Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Елбасымыз-кемеңгер, көші түзу-кемел ел!

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылы,
Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебінің жоғарғы деңгейдегі ІІсанатты дене шынықтыру пән мұғалімі Рахымжанов Мейир Уимханович
Тәрбие сағатының тақырыбы:Елбасымыз-кемеңгер,
Көші түзу-кемел ел!
Мақсаты:болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы терең мағлұмат беру.Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру.Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор болуға тәрбиелеу.
1-жүргізуші:
Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді төріңде,
Әнұранның тұр көгіңде шырқалып.
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады)
2-Жүргізуші:
Бағдарлап елдің ертеңін,
Тыныштық тауып жатпаған.
Болашақ үшін тер төгіп,
Үмітін елдің ақтаған.
Нарқына арқа жерінің,
Көрегендікпен қарады.
Жүрегі етті елінің,
Астана сынды қаланы.
1-жүргізуші:
Қиялы ұшқыр ойлы адам,
Әлемге болған аты аңыз.
Ұрпақтың қамын ойлаған,
Аман-сау жүрші, Атамыз.
2-жүргізуші:Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі 1 желтоқсан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тұңғыш президент болып сайланған күніне арналған <<Елбасымыз-кемеңгер, Көші түзу-кемел ел!>> атты ашық тәрбие сағатымызға қош келпсіздер!
1-жүргізуші: Тарих тереңінде қалмай, сан мәрте сындарлы кезеңнің сызатын жарып, дүие көшіне ілескен қазақ елінің өткен жолы алмағайып.Ауыздықпен алысып, етегімен су кешкен ауыр күндерге төтеп көнбіс те болады, <<қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған>> заманда барын шайқап, ас та төк сұрқылтай күйін де кешті.Болмыстың осы кейпін көріп, ұлы Абай <<Қайран елім, қазағым, қайран жұртым>> деп күйзелсе, Жұбан ақын <<Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген>> дер күңіренеді.Ұлан-байтақ елімізге көз салушылар көп болды.Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты.15 ғасырдың басында дүрліккен ел шұбыра қашып, <<ақтабан шұбырынды>> болды.Жұрт алакөлге аялдап,қасиетті Қаратауға бас сауғалады.
Көрініс: <<Қалмақ ханы Қоңтажы ханға сөз байласуға баруы>>.
Хан ашулы жүзбен, түсін суытып, мұртын тікірейтіп:
-Иә, қазақтар, неменеге келдіңдер, айтатындарың болса айтыңдар, -депті.
Қазақтар Тайкелтір би:
Өлеңді өзгеге бердік,
Өрлікті төменге бердік.
Алдияр тақсыр, алдыңа келдік.
Берсең алдық,
Бермесең қалдық.
Сөзді өзіңе салдық!-деп сөзді тастай берді.
Қоңтажы хан Тайкелтірдің төмендеп сөйлеген сөзіне мерейі үстем болып:
-Олай болса, кешке шейін бір жауап қайырармын,
Жауап қайтпай қалатын күн болса, ат-тонның амандығына елді тапқан да теріс болмас,-депті.
-Ел ебелек емес, ер көбелек емес, дат!-деді Қазыбек.
-Өй, өзің жөніңді айтшы, атың кім?-депті Қоңтажы хан.
-Атым Қазыбек, халқым қазақ, руым Қаракесек,- депті.
-Дауысың қаздың дауысындай қаңқылдап тұр екен, ал датыңды айтшы!-депті хан.
Сонда Қазыбек:
-Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз.Досымызды сақтай білген елміз.Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды.Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.Сен қалмақ болсаң, біз қазақ, қарпысқалы келгенбіз, сен темір болсаң, біз көмір, еріткелі келгенбіз, қазақ, қалмақ баласы табысқалы келгенбіз, танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, сен Қабылан болсаң, мен Арыстан, алысқалы келгенбіз, берсең жөндеп бітіміңді айт, бермесең дірілдемей жөңінді айт, не тұрысатын жеріңді айт!-депті.Сонда Қоңтажы не дерін білмей сасып қалыпты.
1-оқушы: Қазақ дейтін бастау үшін бар көшті,
Елі үшін жорық жасап жанкешті.
Бөгенбай да, Қабанбай да, Абылай,
Тәуелсіздік жолын іздеп жан кешті
Ән. <<Елім-ай>>.
2-жүргізуші:17-19 ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды.Ұланғайыр даламыз империя меншігіне айналды.Төзімді серік етіп, <<үнсіздерге күн болған>> лениндік саясат салмағын, сталиндік ақтаңдақ азабын, брежневтік тоқырау заманын, горбачевтің қайта құруын бастан кешкен халқымыз ауыртпашылықтың бәрінен арымай өтіп, Желтоқсанның мұзы алауында жанған Ләззат пен Сабира, Қайрат пен Ербол қазақ қыздар мен жігіттері қаншама қан төкті.1986 жыл, 16 желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет араласқан күн еді.
2-оқушы: Мұз жастанып азаттықтың жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың.
Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігінде желтоқсанның ызғарын.
3-оқушы:Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке.
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.
4-оқушы: Желтоқсанның ызғары - ай
Сірескен қатты мұздары-ай!
<<Елім-ай>> деп егілген
Қаһарман ұл,қыздар-ай.
<<Желтоқсан желі ызғарлы>> әні орындалады.
1-жүргізуші:1990 жылы 25 қазанда Егемендік туралы декларацияға қол қойылды.1991 жылы 16-желтоқсанда Тәуелсіздігін алып, аңсары күнге де жетті.
Бодандықтың бұғауын бұзған егемендік сағаты сыртылдай соғып, Тәуелсіздіктің нұрлы таңы келіп жетті.
5-оқушы:Арманға ақыр жеттік, ел болдық та егемен,
Ойда жоқта түскен жоқ ол төбеден.
Тарихи сол күрестердің тартуы ол,
Аруақ қолдап, әділ шындық жебеген.
6-оқушы:Барша қауым бейнеттен арылғанда,
Жаңа ғасыр есігі ашылғандай.
Елбасы тыным таппай ел кезіп жүр,
Елі үшін Асанқайғы бабасындай.
7-оқушы: Көк туым, көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам төрде әлемге танылды анық.
Шырқадым Әнұранды бар дауыспен,
Арманым Ата-заңым қабылданып.
Көрініс:Ата мен немере
Сахнаға атасы мен немересі шығады. (Музыка ойнап тұрады)
Немересі: Ата, Отан дегеніміз не? Осы сөздің мағынасын түсіндіріп беріңізші.
Атасы: Отан- әр адамның туып-өскен жері, ата-анасы, туған-туысқандары мен жолдастары тұратын атамекені.Біздің отанымыз-Қазақстан.Біз Қазақстан деген алып мемлекетте тұрамыз.Бүгінде Қазақстанды бүкіл әлем таниды.Ұқтың ба, ботам?
Немересі: Иә, ұқтым, ата.
Атасы: ендеше, мына ағаларың мен апайларыңның Отан туралы айтары бар екен.Жүре ғой, тыңдайық. (Қазақстан деген жазудың әр әрпін кеудесіне ілген оқушылар шығады)

Қ- Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
А-Отан дейміз кең байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол жас қаланы.
З-Алақанда әлдилеген отаным,
Көмейімді күйдіреді от-әнім!
А-Қазақстан-арайстан, күншуақ,
Қазақстан-ырысстан, ынтымақ.
Қ-Бәрі де, Отан, сен үшін!
С-Отаным-Қазақстаным.
Т-Отан-сенің ата-анаң.
Отан-досың, бауырың.
А-Отан-тарих, Отан-тіл,
Отан- өлең, Отан жыр.
Н-Отан деп өссін жас жаным.
Ән <<Көк тудың желбірегені>>.
2-жүргізуші:Мемлекетімізді бүкіл әлемге мойындатқан осы бір парасатты қазақ баласының үлгі тұтар қасиеті әркімге де өнеге мектебі емес пе? Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар,- деп дана халқымыз тегін айтпаған ғой, Қазақстанның президенті ел үмітін ақтап жүрген ер азамат, көш азамат.
Ұлпан:Нұрсұлтан ата құтты болсын мерей тойың,
Сомданып, тұлғаланып, өскен бойың.
Жер шары әлемдегі барлық елдер,
Біледі Президентіміздің ақыл-ойын.
Арманын орындадың бабалардың,
Көтердің көкшіл туын даналардың.
Қазақтың асқақтаттың өр рухын,
Ақтадың аппақ сүтін аналардың.
Ұл едің қатарынан артық туған,
Еңбекке жастайынан белін буған.
Танытып әрбір елге қазақ атын,
Жастарға жалын бердің білім қуған.
1-жүргізуші:Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қарасай ауданында қарасты шамалған ауылында дүниеге келген.
Атасының есімі- Назарбай, әкесінің есімі- Әбіш, Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала беріпті.алланың 99 аты бар екен.Соның бір аты- Нұр, тағы бірі-Сұлтан. Анасының аты-Әлжан екен.Нұрсұлтан 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен.Ол Қаскелең қаласындағы абай орта мектебін бітірген.Мектепте озат үлгілі оқушы болыпты.Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған.1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы партия мектебін бітірген.
2-жүргізуші: 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш президенті болып сайланды.Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде <<Елбасы>> мәртебесіне ие болды.Ол осы жетістіктерге өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.
Көрініс: Президенттің Сауд Арабиясына барған сапары
Автор сөзі:
Нұрсұлтан аға-Сауд Арабиясына барған жылы 3 ай бойы ылғал тамбаған екен.Атамыз қасиетті қақпаға кірерде жаңбыр құйып кетіп, шыққанда аспан шайдай ашылыпты.Бұған таң қалған король Фейсаль:
-Сіз тегін адам емес екенсіз, Алладан не тіледіңіз?- деп сұрапты.
-Қазағымды, елмді аман қыл деп тіледім, - деген екен.
1-жүргізуші: Иә, олай болса Нұрсұлтан атамыздың сөзіне жазылған
<<Нұр аға>> әнін тыңдайық.
Ақмарал:Бүгін сізді құттықтаймын Нұр аға,
Жыр жазамын сол себепті ойлана.
Бүгін сізді құттықтайды бар халқың,
Сіз секілді Елбасыма жыр жаза.
Сіз мәңгілік қаларсыз Елбасы боп,
Еліңізді алға тартар сөз басы боп.
Көркейтерсіз мәңгілікке жайнатарсыз,
Қазақстан халқының тұлғасы боп.
Ел аға шаршамаңыз өмірде,
Көңіліңіз босамасын әр сәтте.
Қазақстан халқы сізге сенеді,
Жүрегіңізге қуанышын төгеді.(авторы: Мәлік Шұғыла)
2-жүргізуші:Елбасы ата-бабаның 4 аманатын көзінің қарашығындай сақтап, қорғап әлемге танытуда күш салып еңбек етуде.Ол аманат-Ел, Жер, Тіл, Тәуелсіздік.Осы аманатқа адалдық көрсетіп, бүкіл Қазақстан халқының тағдыр- талайын жауапкершілікке алды.Сондай-ақ еліміздің 20 жылдағы қол жеткізген жетістіктері Елбасының атқарған еңбегінің көрінісі.
Н.Назарбаев президент болғалы аз уақыт ішінде қаншама жетістіктерге қолымыз жетті.БҰҰ-на мүше болдық.Республикамыз әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді, ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді, мемлекеттік рәміздеріміз белгіленіп, ата заңымыз қабылданды.Ұлттық валютамыз шығарылып, ЕҚЫҰ-ның саммитінде төрағалық етіп, 7-қысқы Азияда ойындарынның жалауы еліміздің көгінде желбіреді.
Туған елге нұрын сепкен-Елбасы өлеңі оқылады.
Ажарланған сәулет-өнер бәрімен,
Елім үшін мақтанармын әлі мен.
Жас ақындар өлеңімен мақтанса,
Ал әншілер мақтанады әнімен.
Көрші елдер бізбен тату үнемі,
Бізді айтып мақтан тұтып жүреді.
Елге сыйлы құрметтейді салттарын,
Туған жердің біз боламыз түлегі.
Сына мені мейлі қалқам сынама,
Азаматы туған жердің бір дара.
Ел аузында аты қалған елбасы,
Жаса мәңгі, жаса мәңгі Нұр аға!
Қалады дәл осы күн ел жадында
Қане, қалқам тек қана алға қадымда
Қазақ жұрты жасай берер мәңгілік
Нұрсұлтандай азаматы барында(авторы: Жеткерген Айсұлу)

1-жүргізуші: Татулық-адамдардың бір-біріне адал қалтқысыз еніп, ортақ көзқараста болатын қасиеті.
2-үргізуші: Бірлік-мақсаты бір топ мүшелерінің тату-тәттілік, ынтымақтастық, Ұйымшылдық көрсете білуі.Бірлігі берік ынтымақтастығы жарасқан елдің болашағы баянды.
Ән: <<Елім менің>>


Ұқсас жұмыстар
Келешегі кемел Қазақстан
Елін сүйген елбасы 2 сынып
Елін сүйген Елбасы. Н.Ә.Назарбаев туралы
Қазақстан – 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт-бағдары
Ұлттық Бірлік күніне орай ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ – ЕҢ БАСТЫ БАЙЛЫҚ ЕЛ ҮШІН атты өзге ұлт өкілдерімен кездесу кешінің
Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. 7-сынып
Қазақтың бүкіл тарихы - бірігу тарихы, тұтастану тарихы
Абай өлеңдерінің аттарын атап берсеңіздер
Мәңгілік ел-болашағы біртұтас ел
«мен жастарға сенемін» - ұлтжандылықтың ұраны
Пәндер