Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Заңдардың бастауы -конституция


«Опорный орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

(баяндама)

Дайындаған: Ибраева Айсара

16.09. 2014 ж.

Заңдардың бастауы - Конституция

Конституция күні- біздің мемлекетіміздің, халқымыздың ең ұлық
мерекелерінің бірі. «Көптің сөзі- киелі», дейді дана халқымыз. Ел жұрттың
талқысынан өтіп, таңдауына айналған Басты құжатымыздың авторы- бүкіл
Қазақстан халқы.

Ғасырлар тоғысында әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан
халқы тарихы да тағдырлы шешім қабылдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам басты.
Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.

Конституция мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен
ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің
кепілі!

Конституцияны басшылыққа ала отырып,біз тәуелсіздігіміз бен
мемлекетімізді нығайту жолында ғасырлық мәні бар ауқымды атқардық.

Біз аз уақытта айбары асқан қуатты ұлтқа, дәулеті тасқан әлеуметті
елге айналдық. Ортақ шаңырағымыздың шекарасын шегелеп, іргемізді
мызғымастай етіп бекіттік. Тағдыр тоғыстырған, тарих табыстырған түрлі ұлт
өкілдері Конституция қағидаттары төңірегіне топтасты. Еуразияның жүрегіне
орналасқан Елордамыз әлемге руханияттың ірі орталығы, саясаттың іргелі
ордасы ретінде танылды.

Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан Қазақ елінің,
Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі-
өнегеге айналды. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіл- адамзаттық
құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің барлығы қамтылғанын айғақтайды.

Жаңа Конституцияның қабылдануы Президенттік басқару нысанының
ауқымында мемлекет басшысына мемлекеттік билік органдарының үйлесімді
қызмет етуін қамтамасыз етуге, қоғамды тупкілікті реформалауға мумкіндік
береді.Көп ұлтты, әрі көп дінді қоғамда азаматтық татулықтың, қоғамдық
тұрақтылықтың және ұлтаралық келісімнің кепілі-Президенттің болуы өмірлік
мәнге ие болды.Биліктің тұрақтылығы реформаларды жүргізудің жоспарлылығын,
нақтылығын және саяси сабақтастығын сақтады.

Қазақстан қысқа мерзім ішінде экономикалық жетістіктермен бірге
демократияның негізгі тетіктерін жасақтады.Мысалы, азаматтық қоғам құру
процесі соның бір айғағы.Осылай жаңашылдыққа бағыт бағдар алған негіздер
тәжірибеміздің толыса бастағаның білдіреді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы ұлтаралык, дінаралық
татулықты орнықтырады. Конституция бойынша дін бостандығы бекітіліп, оның
19-бабында» әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын
өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы» делінген. Біздің
қоғамымыздың діннің алатын орны ерекше. Ол арқылы рухани тәлім-тәрбиенің
салауатты қоғам қалыптастыруда маңызы зор. Алайда, соңғы уақыттарда
елімізге шет мемлекеттерден келіп еніп жатқан көптеген діни ағымдар,
қоғамдағы ұлтаралық рухани келісімге дақ тусіріп, қақтығыстар тудыруды
көздейтін діни ұйымдардың республикамызда кездесетіні жасырын емес. Әділет
департаменттерінен ашылған діни ұйымдарды тіркеу мен олардың қызметіне
мониторинг жургізумен айналысатын бөлімдердің құрылуы бұл саладағы соңғы
жылдарда орын алған бейберекеттіктерді тыюға оң жағдай жасауға бағытталып
отыр.

Осыншама қысқа мерзімде өз Конституциямызды қабылдағанда, бізге
таң қалған ел аз болған жоқ. Біз олардың ешбіреуіне мән бермей, өлшеулі
уақыт, табанды талап, шығармашылық іс- әрекеттің арқасында алға қойған
мақсатымызға жеттік. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы өзін демократиялы,
зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет екенін Конституциясымен бүкіл әлемге
мойындатты.

Мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін талқылау және шешу
кезінде әрбір құқықтық санасы жоғары азамат Конституцияда бейнеленген
жауапкершілікті сезінуі қажет. Қоғамның бүгіні мен болашағы үшін, жалпы
алғанда өз Конституциямызды құрметтеп қорғап және маңыздылығын жоғалтпай
сақтауымыз біздің, яғни әрбір Қазақстан Республикасындағы азаматтың міндеті
мен парызы. Себебі, бұл Конституция Қазақстан Республикасының Ата Заңы.

Жоғарыда айтылған ойымды түйіндейтін болсам, Конституция тек
мемлекеттің ғана емес, қоғамның да Ата Заңы болып табылады. Осы идеяның
меншікке, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қоғамдық
бірлестіктерге, отбасына және тағы басқаларға қатысы бар екендігін
ұмытпауымыз керек.

-----------------------
Заңдардың бастауы - Конституция


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі
Тәуелсіздік таңы
Қарулы Күштердің мемлекеттегі орны
Бала құқығы
Астана қаласының мейрамы қай күн
Елбасы мақсаты - ел мұраты, гүлденген Қазақстан
Елбасы мұраты – ел бақыты, гүлденген Қазақстан туралы ақпарат
Тарих доңғалағы
Вавилон қаласына сырттай саяхатқа шығу
Заң бәрімізге ортақ
Пәндер