Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Мектептің нақты жағдайына сәйкес келетін өзгеріске негізделген рефлексивтік есеп
Құлманқұлова Сәуле Жәлиқызы
Т.Жүргенов атындағы №123 орта мектебінің
физика пәнініңмұғалімі
Қызылорда облысы,
Жалағаш ауданы
Мектептің нақты жағдайына сәйкес келетін өзгеріске негізделген рефлексивтік есеп
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты.Осы орайда Бірінші деңгей бағдарламасы бойынша біліктілік курсының тыңдаушылары өз мектебімізге келіп мектепке өзгеріс енгізу үшін не істеу керек деген сұрақ аясында пікірлестік.
Мектеп жоспарына енгізілетін нақты өзгерістерді іске асыру, басымдық тақырыбын анықтау үшін мектеп директорымен және мектеп әкімшілігімен, бірлестік жетекшілерімен сұхбаттастық. Мектептің стратегиялық даму жоспарына талдау жасадық.Ондағы ағымдағы жағдайды талдау және қызметтің тиісті саласының (аясының) даму үрдісі бөліміндегі 1-стратегиялық бағытта сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету қарастырылған. Сапалы білімге қол жеткізу үшін оқытудың тиімді әдістерін қолдануымыз керек. Оқытудың тиімді әдістерін ұйымдастырудағы мақсатымыз - шығармашылық ізденістегі ұстаздар қатарын толықтыру, білім беру мен оқыту әдістемесін қазіргі талап деңгейіне көтеру. Сондықтан қызмет құрылымдарын жетілдіру мақсатында экспертті - диагностикалық топ, мониторинг - рейтинг шығару тобы, шығармашылық топтар жұмыстары жандандырылады. Ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында нәтижеге бағытталған білім беру сапасын дамытумен қатар, құзырлық білім үлгісіне өту, оқытудың тиімді әдістерін оқып-үйрену төңірегінде әдістемелік оқулар, семинарлар, жеке мұғалімдермен де әңгіме - сұхбаттар, мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін дамыту мақсатында курстардан өткізіледі. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мұғалімдердің деңгейі көтеріледі, олардың көзқарасы өзгеріп, ізденіске ынталанады. Бұл жұмыстарды жүзеге асыруда мұғалімдердің сапалық құрамдары талданып, педагогикалық технологиялар зерттеліп енгізіледі, мұғалімдердің шығармашылық деңгейлерін көтеруге жағдай жасалады. Мониторинг пен рейтинг өзара тығыз байланысты. Рейтингтік жүйе әрбір оқушының, мұғалімнің қабілеттерінің даму мүмкіндіктерін нақты анықтап береді. Бүгінгі күні рейтингтік жүйе арқылы бағалау дәстүрге айналған. Мектептің даму жоспары, бірінші кезекте, мектепте қолданылатын іс-құжат. Ол өнімділіктің қазіргі деңгейінің талдауы, қазіргі үрдістер мен болашақ факторлар мектептерге қаншалықты әсер ететіндігіне мектептің берген бағасының негізінде жасалады және алдағы жұмысты жетілдіру бойынша басымдық пен міндеттерді анықтайды. Жоспарлаудың нәтижелілігі - әрбір табысты ұйымның маңызды элементі. Мектеп жағдайында бұл үдеріс:
Мектептің моральдық мақсатын, мәдениетін және мүдделерін растауды;
Мектептің қазіргі қалпын, күшті жақтарын, оқыту және оқу сапасын жетілдіру салаларын және таяудағы 3 жыл бойы мектепті басқару мен дамуына әсер ететін басқа да факторларды бағалауды;
Қорлардың болжалды деңгейі және оларды басқаруды, мектептің бірнеше жыл ішінде қол жеткізгісі келетін жетістіктерді (көп жағдайда келешек істерге қатысты сандық мақсаттар арқылы көрінеді);
Ол жетістіктерге жету жолдарын;
Ілгерілеуді өлшеу уақыты мен жолын қамтиды. (МАН,73-бет)
Мектептің дамыту жоспарына өзгеріс енгізу барысында мен бұл жұмысқа кімдерді тарту керектігін және мұны қалай ұйымдастыру керектігін ойластырдым. Жұмысты бастамас бұрын мектеп құндылықтарын, мақсаттарын, даму тұжырымдамасын қайта қарап, ұжымның қандай жетістіктерге жеткісі келетіндігін анықтау барысында тәжірибеден өтіп жатырған 6 әріптесіммен бірге мектеп мұғалімдері, ата-аналармен, оқушылармен сұхбат жүргізіп, сауалнамалар алдым. Бұл маған мектептің даму жоспарына енгізілетін басымдықты анықтауға көмектесті.Олардан алынған сауалнамалардың қорытындысына қысқаша тоқтала кетейін. <<Жоспарлау>> бөлімі бойынша << Мектепті дамыту жоспарына оқыту нәтижесін жақсарту үшін сыни тұрғыдан ойлау модулін енгізу қажет деп ойлаймын>> деген сұрағына 4 мұғалім-сирек (8%), 7 мұғалім-кейде (14%), 16 мұғалім-жиі (32%), 23 мұғалім-әрқашан (46%) деп жауап берген. Бұдан біз мектеп мұғалімдерінің қай бағыт бойынша жүргісі келетінін, нені үйренгісі келетіндігін білдік. Бұл біздің мектепті дамыту жоспарына өзгеріс енгізу үшін неге баса көңіл аударуымызға көмектесті. .
<<Көшбасшылық>> бөлімі бойынша <<Мектептің тәжірибелі көшбасшылары дамыту басымдықтары мәселелерінде жетекші рөл атқарады ма?>> деген сұрағына 2 мұғалім-сирек (4%),7 мұғалім-кейде (14%),20 мұғалім-жиі (40%),21 мұғалім-әрқашан (42%) деп жауап берген. Яғни, көшбасшылық қасиетке ие мұғалімдер мектебімізде бар және олар дамыту басымдықтары мәселелерінде жетекші рөл атқарып, өз идеяларын ұсынып отырады. Мектеп көшбасшыларының оқушылардың нәт ижелеріне ықпал етуі халықаралық басқа есеппен қайталанып тұрған жоқ қой иә? педагогикалық қоғамда айтарлықтай қызығушылық тудырып отыр. Білім беру саласындағы саясатты қалыптастырушылардың халықаралық көрсеткіштер негізінде оқушылардың нәтижелеріндегі алшақтықты азайтуға бағытталған амал-шаралары, сондай-ақ оқушы нәтижелерін жақсартуда мектеп көшбасшылары басты рөл атқарады деген пікір бұған басты себеп болып табылады. (МАН,61-бет)
Мектеп мұғалімдері әріптестерімен өздерінің сәтті, сондай-ақ сәтсіз тәжірибелерімен бөлісе отырып, себептері мен факторларын анықтап, өздерінің іс-тәжірибелерін сын тұрғысынан бағалауға ұмтылыс жасайды. Олар бір-біріне ілтипатпен қарап, әртүрлі проблемаларды бірге шешуге тырысады, бір-бірінің сабақтарына қатысып өз пікірлерін білдіреді. Жетістіктерді бірлесе талқылап, жаңа идеяларды анықтайды және оларды оқыту үшін негіз етіп алады.Бір ұжым болып жұмыс істеу арқылы басқа мұғалімдер қолдаған жағдайда мұғалімнің жұмысы аса тиімді болмақ. Мектепті жақсарту мүмкіндіктерін дамыту негізінде алқалы қарым-қатынастар және ұжымдық тәрбие жатыр. Күн сайын бірге жұмыс істейтін адамдардың арасындағы қарым-қатынас деңгейі бұл ұйымның ахуалының ең жақсы көрсеткіші болып табылатынын дәлелдеген.
<<Балаңызға білім алып жүрген мектептің оқыту үдерісіне өзгерту енгізу қажет пе?>> деген сұраққа 60 пайыз ата-ана <<иә>> деп жауап берген. Заман ағымына қарай оқыту үдерісіне өзгерту енгізудің қажеттілігін олар мойындап отыр. << Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер білім сапасына қаншалықты әсер береді?>> деген сұрағыма олар сабақ сапасы сан алуан тәсілдерді тиімсіз тықпалағаннан артпайды, олардың тек ұтымды жақтарын ғана пайдалансақ деп ой тастады.
Орта мерзімді талдау негізінде басқарушы орган мен мектеп директоры келесі оқу жылының басымдықтарын анықтайды, басымдықтар мектепті жетілдіруде басшылыққа алынатын негіз болып табылады. Мектеп жұмысының ұзақ мерзімді бағыттарын анықтау бойынша шешімдерді қабылдауда мектеп жетекшілігі, әкімшілігі мен бүкіл қызметкерлері бірлесіп келісім жасай отырып жұмыс істейді. Мектептің перспективті және жылдық даму жоспарын жасағанда тек мектеп әкімшілігі ғана емес, озат және тәжірибелі педагогтар да қатысады, жоспарды бекітпей тұрып, педагогикалық кеңесте талқыланып барлық мұғалімдердің талап-тілектері ескеріледі және мектептің даму жоспарын бүкіл педагогикалық кеңес дауысқа салып бекітеді. Біз мектептің басқарушы органымен және тәжірибелі ұстаздармен ақылдаса отырып, алынған сұхбат, сауалнамалардың нәтижесі бойынша мектептің даму жоспарына << Сыни тұрғыдан ойлау модулін пайдалана отырып оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру>> деген басымдықты ? мақсат па? енгіздік. Оқушылардың зерттеу, талдау, талқылау, қорытынды, интерпретация жасату арқылы сыни ойлауын дамыту - қазіргі мұғалімдердің алдына қойған міндетті шешуде негізгі құрал болып табылады. Балаларды ХХІ ғасырда және кейінгі ғасырларда да өмір сүру үшін қажетті дағдылармен және қасиеттерімен қаруландыру - мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады. Балалар күннен күнге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамыту керек.(МАН, 51 бет)
Мұғалім сабақтың өтілу барысын мазмұнды өткізуді жоспарлағанымен, оқушылардың өзіне деген сенімнің аздығы, өз ойларын ашық айта алмауы, бірін-бірі тыңдай, бағалай алмауы, өз беттерінше ізденістің аздығы, кей жағдайда тыңдаушы ғана болуына байланысты оқушылар үйренгендерін тез ұмытуы сияқты қиындықтар тәжірибемізде кездесіп тұрды. Осындай қиындық тудырған мәселелерді шешудің жолын тапқан соң ғана - оқушыға сапалы да, тиянақты білім беру үшін пәнді жан-жақты игеріп, оңтайлы тәсілдермен оқушы санасына жеткізе білу, шығармашылық ойлауын қалыптастыру, оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы жүзеге асырылатына әріптестеріммен ой бөлісіп, тәжірибе алмасқаннан соң көз жеткіздім. Сыни ойлау қабілеттерін шыңдау барлық мұғалімдердің құзырында деп білемін. Сондықтан да алдағы жұмыс барысында сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде оқушылардың сыни ойлана бағалауын дамытуым қажет.
Әрбір технология жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Осы тәсілдерді мұғалім іздену арқылы жетілдіре түседі. Қызықты сабақ болса оқушының сол пәнге қызығуы артып қоймай, мұғалім жаңалығы, ізденісі, қолданған әдісі арқылы ерекшеленіп, оқушы жүрегінен орын алады.
"Сын тұрғысынан ойлау" жүйесі оқытуды жаңаша ұйымдастырудың негізгі міндеттерін: қызығушылықты ояту, мазмұнды ашу, рефлексия (ой-толғаныс) жүзеге асыруды қамтамасыз етіп оқушылар оқу үрдісін басқарысып қана қоймай, көбіне дербес басқаратын болады, жеке жұмыстың көлемі азайып, ұжымдық іс - әрекет білім игеруде орта қарым-қатынас құралына айналады, балалардың деңгейіне қарап сараланып, ерекшелігіне қарап даралануы мұғалім емес, балалардың өз еркімен жүзеге аса бастайды.
Жоспарланған жұмыстарды жүзеге асыру тек курстан өтіп келген мұғалімдердің ғана жұмысы емес, мектеп ұжымының күнделікті жұмысы болып табылады. Бұл ретте негізгі күш - жігерді мектеп тәжірибесін жақсартуға ықпал ететін іс-шараларға шоғырландырған маңызды.
Өзгеріс үдерісін қадағалау үшін мониторинг пен пысықтау жүргізілуі керек. Мониторинг кезінде мынадай шаралар жүргізіледі:
-жұмыс жоспары мен кестесіне сәйкес тапсырмалардың орындалуын тексеру;
-бағдар ретінде табыс критерийлерін еске ала отырып, бастаманың ықпалы туралы мәліметтерді жинау;
-талдауды есепке ала отырып, іс-шаралар жоспары мен үдерістерді пысықтау. (МАН,75-бет)
Жасалған жоспар, енгізілген басымдықтар мына критерийлерге сәйкес келуі керек:
1) мақсаттар мен құндылықтартың үйлесім табуы;
2) даму жоспары болашақта күтілетін нәтижелерді айқын көрсетуі;
3) біздің енгізген басымдығымызды және оған жету әдістерін анықтауы;
4) берілетін білімнің сапалы және стандарттарға сай болуы;
5) мектеп оқушыларының қажеттіліктерін өтеуі керек;
Өзгерістерді енгізу үрдісін басқару бойынша өз әрекетімді ұйымдастыруды мен 6 аптаға жоспар жасаудан бастаймын. Бұл жоспарда мен - нені жасаймын, не үшін жасаймын, қалай жасаймын деген сұрақтарға жауап беруге тырыстым. Алдымен курста алған білімді жинақтап, мектеп директорымен кәсіби әңгіме жүргізу үшін сұрақтар даярлап аламын. Келесі күні мектеп директорымен кәсіби-әңгіме жүргізіп, пікір алысамын.Топ құру туралы хабарлама жазып, мектеп әкімшілігімен, әдістемелік бірлестік жетекшілері, шығармашылық топ, озат мұғалімдермен кәсіби әңгіме өткіземін. Жұмыстарды іске асыру үшін мен ынталы мұғалімдерден, 3-деңгей мұғалімдері және 2-деңгей тыңдаушысынан тұратын топ құрып аламын.Топпен кәсіби-әңгіме жүргізіп, мектеп мұғалімдерінен сауалнама алуға материалдар даярлаймын. Әріптестеріммен бірге мектепішілік семинар-тренинг өткізіп, мұғалімдерден сауалнама аламын. Мектептің жағдайын анықтау үшін деректер жинаймын.Мектеп оқушыларынан сауалнама алуға материалдар даярлаймын. Коучер, ментор және тәлім алушылармен сұхбаттасып, таныстыру жұмысын жүргіземін.Бұл жұмысқа мектеп психологы мен сынып жетекшілерін қатыстырғаным дұрыс деп ойлаймын.Мектеп оқушыларынан сауалнама алу, ата-аналардан сауалнама алу үшін материалдар жинақтауым керек. Сауалнамалардың қорытындысын талдап, мониторинг жасауым қажет. Бұлар менің мектептің бастапқы жағдайын анықтауым үшін керек. Коучердің орта мерзімді жоспар құруын түсіндіріп, бақылау жасауым керек. Мектептің даму жоспарын жасап, өзгеріс енгізуге дайындаламын. Ол үшін жинаған материалдарыма сүйенемін. <<Сын тұрғысынан ойлау модулінің көмегімен оқушының ойлау белсенділігін арттыру>> тақырыбында бетпе-бет кездесу ұйымдастырамын. Өзіме тәлім алушы етіп алған Алтынай , Анармен әңгіме өткізіп, 7 модульді түсіндіремін, оларға бағыт-бағдар беріп, жұмыстарына бақылау жасаймын.
Тобымдағы әріптестеріме әдіс арқылы сабақтар өткізіп, кері байланыс жасауды үйретемін. Соңынан олармен кәсіби әңгімелер өткізіп отырамын. Кемшіліктерді жою үшін не істеу керектігін ақылдасып шешеміз.
Жалағаш кентіндегі №246, №201, №31, №202 орта мектептермен желі арқылы конференциялар ұйымдастыруға атсалысамын. Көршілес ауданның мектептерімен желілік қауымдастық құрып, өзара тәжірибе алмасып, семинар-тренингтер өткіземін. Осы жұмыстардың барлығын суретке, видеоға түсіріп, жүйелеп отырамын. Бұл менің жасаған жұмыстарымды қорытындылау үшін таптырмас дәлелдемелер болып есептеледі.
Мектептегі практика кезіндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мен әсіресе мектеп басшысына сүйенемін. Себебі, мектеп басшысы жаңалыққа жаны құмар, ұжымдағы кез келген мұғалімнің жақсы ісін жарыққа шығарғысы келіп тұрады. Мектептегі оқу-тәрбие үдерісін дамытуға арналған жаңашыл идеяларға үнемі қолдау көрсетіп отырады. Сонымен бірге мектептегі білуге, үйренуге ынталы мұғалімдерге, деңгейлік курстан өткен әріптестеріме сенім артамын. Осы өзіммен пікірлес мұғалімдерден тұратын топ құрамын. Мектептен тыс білім беру мекемелерімен байланысып, желілік қоғамдастық құру арқылы өзгеріс енгізу ауқымын кеңейтуді ұсынамын. Заманауи қоғамның тіршілігінде желінің маңызы күннен күнге артып отыр. Қазіргі заманғы ұйымдар желілердің білім және инновациялар алмасу үдерісінде маңызды екендігін атап көрсетуде. Білім беру саласы ұйымдастырушылық оқшаулау дамуға кедергі келтіретінін мойындап отыр. Сондықтан мектептер арасындағы ынтымақтастық, мектептерде оқитын оқушылардың ғана емес, барлық балалардың мүддесі үшін мектептердің <<Білім беру желілеріне>> бірігуі уақыт өткен сайын маңыз алуда. Білім беру желілері біздің санамызда өзгеріс енгізуді үйрету үдерісін бейнелейтін маңызды стратегия деп саналады.Желі жетістікке жетуі үшін оның шын мәнінде қажет екендігінің анық әрі нақты себебі қажет Олардың құрылымы өздері кіретін мектептердің саясатына және оқушылардың қажеттілігіне сәйкес келуі тиіс.Желілік қызмет білім алуға және әртүрлі мектептерде жүріп жатқан үдерістерді біліп отыруға,сондай-ақ оқыту жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.(МАН,53-бет)
Әрине, бар болғаны 6 аптаның ішінде бұрыннан қалыптасқан жағдайларды бірден өзгертіп жіберу мүмкін емес, дегенмен бұл жұмыс елімізде болып жатырған білім саласындағы реформаларды жасаудағы алғашқы қадамдар болып саналады. Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу - білімнің, соның ішінде болашағымыз бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Еліміздің әлеуметтік - экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой - пікірі бар жан - жақты дамыған, білімді де, білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу аса құрметті қоғамдық міндет. Себебі, ел тұтқасын жан - жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ. Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу әр ұстаздың, әр бір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі, әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде. Мемлекет тарапынан көптеген қаражаттар бөлініп, еліміздің көп жерлерінде мұғалімдердің біліктілігін көтеру курстары өткізілуде. Мемлекеттік білім беру жүйесін әлемдік үздік үлгіге сәйкес деңгейге көтеру көзделген. Жеке тұлғаның білім алу және рухани қажеттіліктерін, оның мүмкіндіктерін ескеріп қанағаттандыру қарастырылған. Білім беруді жаңарту үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үдерісі, бұл білім беруде кезең кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге бағытталған өзгерістер. Қоғамдағы жүріп жатқан өзгерістер, ғылыми техникалық прогресс және жалпы білім беретін мектеп құрылымының өзгеруі - жас ұрпақты тәрбиелеуді дамытып қалыптастыруды талап етеді. Қазіргі өркениетке жеткізетін құрал тек қана - білім. Білімді ұрпақ қана болашақ иесі болып табылады. Білім - қоғамды әлеуметтік мәдени ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, қауым үшін де, қоғам үшін де жоғары құндылық.
Пайдаланылған әдебиет:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық,51-73 беттер.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz