауыспен "Түсіріңдер якорьды", "Кемені тоқтат" болмаса "Бәрің жоғарыға" деп
матростарына команда береді. Матростар бәрі бірге көрпенің шетінен ұстап,
кемені жайлап қозғалта бастайды.
Жүргізушінің командасы бойынша "Дауыл" десе, қозғалысты үдете бастайды.
Капитан көтеріңкі дауыспен команда бергенде, кемені асықпай еденге түсіреді
де, барлығы капитанның қолын алып қысып, мақтайды. Рефлекция.
Нәтижесі:
............................................................................
............................................................................
............................................................................
............................................................................
..............................
Үйге тапсырма беру: Анасымен бірге бір тағам жасауға үйрену.
Тексерген:
Күні 14.10. 2011ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Мәдениетті болу»
Өту әдісі: Түсінік беру.психологиялық ойындар. Сурет салу.
Сабақтың барысы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
Адамның ішкі жан дүниесі бай болса, оған мінез –құлқының жоғары мәдениеті
де сай келеді. Қоршаған ортадан саған қандай әсер етсе де, өзін-өзі
тәрбелеудің ерекшелігін түсінуге, өз бойын тазалауға, мінездегі артық
қасиеттерді көріп тану үшін маңызы ерекше. Мәдениетті адам- ол мінезіндегі
ерекшеліктерінің бір көріністері болады. Мінезі иманды, тәрбиелі,
бірқалыпты, мейірімді т.б. жақсы қасиеттерімен көрінеді. Мәдениетті болу
бұл тума қасиет қана емес, оны өзіне өмір тәжірибесімен қалыптастыруға
болады. Талдау.
"Көңіл-күйім неге ұқсайды?"
Мақсаты: Өз көңіл-күйін ауа-райына баламай айтуға үйрету.
Барысы: Қатысушы өзінің бүгінгі көңіл-күйін табиғат құбылыстарына, жыл
мезгілдеріне, ауа-райына ұқсатып айтады.
Қатысушы: "Менің көңіл күйім ашық, көк аспандағы, әппақ, жұмсақ бұлтқа
ұқсайды, (көршісіне қарап) ал сенікі ше? "Келесі "өте жақсы деп өзінің
көңіл-күйін айтып, ары қарай жаттығу жалғасып кете береді. Соңында
жүргізуші барлығынан - "Бүгін біздің топтын көңіл-күйі қандай екен?"-
көңілді ме, қуанышты ма, болмаса көңілсіз бе?"- деп сұрайды.
Ескерту: Жүргізуші балалардың жауабын бақылап тұрады. Егер жауаптары нашар
- ауа-райы суық, нөсерлі жаңбыр, қара түнек аспан т.с.с. болса, мұндай ашу
элементтері қолайсыз (жағымсыз) көңіл-күйді байқатады. Бірақ мұны балаларға
нашар деп айтудың қажеті жоқ. "Көңіл-күйіміздің суретін саламыз".
Қажетті заттар: Суланған қағаз, түрлі-түсті бояу.
Барысы: Балаға өз көңіл күйінің суретін салуын сұраймыз, жанына
анасының, әкесінің, інісінің, т.б. көңіл-күйін де бейнелеуге болатынын
түсіндіреміз.
Жүргізуші баланың жұмысына араласпай бақылап отырады. Ашық түсіне, бояудың
қоюлығына, суреттің түсіне қарай аңықтаймыз. Тұйық түстер - бұл
алаңдатарлықтай жайды байқатады. Қорытынды: мадақтау, салыстыру.
Релаксация: Балалар өздерін толыққанда шайқалып тұрған жапырақ сияқты
сезінеді. Балалар аяқ-қолдарын босаңсытып, көздерін жұмып, шалқасынан
жатады.
Нәтижесі:
............................................................................
............................................................................
............................................................................
............................................................................
..................
Үйге тапсырма беру: Мәдениетті адам деп кімді айтамыз? Ой жинақтау.
Тексерген:
Күні 21.10. 2011ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Мәдениетті болу»
Өту әдісі: Ертегі. Психологиялық ойындар.
Сабақтың барысы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
"Клякса жайындағы ертегі"
Мақсаты: Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, өзіне деген сенімділігін
арттыру, мәдениетілікке, әсемділікке ұмтылу.
Ерте-ерте замаңда кішкене қап-қара қуыста Клякса өмір сүріпті. Ол
адамдарға көрінгенді ұнатпайды екен. Неге? Себебі ол қандай ортаға келмесін
барлығы: "Қандай қорқынышты!", "Қандай майлы, ұсқынсыз қара Клякса!" дейді
екен. Әрине, мұндай кімге ұнасын. Міне, сондықтан да ол қуыстың ішінде
отырғанды жөн көріпті. Күндердің күнінде біздің Клякса жалғыз отырғаннан
зерігіп, ол мейрамда қыдырып, қонаққа баруды ұйғарыпты. Ол әдемі киінейін
деп, үстін сары түсті бояумен бояпты. Ол өзін күндей жадырап тұрғандай
сезініп, өзіне-өзі қатты ұнапты. Көшеде кездескеннің барлығы "Қандай сары
Клякся" деп үрейленіп айқалапты. Ол дүкенге кіріп қызыл бояу сатып алып,
онымен өзінің шляпасын бояйды. Тағы да оны көргендер қолын сермеп,
үрейленіп, "Қандай ұсқынсыз шляпа киген Клякса!" депті. Сонда Клякса көк
бояу сатып алып, онымен юбкасын бояпты. Мұны да еш жан бағаламапты. Ол тағы
да "Қандай үлкен жасыл юбкадағы Клякся!" (сары мен көк түстен жасыл түс
пайда болады) дегенді естиді. Клякса бәріне өкпелеп, қалған көк бояуды алып
өзінің қуысына оралыпты. Ол қуыстың ішін көк бояуымен бояп қараса, өзіне
ұнамды, әдемі, жайлы болғанын сезінеді.
Талдау. Пікір алмасу.
"Дизайнерлер"
Мақсаты: Баланың көңілін көтеріп, талғамын артыру.
Барысы: Ойынға анасына қажет болмай қалған, боянатын затгар (помада,
пудра, т.б.) жинағы керек. Ойынды отбасы мүшелерімен және достарымен
ойнауға болады. Ойын барысында сіз балалардың көңілі көтеріліп, жүздерінен
өте әдемі, күлкілі, қызықты болды деген сияқты сезімді байқайсыз.
Барлығы бір-бірін бояндыруын қадағалаңыз, бірақ өзін-өзі бояуына
болмайды.Ойынның соңында жақсылап жуындырыңыз.
Релаксация.
Нәтижесі:
............................................................................
............................................................................
............................................................................
............................................................................
............................
Үйге тапсырма беру: Қуыршақ арқылы мәдениетті қыздың тәрбиесін көрсету
Тексерген:
Күні 28.10.2011ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Этикет не үшін керек» авт. Н.П.Слободяник
Мақсаты: Этикетке және берілген тәртіп ережелеріне дұрыс көзқарасты
қалыптастыру.
Өту әдісі: жеке әнгеме,ойын, талдау.
Сабақтың барысы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
Оқушы өзі байқаған адамдардың сыпайыгершілік қылықтарын айтып бөліседі.
Оқиғалы рольді ойын өткізу «Туған күн». Бұл ойынға сінілісі мен інісін
қатыстыру керек. Қатысушыларға олардың ойнайтын рольдері аталып, бұл
кейіпкерлерге мінездеме беріледі. Содан кейін рольдің аты жазылған (туған
күні иесі, оның көмекшісі , білгіш , ренжігіш , айғайлағыш, төбелескіш)
рольдерімен уақытша өз еркімен көрсетеді. Ойынды бағалайтын психолог,
болады. Ойын кезінде айғай-шу болса , психологтың белгісімен айқай-шу
тоқталады.
Талдау:
Мереке жақсы өтті ме? Неге?
Мерекеде ең бастысы кім?
Туған күн иесіне үнемі көңіл бөлу керек пе?
Көп көңіл бөлуден, ол даңдайсып кетпей ме?
(жоқ себебі, туған күн жылына бір ақ рет болады).
Бәріне жақсы болу үшін, не істеу керек?
Этикет сөзі нені білдіреді?
Этикетті не үшін ойлап тапқан?
Егер этикет талаптары орындалмаса (дүкенде , мектепте, ауруханада және
т.б.) не болар еді.
Этикет туралы кітаптармен таныстыру:
Мұғалім этикет туралы әр түрлі кітаптарға балалардың зейінін аударып ,
біреуіне тоқталады. Содан кейін кейбір оқушыларға (алдын-ала дайындалған)
этикет ережелері туралы айтып беруін өтінеді.
Сабақты талдау:
Сендер этикет ережелерін білесіңдер ме?
Күнделікті өмірде қандай ережелер жиі пайдаланылады?
Қашан және неге этикет ережесін орындауда қиыншылықтр кездеседі?
Нәтижесі:
Үйге тапсырма беру: Этикет жайлы материал жинау
Тексерген:
Күні 04.11. 2011ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Мінез құлық мәдениетімен танысу»
Өту әдісі: Түсінік беру.психологиялық ойындар. Пластилинмен жұмыс.
Сабақтың барысы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
Мінез дегеніміз –кісінің өзіндік бағыт-бағдарының, жан дүниесі
ерекшелігінің бір сыдырғы тұрақталған, тұрлаулы белгісі. Мінез адамның әр
қырынан көрсетіп тұрады. Жақсы мінез адамды жақсы көрсетеді. Адам мінезінің
жақсы қалыптасуына әлеуметтік орта, оқу, жанұя тығыз байланыста. Ең алдымен
адамның өзіне байланысты, қандай мінезі болатына. Жақсы мінездің ықпалымен
темпераменттердің кейбір нашар жақпайтын қасиеттерді өзгертіп отыруға
болады. Оқушы бойындағы жақсы қасиеттерді бағалай отырып, өзін-өзі
тәрбиелеу жолдары:
Дүниедегі ең үлкен нәрсе –Кеңістік.
Бәрінен жүйрік – Ой.
Бәрінен- Уақыт.
Бәрінен жеңілі –Басқаға ақыл айту.
Бәрінен қиыны—Өзіңді өзің тану Фалес
«Тілек шоғы»
Мақсаты: баланың жағымсыз сезімдерден арылту, жақсылық жасауға бағыттау.
Пластилинмен күн бейнесін жасау. Енді түрлі түсті гүлдер жасап, әр гүлге
ерекше жақсы тілектерді атап, жақындарымызға сыйлық берейік. Мысалы:
Жүрегің жылы болсын! Ғұмырың ұзақ болсын! Сен бәрінен көркемсің! т.б.
"Күн шуағы"
Мақсаты: Психосезімдік ахуалдарын жақсарту; баланың өз сезім, әрекетін
түсініп, әсерлене білу қабілетін дамыту. Барысы: Оқушы қарама қарсы
отырады. Жүргізуші: Күн шуағы, сендердің көздеріңе қарайды.
Кәне, көзімізді жұмамыз. Енді күн шуағы беттеріңе қарай жылжиды.
Алақаңдарыңмен сипандаршы. Ол ары қарай, маңдайыңа, мұрныңа, ауызына
бетіне, иегіне түсті. Алақандарыңмен сипаңдаршы. Ол ары қарай маңдайыңа,
мұрныңа, аузына бетіңе, иегіңе түсті. Алақандарыңмен күн шуағын сипап
көріңдер. Одан кейін мойныңды, иегенді, қолынды, аяғыңды, арқаңды сипап
өтіп, желке тұсына барады.Күн шуағы сені жылытып, аймалайды. Сен оған көніп
қарап, мейірімді шуағын жүрегіңе түй.
Нәтижесі:
............................................................................
............................................................................
............................................................................
............................................................................
.............................Үйге тапсырма беру: Еркін шығармашылық жұмыс.
Пластилинмен
Тексерген:
Күні 18.11. 2011ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Сыртқы түр мәдениеті»
Өту әдісі: Түсінік беру. Талдау. Жаттығу.
Сабақтың барысы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
Мәдениетті адамға тән қасиеттерді сызықпен қосыңыз.
Дұрыс жауаптар «мәдениетті адам» түсінігімен сызықпен жалғанған.
Дұрыс емес жауаптар сұр түспен белгіленген. Жалпы мәдениетті адам қандай
болу керек екенін талқылап, мыалдар келтіріп сұхбат өткізу.
Қорытынды:
"Әуедегі бал" биі.
Мақсаты: Шығармашылық қабілетті дамыту. Сергіту.
Жүргізуші: Балалардың құстарға, көбелектерге және инелектерге айналып
кетуін ұсынады. Қатысушылар бір қалыпты ырғақты әуенмен "ұшып" дөңгелене,
секіріп билейді. Бәрі өздерін көңілді, қуанышты, жеңіл сезінеді.
Нәтижесі:
............................................................................
............................................................................
............................................................................
............................................................................
.......Үйге тапсырма беру: Мәдениетке өз пікірін байланысты дайындау.
Тексерген:
Күні 25.11. 2011ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Сыртқы түр мәдениеті»
Өту әдісі: Түсінік беру. Талдау. Жаттығу.
Сабақтың барысы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
Адамның сыртқы түр мәдениеті істеген тірлікпен, көрінген тәрбиесінен
көрінеді. Егер кетіп бара жатқан қыз бала мусор пакеттің жол бойына тастап
кетсе, оған не айтады? Бұл тәрбиелі оқушының іс-әрекеті ме? Ал дүкенде
кезекке тұрмай, үлкендердің алдынан тұрып, алатын заттын сұраса, бұл
мәдениетке жата ма? Енді осы бір жағдаятты шешейік.
Жағдаятты шеш:
Жанна, Руслан және Тимур достар. Олар бір аулада тұрады және бір мектепке
барады. Бірде олар сабақтан үйге қайтып келе жатқанда оларға өздері танитын
әжей келіп шоколад берді.
Сенің ойыңша достар бұл жағдайда қалай істейді? Пікіріңді айт.
1. Балалар алғыс білдіріп шоколадты әжейге қайтарып береді.
2. Балалар шоколадты әже мен қызға бөліп береді.
3. Балалар шоколадты достарымен және әжеймен теңдей бөліседі.
4. Ұл балалар шоколадты өздері бөліп алады.
5. Балалар әжейдің ізгі ісін елемейді.
Адамгершілік тәрбиенің деңгейін анықтау
Нәтижелер кестесі:
|Адамгершілік таңдау |Әдептілік жайлы түсініктердің бар немесе |
| |жоқтығын негіздеуге арналған таңдау сипаты |
Қорытынды:
"Көзімізді түйістіріп".
Мақсаты: Сезім арқылы өзгенің ішкі дүниесін түсіне білу.
Барысы: балалар жұп-жұп бөлініп қолдарынан ұстасып тұрады.
Психолог:
Үндемей бір-біріміздің көзімізге қарап, қолымызбен сезініп, - "Мен
көңілдімін, кәне ойнайық!", "Мен сенімен достасқым келеді!" т.с.с.
ойларымызды сезім аркылы жіберіп, оны калай қабылдағанымыз жайында
әңгімелеп, ойымызды бөлісеміз.
Нәтижесі:
............................................................................
............................................................................
............................................................................
............................................................................
........Үйге тапсырма беру: Айналадаңғы әлем дәптерін бояу.
Тексерген:
Күні 02.12. 2011ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Өзара қарым-қатынас мәдениеті»
Өту әдісі: Түсінік беру. Талдау. Жаттығу.
Сабақтың барысы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
«Жоғалған қолғап» әңгімесі.
Қыс. Балалар далада қардан аққала жасап ойнады. Бір қыз бала қолғабын
жоғалтып алды. Оның қолы қатты тоңды. Қолғапсыз жылыну мүмкін емес еді.
Оны көрген Санат: «Ой, Маржан сен де қызықсың. Қыста қолғапсыз жүруге
бола ма? Міне, менде жүннен тоқылған екі қолғап бар, мен тоңған жоқпын», –
деп ойнауға жүгіріп кетті.
Талғат қыздан қолғабын қайда жоғалтып алғанын сұрады. Қыз бала
қолғабын түсіріп алған жерді білмейді екен. Талғат оған: «Кешір, мен саған
ешқандай көмек бере алмаймын», – деп кетіп қалды.
Назгүл келіп құрбысына жоғалған қолғапты бірге іздеуді ұсынды. Олар ауланы
түгел аралап шықса да, қолғап табылмады. Бір кезде Назгүлді мамасы үйге
шақырды. Ол құрбысына өзінің қолғабын бере алмайтынын айтты. «Мен үйге
қолғапсыз келсем мамам ұрсады», – деді Назгүл.
Ал Талап ештеңе айтпастан өзінің қолғабын шешіп берді. Қыз оған
ризашылықпен қарап, алғыс білдірді.
Енді келесі сұрақтарға жауап бер:
1) Маржанның қолы неге тоңды?
2) Қыз алғашқыда қолдарын жылыта алды ма?
3) Талғат, Назгүл және Талаптың әрекеттерін
жеке-жеке суреттеп бер.
4) Талаптың ісі басқа балалардың қылығынан қалай
ерекшеленеді?
5) Саған кімнің қылығы қатты ұнады? Неге?
6) Кімнің қылығы ұнаған жоқ? Неге?
«Жоғалған қолғап» әңгімесін оқушының талдауы
Түсінік беру. Талдау.
Нәтижесі:
............................................................................
............................................................................
............................................................................
............................................................................
........
Үйге тапсырма беру: Өзара мәдениетті қарым-қатынас дегеніміз не? Ой пікірін
айту.
