Сабақтас құрмалас сөйлем. 11-сынып

Апта -3
Күн : 18. 04. 13
Сыныбы:11
Пән: қазақ тілі
Апта -3: Сабақтың атауы
Күн : 18. 04. 13: Жаңа сабақ.
Апта -3: Сабақтың тақырыбы
Күн : 18. 04. 13: Сабақтас құрмалас сөйлем
Апта -3: Сілтеме
Күн : 18. 04. 13: Топтық жұмыстағы рөлдерді бақылау . Сын тұрғыдан ойлау
Жұптық, топтық жұмыс
Апта -3: Жалпы мақсаты
Күн : 18. 04. 13: Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері мен ерекшеліктерін, жасалу жолдарын түсіндіру. Түрлі сұрау-тапсырмалар мен сызба кестелер, дидактикалық жаттығулар арқылы сөйлеу тілін, сөздік қорын молайту.
Апта -3: Оқушылар үшін оқу нәтижелері
Күн : 18. 04. 13:
  • Оқушылар әр түрлі топтық жұмыстарды орындау арқылы бір-біріне қарым-қатынастары өзгереді.
  • Бір-бірін шынайы бағалай алады(критерий құру арқылы.
  • Әр оқушы өз ойын жеткізуге мүмкіндік алады.
Апта -3: Сабақта туындаған негізгі идеялар
Күн : 18. 04. 13: Оқушылар тақырып бойынша әркелкі жұмыстар арқылы сыни ойлауға дағдылана бастайды, сонымен қатар сабаққа деген қызығушылығы арта түседі. Топпен жұмыс арқылы бір-бірімен қарым -қатынастары жақсарады.
Апта -3: Орындалатын жұмыстар
Күн : 18. 04. 13:
  1. Оқушыларды топқа бөлу.
  2. Топпен топ ережесін естеріне түсіру.
  3. Сабақтың мақсатын түсіндіру.
  4. Сабақтың тақырыбын ашу
  5. Тақырып бойынша негізгі тапсырмаларды орындату
  6. Рефлексия
Апта -3:

Сабақтың эпигарфы:

«Сендерді, ең алдымен, қалыптасқан тұлғалар,

тамаша кәсіпқойлар және

шынайы патриоттар тұрғысында көремін»

Н. Ә. Назарбаев.

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Амандасу, түгендеу.

2. Сынып топқа бөлінеді. /өз қалауларымен/

3. Күн мен айды жазу.

«Абылай ханға арнау» өлеңі оқылады. /оқушы шығармашылығы/

Апта -3: Сабақ кезеңдері
Күн : 18. 04. 13: Мұғалім әрекеті
Сыныбы:11: Оқушы әрекеті
Апта -3:

Кіріспе бөлім

Жаңа сабақ

Негізгі бөлім

Күн : 18. 04. 13:

1. Сабақтың мақсатын түсіндіру.

2. Бағалау критерийлері жазылған парақтар үлестіру.

3. Үй тапсырмасын тексеру.

Сыныбы:11:

1. Сабаққа назар аудару

2. Сабаққа психологиялық жағынан дайындалады

3. Бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас орнатады

Топтарға салалас құрмалас сөйлемдер жазылған парақтар беріледі, оқушылар сөйлемдерді мағыналық түрлеріне қарай орналастырады.

Апта -3:

Сөйлемдер:

1. Мен әрі толқыдым, әрі өзгеше бір сенімділік барын сезіндім. /ыңғайлас/

2. Олар уәделі жерге кеш жетті, өйткені көлік таппай қатты қиналыпты.

3. Мен айтарымды айтып салдым, -ескертуіме елең еткен Еркінді көрдім.

4. Я көңіліміз аспандап жеңіске жетеміз, я абыройымыз аяқ асты боп жеңілеміз.

5. Құс қанатын жазып бірде көкке самғады, бірде төменге құйылды.

6. Қатты толқығаны сонша-жанары жасқа толып кетті.

7. Қаталдықтың екі түрі болады: ақылды қаталдық, есерсоқтық қаталдық.

8. Ректорат мынаны еске салады: студенттерді ерте бастан ғылыми еңбек жазуға төсілдіру.

9. Ол өз бумасын көтерді және жол көрсету үшін алға түсті.

10. Ол кітаптарды достарына беруге асықты, мен де көтеретін кітаптар бумасын бөліп алды.

11. Биыл астық жақсы шықты, өйткені жаңбыр жақсы жауды.

12. Байсалды қалыпта сыр бермей тұр, бірақ жанарын тайдырып әкете берді.

13. Бәріміз шақырған жерге барайық немесе күйбең тірлігімізді жалғастырайық.

14. Кейде бұлтпен бірдей боп көзге шалынбайды, кейде нақ төбеге кеп қалықтайды.

Апта -3: Сабақтас сөйлемді түсіндіру.
Күн : 18. 04. 13: Сабақтас сөйлемді салалас құрмалас сөйлеммен салыстыру.
Апта -3: 1-тапсырма: Оқушыларға сабақтас құрмаластың жасалу жолдары жазылған парақтар беріледі.
Күн : 18. 04. 13:

Оқушыларға парақтардан өздеріне тиісті жасалу жолдарды таңдап алып, постер жасайды. Мысалмен дәлелдейді.

Топтан 1-1 оқушы шығып постерін қорғайды.

1-топ: шартты бағыныңқылы сабақтас

2-топ: қарсылықты бағыныңқылы сабақтас

3-топ: мезгіл бағыныңқылы сабақтас

4-топ: мақсат бағыныңқылы сабақтас

5-топ: қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас

6-топ: себеп бағыныңқылы сабақтас.

2-модуль /Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Апта -3:

2-тапсырма:

«Қазақ әдебиеті» топтар ұяшықтарды таңдайды.

Күн : 18. 04. 13: Үзінді қай шығармадан алынған? Авторы кім? Сабақтастың мағыналық түрін анықтау.
Апта -3: Тапсырмалар
Апта -3:

1-ұяшық: «Жабай шығып кетпегенде, Игілік жігіттерді сөзге айналдырып бөгей тұрмақ еді» / Ғ. Мүсірепов «Оянған өлке» мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем/

2-үяшық: «Мұзға ыққан ер азаматтардың алдын орап кісі шаптырайын десе, көлік жоқ» /Ә. Нұрпейісов «Қан мен тер» қарсылықты бағыныңқылы сабақтас/

3-ұяшық: Біраз отырған соң, күндіз жүріп шаршаған Асан ұйықтап қалды. / Ы. Алтынсарин «Бай баласы мен жарлы баласы» мезгіл бағынықылы сабақтас/

4-ұяшық: Өзен жағасы жарлау болғандықтан, ересек бала ақсақ баланы суға дейін көтеріп әкелді. /Ғ. Мүсірепов «Қазақ солдаты» себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас/

5-ұяшық: Әкесі бүгін әдейі бір үй іші кеңесті оңаша сөйлесейін деп, Мағаш, Әбіштерді осында шақыртқан.

6-ұяшық: Енді Бақтығұл шынын айтса да, болыстың өзі жылымай отыр.

Апта -3:
Күн : 18. 04. 13: 3-тапсырма: топтар тақырыптарды таңдап, тақырыпқа орай сабақтас құрмалас сөйлем қатысқан мәтін құрастырады.
Сыныбы:11:

«ЕХРО», «Экология», «Экономика», «Көшпенділер кино», «Маңмаңгер» клип.


Ұқсас жұмыстар
Ұялы телефонның пайдасы мен зияны
Сабақтас құрмалас
Компьютер сөзіне морфологиялық талдау жасау
Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
8-сынып оқушыларына қазақ тілінен арналған емтихан сұрақтары мен қосымша тапсырмалар
Шартты бағыныңқы сабақтастың жасалуы
Қарсылықты салалас
Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдары
Шешендік өнер
Ибрагим Бегімхан Керімханұлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz