Сабақ жоспары :: Психология
Файл қосу
Тіл - мемлекет тірегі
Тақырыбы: Тіл - мемлекет тірегі.
Мақсаты: Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру. Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт - дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу Ана тілінің қадір-қасиетіне, болашағына қамқор болып, өз үлесімізді қосу Көрнекілігі: бейне ролик , нақыл сөздер жазылған плакаттар ілінеді.
Әуезді ән <<Жаса қазақ тілі>> . Орындаған өнер мектебінің мұғалімі Ормаханов Олжас -------
Жүргізуші: Құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған қонақтар, тіл жанашырлары! Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз - қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының <<Тіл туралы Заңы>> күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз - тіліміз. <<Адамға екі нәрсе тірек тегі,Бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі>>, - деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Биыл тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғанына 25 жыл уақыт болды. Осындай атаулы күнде бәріміздің де мерейіміз өсіп, қойнымыз қуанышқа толып отырғаны сөзсіз.
Рухани байлық кітап оқу арқылы молаяды. Біз бүгінгі таңда жас ұрпақты, жалпы қоғамдағы әрбір жанды кітап оқуға шақыруды түрлі шаралар арқылы жүзеге асыруды мақсат етіп отырмыз. Олай болса, төрткүл әлемге танылған қазақ тілі, даланың данасы, ұлттың ұлылары талғап, тамсанып, нәрін татып кеткен тіл - ана тілін насихаттай отырып, көп ұлтты тәуелсіз еліміздің асыл қазынасы, мемлекетіміздің төл мерекесі - тілдер күніне арналған
<<Тіл - мемлекет тірегі>> атты дөңгелек үстел басындағы әңгімемізді бастаймыз.Дөңгелек үстелімізді бастамас бұрын қатысушы ұстаздар мен оқушыларды ортаға шақырамыз . ( таныстыру)
Дүбірлетсін өңірді,Дүрілдетсін дүлдүлі.Қазақ деген елімніңҚұтты болсын, бұл күні!- дей отырып, дөңгелек үстелімізді ашу үшін мектеп директоры Е.Жаңабаевқа сөз береміз.
Қуан далам, қуанатын күн бүгін, Серпіп таста мұңды көңіл түндігін.Тіл туралы заңым енді күшіне,Паш еткендей кескен жаңа кіндігін,- дегендей тіл апталығы аясында өткізіліп отырған <<Тіл - мемлекет тірегі>> атты дөңгелек үстел басындағы ой бөліске қош келдіңіздер!Ей, тәкаппар дүние,Маған да бір қарашы.Танимысың сен меніМен қазақтың баласы!- деп ақын Қ. Аманжолов ағамыз айтқандай анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тіліміздің өркендеуіне, дамуына бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды болашақ ұрпаққа танытуда елеулі еңбек етіп келе жатқан осы дөңгелек үстелдің арнайы қонақтары ұлағатты ұстаздарымызбен таныстырып өтейін, қарсы алыңыздар!
1.Байтелиева Күлайхан - жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, <<Тағылым>> бірлестігінің жетекшісі
2. Байжанова Мысырша- қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі,
3.Абдуллаева Алима -кәсіби бағдар беру жөніндегі директордың орынбасары, тарих-құқықтану пәнінің мұғалімі
4. Рзаева Әсем - орыс тілі пәнінің мұғалімі
5. Керімбеков Елдос- тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі
6.Тілеубаева Төреқыз- ағылшын пәнінің мұғалімі
7.Жаманбалаева Эльмира - бастауыш сынып мұғалімі
Дөңгелек үстелімізді бастамас бұрын <<Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз>> тақырыбында бейне роликке назар аударайық.
М.Шахановтың <<Рух пен тіл>> әнімен
Биыл тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғанына 25 жыл уақыт болды. Осындай атаулы күнде бәріміздің де мерейіміз өсіп, қойнымыз қуанышқа толып отырғаны сөзсіз. Дегенмен қоғамдағы кейбір жайттардың
<<әттеген-айы>>, келеңсіздіктердің орын алуы көңілге қаяу түсіріп жатады.
Осы іс-шараны пайдалана отырып өз ой-пікірлерінізді қосып отырыңыздар
Дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтар:1. Мемлекеттік тілдің қазіргі таңдағы жағдайы, қадір-қасиеті қандай?2. Қазақ тілінің қазіргі құқықтық аспектілері қандай?3. Жаһанданудағы тілдің көрінісі, орны қандай болуы керек?
Әр сұрақтан кейін жауаптары, пікірлері тыңдалады.
ҚОРЫТЫНДЫ СӨЗ
Бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті. Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік. Тіл тағдыры туралы көкейді тескен көл ойлармен сусындадық. Туған тілім - тұғырым. Бұл сіздердің басқа тілді меңгерулеріңе ешқандай бөгет болмайды, қайта адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Қай ұлттың болса да өзіне тән, өзі қадір-құрмет тұтатын ана тілі бар. Тіл ұлттың басты белгісі. Тілі жойылса, ұлт та жойылады. Тілі дамыса, ұлт та кемелдене түседі. Ендеше ағайын тілімізді жетімсіретпейік, еліміздің биіктен көрінуі біздің қолымызда екенін ұмытпайық!
Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!
Аспект (лат. aspectus) - белгілі бір ұғым, құбылыс, келешек қарастырылатын көзқарас, пікір.[[][1]]
Дөңгелек үстелдің басты мақсаты Тілді қорғау, оның қолданыс аясын кеңейту...
Қай ұлттың болса да өзіне тән, өзі қадір-құрмет тұтатын ана тілі бар. Тіл ұлттың басты белгісі. Тілі жойылса, ұлт та жойылады. Тілі дамыса, ұлт та кемелдене түседі. Қазақ тілі - өте көне заманнан бері қолданыстан түспей келе жатқан аса бай, көркем, баламасы көп, айтуға жеңіл, мағналы-мәнді тілдер қатарына жатады. Оны мақтан етуге тиіспіз. Адамның ішкі жан сезімін, көңіл-күйін білдіретін <<айналайын>>, <<текті бала>>, <<құлыншағым>>, <<ғұмырлы бол>> сияқты сөз және сөз тіркестері көненің көздері. Олар ешқашан да өшпек, ұмытпақ емес.Кең-байтақ жері, ата-дәстүрі, өміршең әдет-салты, ұлттық тілі бар қазақ халқы ғасырдан-ғасырға жасай береді. Қазақ тілі -- ұрпақтан-ұрпаққа үзілмей берілетін асыл қазынамыз, ұлттымыздың асқар шыңы. Оны көздің қарашығындай сақтай білу -- баршамыздың, халқымыздың, ұлтымыздың абыройлы борышы, парызы.Біздің ана тіліміз -- қазақ тілі -- бүгінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне ие. Ол Негізгі Заңымызбен бекітілген.Мемлекеттік ұлттық тіліміздің дамуына, жан-жақты қолданысқа еңгізілуіне, әсіресе, қазақ халқы, ұлтымыздың ұл-қыздары ерекше жауапты.
Тіл мерекесіне арналған апталығының ашылу сәті
Ақын , жазушы Жүсіп Қыдыров пен Фариза Оңғарсынованың шығармашылық кеші

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz