Өзін-өзі тану: Достық - татулықтан басталады (ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жоспары)

Өзiн-өзi тану ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің жоспары

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Тақырыбы_

Мақсаты

Құндылығы

Қасиеттері _

Ресурстар: ( құралдар, мәлiметтер)

Мектебі Мерзiмі №

МұғаліміСыныбы Бала саны

Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың іс-әрекеті.
Іс-әрекет кезеңдері:

Мотивациялық қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңi

Шаттық шеңбері

Жағымды күйге келу

Дәйек сөз

Тәрбиеші әрекеті:




Балалардың іс-әрекеті.:

Іс-әрекет кезеңдері:

Ұйымдастырушылық іздестірушілік

Әңгiмелеу (сұхбат)

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Тәрбиеші әрекеті:







Балалардың іс-әрекеті.:




Іс-әрекет кезеңдері:

Рефлексивті- түзетушілік

Топпен ән айту

Соңғы тыныштық сәтi

Тәрбиеші әрекеті:







Балалардың іс-әрекеті.:




Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:

Қандай түсініктерді игерді:

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:

Өзiн-өзi тану ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің жоспары

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Тақырыбы _Достық татулықтан басталады

Мақсаты : Балаларға «татаулық» туралы түсінік беру. Жақсы қасиеттерін дамытуға ықпал ету. Достыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Қуаныш, достық, татулық

Ресурстар: ( құралдар, мәлiметтер) дәптер, тұрлі-түсті қарындаштар

Мектебі: №221 Мерзiмі: 20. І. 2014ж

Мұғалімі: Д. Маханова Сыныбы: МАДС Бала саны: 13

Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Балалардың іс-әрекеті.
Іс-әрекет кезеңдері:

Мотивациялық қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңi

Шаттық шеңбері

Жағымды күйге келу

Дәйек сөз

Тәрбиеші әрекеті:

І Ұйымдастыру кезеңі.

5Т ережесі. (тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық)

ІІ Тыныштық сәті.

-Қайырлы таң, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын! Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Тәрбиеші:Біз барша тіршілікке жылуы мен жарық шашқан күннің көзіне айналдық. Күннің көзі болып жарқыраған басымыз тек жақсылық ойлайды. Күннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды. Жап- жарық сәуле шашқан аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді. Күннің жарығы аузымызға да кірді- ол тек шындықты айтады. Ал құлағымыз жақсы сөздерді естиді. Маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға, отбасына, әлемге, жануарларға, табиғатқа жылы сәулемізді сыйлай, іштей жақсы тілектер тілейік. Қандай тілектер тілейміз?(ойланамыз) . Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады. Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді.

Балалардың іс-әрекеті.:

Балалар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Балалар ойларын айтады

Іс-әрекет кезеңдері:

Ұйымдастырушылық іздестірушілік

Әңгiмелеу (сұхбат)

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Тәрбиеші әрекеті:

ІІІ Дәйексөз

«Татулық табылмас бақыт» (нақыл сөз)

-Татулық бар жерде бірлік те, қуаныш та болады. Татулық достар арасындағы ең керемет қасиет. Тату балалар бірін-бірі тыңдайды, ойыншықтарымен бөліседі., ренжіспейді, тату-тәтті ойнайды. Сондықтан да достық татулықтан басталады екен.

ІҮ. Әңгімелеу (сұхбат)

«Досты қалай табу туралы ертегі»

Сұрақтар: -Қалай ойлайсыңдар бұл баланың неге достары болмады?

-Дос табу үшін не істек керек?

Достар қандай болулары керек?

Достық-адамдардың арасындағы сыйласымды қарым-қатынас. Достарыңды отбасы мүшелері сияқты жақсы көріп, сыйлап, оларға әрқашан көмек көрсеиулерің қажет. Жақсы достарыңды мақтан тұтуларыңа болады. Достар әрқашан бір-біріне көмектеседі., бір-бірімен жанжалдаспайды, өтірік айтпайды. Балалар сендер де бір сыныптың балаларысыңдар, сондықтан бір-бірлеріңмен доссыңдар, татусыңдар.

Сергіту сәті:

Достар бірге жүреміз, (қол ұстасып айнала жүру)

Бірге ойнаймыз, күлеміз (бір-біріне қарап күлу)

Бірге балық айлаймыз (қолдарын алға созу)

Міне, біздер қандаймыз!

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашанда біргеміз (қолдарын жоғары созу)

Балалардың іс-әрекеті.:

Балалар жаттап алады.

Балалар ертегіні мұқият тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

Балалар қимылмен орындайды

Іс-әрекет кезеңдері:

Рефлексивті- түзетушілік

Топпен ән айту

Соңғы тыныштық сәтi

Тәрбиеші әрекеті:

Ү Сабақты қорыту

Ойын: «Менің досым»

Балалар шеңбер бойымен тұрады. Мұғалім допты лақтырып балаларға кезек -кезек сұрақтар қояды. Ойынға арналған сұрақтар:

-Сенің досың кім?

-Досыңа қалай көмекттесесің?

-Досыңды қалай сыйлайсың?

-Досыңды сағынасың ба?

-Досыңмен нені бөлісесің?

-Досың туралы қандай жылы сөз айтасың?

-Досың саған не үйретеді?

-Достар бір-біріне қалай көмектеседі?

-Үлкендер арасында досың бар ма№

-Кішкентай достарың бар ма, оларға нелер жатады?

-Өзімізге досты қалай таба аламыз?

-Досыңа қандай тілек айтасың?

Сабақ соңындағы тыныштық сәті.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл - күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне


Ұқсас жұмыстар
№11 Кемпірқосақ мектепалды даярлық тобына арналған Дос болайық бәріміз тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Құлыншаққа арналған жол - сенсорика, түс тану (қызыл, көк)
Іздегенде табылатын қасыңнан - достық туралы өзін-өзі тану сабағы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Қазақ ұлттық музыкалық аспаптары
Мектепалды даярлық тобы үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары
Денсаулыққа бағытталған дене шынықтыру: ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Жабайы аңдар тақырыбы бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Өзін-өзі тану (3-сынып): Ойнаудағы адамгершілік, достық пен сыйластықты қалыптастыру
8-сыныпқа арналған өзін-өзі тану сабағы: Достық пен адамгершілік құндылықтар
4-сыныпқа арналған Өзін-өзі тану пәнінің ашық сабағы: Адал достық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz