Сабақ жоспары :: Психология
Файл қосу
Жасөспірімдер арасындағы суицидальды мінез–құлықтың себептері және болдырмау жолдары
Жасөспірімдер арасындағы суицидальды мінез - құлықтың
себептері және болдырмау жолдары.
<<Өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті жеке адамның шағын
әлеуметтік ортадағы шиеленіс жағдайларына
психологиялық бейімсіздігі>>-дейді А.Г.Абрумова
Бүгінгі таңда бүкіл әлемді елеңдетіп ,қоғам дертіне айналып отырған суицид мәселесі, қоғамда болып жатқан өзгерістер мен сан түрлі қиындықтар бала психологиясына кері әсер етуде.
Осы мәселеге орай Суицидалогия деп аталатын үлкен бір ғылыми бағыттағы авторлардың зерттеуіне жүгінсек , жалпы, өзіне-өзі қол жұмсаудың басты сылтауы әлеуметтік-психологиялық бейімделе алмауы болып табылады. Бұл мақсатында адам мына қиыншылықтардан немесе ауыртпашылықтардан қашқысы келеді:белгілі бір қиыншылықтардан кету,қауіпті әкелетін іс-әрекеттерден кету,басқа адамдарды өзінің қиыншылықтарына көңіл аударту, ренжіткен адамнан кегін алу мақсатында болады,оны қалай болса да жүзеге асырамын деген қырсықтылық мінез туады. Мұндай жағдайға түскен үлкеннің де, жасөспірімнің де , тіпті, жеткіншектердің де психикасында "Мен ешкімге керек емеспін, мен бір нәрсе істеуге жағдайым жоқ" деген ойлар басынан кетпейді. Кейде мұндай жағдай жасөспірімдерді еліктеушілікке де әкеліп соғады. Жасөспірім айналасындағы болып жатқан теледидар мен әр түрлі кітаптардан оқып көрген іс-әрекетті қайталағысы келеді. Сөйтіп, жасөспірім өлім ренжіткен адамды қорқытады деп түсінеді. Осы арқылы өзіне жұрттың назарын аудартқысы келеді.
Әр адамның өмірінің қиылуы өзінен -өзі трагедия. Адам өзін жер бетіндегі ең керемет жаратылыспын деп есептейді. Бұл таңғажайып емес, себебі махаббат, реніш пен налу, кек алу, жүрекке жылы қабылдау сезімдері - адамға тән қасиеттер. Жер бетіндегі адамнан басқа бірде-бір тірі жан өз еркімен өз өмірін құрбан етпейді. Ендеше, өзін-өзі құрбан ету - адамзат жаратылысынан болып келе жатқан жағдай.
Әр бір жас кезеңдеріне сай суицидальді белсенділік тән болады.
Балалық шақ - 12 жасқа дейін;
Жеткіншектік кезең - 12-17 жас;
Жастар арасы - 17-29 жас;
Ересектер арасы - 30-35 жас;
Қарттық кезең - 55-70 жас.
Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек 5 жасқа дейінгі балаларда өзін-өзі өлтіру әрекетіне бару өте сирек кездеседі. Жанұялық қақтығыстарға байланысты 9 жасқа дейін 2,5%, ал 9 жастан кейін 80% өзін-өзі өлтіру әрекетіне барады екен. Жеткіншек кезеңінде суицидалды әрекеттің себебі болып ата-анасымен, мұғалімдерімен қақтығысқа бару салдары болып табылады. Жастар арасында әсіресе қыздар арасында,әсіресе қыздарда өздерінің жігітеріне байланысты суицидальді әрекеттерге баратыны анықталды.
Суицидтың ең жиі кездесетін кезі 15-24 жас аралығы. Өзін-өзі өлтіруге бармас бұрын, суициденттердің көбі дайындық кезеңі - суицидалды кезеңінен өтеді, ол адамның бейімделу қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Ол қызығушылық деңгейінің төмендеуі, қарым-қатынастың шектелуі, мазасызданғыш, эмоционалды тұрақсыз болуы т.б.
Суицидальді мінез- құлықтың 5 типі бар:
1) Протест.
2) Жанашырлыққа шақыру.
3) Қайғыдан қашу.
4) Өзін-өзі жазалау.
5) Өмірден бас тарту.
Суицидалды мінез-құлық соматикалық, психикалық ауытқуы бар, тіпті сау адамдарда да кездеседі. Сондықтан өзін-өзі өлтіретін адамдардың барлығының психикасында ауытқуы бар деуге болмайды.
Жоғарыдағы аталып өткен мәселеге байланысты мектеп оқушыларының арасында өзіне-өзі қол жұмсау (суицид) жағдайларын болдырмау және суицидиалды мінез-құлықтың алдын-алуға байланысты құрылған мектепішілік 2012-2013 оқу жылына арналған психологиялық жоспары құрылды және психология саласы бойынша тәрбие орталығымен, сынып жетекшілермен бірігіп тиісті шаралар атқарылуда. Суицидтің алдын алу және болдырмау жұмыстары келесі бағыттарда жүзеге асырылуда.
* Диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу.
* Суицидтік қауіпі бар оқушыларды анықтау, суицидтік қауіпі бар балалар тобын және оның айналасын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу
3. Сауалнама бойынша сынып жетекшілермен , дәрігер мамандарымен өзара әрекеттесу, мектептегі барлық оқушыларды өмірлік құндылықтарды үгіттейтін тәрбиелік жұмыстарға қатыстыру.
4. Алдын алу ретінде сынып жетекшілерімен бірге тәрбиелік іс-шараларды өткізу. Негізгі мақсаты - өмірге көзқарастарын дұрыс бағыттау және сыныптағы психологиялық климатты оңтайландыру (мысалы: педагогтарға арналған эмоционалдық күйдің алдын алу бойынша сабақтар, психикалық өзіндік реттеу қабілеттерін қалыптастыру, коммуникативтік қабілеттерді арттыру бойынша сабақтар және т.б.)
Осы бағыттар бойынша мектебімізде арнайы психологиялық қызмет құрылып, төмендегідей жұмыстар жүргізілді:
Сынып оқушыларына үнемі сырттай бақылау жүргігізіледі. Яғни, оқушылардың жекелік қасиетін анықтау, үзіліс кезеңдерде оқушылардың айналасындағылармен қарым-қатынасын бақылау, 1-11 сыныптың сабақтарына ену, жеке сөйлесіп кеңес беру, ата-аналарымен байланысып , түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Суицидалды мінез-құлықтағы оқушыларға арнайы көмек ретінде оның ішкі жан дүниесіне сенімділік орнату, рухани күш беру мақсатында жеке кеңес беру жұмысы ұйымдастырылды және жасалған жұмыстар арнайы журналдарға тіркеліп отырылды. Барлық сыныптың оқушыларына жеке педагогикалық- психологиялық мінездеме жасалды.
Жағымсыз іс-әрекетке барғызбаудың алдын-алу жұмыстарына байланысты әңгімелесу,пікірлесу әдісі, жиналыс жасау , сынып жиналысы,тәрбие сағаты т.б
іс-шаралар ұйымдастырылуда.
7-11 сынып оқушыларының арасында сауалнама жүргізді, тұлғалық қабілеттері жөнінде мәліметтер жинақтады.10 сынып оқушыларына аталып отырған мәселе төңірегінде <<Суицидтің сыры неде?>>, <<Жасөпірімдерге ұялы телефонның зияны жөнінде түсіндіру>> деген тақырыптарда әңгіме қозғалды. Оқушы пікірі талданды. Сонымен қатар 11сыныптарға <<Сенімділік күш береді>> тақырыбында тренинг сабақ, ҰБТ ға байланыста рухани күш беру мақсатта әңгімелесу әдістері , кеңес беру, сауалнама әдісі бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Бастауыш сыныптардың өзін-өзі бағалауының, өзіне деген сенімділігінің деңгейін, сонымен қатар психологиялық дамуында ауытқуы бар балаларды зерттеу үшін <<Әлемде жоқ жануар>> әдістемесі пайдаланылды. 2-4 сыныптар арасынан зерттеуге 75 оқушы қатысты. Барлық оқушының салған суреттері толық, жеке-жеке қаралып, талданды. Және салынған суреттің әр детальінің түгелдігі ескерілді. Ал жұмыс жасалу барысында өз ойларын жинақтай алмаған , әдістеменің шартына бірден түсіне алмай, қиындық туғызған балалар да болды.Мұндай оқушылар назардан тыс қалған жоқ. . Алдағы уақытта арнай қиялын, ойлауын дамыту жұмысы жүргізу жоспарланды. Осы әдістменің қорытындылай келе оқушылардың 10 %-ының өзін-өзі бағалау деңгейі өте жоғары, 65% -ы орта , 15 %-төмен деңгейдегі көрсеткіште тұр. Мазасыздану және қорқыныш белгілері 4 сыныптың оқушысынан айқын байқалады. Бұл оқушылармен жеке жұмыс жасалуда.
1-6 сынып жетекшілерінен <<Қиын>> оқушыларды анықтау сауалнамасы алынды. Сауалнама бойынша 7-ші сұрақ <<Сіздің сыныбыңызда <<қиын>> оқушы бар ма?>> деген сұраққа сынып жетекшінің 100%- ы жоқ деп жауап берді.
1- 11 сыныптар арасындағы сынып жетекшілер <<Өмір тамаша!>> тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді. Мақсаты: Оқушының өмірге деген көзқарасын жақсы жағына қарай бағыттау, өмір құндылықтарын ұғындыру, суицидтік болдырмаудың алдын алу.
5-6 сынып аралығында <<Мен өмірді таңдаймын!>> тренинг сабағы болып өтті. Сабақтың негізгі мақсаты: оқушының өмірге деген көзқарасын жақсы жағына қалыптастыру, балалар бойындағы суицидтік мінез - құлықтың алдын-алу және болдырмау.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, салауатты өмір салтын ұстануға, сөз сөйлеу мәдениетіне, өмірді сүюге тәрбиелеу. Тренинг барысында сауалнама жүргізілді.Саулнамаға берілген жауаптарын талдау барысында 6 сыныптан 1 оқушы
ата-анасына да, сынып жетекшісіне де риза емес екендігі анықталды. Бұл оқушымен жеке жұмыс жүргізіп, себебін біліп,психологиялық әдістер пайдаланылды. Ата-анасымен. сынып жетекшісімен түсіндірме жұмысы жүргізілді.
5-6 сыныптар арасында өзара қарым-қатынасты анықтау мақсатта <<социометрия>> әдісі пайдаланылды.Осы әдісті пайдалану арқылы сыныптағы <<шектеулілер>> мен <<жұлдыздар>> анықталды. <<Шектеулі >> топтағы оқушылармен жеке жұмыс жүргізілуде.
Орта буын оқушылары арасында <<Менің сынып жетекшім>> және <<Оқушылардың оқу процесін адаптациялау>> тақырыптарында сауалнама алынып ,қорытындаланды. Зерттеу нәтижесі бойынша сынып жетекшілермен талдау жүргізілді және жеке коррекциялық жұмысты қажет ететін топ оқушылары анықталды.
Конфликт жағдайында әсер ету амалдарына, эмоциональды жағдайды реттеуге бағытталған тренингтер әзірленді және жүргізілуде.
Пайда болған мәселелер бойынша ата-аналармен, сынып жетекшілер, оқушылармен жеке консультациялар өткізілді. <<Өз-өзіне деген сенімділікті нығайту>> тақырыбында жеке оқушыларға кеңес беру жұмысыүнемі жүргізіліп отыр.
.<<Мен және мені қоршаған орта>> сауалнамасы 2-11 сыныптар аралығында жүргізілді.
Өткізілген зерттеулер нәтижесі бойынша келесі көрсеткіштер айқындалды:
64,7%- оқушылар, келеңсіз жағдайларды өз қалпында қабылдайды, өз рухани тепе-теңдігін сақтайды, кек сақтамайды.
35,3 % - оқушы, олар тағдыр тауқыметіне шыдай бермейді. Олар мәселе туындаса көңілсізденеді, немесе іштен тынады және басқа адамдарды ренжітеді.
Кризистік жағдайлар болатын сала
Отбасы- 30,8 %
Мектеп- 24,8 %
Көше- 28,7%
Достар- 15,8 %
Отбасындағы кризисті жағдайдың жоғары көрсеткіші 30,8% онымен қатар мектептегі проблемалар 24,8% және көшеде 28,7% ; 15,8% достар..
Міне,осындай сауалнама нәтижесінде тек зерттеп қана қоймай, әрі қарай мүмкіндігінше дамытушылық, түзету жұмыстары да жүргізілуде. Осы орайда айта кететін жайт, әрбір сынып жетекші өзінің сыныбындағы әрбір оқушының отбасын, баланың мінез-құлқын, ерекшеліктерін, оқу үлгерімін жатқа білуі тиіс. Сынып жетекшілер сыныбымен диагностикалық ағартушылық, түзету-дамытушылық жұмыстар жүргізіп, ата-анамен, мектеп психологымен тығыз қарым-қатынас жасап отыруы шарт. сынып жетекшілерге сыныбы толығымен сенім арта білсе, оқушылар ішкі ойын ашып айта алатын жағдайға жетіп, аталмыш келеңсіздіктерден аулақ жүретін едік.....
Қорыта айтқанда, жыл басынан бергі атқарылған жұмыстар жоспар бойынша жүзеге асырылуда. Негізгі мақсатымыз - оқушыларымызға, педагогтарға өмір құндылықтарын үгіттеу және білім беру мекемесіндегі психологиялық климатты оңтайландыру (мысалы: педагогтарға арналған эмоционалдық күйдің алдын алу бойынша сабақтар, психикалық өзіндік реттеу қабілеттерін қалыптастыру, коммуникативтік қабілеттерді арттыру бойынша сабақтар және т.б.)
Жалпы, тәуелсіз мемлекетіміздің тұғыры болар жасөспірімдеріміздің құқықтық санасын жетілдіру, құқықтық ақпараттық-насихаттық көмек пен жан-жақты демеу беру мен қоғам өміріндегі барлық іс-әрекетке бей-жай қарай алмайтын азаматтық тұрғыдағы белсенді патриоттық тұлғасын қалыптастыру бағытындағы барлық бірлескен іс-қимыл шаралары өзінің игі жалғасын тауып, Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындауда өзіндік тұрғысынан әсерінің оң болатындығына сенім мол.
Ж.Қыдыров атындағы №54 орта мектеп
Педагог- психолог Мақсұтова Мағира Бектасқызы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz