Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Күшейтпелі шырай жайлы ақпарат



Күшейтпелі шырай

Сынып:7-сынып (өзбек бөлімі)

Сабақтың тақырыбы: Күшейтпелі шырай
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: оқушылардың грамматикалық білімдерін тереңдету, жаңа білімді
меңгеру, жаңа сөздерді дұрыс қолдана білу; 
Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін, ойларын дамыту, ізденімпаздық
қасиеттерін қалыптастыру; 
Тәрбиелік: Сөйлеу мәдениетін арттыру, өзін-өзі бағалай білуге, басқалардың
көзқарасын тыңдап, сыйлай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Қолданылатын әдістер: Түсіндіру; Суретпен жұмыс; тірек сызба, ойындар ,
шағын тақырыптық тест
Сұрақ-жауап. Ойын
Сабақтың жабдығы: слайдтар, тірек сызба,бағалау парағы, суреттер,
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет,
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Балаларды түгендеп, бүгінгі күн ерекше күн екенін хабарлау, психологиялық
жағынан балаларды дайындап алу, олардың білімдері жоғары екендіктерін айтып
көңілдерін көтеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 67-жаттығуды қалай орындағандарын оқытып ,
толық талдатып өтемін және оларды әңгімеге тартуды жөн көремін. Мысалы:
- Бүгінгі ауа-райы кешегіден қандай?
- Бүгінгі көңіл күйің кешегіден қандай?
- Қандай киімдерді ұнатасың ?
- күзгі жапырақ түсі қандай? т.б.
Осындай сұрақтар арқылы үйге берілген салыстырмалы шырайдың ережесін
шығартамын.
ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру. (сурет арқылы) 

[pic][pic]
[pic][pic]

Тақтадан бүгінгі сабаққа арнайы жасалған слайдтан бірнеше суреттер
көрсетемін . Осы суреттер арқылы жаңа тақырыптың мағынасын ашу. Күшейтпелі
шырайға мысал келтіру, ережесін шығару. Мысалы; жасыл жап-жасыл, жіңішке –
тым жіңішке , ұзын- ұп -ұзын ,. Өздерінің айтқан сөздерін тақтаға жаздырып,
бүгінгі сабақтың ережесін шығарамыз. Кейін слайдтағы сөздерге көңіл бөліп,
күшейтпелі шырайдың қалай жасалатынын сызба арқылы және пысықтап өтемін.
[pic]

IY. Жаңа білімді меңгерту
А)Кітаппен жұмыс. 
Дәптерлерін ашып, бүгінгі күннің жадын, тақырыпты жазып, деңгейлік жаттығу
орындатамын.
72 -жаттығу
Төмендегі сөз тіркестеріне сөйлем құрастырыңдар.
Үлгі :Түп түзу қайыңдар мен кеп-кең көшелер Алматының көркін аша түскендей.
Түп-түзу қайыңдар.Кеп-кең көшелер.Біп-биік үйлер.Өте ұзын көше.Тым ыстық
күн.Тұп-Тұщы су.Мөп-мөлдір бұлақ.Өте таза жер.
Ә) Жеке оқушымен жұмыс
Тапсырма «Кім көп біледі ?»
Төмендегі күшейткіш буындар арқылы құралған қос сөздерді кім көп тауып
жазса, сол озып шығады.
Тап- (5 сөз) (таза, тар тамаша, тақыр ,тұйнақ)
Ап - (6 сөз) ( арық,аппақ, аз,аласа,алыс,ашық)
Жап- (7 сөз) (жарық,жасыл жаңа,жақын ,жаман,жақсы,жайлы)

Y. Психологиялық жағдаят (сергіту сәті) 
Әрбір адам кімім? 
Туысым, досым, жұрағат 
Әрбір сабақта не істеу? 
Үйрену, ұғу, ұлағат 
Әрбір ісім не? 
Тірлік, тірек, адамдық 
Әрбір сөзім қандай? 
Шындық, бірлік, адамдық 

YI. Шығармашылық жұмыс
«Өте зейінді оқушы» деген атпен өздеріңізбен бірге жүрген оқушылар-
дың жақсы оқитыны туралы шағын шығарма жазу.(Тақырып таңдау еркін)
Тірек сөздер : Алғыр.Өте тиянақты.Аса ұғымтал. Қайырымды.Жолдастарына тым
беделді. Мұғалімдер. Жақсы көреді. Ата-анасы. Мақтаныш.Қоғамдық
жұмыс.Белсенді оқушы. Мақтау қағазы.
YII. Қорытындылау.
1. «Лабиринт ойыны» (оқушыларды екіге бөлу 6-6 оқушыдан) сөз беріледі
қандай сын есім екенін табу арқылы адаспай шығу әрбір дұрыс жауапқа бір
балдан қойылады. Екі команда бірдей болса ,соңғы екі мақалға сатылай
морфологиялық талдау жасайды.

[pic]

1) Көк сөзі (сұрағы қандай?, негізгі сын есім, құрамы дара, сапалық , )
2) сарғыш сөзі(Сұрағы қандай? негізгі сын есім,, құрамы дара, мағынасы
сапалық, салыстырмалы шырай)
3) Таулы жер сөзі(сұрағы қандай?, туынды сын есім, құрамы дара, мағынасы
қатыстық )
4) тарихи әңгіме сөзі(сұрағы қандай?, туынды сын есім, құрамы дара,
мағынасына қарай қатыстық )
5) Қара көк(сұрағы қандай?, негізгі сын есім, құрамы күрделі, мағынасына
қарай сапалық )
6)Жирен қасқа (сұрағы қандай?, негізгі сын есім, құрамы күрделі,
мағынасысапалық )
7) Алаған қолым-береген(сұрағы қандай?, туынды сын есім, құрамы дара,
мағынасы қатыстық)
8)Мәуелі ағаш майысқақ(сұрағы қандай?, туынды сын есім, құрамы дара,
мағынасықатыстық )

9)Көкірегі сезімді , тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін...(кімнің өлеңі, қалай аталады ? өлеңді
жатқа білесің бе?)
10) Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан.
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан ...(кімнің өлеңі, қалай аталады
? өлеңді жатқа білесің бе?)

Шағын тест 
1. Сын есімнің шырай түрі қанша?
а) екеу
ә) үшеу
б) бесеу
2. Сапалық сын есімдерді табыңдар:
а) аппақ, сап-сары, жақсы;
ә) ақылды, ойлы, таулы;
б) ұзын бойлы, кең иықты, арқар мүйізді
3. Негізгі сын есімді табыңдар?
а) сүтті
ә) жайлаудай
б) сары
4. Туынды сын есімді табыңдар?
а) жақсы
ә) алыс
б) асыранды

5. «Көкпеңбек, аппақ» сөздерінен шырай түрін анықта
а) күшейтпелі
ә) салыстырмалы
б) шырай жоқ

6. Сын есімнің шырайлары қалай жасалады ?
а) қатыстық сын есімдердің түрленуі арқылы
ә) тек күшейткіш үстеулер арқылы
б) сапалық сын есімдерден жасалады.

7. Күшейтпелі шырайды табыңыз.
а) бозғылт, көкшіл
ә) тым нәзік, көкпеңбек
б) еңселі, өткір

8. Қатыстық сын есім қатысып тұрған мақалды белгілеңдер:
а) Жақсы – ісімен жақсы;
ә) Сулы жер – нулы жер;
б) Арулар –асыл жандар;

YIII.Бағалау
ІХ.Үйге тапсырма:74-жаттығу .Мәтінен сын есімдерді тауып,мағыналық
ерекшелігіне, шырай түріне ажыратыңдар.Ережелерді жатқа оқу.

1)Сын есім дегеніміз не?сап -сары
2)Сын есім зат есімнің қандай мағыналық белгілерін білдіреді ? сары
3)Дара сан есім қалай жасалады ?сарғыш
4) Күрделі сын есімдер қалай жасалады ?тарихи
5)сын есім мағынасына қарай қалай бөлінеді ? қызыл шырайлы
6)Сапалық сын есім дегеніміз не ?сөзшең
Қатыстық сын есім дегеніміз не № шыдамды
7) Сын. есім шырайлары деген не?қысқа
8) Сын есімтүрлері қандай сын есімнен жасалады ?желсіз
9)Салыстырмалы шырай деген не ? Алаған қолым-береген
10)Күшейтпелі шырай деген не ? Мәуелі ағаш майысқақ
8. Гүл сөзін анықтап тұратын сын есім: 
а) көмірдей
ә) әдемі
б) толық
в) дөңгелек
9. Қатыстық сын есім:
а) жасыл
ә) шырайлы
б) жеңіл
в) жаман
10. Қатыстық сын есім қатысып тұрған мақалды белгілеңдер:
а) Жақсы – ісімен жақсы;
ә) Сулы жер – нулы жер;
б) Арулар –асыл жандар;
в) Әсем таулар, бақша-баулар көрікті.
-----------------------
Күшейтпелі шырай

Күшейтпелі буындардың үстелуі арқылы жасалады Мысалы : біп-биік,сұп-
суық,тап-таза

Күшейткіш үстеулердің тіркесі арқылы жасалады.Мысалы өте күшті,шымқай
қызыл, нағыз жүйрік


Ұқсас жұмыстар
Күшейтпелі шырай
Сын есім. 8 сынып
Сын есімнің түрленуі
Салыстырмалы шырай
Сын есімнің шырайлары
Қазақстанның демалыс орындары. қазақ тілі пәнінен 5-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Табиғат анаға хат
Наурыздың жетісінде айт
Қазақ тілінен емтихан билеттері (6 - сынып)
Сын есімнің емлесі
Пәндер