Ата-ананы сыйлау - басты парызың. 7-сынып

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ата-ананы сыйлау - басты парызың.

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелей отырып, ата-ананы құрметтеуге, отбасы құндылықтарының қасиеттерін білуге үйрету және олардың ата-анасына, отбасына деген сүйіспеншілігін, махаббатын күшейту, өз ойларын ашық айтуларына, пікір білдірулеріне мүмкіншілік беру.

Тәрбие сағатының өткізілу формасы: баяндама, топтық жұмыс, «Шаңырақ» композициясы.

Тәрбие сағатының барысы:

1. Мұғалім тәрбие сағатының тақырыбын, мақсатын хабарлайды;

2. Оқушылар жетондар арқылы «Шаңырақ, кереге, уық, босаға» топтарына бөлінеді.

Кіріспе. «Ата-ананы сыйлау - басты парызың. » тақырыбында баяндама оқылады.

«Әке-асқар тау, шеше-қайнар бұлақ, бала-жағасындағы құрақ» демекші, осы бір қарапайым мақалдың астарында терең ой жатыр. Әрине, мақал қысқа, алайда оның мағынасы шектеусіз. Біз шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап ең алғаш рет алдымызға ана бейнесі келеді. Ананың құшағына енгеннен бастап-ақ кіп кішкентай жүрегіміз ана жүрегімен бірге соға бастайды. Мейірлене құшақтап, «айналайын, балапаным» деген сөзімен өмірге әкелген сәбиін сол күннен бастап мейірім мен жылулыққа орай бастайды. Анадан соң сәбиін алғаш көрген әкенің сезімі қандай болатыны әкелерге ғана аян. Міне, қос жүректің лүпіліне тағы бір жүрек лүпілі қосылады. Енді өмірге келген сәбиін қалай тәрбиелеймін десе де өз еркі. Баланың жеке тұлға боп дамуына осы екі жанның, яғни әке мен ананың әсер ететіні даусыз. Қай ата-ана баласын жаман болсын дейді? Әрине, ешбір адам бұлай болғанын қаламайды да. Кішкентайынан тұмсықтыға шоқыттырмай, қанаттыға қақтырмай, бар тапқанын баласының аузына тосатын ата-ананың қадірін әр бала біле ме? Кішкентайында барын салып, тәрбиелеп келген отбасында кейін қатал, тасжүрек, мейірімсіз баланың өсіп шығатынына кімді кінәлаймыз. Иә, көбінде осындай баланың тәрбиесіне ата-анасы кінәлі деп жатамыз. Бірақ, шындығына келгенде олай деп тон пішуіміз мүлдем дұрыс емес. Ата-ана Алла-Тағаладан «Е, Аллам, бала бер, бала берсең, сана бер» деп тілейді екен. Ал, мұның себебі неде? Ата-аналарының кішкентайынан «не кием, не ішем» демей, үнемі баршылықта өмір сүріп келе жатқан бозбалалардың ішінде қаншама бұзақы, қырсық, тілазарлар бар. Оның ең бірінші себебі - шамадан тыс еркелік деп толық айтуымызға болады. Соншама еркелетіп өсірген ата-анасына түк қайыры тиместен, ата-анасын далаға тастап, не болмаса қарттар үйіне өткізіп жатқандар ертеңгі күні екінші өмірде Алла-Тағала алдында өздерін қалай ақтап алар екен? Әттең, сондай қыз-бозбалаларды көріп ішің ашиды. Ата-анасына деген мейірімі жоқ неткен тасжүрек еді деп қиналасың. Баланың жаман болып өсуіне тағы бір әсер ететін жайт - қоршаған ортасы, сол ортада үнемі байланыста жүретін достары. Қазіргі заманда жоғары дамыған ел қатарына қосылуды мақсат еткен елміз. Ата-анасы қарапайым болып келетін отбасындағы бала әлеуметтік жағдайы жоғары отбасының баласымен тең дәрежеде болмайды. Бірақ бір-бірінен қалысқысы келмейтін балалар бірінде бар нәрседен қымбат нәрсеге ие болғысы келеді. Ата-анасының жағдайына қарамастан «анау керек, мынау керек» деп бәлсінетіндер ата-анасы айтқанымды тауып беруге міндетті деп есептейтіні өкінішті ақ. Тек түсіне білетін саналы бала ғана алғашқы райынан тез қайтады. Қоғамда жүріп жатқан тұрғындардың материалдық жағдайға байланысты жіктелуі отбасы тәрбиесіне материалдық жағдайы әртүрлі ата-аналардың қарым- қатынасына әсер етеді. Отбасында балаларға отбасылық бюджеттің 25-50%жұмсалады. Материалдық кірісі мол отбасыларда педагогикалық көзсоқырлық, тойынғандық жағдайға алып барады. Тойынғандық дегеніміз- өмірге, өмірдегі мкатериалдық және рухани құндылықтарға деген жеккөрінішті, келекетті қатынас.
Жастайынан осындай ортада өскен балалардың арасына торығушылар, қаңғыбастар, ”қызықты”әсерді іздеушілер өсіп шығады. қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасына белгілі бір қиыншылықтар туғызады.


Ұқсас жұмыстар
Сөнбейтұғын нұры бол
Қызым – қызғалдағым, ұлым – ізгі арманым ( 7 сынып )
Шақырылған қонақтар
Ата-ананың парызын, өтеу - сенің қарызың
Мүсірепов Ананың анасы
Алтын қақпа ойыны
Рақмет, анашым!
Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды
Отбасын ,ата-ананы қадірлеу үлкенді сыйлау
Отбасындағы қарым-қатынас
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz