Ақпаратық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру

Баяндама авторы жөнінде мәлімет

1
Автордың/авторлық бірлестіктегі адамдардың тегі, аты-жөні (толық)
Науанова Жадра Кошмуратовна
1: 2
Автордың/авторлық бірлестіктегі адамдардың тегі, аты-жөні (толық): Жұмыс орны
Науанова Жадра Кошмуратовна: Жамбыл Жабаев атындағы №15 Қарсақбай орта мектебі
1: 3
Автордың/авторлық бірлестіктегі адамдардың тегі, аты-жөні (толық): Қызметі
Науанова Жадра Кошмуратовна: Мұғалім
1: 4
Автордың/авторлық бірлестіктегі адамдардың тегі, аты-жөні (толық): Ғылыми дәрежесі, лауазымы
Науанова Жадра Кошмуратовна: Информатика пәнінің мұғалімі
1: 5
Автордың/авторлық бірлестіктегі адамдардың тегі, аты-жөні (толық): Жұмыс бағыты
Науанова Жадра Кошмуратовна: Білім беру қызметінде ақпараттық технологияны тиімді пайдалану
1: 6
Автордың/авторлық бірлестіктегі адамдардың тегі, аты-жөні (толық): Мақаланың атауы
Науанова Жадра Кошмуратовна: Ақпаратық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру
1: 7
Автордың/авторлық бірлестіктегі адамдардың тегі, аты-жөні (толық): Жинақты жіберетін почталық мекенжай (индекс көрсетілген) Алушының аты-жөні
Науанова Жадра Кошмуратовна:

Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Қарсақбай кенті, Сатпаев көшесі №72

Индекс 101510

1: 8
Автордың/авторлық бірлестіктегі адамдардың тегі, аты-жөні (толық): Байланыс телефоны
Науанова Жадра Кошмуратовна: (871034) 23-145, 87711961663
1: 9
Автордың/авторлық бірлестіктегі адамдардың тегі, аты-жөні (толық): E-mail
Науанова Жадра Кошмуратовна: Karsakbai15@mail. ru, Jadra27@mail. ru

Науанова Жадыра Қошмұратқызы,

Жамбыл Жабаев атындағы

№15 Қарсақбай орта мектебінің

информатика пәнінің мұғалімі

Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы,

Қарсақбай кенті

АҚПАРАТТЫҚ - КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ САБАҚТЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ

"Адамзат үшін ХХІ ғасыр - жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз. . . Ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында". (Н. Ә. Назарбаев)

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекег қабілетті маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білу. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындап отыр. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі - оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі - ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану. АКТ-ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ-ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Білім беру саласында көп қолданыста жүрген АКТ құралдары: интерактивті тақта, мультимедиа, интернет кеңістігі, электрондық оқулықтар.

Оқу үдерісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:

  • Бір қалыпты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру;
  • Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;
  • Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу;
  • Оқушының есте сақтау қабілеттерін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау) .

Оқу үдерісінде ақпараттық технологияны пайдалану барысы:

  1. Териялық материалды меңгерту кезінде:
  • Электрондық оқулықтар;
  • Power Point бағдарламасында жасалған презентациялар;
  • MS Word редакторында жасалған сызба кестелер, үлестірмелер;
  • Блокнот мәтіндік кіші редакторда жазылған ережелер жиынтығы (электрондық ереже анықтамасы) немесе электрондық сөздік қолданылады.
  1. Теориялық материалды бекіту кезінде:
  • Word Pad мәтіндік редакторында мәтінмен тікелей жұмыс (түзету, үзінді қосу, аяқтау, әріп қою, астын сызу, суреттер мен сызбалар кірістіру) .
  • Мультимедиалық мүмкіндіктерді пайдалану (дыбыстарды жазу мен ойнату, лазерлік ойнатқыш бағдарламасы, фонограф бағдарламасы арқылы дауысты жазу және жазылған дыбыстық файлды құжатқа қою аудиолекцияны алдын ала жазып алып, сабақ барысында қолдануға болады) .
  • Интернет жүйесі, яғни электрондық кітапхана мүмкіндігін қолдануға болады. Ол арқылы жаңа мәліметтер қорыту.
  1. Теориялық материалды қорыту кезінде:
  • Тест бағдарламасы арқылы білімді тексеру;
  • Power Point бағдарламасымен презентация жасату;
  • Excel бағдарламасында өз білімдерінің мониторингісін шығару.
  • Сынып ішіндегі компьютерлік желі арқылы өзара білім жарыстыру неме өзара тексеру жұмыстарын жүргізу;
  • Әмбебап ойнатқыш бағдарламасына жазылған файлдар арқылы диктант алу;
  • Интернет жүйесі арқылы жазылатын рефераттар, виртуальды интернет олимпиадалар.

Өз практикамда осы бағыт бойынша жұмыстар жүргіземін. Мысалы 5 сыныпта "Программалық жабдықтама. Операциялық жүйе түсінігі" тақырыбын бекіту кезінде оқушылардың деңгейіне байланысты әрқайсысына деңгейлік тапсырмалар беремін:

А деңгейі: "Адамдарға қандай программалық жабдықтама қажет" кестесі.

Бұл кесте алдын ала Word редакторында дайындалады. Оқушылар қажетті ұяшыққа "+" белгісін қойып толтырады.

В деңгейі: "Windows операциялық жүйесіндегі жұмыс"

Оқушылар жұмыс үстеліндегі белгішелер ретін ауыстыру, жұмыс үстеліндегі белгішелерді жасыру сияқты жұмыстар жүргізеді.

С деңгейі: "Қандай кәсіп иелері символдық, графикалық және дыбыстық ақпаратпен жұмыс істейді?" Кестені мысалдармен толтырыңдар.

Бұл деңгейде оқушылар өздеріне ыңғайлы бағдарламада кесте сызып, өздері толтырады.

Сонымен қатар 5-сыныптан бастап оқушылар өздерінің электрондық сөздігін "Блокнот" бағдарламасында құрып әр сабақта жаңа сөздермен толықтырып отырады. Осы жұмыстар сабақ барысында уақыт үнемдеп практикаға көп көңіл бөлуге септігін тигізеді.


Ұқсас жұмыстар
Информатика сабағында жаңа инновациялық технологияларды пайдалану үрдісі
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар
Физика сабағында оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын пайдалану
Білім беру барысында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану
Интерактивті тақтамен берілетін сабақтардың бағалау сынамалары
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру
Ақпараттық технологияларды физиканы оқыту үрдісінде пайдалану - сапалы білім негізі
Aқпaрaттық-коммуникaциялық технологияны әр түрлі пәндерде жaңaшыл тұрғыдa қолдaну
Ақпараттық технологияны сабақтарда үздіксіз пайдалану
Электрондық оқытуда ақпараттық - коммуникациялық пәндік ортаны ерекшеліктерін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz