Тіл дамыту сабағы: үй жануарлары, төлдері және күтімі

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімнің аты: Тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Үй жануарларының тіршілігі туралы баяндап, балалардың үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру.

Тәрбиелік: Үй жануарларына қамқор болуға, оларды күте білуге және қорғауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Үй жануарларының әрқайсысының өзіне тән қасиеттері туралы пікірлерін айтқызу арқылы кез келген тақырып бойынша ойларын еркін жеткізе білуге баулу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: Ә ңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар

Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет

Іс -әрекет кезеңдері
Мұғалімнің іс әрекеті
Балалардың іс әрекеті
Іс -әрекет кезеңдері: Мотивациялық қозғаушылық
Мұғалімнің іс әрекеті:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Оқушылардың оку-құралдарын түгендеу.

2) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

-Қайырлы күн балалар!

-Қазір бізде «Тіл дамыту» сабағы.

- «Тіл дамыту» сабағынан суретке қарап әңгіме құрастырамыз, жануарлармен, құстармен танысамыз, ертегілерді тыңдаймыз т. б.

-Балалар, мына өлең шумақтары жылдың қай мезгіліне арналған тыңдайықшы:

Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезің қызық-ау

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде қандай ерекшеліктер бар?

-Күздің қай айы?

- Дұрыс айтасыңдар, қараша айы екен.

ІІ. Өтілген сабақты қайталап, еске түсіру.

- Ендеше өткен сабағымызды еске түсірейік . Өткен сабақта «Жемістер» тақырыбын өткен болатынбыз.

Қазір «Ойлан тап!» ойынын ойнаймыз.

Мақсаты: жемістер мен көкністерді сипаттау арқылы атын тапқыздыру, ажырата білуге үйрету ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Шарты: Балалар суретке қарап жемістерді бақта, көкністердің бақшада өсетінін ажыратып табады.

Балалардың іс әрекеті:

-Сәлеметсіз бе апай!

-Күз айы

-Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғаяды, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

-Қараша айы

-Жемістер

-Балалар белседілік танытады.

Іс -әрекет кезеңдері: Ұйымдастыру -ізденушілік
Мұғалімнің іс әрекеті:

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.

-Балалар, мына суреттерден нелерді көріп тұрсыңдар?

-Ия, дұрыс айтасыңдар бұлар жануарлар мен құстар, яғни бұларды үй жануарлары және үй құстары деп атайды. Олай болса, біз бүгінгі сабағымызда

«Үй жануарларымен» танысамыз.

-Үй жануарларына қандай жануарлар жатады? Білесіңдер ме?

-Дұрыс айтасыңдар, бұл жануарларды төрт-түліктер деп те атайды?

-Олай болса. қазір үнтаспадан шыққан дыбыстың қай үй жануарының даусына ұқсайтынын табайықшы.

Барлығымыз тыңдайық.

-Қай жануардың дауысы?

-Сиыр. Сиырдың төлі, баласы қалай аталады?

-Сиыр төрт түліктің бірі. Сүті, еті, терісі бағалы. Сүтінен май, айран, құрт, қаймақ, етінен тағам түрлері, терісінен түрлі бұйымдар жасалады. Жайылымда жайылады. Төлін-бұзау деп атайды.

-Мына дауыс қай жануардікі?

-Жылқы. Жылқының баласын қалай атайды?

-Жылқы салт міну, жүк тасуға, ет пен қымыз өндіру мақсатында өсірілетін төрт түліктің бірі. Өте бағалы. Ата-бабамыз аса құрметпен баптап өсірген. Таза су ішеді, жайылымды талғай біледі. Төлін-құлын, құлыншақ дейді. Жылқының етінен қазы-қарта жасайды.

-Қай жануардың дауысы деп ойлайсың?

-Қой. Қойдың төлін қалай атаймыз?

-Қозы. Қой төрт түлік малдың бір түрі. Еті, жүні терісі бағалы. Салмағы 20 кг шамасында. Жүні 3-7 кг-ға дейін болады. Төлі-қозы. 500-600 қойды отар деп атайды.

-Мына дауыс қай жануардікі?

-Ешкі. Ешкіні де қоймен бірге бағады. Ешкінің төлін лақ деп атайды. Ешкінің жүнінен түрлі киімдер тігеді.

-Мынау қай жануардың дауысы?

-Түйе. Түйе шөл керуені. 10 күнге дейін су ішпейді. Сүтінен шұбат алынады. Оның емдік қасиеті ерекше. Жүнінің жылуы өте ерекші. Төлі - бота.

-Мынау ненің дауысы?

-Дұрыс айтасыңдар, иттің. Итті де үйде тіршілік ететін жануарға жатқызуға болады. Ит-адамға дос. Осы үй жануарларын өсіруге, қорғауға иттің көп көмегі бар.

-Енді бұларды қалай күтіп-баптаймыз?

-Дұрыс, таза су береміз, жем, шөпті уақытылы беріп тұру керек. Қорасы таза, жылы болуы керек. Түрлі ауруларға қарсы тиісті екпелерін жасатып тұру керек.

Сергіту сәті

-«Маша және аю» физминутка

-Әліппе-дәптермен жұмыс

-Суреттерді сәкестендір

Балалардың іс

Ұқсас жұмыстар
Үй жануарлары мен үй құстары: төлдері, адамға пайдасы және күтімі
0 «А» сыныпқа арналған тіл дамыту сабағы: Үй жануарлары - оқу-әдістемелік жоспары
Тіл дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Үй жануарлары (Балапан тобы, ІІ сәбилер)
Дефектолог-мұғалімнің 2ТДО сыныбына арналған сабақ жоспары: Үй жануарлары мен олардың төлдері (29.11.2016)
Тіл дамытуға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Үй жануарлары мен үй құстары
Тіл дамытуға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Үй жануарлары
Технологиялық карта: тіл дамыту сабағы Ойнайық та ойлайық - жабайы және үй жануарлары, құстар арқылы сөздік пен фонетикалық дағдыларды дамыту
Бала бақша тобының тіл дамыту сабағы: Үй құстары
Алғашқы әскери дайындық: үй-жайлардың күтімі және казармалық тәртіп
Үй жануарлары мен үй құстары: экология пәні бойынша сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz