Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Отбасы-тәрбиенің басты ұясы



Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Негізгі білім беретін
№221 Аққұм мектебінің
Химия-биология пәнінің мұғалімі
Айтөреева Ақмарал Бақтқызы



Күні: 18.04.2014 ж 8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Отбасы - тәрбиенің басты ұясы
Мақсаты: а) Білімділік: Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны ерекше екенін түсіндіру, халқымыздың тәлім тәрбиесі әкенің ақылымен, өнегесімен, ананың ақ сүтімен даритынын оқушы бойына сіңіру
ә) Тәрбиелік: Отбасы мүшелерінің арасында бауырмалдық; қайрымдылық; достық қарым-қатынасты қалыптастыру; үлкенді сыйлауға , кішге қамқорлық жасауға, сыпайы да инабатты болуға тәрбиелеу
б) Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық ойын, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, аналарға, қарындастарға деген сүйіспеншілігімен құштарлығын одан әрі дамыту.
Көрнегілігі: Презентация, плакат, шар, қанатты сөздер
Сабақтың барысы:
Қазақстан Республикасының Гимні
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар және бүгінгі отбасылық сайыстың қатысушылары! Ата-ана тәрбиесі - қазақ халқы үшін таусылмайтын қазына.
Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек,- демекші баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйсініп қуанбайтын ата-ана жоқ шығар. Отбасы - адамзаттың алтын ұясы. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші - ата-ана.

Сайыстың кезеңдері мынадай бөлімдерден тұрады:
* Отбасы өз-өзін таныстыру
* Отбасылық өнер (ата-аналар арасында)
Оқушылар арасында (Отбасы-тәрбиенің басты ұясы) тақырыбында шығарма жазып келу
* Сұрақ-жауап яғни ситуациялық жағдаяттар
* Кім жылдам? ойыны
* <<Көңілді аспаздар>>
Аналар: Менің баламның сүйікті асы
Балалар: Үш санындағы ұшқыр ой
* Бабалардың жолымен (сұрақ-жауап)
* Қорытынды
Олай болса, 8-сыныптар ата-аналары арасында өткізгелі отырған <<Отбасы-тәрбиенің басты ұясы>> сайысына қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайысымызды бастамас бұрын <<Мен ұнатамын>> ойынына ата-аналарды шақырып өздеріне ұнағаған суретті таңдап алу арқылы сайысымызды кім бастайтынын анықтаймыз.

Бүгінгі сайыскерлерімізді қошеметпен ортаға шақырайық!
* Бекеновтар отбасы
* Жапбарсадықовтар отбасы
* Жолановтар отбасы
* Егенбердиевтер отбасы
* Қожатаевтар отбасы
* Омбаевтар отбасы
Құрметті ата-аналар! Бүгінгі отбасылық сайысқа қош келдіңіздер! Сайыста жеңіске жетулеріңізге тілектеспіз.
Ақ көңілмен, ниетпен,
Әділ баға берсін деп,
Шаршамай, еш жалықпай
Әділқазы алқасын
Сайлап алсақ жөн болар,-демекші, әділ қазы алқаларын таныстырып өтсек.
1. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Шораева Нәзігай
2. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі: Бердіқожаева Меруерт
3. Ағылшын пәнінің мұғалімі: Алдабергенова Ақмарал

* Отбасы өз-өзін таныстыру
* Отбасылық өнер (ата-аналар арасында)
Оқушылар арасында (Отбасы-тәрбиенің басты ұясы) тақырыбында шығарма жазып келу
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға,
Аналарымыздың өнерін тамашалайық .
* Сұрақ-жауап яғни ситуациялық жағдаяттар
+ Жағдаят (анаға)
Балаңыз телеарнадан мультсериал көріп отыр, осы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті телехикаяңыз басталды сіз не ісиейсіз?
(Балаға)
Бүгін сабаққа кешігіп келдің. Қоңырау соғылғалы 5 минуттай уақыт болыпты. Сіз не істейсіз?
2.Жағдаят (анаға)
Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз. Балаңыз <<Мен сурет салып отырмын>> деп барудан бас тартты.
Сіз не істер едіңіз?
(Балаға)
Мектеп келер алдында асығып көйлегіңді теріс киіп алыпсың. Сырт киіміңді шешіп, сыныптың алдына келген кезде көйлегіңнің теріс екенін байқадың. Не істейсің?
3. Анаға
Мектептен келген қызы мамасына: <<мама сізге бір қызық нәрсе айтайынба? Бүгін мектепте деп әңгімесін бастап жатыр еді. Анасы: сенің осы әңгімең бітпейді екен, өзі басым ауырып тур, мазамды алмашы>>- деді. Егер сіз болсаңыз не істер едіңіз?
(Балаға)
Сен бүгін байқамай көрші әжеңнің жолын кесіп кетіп едің, саған ұрсып жатты. Сен не істер едің?
4. Анаға
Мектептен келген балаңыз: <<мен ертең мектепке бармаймын, апай маған ұрысты>>- деді сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?
(Балаға)
Балам, қызым мектеп те тыныш жүріп тек қана жақсы жақтарыңды естігім келеді. Сендер жақсы да, жаманда болсаңдар үйдегі тәрбиеден менен көреді-деді анаң, сен не айтар едің?
5. Анаға
Балаңыздың қандай жағымсыз, жат қылықтан аулақ болғанын қалар едіңіз? Теріс қылықтары үшін қандай жаза қолданасыз?
(Балаға)
Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым да, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба? Қалай ойлайсыз?
6.Анаға
Балаңыздың қандай жақсы істерімен басқаларға үлгі етер едіңіз? Игі істерін қалай мадақтайсыз?
Балаға
Ата аналарыңның қандай жақсы істерін мақтан тұтасыздар және басқаларға үлгі етер едіңіз?

4. Кім жылдам? Ойыны
* Бекеновтар отбасы
* Ағадан - ақыл, ... ... ... Атадан-ақыл.
* Ер бала ата-анаға таяу, ... ... .... .... Қыз бала үйге жаққан бояу
* Апам үйі - ... ... ... ... .... ақ жайлау
* Інісі бардың тынысы бар ... ... ... Ағасы бардың жағасы бар
* Өз үйім - ... ... ... ... ... ... өлең төсегім
* Жалғыз ағаш үй болмас, ... ... ... .... Жалғыз жігіт би болмас
* Жапбарсадықовтар отбасы
* Балапан ұядан не көрсе, ... ... ... ... Ұшқанда соны іледі
* Атасыз үй - батасыз, ... ... ... ... ... Анасыз үй - панасыз
* Жақсы ата-орман, ... ... ... ... .... Жақсы бала қорған
* Өсер жастың алдын кеспе, ... ... ... Өсер ағаштың басын кеспе
* Өзінің шарқын білген, ... ... ... ... Өзгенің нарқын біледі
* Ананың ізін қыз басар, ... ... ... .... Атаның ізін ұл басар
* Жолановтар отбасы
* Аға әдепті болса, іні әдепті, ... ... ... ... Апа әдепті болса, сіңілі әдепті
* Ағадан - ақыл, ... ... ... ... Ініден - ізет
* Әдепсіз бала, ауыздықсыз атпен тең .... ... ...
Ақылды қария жазып қойған хатпен тең
* Бала тәрбиесі ...... ... ... ... - бесіктен
* Әжемді тыңдағаным - Өзімді танығаным
* Ана алдында - құрмет ... ... ... Ата алдында - қызмет

* Егенбердиевтер отбасы
* Әдепті бала ата-анасын мақтатар, ... ... ... Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар
* Анаңа ауыр сөз айтпа, ... ... ... ... Атаңа ауыр жүк артпа
* Атаңа не қылсаң, ... ... ... .. ... ... Алдыңа сол келер
* Ата тілін алмаған ұлдан без, ... ... ... ... Ана тілін алмаған қыздан без
* Ата - бәйтерек, ... ... ... ... бала-жапырақ
* Әкең өлсе де, ... ... ... ... әкеңді көрген өлмесін
* Қожатаевтар отбасы
* Ананың көңілі балада, ... ... ... баланың көңілі далада
* Ата көрген оқ жонар, ... ... ... ... ана көрген тон пішер
* Ананың қадірін ... ... ... .... ... ... балалы болғанда білерсің
* Ана жақсылығын ауырсаң білерсің, ... ... Қайын жақсылығын қыдырсаң білерсің
* Атадан жақсы ұл туса, Елінің қамын жейді ... ... ... ... ...
Атадан жаман ұл туса, Елінің малын жейді
* Адам болатын ... ... .... .... . .. бала алысқа қарайды
* Омбаевтар отбасы
* Әдепті бала арлы бала, .... .... ... әдепсіз бала сорлы бала
* Бала - көңілдің гүлі, ... ... ... ... көздің нұры
* Жақсы бала - еліне бас болады, ... ... ... Жаман бала - еліне қас болады
* Балам - балым, ... ... ... ... баламның баласы - жаным.
* Қарға баласын аппағым дер, ... ... ... ... Кірпі баласын жұмсағым дер
* Сенің табаныңа кірген тікен ... ... ... ... ... менің маңдайыма кірсін
* <<Көңілді аспаздар>>
Аналар: Менің баламның сүйікті асы
Аналарымыз үйден баласының сүйікті тағамын әзірлеп әкеліп таныстыру
Балалар: <<Үш санындағы ұшқыр ой>>
* Үш арсызды ата - ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз
* Үш жақын ата - жан тәтті, бала тәтті, жар тәтті
* Үш биді ата - Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би

* Үш байлықты ата - денсаулық, ақжаулық, он саулық
* Үш жұртты ата - ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт
* Үш қуанышты ата - алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, ісіңнің өшпеуі
6. Бабалардың жолымен (сұрақ-жауап)
* Бекеновтар отбасы
* Алланың алдындағы орындауға міндетті бес парызды ата?
* Иман, Намаз, Ораза ұстау, Садақа беру, Қажылыққа бару
* Жапбарсадықовтар отбасы
* Пышаққа қатысты ырым-тыйымдарды ата?
* Пышақтың жүзін жалама, пышақты шалқасынан қойма, пышақты сыйлауға болмайды, жақын адамнан пышақ, ине алмайды
* Жолановтар отбасы
* <<Асар>> салтының мағынасын түсіндір?
* Бір жанұяның қолынан келмейтін жұмыстарды атқару үшін бір ауылдың адамдары асарға шақырылады. Үй көтергенде, егін салғанда т.с.с. Олардың еңбегін асарға шақырушы адам сал сойып, қымыз құйып, ас әзірлеп тойғызады. <<Асар>> қазақ елінің ұжымдық топта жұмыс істеуі деп қарауға болады.
* Егенбердиевтер отбасы
* <<Ерулік>> салтының мағынасын түсіндір?
* Жаңа көшіп келген үй иелерін қонаққа шақыру
* Қожатаевтар отбасы
* Отан, туған ел, жер туралы мақал-мәтел, нақыл сөздер айтып беріңіздер?
* Отан отбасынан басталады
* Отансыз адам - ормансыз бұлбұл
* Омбаевтар отбасы
* <<Бөтен адамға бас киім беруге болмайды>> тыйым сөзінің мағынасын түсіндір?
* <<Адам басы кемиді>> деп санаған дана халқымыз бөтен адамға бас киімін бермеген
Қорытынды: Ал құрметті ата-аналар, баларыңыз елін, Отанын сүйетін азаматын болып өсіп, сіздерді бақытқа кенелтсін десеңіздеріз бала тәрбиелеудегі қателіктерге жол бермеңіздер!
Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде
Бала нені білсе жастан, ұядан,
Өле-өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер, білім берем десең басынан,
Бер оқуға баларды жасынан.
Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,
Жақсы-жаман болса бала солардан,
-деп Жүсіп Баласағұн айтпақшы, ата-ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты. Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата-аналар, сіздерге байланысты. Ал оқушылар, сіздер болашақта ата-ананың үмітін ақтар, елін сүйер азамат болады деп сенемін. Әр отбасына шаттық, мейірімділік, құт береке, қуаныш пен бақыт тілеймін. Сабаққа қатысушы ата-аналар мен оқушыларымның жеңіске жеткен Отбасылардың барлығын құттықтап, алғысымды білдіремін.


Ұқсас жұмыстар
Тақырып Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы
ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі
Қатысушы топ
Ұрпақ тәрбиесінің тірегі – отбасы
Отбасы – шағын қоғам жайлы
Отбасы - тәрбиенің басты ұясы жайлы ақпарат
Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы
Анаңа ауыр сөз айтпа
Пәндер