Тексерген: :__________________________ Н.Асанова
Күні 09.12. 2011ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Өзара қарым-қатынас мәдениеті»
Өту әдісі: Сюжет. Түсінік беру. Талдау. Жаттығу.
Сабақтың барысы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
Сюжет. Сайран ағаның бойындағы жақсы қасиеттерді айтып бер.
Біздің үйге көршілес бір тамаша адам тұрады. Ол егде тартқан адам, біз
бәріміз ол кісіні «Сайран аға» деп атаймыз. Сайран аға ағаштан әдемі заттар
жасап, біздің ауланың балаларына сыйға береді. Оның қалтасында әрдайым
кәмпит болады, соны ауланың балаларына таратады. Сайран аға біздің аулада
шуылдап ойнағанымызды және балалардың күлкісін жақсы көреді. Бірде ол кісі
бізді ауласына шақырып, өзінің жасаған, біз көрмеген ең жақсы бұйымдарын
таңдап алуымызға рұқсат берді. Маған аюдың мүсіні ұнады, ол осы күнге дейін
үйде тұр. Мен ағаш аюды көргенде Сайран ағаны……………………………адам ретінде есіме
аламын.
Нәтижелер кестесі
Оқушылардың іс-әрекеттегі жақсы қасиеттерді түсіну деңгейі
|Түсіну |Түсінбеу |
|Қасиеттер санап шығылады: жомарттық,| Жомарттықпен, кеңпейілділікпен, |
|кеңпейілділік, қайырымдылық т.б. |қайырымдылықпен т.б. байланыспайтын |
| |қасиеттер санап шығарылады. |
Сенің ойыңша қарым-қатынаста өте қажет ережелерді қандай болу керек?
Қарым-қатынас жасауда келесі ережелерді ұстану керек:
1. Барлық адамдармен амандасып жүру керек
2. Адамға құрметпен қара
3. Қайырымды бол
4. Өз сұхбаттасыңның пікіріне құрметпен қара.
5. Өз ойыңды еркін жеткіз
6. Қарым-қатынаста өзара түсіністікке талпыну керек.
"Көшіп, қону".
Мақсаты: Баланың талғамын арттыру, өзіне сенімділігн нақтылау, еңбек етуге
тәрбиелеу
Психолог: балаға: "Мына біз отырған бөлмені жақсылап қара, ал енді осы
жерде қалай, нені өзгертсек болады? Орындықтар мен үстелді жылжытып қалаған
жерге қойындар, әлдердің келетін нәрсенің бәрін жылжытындар. Кітап,
ойыншық, т.с.с. заттарды да орнын ауыстыруларыңа болады. Осы бөлмені
танымастай етіп, қалауларыңша жаса. Өте жақсы. Ал енді отырып қарашы, сен
бөлмені тамаша етіп өзгертіп жібердің. Енді бәрін орын-орнына қойып,
бөлмені өз қалпына келтірейік". Ескерту: Балалардың жасаған тірлігін мақтап
отыру қажет, ол баланың қызығушылығы мен құлшынысын арттырады.
Нәтижесі:
............................................................................
............................................................................
.... Үйге тапсырма беру: Мен және менің достарым. Сурет салу.
Тексерген:__________________________ Н.Асанова
Күні 23.12. 2011ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Сөйлеу тіл мәдениеті»
Өту әдісі: жеке әнгіме, түсінік беру. Талдау.
Сабақтың барысы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
Оқиға жайлы ойлан.
Мақсаты: әдепті және әдепсіз қасиеттерді түсіндіру
Бауыржан мен Төкен бір сыныпта оқиды және олардың ата-аналары бір-
бірімен дос еді. Сондықтан олар өздерінің ұлдарының мектептегі барлық
істері жайлы біліп отыратын.
Бірде Төкен математикадан екі алып қалды, бірақ оны өз ата-анасына айтпады.
Алдында ол Бауыржанға келіп, одан есептің жауаптарын көшіріп алуға беруін
өтінген еді. Бауыржан оған көшіруге бермеді. Ол кезінде Төкеннің де оған
шығарма жазуға көмектеспегенін айтты. Төкен ренжіп, Бауыржанның ата-анасына
шағым жасады.
1. Сен Бауыржанның орнында болсаңыз қалай істер едің, неге? – сұрақ
оқушының жағдаятқа байланысты көзқарасын анықтауға бағытталған.
|Адамгершілік көзқарастың болуы |Адамгершілік көзқарастың болмауы |
| Егер оқушы Төкеннің өтінішін |Егер өтініштен бас тартпаса. |
|адамгершілік тұрғыда қабыл алмаса. | |
Әдепті адам дегеніміз кім?
( Әдепті адам өзіне ғана құрметпен қарайды.
( Әдепті адам қарым-қатынаста адал және адамдарға, өзіне құрметпен қарайды.
( Әдепсізділік адамның өзіне және басқа адамдарға құрметпен қарауына бөгет
жасайды.
Ең алдымен адамды түріне қарап, киген киіміне қарап бағаласа, ал
кейін оның іс-әрекетіне, сөйлеген сөзіне қарап бағалайды. Осыған қарай
мәртебесін көтереді. Егер оқушы, әдемі ұқыпты киінген киімімен, балағатты
сөз айтып, немесе екі сөзді қосып ойын жеткізбесе, оған, қалай қарайды. Сол
дәреже бойынша сынайды.
Ал енді осыған байланысты сенің жарыс сөзін, сен қалай ойлайсың менің
ойым дұрыспа, әоі де дұрыс емес пе, не үшін?
Нәтижесі:
............................................................................
............................................................................
............................................................................
............................................................................
........Үйге тапсырма беру: Сөйлеу тіл мәдениетіне қандай сөздерді
пайдалану қажет
Тексерген:__________________________ Н.Асанова
Күні 30.12. 2011ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Сөйлеу тіл мәдениеті»
Өту әдісі: Түсінік беру. Талдау.
Сабақтың барысы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
Қайырымды адам қандай болады? Дұрыс жауапты таңдап, оны шеңбермен сыз.
( Қайырымды адам дегеніміз – кейбір кезде жақсы қылық жасайтын және өзіне
ғана қайырыммен қарайтын адам.
( Қайырымды адам – жақсы істерді марапат үшін жасайтын, өзінің жақын
адамдарына ғана қайырым тілейтін жан.
( Қайырымды адам – басқаларға қамқор және ақкөңіл адам, жақсы істер
жасайды, басқа адамдарға ізгілік тілейді.
Әңгімені мұқият оқып шық және сұрақтарға жауап бере отырып, талдау жаса.
( ( (
Мысық пен балапан жылап тұрған күшікті кездестіреді. Күшік ата-анасын
жоғалтып алыпты, қарны аш. Сол уақытта қастарынан нан шайнап бара жатқан
бота өтіп бара жатады. Мысық одан бір үзім нан беруін өтінеді. Бота нанның
өзінде де аз екенін айтып, анасына қарай қашып кетеді.
Келесі сұрақтарға жауап бер:
( Әңгімеде қандай жануар туралы айтылады?
( Күшік неліктен жылады?
( Мысық не істегісі келді?
( Сен қалай ойлайсың, ботаның мысықтан айырмашылығы неде?
( Жазылған әңгімеде саған қай жануар ұнады? Неге?
( Қайырымдылық – бұл…………………………….
( Әдептілік – бұл …………………………………………………
Мақсаты: Емін еркін қатынас жасауға жағдай жасау.
Бұл ойын барысында қатысушылар бір-біріне деген сүйіспеншілігін, жақсы
көретініндігін неше түрлі теңестіру сөздермен жеткізу керек. Мысалы: сен
жақсы адамсың.
Нәтижесі:
............................................................................
............................................................................
............................................................................
............................................................................
.......
Үйге тапсырма беру:
Қайырымдылық – бұл…………………………
Әдептілік – бұл …………………………………
осы сұрақтарға ойын толықтырып жауабын дайындау.
Тексерген: :__________________________ Н.Асанова
Күні 13.01. 2012ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Қызмет бабындағы мәдениет»
Өту әдісі: Түсінік беру. Талдау.
Сабақтың барысы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
Жағдаятты шеш.
Ұлдар мен қыздар өздерінің мектептерінің ауласын тазалап жатты. Соңында
барлығы шаршаған соң, мұғалім үзіліс жариялады. Барлық балалар өздерінің
кеселерімен су тұрған ыдысқа жүгірді. Әділ бір қызды итеріп жіберіп, өзіне
су құйып алды. Нұрбол да су құйып алып, суды жаңағы қызға ұсынды.
Сен балалар туралы не ойлайсың?
Сен мұндай жағдайда не істер едің, неге?
Сөйлемнің басын оқып, оны жалғастыр.
Қоршаған ортада адамдармен қарым
қатынас.......................................................
Өзің қаңдай болуын керек?
............................................................................
.......
Адамдар қызмет барысында бір бірімен қалай тіл табысады?
............................
Жалпы не үшін сыйластық, қайырымдылық, сабырлық қасиеттер бізге керек?
Мәдениетті адам мен мәдениетсіз адамның қандай айырымашылықтары бар?
Өз пікірімен бөлісу. Талдау жұмысы.
Нәтижесі:
............................................................................
............................................................................
............................................................................
............................................................................
.......Үйге тапсырма беру: Еркін шығармашылық жұмыс. Пластилинмен
Тексерген: :__________________________ Н.Асанова
Күні 20.01. 2012ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Қызмет бабындағы мәдениет»
Өту әдісі: Түсінік беру. Талдау.
Сабақтың барысы:
Оқушыны ұйымдастыру
Үйге берілген тапсырманы тексеру Еркін шығармашылық жұмыс. Пластилинмен
Жаңа сабақ
Бекіту
Бағалау
Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
Еңбекқорлық ұғымының мағынасын ашатын сөздерді суретпен қос.
Қандай қасиеттер қызмет бабында қажет деп ойлайсың? Не үшін? Талдау
жасау.
Осы қасиеттер мен қабілеттер адамға туылғанда беріле ме; әлі де өзі жасай
ма?
Релаксация: Өзін толыққанда шайқалып тұрған жапырақ сияқты сезінесін.
Балалар аяқ-қолдарын босаңсытып, көздерін жұмып, шалқасынан жатады. Осы
күйде армандаған қасиеттерді бойына еңгіздіреміз, өзімізді еркі ұшқан
құстай сезінеміз.
Нәтижесі:
............................................................................
..........................................................
Үйге тапсырма беру: сабақты қайталау
Тексерген: __________________________ Н.Асанова
Күні 27.01. 2012ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Мінез құлықтың мәдениеттілік ерекшеліктері»
Өту әдісі: Түсінік беру. Талдау.
Сабақтың барысы:
Оқушыны ұйымдастыру
Үйге берілген тапсырманы тексеру
Жаңа сабақ
Бекіту
Бағалау
Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
«Әділеттілік» сөзінің мағынасын қалай түсінесің? Дұрыс жауапты тауып, оны
шеңбермен сыз.
1 – ( Әділеттілік – қойылған мақсаттарына сеніммен аяқ басатын адамның
қасиеті
2 – ( Әділеттілік – адамдардың арасындағы қарым-қатынасты, жағдайларды өз
көзқарасымен айқындау.
3– ( Әділеттілік – адамдардың арасындағы байланыстарды, оқиғаларды,
қарым-қатынасты әділ баяндау.
4 – ( Әділеттілік – өтірік айтатын адамға тән қасиет.
"Көңіл-күйім неге ұқсайды?"
Мақсаты: Өз көңіл-күйін ауа-райына баламай айтуға үйрету.
Барысы: Қатысушылар кезектесіп өзінің бүгінгі көңіл-күйін табиғат
құбылыстарына, жыл мезгілдеріне, ауа-райына ұқсатып айтады.
Бірінші қатысушы: "Менің көңіл күйім ашық, көк аспандағы, әппақ,
жұмсақ бұлтқа ұқсайды, (көршісіне қарап) ал сенікі ше? "Келесі "өте жақсы
деп өзінің көңіл-күйін айтып, ары қарай жаттығу жалғасып кете береді.
Соңында жүргізуші барлығынан - "Бүгін біздің топтын көңіл-күйі қандай
екен?"- көңілді ме, қуанышты ма, болмаса көңілсіз бе?"- деп сұрайды.
Ескерту: Жүргізуші балалардың жауабын бақылап тұрады. Егер жауаптары нашар
- ауа-райы суық, нөсерлі жаңбыр, қара түнек аспан т.с.с. болса, мұндай ашу
элементтері қолайсыз (жағымсыз) көңіл-күйді байқатады. Бірақ мұны балаларға
нашар деп айтудың қажеті жоқ.
Нәтижесі:
............................................................................
................................................
Үйге тапсырма беру:
Тексерген: :__________________________ Н.Асанова
Күні 03.02. 2012ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Мінез құлықтың мәдениеттілік ерекшеліктері»
Өту әдісі: Түсінік беру. Талдау.
Сабақтың барысы:
Оқушыны ұйымдастыру
Үйге берілген тапсырманы тексеру
Жаңа сабақ
Бекіту
Бағалау
Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
Қажырлы адам қандай болады деп ойлайсың? Дұрыс жауапты шеңбермен жүргіз.
1 – ( Қажырлы адам – алдына мақсат қойып, бірақ қойылған мақсатқа сенімсіз
әрекет жасайтын адам.
2 – (Қажырлы адам – қойылған мақсаттарына сеніммен әрекет жасайтын адам.
3 – (Қажырлы адам – қойылған мақсаты бар, бірақ сол мақсатқа қалай жетуді
білмейтін адам.
Дұрыс жауапты тауып, оны шеңбермен сыз.
1. –( Жомарттық және кішіпейілділік – тек өзіне керек адамдарға ғана көмек
көрсетуге дайын адамның қасиеттері.
2. –( Жомарттық және кішіпейілділік – ешбір пайданы ойламай, ең жақсы
ниетпен көмек көрсетуге дайын адамның қасиеттері.
3. –( Жомарттық және кішіпейілділік – басқа адамдардан көмек пен қолдауды
қабылдауға дайын адамның қасиеттері.
"Тілектер".
Мақсаты:сіңілісі мен інісіне жақсы тілектер айтып, жағымды қарым-қатынас
түзу.
Барысы: Бір-бірінің қолынан ұстап дөңгелене отырады. Көршісінің көзіне
қарап, бір-екі сөз жақсы тілек айтады. Қабылдаған бала басын изеп: "Рахмет,
маған өте ұнайды!" деп жауап береді. Сосын ол өзінен кейінгі көршісіне
жақсы тілегін сыйлайды, осылай жаттығу жалғасып кете береді.
Нәтижесі:
............................................................................
............................................... Үйге тапсырма беру:
мәдениеттілік ерекшеліктерді сипаттау
Тексерген: __________________________ Н.Асанова
Күні 10.02. 2012ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Мен мәдениетті адаммын»
Мақсаты: Этикетке және берілген тәртіп ережелеріне дұрыс көзқарасты
қалыптастыру
Өту әдісі: Түсінік беру. Талдау.
Сабақтың барысы:
Оқушыны ұйымдастыру
Үйге берілген тапсырманы тексеру
Жаңа сабақ
Бекіту
Бағалау
Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
• Мәдениетті адам деп кімді айтамыз? Не үшін?
• Қандай қасиеттерді біз жақсы бағалап, үлгі көреміз?
• Не үшін? Бұл қасиеттерді игеруге бола ма?
«Мен деген не?» талқыламасы. Жүргізуші «Мен деген не?» сұрағын бірінші кіші
топта, сосын жалпы топта талқылауды ұсынады.
Сосын жүргізуші: «Мен – бұл сезімдер, ойлар, тән, әрекеттер,
тілектер, армандар, жан, мінездер...»
«Мен кіммін?» және Мен қандаймын? жаттығуы.
Қатысушыларға жұмыс дәптеріне «Мен кіммін?» сұрағына 10 сөйлем жазуды
ұсынады. Сосын 10 сөйлемді «Мен қандаймын?» сұрағына жауап беріп жазады.
Талқылама алдымен кіші топтарда, сосын жалпы талқыланады.
Менің шынайы, идеалды, сыртқы бейнем.
Жүргізушінің «Мен-шынайы», «Мен-идеал», «Мен-сыртқы бейнем»
хабарламасы.
Менің шынайы бейнем – сыртқы келбет, әрекеттер, қабілеттер, қасиеттер,
ойлар, сезімдер, құндылықтар, армандар және т.б.
Менің идеалым – өзің қалаған сыртқы келбет, қабілет, қасиеттер және
т.б.
Менің сыртқы бейнем – өзің туралы, қасиеттерің, қабілеттерің,
әрекеттерің, ойларың туралы басқалардың пікірі.
Нәтижесі:
............................................................................
............................................................................
............................................................................
............................................................................
..............................Үйге тапсырма беру:
Тексерген: __________________________ Н.Асанова
Күні 17.02. 2012ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Мен мәдениетті адаммын»
Мақсаты: Емін еркін қатынас жасауға жағдай жасау. Өзге адамдарға деген
құрмет және өзін құрметтеу дағдыларын қалыптастыру және дамыту.
Өту әдісі: Түсінік беру. Талдау.
Сабақтың барысы:
Оқушыны ұйымдастыру
Үйге берілген тапсырманы тексеру
Жаңа сабақ
Бекіту
Бағалау
Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
«Менді», идеал «Менді», «Менің сыртқы бейнем» суретін салып, «Мен
қандаймын?» «Қазіргі уақыттағы өзің үшін ең маңыздысы?» сұрақтарына жауап
беру қажет. Сосын жалпы түрде талқылау қажет.
Өзінің қайталанбас тұлға екенін сезіндіру, «Мен тұжырымдасын»
қалыптастыру. Бұл ойын барысында қатысушылар бір-біріне деген
сүйіспеншілігін, жақсы көретініндігін неше түрлі теңестіру сөздермен
жеткізу керек. Мысалы: сен өте мейірімді адамсың.... Өз сезімдерін
талдау және оларды реттеу тәсілдерінің қажеттігін сезіну.
Қатысушы таблицаны толтырады.
|І |Шынайы «Мен» |Идеал «Мен» |Менің «Сыртқы бейнем» |
| |Шын мәнінде мен |Меніңді қалай көргің |Мені қоршаған ортаның |
| |кіммін? |келетіні туралы |қабылдауы |
| | |елестету | |
|ІІ |Шынайы «Мен» |Идеал «Мен» |Менің «Сыртқы бейнем» |
| |Өзіңдегі қандай |Өзің ұқсағың келетін |Құрдастарың сен туралы |
| |қасиеттерді көбінесе|адам бар ма? Егер бар |не ойлайды? (Сен |
| |бағалайсың? |болса, онда ол кім? |қандайсың?) |
| |Басқада жоқ қандай |Өз бойыңда нені |Ересектер сен туралы не|
| |қасиет бар? |өзгерткің келеді? |ойлайды? (Сен |
| | |Идеалға жету үшін саған|қандайсың?) |
| | |не керек? |Кімнің пікірі сен үшін |
| | | |маңызды? |
Жүргізуші шынайы «Менді», идеал «Менді», «Менің сыртқы бейнем» суретін
салып, «Мен қандаймын?» «Қазіргі уақыттағы өзің үшін ең маңыздысы?»
сұрақтарына жауап беру қажет. Сосын жалпы түрде талқылау қажет.
Нәтижесі:
............................................................................
............................................................................
............................................................................
............................................................................
..............................Үйге тапсырма беру:
Тексерген: __________________________ Н.Асанова
Күні 24. 02. 2012ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Сиқырлы сөздің құпиясы»
Өту әдісі: Түсінік беру. Талдау.
Сабақтың барысы:
Оқушыны ұйымдастыру
Үйге берілген тапсырманы тексеру
Жаңа сабақ
Бекіту
Бағалау
Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
Сиқырлы сөздің құпиясын, мағынасын білсен, бұл өмірде өз арманына
жетуіне женіл болады? Ал не үшін деп ойлап қарайықшы? Не үшін халқымызда
айтып кеткен мақал бар, «Жылы, жылы сөөйлесен, жылан үнгірінен шығады» сол
мағына нені білдіреді? Қалай ойлайсың өзің?
«Айна» мысалы.
Бір күндерде бір адам өмір сүріпті. Өте кедей болғаны соншалықты
қарыздарын немен өтерін білмепті.
Әбден шаршаған кедей қашып кетіпті. Басы ауған жаққа кете берген кедей
шөл далаға тап болады. Онда ол асыл тастар салынған және таза айна бар
сандық тауып алады. Мұны көрген кедей қатты қуанды. Айна асыл тастардың
үстін жауып жатыр еді. Ол айнаны көтеріп қарағанда адамды көрді. Қорқып
кеткен ол қолын сиынғандай ұстап «Мен бос сандық» екен десем, сіз бар
екенсіз, мырзам! Маған ренжи көрмеңіз?
Талқылау.
«Құпияны іздейміз» жаттығуы.
Жүргізуші: Бір есі ауысқан ғалым дәл саған ұқсайтын адам жасады. Ал, ол
зұлымдықтың қаруы еді. Оны өзіңнен қалай айыруға болады. Сені қайталай
алмайтындай қандай айырмашылық бар? Сен де басты қандай құпия бар? Барлық
қатысушылар кезекпен құпияларын бөліседі.
«Мен деген не?» талқыламасы. Жүргізуші «Мен деген не?» сұрағын бірінші кіші
топта, сосын жалпы топта талқылауды ұсынады.
Сосын жүргізуші: «Мен – бұл сезімдер, ойлар, тән, әрекеттер,
тілектер, армандар, жан, мінездер...»
Нәтижесі:
............................................................................
............................................................................
............................................................................
............................................................................
..............................Үйге тапсырма беру: Сиқырлы сөздің құпиясын
жинақтау
Тексерген:__________________________ Н.Асанова
Күні 02. 03. 2012ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Сиқырлы сөздің құпиясы»
Өту әдісі: Түсінік беру. Талдау.
Сабақтың барасы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма Сиқырлы сөздің құпиясын жинақтау
Жаңа сабақ:
«Жақсы сөз, жарым іс» деп айтады, не үшін?
Қалай сен, осы мағынаны айтар едің? Өз сөзімен жеткіз.
Адамдармен өзара қарым –қатынасы жақсы болу үшін, айтқан сөзіне көніл
аудару керек, өйткені сөздің мағынасы өте үлкен. Өзінді де егер бағаламай,
төмен сынап, жүрсең, өз көніл күйінді түсіресің, өзіне деген сенімділігін
төмен болады.
«Аяқталмаған сөйлемдер».
1. Мен... қалар едім.
2. Мен ... жасағым келеді.
3. Мен ешқашан ... деп үміттенемін.
4. Менің ең күшті жасағаным, ол....
5. Менің сүйікті ісім...
6. Маған біреу көмектескенін қалар едім, ол ...
7. Мен не үшін екенін ... ешқашан түсінбеймін.
8. Мен ұмтыламын.
9. Мен жалғыз болғанда .... ұнайды.
10. Мен үйде ...
Оны жалпы талқылау.
Өзін-өзі құрметтеу.
«Мен мақтан етемін» жаттығуы
Допты қолына алған адам өз бойындағы мақтан ететін қасиеттерді,
мінездерді атайды. Сосын келесі адамға допты береді.
«Қошеметтер» жаттығуы.
Шеңберленіп отырып барлығы бір-біріне қошемет сөздер атайды. Қошемет
сөзді алған соң: «Рахметін» айтады. Сосын қошемет алған жеңіл ме, әлде оны
қабылдаған жеңіл ме деп жалпы талқыланады.
Нәтижесі:
............................................................................
............................................................................
............... Үйге тапсырма беру: Еркін шығармашылық жұмыс. Пластилинмен
Тексерген:__________________________ Н.Асанова
Күні 09. 03. 2012ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Көркемділікке саяхат»
Өту әдісі: Түсінік беру. Талдау.
Сабақтың барасы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
«Нағыз түс» повесі.
Баяғыда Акварелия ертегілер елінде түстер өмір сүріпті. Акварелияның
табиғаты әдемі де, биіктігі аспанға жетердей, ал айналасы жап-жасыл көк
шалғын еді. Акварелиядағы тұрғындар бір-біріне өмір сүруге мүмкіндік көп
жасайтын. Түстер құтылары әдемі, зәулім үйлер жасаумен ғана айналысатын.
Бұл өнер ең басты мемлекеттік іс-әрекеттің бірі ретінде қаралатын еді.
Акварелия елінде бір жылда бір рет түстер турнирін ұйымдастыратын, ал
суретші ең күшті түсті анықтайтын.
Мерекенің қарсаңында тұрғындар көбінесе түстердің кереметін талқыға
салатын. Әрқайсысы өзін ең әдемімін, ең қажетпін деп есептейтін. Табиғатты,
жер ананы көк шалғын етіп көрсету үшін мені таңдайды деп жасыл түс
мақтанды. Барлық пен күннің жылылығын мен жасаймын деп сары түс мақтан
етті. Бір ғана түс мақтана алмады. Ашық ауа көк қана өзіне жек көре
қарайтын еді. Ол ақ түстен сәл ғана қаралау болатын және де оны суретші
таңдай бермейтін еді. Әдеттегі күндерде ашық ауа көк өз қайғысын ұмытып
кететін еді. Ал, турнирдің алдында ол үнемі күлкі етуден қашып аулаққа
кетуге тырысатын еді. Бұл кезде де, солай болады. Ашық ауа көк барлық түс
бәсекелесіп жатқанда сақтықты ұмытып кетті. Барлығы қорғансыз ашық ауа
көкті мазақ ете бастады. Бірнеше рет шалынып әрең құтылды. Сөйтіп турнир
біткенше жата тұрайын дейді де, ақырын бақылай бастады.
Біраз уақыттан кейін ұйықтап қалды. Таңертең ұйқыдан тұрғанда, кешегі
мерекелік көңіл-күйден ештеңе де қалмаған. Барлығы абыржып айғайлап жүр.
Оған ешкім көңіл бөлмейді. Ол өзін жинап, бір түстен: «Не болды?» дейді.
Қара түс турнирден жеңіп шығу үшін барлық қылқаламдарды қараға бояп қойған
еді. Егер суретші қылқаламды қолданса, турнир өтпес еді.
Осы жатты ести сала, ашық ауа көк орталық алаңға асықты. Алаңда
қылқаламдар сақталатын еді. Ол зымырап келе жатыр. Ал, алаңда абыржыған
түстер қатты уайымдады. Міне, сол кезде ашық ауа көк қылқаламдарға өз
бояуын құйып жіберді. Ол өзінің әлсіз болып жатқанын сезсе де,
қылқаламдарды бояуды тоқтатпады.
Дәл, осы сәтте суретші қылқаламмен алғашқы айшықтар сала бастады.
Бүкіл Акварелия елі тыныш болып қалады. «Хм, өте тамаша түс, - деді
суретші. Осы түс керек еді, өзен бейнесі әдемі шығатын болды!» деді.
Есін жиғанда ашық ауа көк нағыз батыр болып оянды. Ол оны
білмеген еді. Ол өзінің қара түнектен бүкіл елді құтқарғанын білмеген еді.
Ашық ауа түс бір ғана нәрсені, яғни өзінің қажет екенін білді. Буырқанған
өзен мен шексіз аспанды бейнелейтінін мақтанышпен айтатын болды. Нәтижесі:
............................................................................
....................................................
Үйге тапсырма беру: повесті талқылау
Тексерген:__________________________ Н.Асанова
Күні 16. 03. 2012ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Көркемділікке саяхат»
Өту әдісі: Түсінік беру. Талдау.
Сабақтың барасы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
Әлемде неше түрлі тамаша елдер, ғимараттар, ерекше жасалған заттар
бар, ал ең алдымен адам бойындағы көркем қасиеттері, іс-әрекеттері,
батылдығы бағаланады.
«Сезімдер әлемі» жаттығуы. Жүргізуші әрбір оқушыға екі таратпадан
алуды ұсынады. Сары және жасыл түстерде төмендегі сезімдер келтірілген:
|Сары таратпалар |Жасыл таратпалар |
|Қуаныш, үміт, таңдану, махаббат, |Қайғы, мұң, ашу, қысым, қорқыныш, |
|салмақтылық, мейірім, батылдық, |кек, бейғамдық, қызғаншақтық, |
|достастық, сенімділік. |реніш, өзіне риза болмау, қулық. |
«Шаршап кеттім» мысалы. Қожанасырдың түсіне өзі жұмақта жүргені
кіреді. Керемет жерде жүр екен. Іші пысып кетіп, «Кім бар!» деген екен. Сол
кезде әдемі адам пайда болып: «Мен сіздің қызметіңіздемін!» депті. «Не
бұйырсаң да орындаймын» депті. Қожанасыр не сұраса да, барлығы қас-қағым
сәтте орындалыпты. Осылайша бірнеше күндер өтіпті. Бірақ ұзақ уақыт бойы
өте жақсы болса, ол да жақсы емес екен. Бәрі жақсы болғаны соншалықты одан
да шаршап кетіпті. Ол бақытсыздық іздей бастапты. Өйткені, ол өмір бойы
қысым, уайым сезімдерін көрген.
Сондықтан шыдай алмаған ол жұмыс істегісі келеді. Сол кезде әдемі адам
оны жасай алмайтынын атап өтті. Сонда Қожанасыр бұдан да тозаққа барған
жақсы ғой дегенде, әдемі адам құлағаша күліп: «Сен қайдасың деп ойлайсың»
деген екен.
Талқылау.
«Алақан» жаттығуы.
Әрбір саусаққа өз бойындағы іскерлікті, қабілетті, жағымды
қасиеттерді, мінездің мықты жақтарын жазады. Сосын жүргізуші әрбір
алақандағы жазуларды оқиды, ал қатысушылар оның кім екенін анықтайды.
«Мен бәрінен жақсы істей аламын» жаттығуы.
Допты ұстаған адам өзінің нені күшті жасай алатынын топ алдында
айтады. Өз жетістігін аргументтеу қажет.
Нәтижесі:
............................................................................
............................................................................
............................................................................
............................................................................
..............................Үйге тапсырма беру:
Тексерген:__________________________ Н.Асанова
Күні 06. 04. 2012ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Менің көніл-күйім»
Өту әдісі:
Сабақтың барасы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
«Стрес деген не?» - деген хабарлама.
Жүргізуші: «Стресс» түсінігі (лат. қысым) 1936 ж. белгілі болды.Оны
Канадалық ғалым Г. Селье енгізді. Ол стрестің қысым сияқты екенін, ол
қандай –да бір күшті ықпалдың нәтижесінен пайда болатынын анықтады. Бірінші
кезде « Стресс – бұл өлім десе, зерттей келе, ол қарама-қарсы пікірге «
Стресс – бұл өмір» деген пікірге тоқталды. Қысым күйі ағзаның қорғаныс
күштерін қайта жандандырады. Стресс – ол физиологиялық, психологиялық
компоненттерден тұратын комплексті процесс. Адам әртүрлі жағдайда әрқалай
өзін ұстайды. Біреулерде белсенді реакция (ашушаңдық, күлегештік,
тітіркену), біреулерде – пассивті реакция (әдеттегі жұмысымен айналыса
алмау, ұйықтай алмау).
|№ |Стреспен күресу жадынамасы |
|1 |Стресс ұзаққа созылса – жаңа не басқа іс-әрекетке көңіліңді аудар|
|2 |Дау-дамайда тоқтатуға тырысу (денсаулық қымбат) |
|3 |Ситуацияны өзгерте алмасаңыз, онда оған деген қатынасыңызды |
| |өзгертіңіз. Монтеньнің айтуы бойынша: Ситуацияның шешілмеуі емес,|
| |оны қалай бағалауына байланысты адам қайғырады. |
|4 |Стрестік ситуация құрудың қажеті жоқ. Бір – бірін қорғау керек. |
|5 |Мейірімді болыңыздар! |
|6 |«Ең қымбат және ең арзан мейірімді күлкі болып табылады» |
|7 |әзіл - өмір ағымындағы құтқару айнылымы. Әлем жылылықтан сақталып|
| |келеді. |
Талдау
«Маған сендегі ... ұнайды» жаттығуы.
Жеткіншек шеңберленіп артқа қарап тұрады, ал бір қатысушы кез-
келгенінен бастап қолынан ұстайды. Сосын «Маған сендегі ... ұнайды» деп
айту керек. Кезекпен айтып болған соң бір-біріне қарайды.
Нәтижесі:
............................................................................
............................................................................
............................................................................
............................................................................
..............................Үйге тапсырма беру:
Тексерген:__________________________ Н.Асанова
Күні 13. 04. 2012ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Менің көніл-күйім»
Өту әдісі:
Сабақтың барасы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
Адамның көніл-күйі кімнен байланысты деп ойлайсың?
Біздің көніл күйімізге не әсер етеді?
Қоршаған ортада өз орнын табу керек, әрі өзінді өзін жоғалтпау керек деген
мағынаны қалай түсінесін? Талдау.
”Біздің көңіл-күй “ жалпы суреті.
Бір плакатқа топтың жалпы көңіл –күйін салуға, оны талқылауға тапсырма
беріледі.
”Барлығының көңілінен шығу қиын“ мысалы (Пезешкиан.,1995).
Жаздың ыстық күнінде шаң-тозаң көшеде бір адам баласымен және есегімен
кетіп бара жатты. Әкесі есекте отырып, баласы оны жетектеп бара жатты. Өтіп
бара жатқан адам: ”Байғұс бала, оның қысқа ғана аяғы есектен қалыспауға
тырысуда. Әкесі баласының әрең үлгеріп бара жатқанын көрмей ме, қалайша ол
есек үстінде жалқауланып отыра береді ? “ деген екен.
Әкесі оны жүрегіне жақын қабылдап, өзі есектен түсіп, баласын есекке
отырғызып ары қарай кете барды. Аз ғана уақыттан кейін бір жүргінші : ”Не
деген масқара! Кішкентай ғана жүгірмек кәрі әкесі жаяу жүргенде есекке
сұлтанша отырып алыпты “ депті. Бұл ескерту баланы қатты ұялтты да ,
әкесіне есектің арқасына отыруды өтінді.
”Мұндайды көріп пе едіңдер? деді бір қарт ана. – Жануарға жасалынған
қандай қатігездік десеңші. Есектің белін қайыстырып, үлкен демей, кіші
демей екеуі де тақта отырғандай жайғасып алыпты Бейшара жануар-ай! “деген
екен.
Сын естушілер ешқандай сөйлеместен есектен түсті. Енді ғана бірнеше
қадам басқандары сол еді, бір жүргінші: ”О, тоба! Мен осындай ақымақ
болмағаныма шүкір. Біреуің мінбесеңдер, оның ешқандай пайдасы болмаса не
үшін есекті алып жүрсіңдер “ – депті.
Әкесі есегінің аузына сабан беріп, баласының иығынан ұстап: ”Біз не
істесек те, оған әлдебіреу келіспейді Сондықтан мен өзіміз нені дұрыс деп
санайтынымызды өзіміз шешуіміз керек деп ойлаймын .“
Талқылау.
«Пингвиндер» жаттығуы.
Жүргізуші: «Сен полюстегі пингвинсін, саған өте суық бір жерге жиналып
жылыну керек. Сыртта тұрған адам ортасына қалай кіруге тырысасын». Ортаға
ақырын басқа пингвиндерге зиян келтірмей жету қажет.
Нәтижесі:
............................................................................
............................................................................
............... Үйге тапсырма беру: сабақты қайталау
Тексерген:__________________________ Н.Асанова
Күні 20. 04. 2012ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Айналадағы әлемге саяхат»
Өту әдісі: Түсінік беру. Талдау.
Сабақтың барасы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
”Сюжет“ мысалы
Оңтүстікте енді ғана таң атып тіршілік басталғанда, бір маймыл
пальмаға шығып какостың ауыр жаңғағын алып оны әрі –бері лақтырып, бар
дауысымен айғайлай бастады. Мұны түйе естіп , жақындап келіп:”Бүгін саған
не болды “ деп сұрапты.
”Мен үлкен пілді күтіп отырмын. Мен оны осы какоспен аямай ұратыным
соншалықты көзінен от шығатындай ететіндей жасаймын!“ депті маймыл.
Бірақ түйе: ”Ол сонда шын мәнінде не істемекші?“ деп ойлады.
Түске таяу арыстан өтіп кетіп бара жатып, кішкентай маймылдың жан ұшырып
жатқанын көріп: ”Саған бір нәрсе жетпей жатыр ма?“ деді.
Кішкентай маймыл ”Иә! – деп айғайлады. – Маған үлкен піл жетпей жатыр. Мен
оны какоспен басы жарылатындай етіп ұрамын! “.
Бірақ арыстан: ” Оған шын мәнінде не жетпейді?“
Түстен кейін мүйізтұмсық келді, басын көтеріп таңданыспен одан:”Бүгін саған
не болды ?“ деді.
”Мен үлкен пілді күтіп отырмын. Мен оны осы какоспен аямай ұратыным
соншалықты басын жарып, көзінен от шығатындай ететіндей жасаймын!“ депті
маймыл.
Бірақ мүйізтұмсық: ”Ол сонда шын мәнінде не істемекші?“ деп ойлады.
Кешке үлкен піл келіп, пальмаға үйкелді. Бір кезде тып-тыныш бола
қалды. Сосын ол жоғарыға қарап, кішкентай маймылды көрді де: ”Саған бір
нәрсе жетпей тұр ма?“ деді. ”Жоқ! - деді маймыл. – Жоқ, жоқ! Мен шынымен
осныда бірдеңелерді айтып айғайладым, бірақ оны сен шын екен деп
қабылдамайсың ғой деп ойлаймын?!“ депті маймыл.
Бірақ піл: ”Шынында да бұған бір нәрсе жетпей тұр!“ дап ойлады.
Сосын өзінің пілдеріне кете барды.
Кішкентай маймыл ұзақ үндемей отырды. Сосын какосты алып, жерге
түсті де оны тас бір ұрды, ол жарылып кетті... Ол сүтін ішіп, жұмсақ жерін
жеді.
Талқылау.
«Қорқыныш» жаттығуы
Қатысушылар өз қорқынышын суретке түсіреді. Жинап алынып суреттегі
қорқыныштар жеке-жеке талданады, кім екені табылуы тиіс. Суреттерді жинап,
жыртып тастауға болады.
Нәтижесі:
............................................................................
............................................................................
............................................................................
............................................................................
..............................Үйге тапсырма беру:
Тексерген:__________________________ Н.Асанова
Күні 27. 04. 2012ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Айналадағы әлемге саяхат»
Өту әдісі: Талдау, әнгіме
Сабақтың барасы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
Қоршаған ортамыз, айналадағы әлем қандай деп ойлайсын? Біз қандай елде
тұрамыз? Әрбір бала кішкентай кезінде барлық елді аралап, саяхат жасауға
армандайды. Ал сен қалай ойлайсың, сенің осындай арманын болды ма? Әлемге
саяхат үйде отырып, жасауға болады, қалай деп ойлайсың?
”Дана адамның оқушысы мен піл“ мысалы (Лавский В.В. , 1997).
Бір орманда көп шәкірті бар дана адам өмір кешіпті. Ол шәкірттерін
шындыққа, әділеттілікке үйретіп, ол: ”Дүниенің барлық затын, тіршілік
иесін Алла жасаған , сондықтан да оларды бағалау керек, барлығының
жүрегінде Алла бар“ деген екен.
Бірде бір шәкірті орманға ағаш алып келуге кетеді. Жолда асыққан,
құтырған пілдің аласұрып келе жатқанын байқапты. Пілге мінген адам жан
ұшыра: ”Жолдан қаш, жолдан қаш! Піл құтырды!“ деп айғайлады. Бірақ шәкірт
қашудың орнына ұстазының айтқанын есіне түсіріп: ”Пілде де мендегі сияқты
жүрегінде Алла бар, сондықтан піл екіншіге зиян келтірмейді. Маған қашудың
қажеті жоқ.“ деп шешеді. Ол осылайша бір жерден қимылдамай тұрады. Піл
мінген адам одан сайын одан сайын: ”Жолдан кет!“ деп айғайлады. Құтырған
піл шәкіртті тұмсығымен орап алып, аспанға көтеріп, жерге бар күшімен бір-
ақ орды. Шәкірт қан жоса болып, есінен танып қалды.
Данагөй адам бақытсыз жағдайды естіп, басқа шәкірттерімен оны үйіне
апарады. Сосын шәкірт өзіне келіп, не болғанын айтып берді. Сонда дана адам
оған: Алла барлық жанды, жансыз тіршілікті жасағаны және әрбірінің
жүрегінде бар екені анық, бірақ пілдің жүрегінде Алла болса, пілге мінген
адамның жүрегінде де Алла бар екенін неге есіңнен шығардың? Неге көңіліңді
піл мінген адамға емес, пілге аудардың? деп жауап беріп, әрі өзіне қарсы
сұрақ қойған екен.
Талқылау.
”Алыптар қаласы“ жаттығуы.
Жүргізуші: ”Бір түнде үш метрлік алып адамға айналып кеттіңіздер. Сіздердің
әрекеттеріңіз?“ Нұсқалар: үш сантиметрге айналып кеттіңіздер
”Аққу, шортан және шаян “ жаттығуы.
Үшеуі қандай ойын ойнайтынын келісу керек.
Нәтижесі:
............................................................................
............................................................................
............................................................................
............................................................................
..............................Үйге тапсырма беру:
Тексерген:__________________________ Н.Асанова
Күні 04.05. 2012ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Мен және менің қасиеттерім»
Өту әдісі: Талдау, әнгіме
Сабақтың барасы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
Әр адамның бойында өзінің ерекше қасиеттері туылғанынан, немесе өзі
дамытып алатын қасиеттер бар. Өз қасиеттерін жеке бағалау керек,
кемшіліктер мен күресу керек.
«Өзін-өзі құрметтеу» пікір-сайыс.
Жүргізуші «Өзін-өзі құрметтеу», «Өзін-өзі бағалау», «Өзін-өзі
бақылау», «Өзіндік сана» түсініктерін береді.
Өзін-өзі құрметтеу – өзіне тұлға ретінде, өз жетістіктеріне,
қасиеттеріне және мүмкіндіктеріне құрметпен қарау.
Өзін-өзі бағалау – адам өзінің адамгершілік қасиеттерін,
ерекшеліктерін, мінез-құлық қасиеттерін, өз мүмкіндіктерін бағалау.
Тұлғаның өзін-өзі бағалауы, басқа адамдар ортасындағы бағасы.
Өзін-өзі бақылау – өз эмоциясын ұстай білу қабілеті.
Өзіндік сана – адамның өз қасиеттерін қабілетін, мүмкіндігін, мінез-
құлық түрткісін, білімін, қызығушығын және идеалын сезіну.
А. Жеткіншектерге маңызды не?
• Өзін-өзі құрметтеу.
• Ересектердің құрметі.
• Құрдастарының құрметі.
Б. Адамды не өзгертеді және ол қалай өзгереді?
• Өзін-өзі құрметтеу.
• Өзін-өзі бағалау.
• Басқаларды құрметтеу.
«Маған сендегі ... ұнайды» жаттығуы.
Жеткіншектер шеңберленіп артқа қарап тұрады, ал бір қатысушы кез-
келгенінен бастап қолынан ұстайды. Сосын «Маған сендегі ... ұнайды» деп
айту керек. Кезекпен айтып болған соң бір-біріне қарайды.
Нәтижесі:
............................................................................
............................................................................
............................................................................
............................................................................
..............................Үйге тапсырма беру:
Тексерген:__________________________ Н.Асанова
Күні 11.05. 2012ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Мен және менің қасиеттерім»
Өту әдісі: Талдау, әнгіме
Сабақтың барасы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
«Менің сезімдерім» жаттығуы.
«Менің сезімдерім» атты №3 жұмыс парағын таратып, толтырған соң жинап
алады. Парақтар өңделіп, келесі сабақта өз тілектері бойынша оқылады.
№3 «Менің сезімдерім» парағы
1. Мен ..... қуанамын.
2. Мен .... қайғырамын.
3. Мен .... ашуланамын.
4. Мен ... мақтан етемін.
5. Мен ... қобалжимын.
6. Мен .... салмақты боламын.
7. Мен ... кінәлі сезінемін.
8. Мен ... зығырданым қайнайды.
9. Мен ... қорқамын.
10. Мен ... жақсы көремін.
«Менің алаңқайым» жаттығуы.
Жүргізуші жеткіншектерге ыңғайланып отыруын, көзді жұмып елестетуін
сұранады.
Жүргізуші: «Әркім өзінің алаңқайында» отыр. Біреуде үлкен, біреуде
кіші... Біреуде күн шығып тұрса, екінші де жаңбыр жауып жатыр.
Алаңқайыңызда қай жыл мезгілі? Тәуліктің қай уақыты? Бұл алаңқайда кімсің?
Саңырауқұлақ, өсімдік, ағаш, жануар, құс...Бұл алаңқай қалай? Сен не
сезініп жатсың? Қоршаған ортамен қандай қарым-қатынастасың?
Соңынан төмендегідей тапсырмалар беріледі.
• Өз уайымдарың жайлы айту.
• Әрқайсысы өз алаңқайын салу
Нәтижесі:
............................................................................
............................................................................
............................................................................
............................................................................
..............................Үйге тапсырма беру:
Тексерген:__________________________ Н.Асанова
Күні 18.05. 2012ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Мен және менің болашағым»
Өту әдісі: Талдау, әнгіме
Сабақтың барасы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ: «Ай» мысалы.
Қожанасыр ораза айында тыныш жолда келе жатыр еді. Мұсылмандар айдың
шығуын асыға күтті, айды көргенде ауыз ашады екен. Ол су ішкісі келіп
құдыққа шелекті тастайын десе, құдық ішінен айды көрді. Ол ай құдық ішінде
деп ойлады. Сөйтті де, былай деді:
- О, Алла! Қандай қиын жағдай! Адамдар айды аспаннан көрмек болса, ал ай
болса құдықта қалып қойыпты. Егер оны шығармаса, көптеген адамдар аш
қалады.
Сөйтіп өзінің су ішкелі жатқанын ұмытып кетіп, айды құдықтан шығармақ
болды. Бұл өте ауыр жұмыс болды, өйткені шелек суға батысымен ай бөлініп
кете берді. Ол бар күшін салды, барлық мүмкін тәсілдерді байқап көрді.
Осындай әуре-сарасаңда белгілі бір сәтте айдың көлеңкесі шелекте тұрды. Сол
кезде, ол былай деді:
- Мен жақсы іс істедім, енді мен оны шығарамын.
Ол айды шығаруға әрекеттенді, бірақ алдыңғы бірнеше жасалған
әрекеттерден кейін тасқа тіреліп қалды. Ол бар күшін салды, бірақ ол тарта
алмады. Ол былай ойлады:
- Ол өте ауыр сияқты. Бір өзімнің күшім жетпей жатыр, айналада да ешкім жоқ
сияқты. Сондықтан өзіме бар күшімді салуым керек.
Ол одан бетер күш салды. Ол бар күшін салғанда, жіп үзіліп кетті де, ол
құлап құдық қасындағы тасқа басын ұрып алды. Ол есін жиып көзін ашқанда,
айды аспаннан көрді. Сол кезде ол айға қарап:
- Бәрі дұрыс. Мен басымды ұрып алсамда, сен боссың және миллиондаған адам
өмірі сақталды.
Дегенмен, барлық адамның әрекет еткенде жібі үзіліп, басын ұрып алып
шынайы аспандағы айды көруге мүмкіндігі бола бермейді.
Талқылау.
«Айна дүкенінде» жаттығуы
Барлығы тұрып әртүрлі қимылдар жасайды. Ортада тұрған жеткіншек
әрқайсысына барып қимылын қайталайды. Әр қатысушы ортада тұру қажет.
«Кемеге жүк арту» жаттығуы.
Доп алған адам «С» әріпінен келетін зат немесе тамақ түрін атау
қажет, сосын допты келесі адамға береміз. Сөз қайталанбайды, әріптер кез-
келгені болуы мүмкін.
Нәтижесі:
............................................................................
............................................................................
............... Үйге тапсырма беру:
Тексерген:__________________________ Н.Асанова
Күні 25.05. 2012ж. Пәні «Мінез құлық – мәдениеті» Сыныбы 9-«В»
Сабақтың тақырыбы: «Мен және менің болашағым»
Өту әдісі: Талдау, әнгіме
Сабақтың барасы:
1. Оқушыны ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма
Жаңа сабақ:
Болашақ деген не? Ол жайлы не ойлаймыз? Әр адам өз болашағын ойлап, арман
қойып талмынады. Сенің қандай болашаққа деген арманын бар?
«Сен-арыстансың» мысалы.
Құрсағында баласы бар арыстан қойларға тап береді, осы жорық оның
өмірін қиды. Арыстан қиналып жатып босанып, өмірге кішкентай арыстанның
келді. Кішкентай арыстан анасынан айырылып, қойлардың қамқорлығында қалды.
Ол солармен бірге өсіп, шөппен қоректенді. Арыстанның сыртқы пішіні
арыстанға ұқсағанымен, ақыл-ойы қойдыкіндей болып қалды.
Біршама уақыт өткен соң қойдың отарына арыстан қорек аулауға келеді.
Ол өзінің қандас –арыстаны қойша қорқып қашқанын көріп таңданады.
Содан кейін арыстан оны аңди бастайды, бір күні оны көріп, оған: «Оян!
Сен – арыстансың! – деп айтты. Ол қорқып кетіп «Жоқ» деп жауап қатады. «Мен
- қоймын»- дейді. Сол кезде оны арыстан көлге апарып бейнесін көрсетті. Ол
бірінші арыстанға сосын өз бейнесіне қарап өзінің арыстан екенін сезіне
бастады. Ол маңырауды қойып, ырылдай бастады».
Талқылау.
«Бүлдірген» жаттығуы.
Бір адам жолбарысқа кезігіп қалыпты. Ол қашыпты, жолбарыс оны қуып
келеді екен. Жарға келіп, жабайы жүзім тамырына жармасыпты. Бір жолбарыс
жерде ырылдап тұр, бір жолбарыс жоғарыда ырылдап тұр. Тек қана жабайы
жүзімнің тамыры ғана ұстап тұр. Екі тышқан тамырды кеміре бастады. Кенет
адам піскен бүлдірген бұтағын көрді. Бір қолымен тамырды ұстап тұрып,
бүлдіргенді үзіп алды... иісі қандай десеңші!
Талдау және өз ойымен әнгімені жалғастыру.
Жалпы өтілген сабақ жайлы, осы сабақтардан қандай әсер алдың, не
үйрендің, өз пікірлерімен бөлісіп айтсан. Талқылау өткізу, өзінің ішкі жан
дүниесін ұғу арқылы өзін-өзі оң тану қалыптасатынына көз жеткізілдіме?
Нәтижесі:
............................................................................
............................................................................
............... Үйге тапсырма беру:
Тексерген:__________________________ Н.Асанова
Бұл – гномдар. Суреттегі көңіл күйлеріне қарап, олардың әрқайсысына ат
қой.
Есім – сезімді жаз. Өзіңіз ұнаған гномды шеңбермен сызыңыз.
-----------------------
өз пікірін толық жеткізе алмайды
Мәдениетті адам
Қарым-қатынаста сыпайы
Амандасуды ұмытып кетеді
Рухани өсуге талпынады
Сөздің аяғын күтпейді
Кітап оқығанды ұнатпайды
Кейде алғыс айтуды ұмытып кетеді
өзіне де өзгелерге де сыйластықпен қарайды
өз пікірін ашық айта алады
өзін ғана жақсы көреді
өзгелердің пікірімен санаса алады
Ешкімді ренжіткісі келмейді
}
II кезең. Салыстыру (құндылықтарды субъектінің іс-әрекеттерін салыстыру
арқылы табады)
}
}
қызығушылық
махаббат
ұяңдық
жалқаулық
ұят
шыдамдылықық
көре алмаушылық
өтірік
қуаныш
білім
батылдық
құрмет
(__________________
(_____________
(_______________
(__________________
(__________________
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz