Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ұлыстың Ұлы күні наурыз мейрамы туралы толық мәлімет беру

Тақырыбы: <<Наурыз - Думан>>

Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың Ұлы күні наурыз мейрамы туралы толық мәлімет
беру. Ұлттық дәстүріміз бойынша өтетін мерекенің ерекшелігін, табиғат пен
адамның байланысын, салт- дәстүрін , өз ұлтына деген сүйіспеншілігін
арттыру. Оқушыларды елін, Отанын сүюге, патриоттық рухта және ұлттық
салт- дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.

Әдісі: сахналық көрініс, әңгімелеу, ойын - сауық.

Барысы:

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар және қымбатты қонақтар! Бүгінгі 4
сыныбында өткелі отырған <<Наурыз - Думан>> атты ашық тәрбие сағатына
қош келдіңіздер!

1 Жүргізуші: Ассалаумағалейкум барша халық,
Қартқа құрмет сыйлайық жасқа шабыт.
Салты солай Наурыздың ....
Ей, адамдар, бауырларша келіңдер бас қосалық!

2 Жүргізуші: Көктем сайын арда емген Ана- Күнді,
Дүбірлесін думаннан дала күллі.
Салты солай Наурыздың....
Ей, адамдар, туыстарша тойлайық жаңа жылды!

1 Жүргізуші: Ұсынарын ұрпаққа біледі ізгі ел,
Сол ізгі елдің ұрпағы мына біздер.
Салты солай наурыздың .....
Ей, адамдар, аталардан ақ бата тілеңіздер!

2 Жүргізуші: Тілейді олар:
Болсын деп ырыс жылы,
Жер бетінің болсын деп тыныштығы,
Салты солай наурыздың...
Ей, адамдар, тым болмас,
Ұлы бол, Ұлыс күні!

1 Жүргізуші: Құрметті, қонақтар, оқушылар, көктемнің тамаша мерекесі - Ұлыстың
Ұлы күні Наурыз құтты болсын! Әр шаңыраққа береке бірлік әкелсін!

2 Жүргізуші: Наурыздың аппақ қарындай, ақ кимешегі - ананың аппақ арындай
әжеміз, өзінің немерелерімен келеді. Қош келіпсіз, әже!

Қасына жеті немересін ерткен әже кіреді. Немерелерінің қолында табақша. Табақшаларында Наурыз көже, шашу дән, ақ ырыстан- сүт, шұбат, көк ырыстан- жеміс - жидек, қызылдан - ет тағамдары. Балалар ыдыстарын дөңгелек үстелге қояды.Қыздар иіліп, ұлдар кеуделеріне қолдарын қойып амандасады.

Әже: Наурыз құтты болсын, осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін! << Жалғыз шала сәуле болмас>> деп Наурыз күні төрге қос шырақ жағылады.Бұл шаңырағымызды пәле- жаладан аулақ қыл деген тілек. Өлі риза болмай, тірі байымайды деп, 7 күлше әкелдім.

1 Жүргізуші: Наурыз - ән- күй, би, достық, ынтымақ мерекесі. Бұл күндері адамдар
біріне бірі қошемет көрсетіп, тартуын тартады.

2 Жүргізуші: Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің , татулықтың, еңбектің , көктемнің,
ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланады.

1 Жүргізуші: Осы ұлы күнге байланысты наурыз көже, наурыз бата, наурыз жұмбақ,
наурыз тілек, наурыз көк сияқты жөн - жоралғылар бар.

2 Жүргізуші: Ау, достым, тоқтай тұр. <<Әке тұрып, ұл сөйлегеннен без, шеше тұрып
қыз сөйлегеннен без >> демекші, алдымен үлкендерге сөз берейік.

Ортаға әжелер шығып, құттықтау сөз сөйлейді. Наурыз жөн - жоралғылары жөнінде қысқаша оқушыларға түсінік беріп өтеді.

1- Әже: Наурыз айы - Шығыс күн есебі бойнша жылдың алғашқы айы.Бұл айда
жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен наурыз жыл басы болып саналады.

2- Әже: Наурыз той- бұл үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын - сауықтарға қатысады. Тойда ат жарыс, палуан күрес, айтыс, түрлі ойындар ұйымдастырылады. Ән, өлеңдер айтылып, би биленеді.

3- Әже: Наурыз көже- наурыз тойына ғана тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі тағамнан пісіреді. Наурыз көже сүт, ет, су, тары, құрт, жеміс т.б. тағамдарды қосып пісіріліп, келгендерге ұсынылады.

4 - Әже : Наурыз көк- наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана осы құсты Шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргенде <<Наурызкөгім келдің бе?>> деп шақырып, жем шашады.
5 - Әже: Халықта батаның түрлері көп, соның бірі - наурыз бата. Мұнда наурыз той өткізгендерге, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға, жас талапкерлерге үлкендер бата береді.
1 - жүргізуші: Рахмет, сіздерге, әжелер! Ендігі кезекті оқушыларға берсек!

1- оқушы: Салт - дәстүрім жараса,
Қайта құрып жаңаша.
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша.

2- оқушы: Тамашаға келіңіз, тамашаға,
Сауық кеші бүгінгі сахнаға.
Көңіл қошын іздесін жақсы- жайсаң,
Тамашаға келіңіз, тамашаға!

3- оқушы: Ардақтаған анасын,
Даналардың данасы.
Үміті зор ананың,
Болашағы әр баланың.
Ән: <<Анашым>>.

2 - жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні - жаңа күн болғандықтан, көп жаңалық, қуаныш, игілік осы күннен басталуға тиіс. Жас баланың тұсауын кесу, жас баланы атқа мінгізу, жас жұбайлардың шаңырақ көтеруі. Бесікке салу- ата салтымыздан келе жатқан ырым. Бұрынғы әжелеріміз баланы бесікке жайдан жай салмаған. Оған әдемілеп өлең айтылған. Өлеңде баланың болашағын жырлаған.

Көрініс. <<Бесікке салу>>.

1 - жүргізуші: Тұсау кесу- әдетте сәби аяғын тәй- тәй басып жүре бастағанда оның тұсауын кеседі.Ата - әжелеріміз бұл ырымға қатты көңіл бөлген, өйткені баланың болашақтағы жолы, аяқ алысы жақсы, нық болуы осы тұсау кесуге байланысты деп шешкен.

Көрініс. <<Тұсау кесу >>.
2 - жүргізуші : Бірінші - баланың тұқымы шөптей көп болып өсіп -өнсін деп, аяғын шөппен тұсап кеседі. Екінші- малы көп және семіз болсын деп, аяқты тоқ ішекпен тұсап кеседі.
Үшінші- адал болсын, біреудің ала жібін аттамасын, шыншыл болсын деп ала жіппен кеседі.

1 - жүргізуші: Көп Наурыз , көктем Наурыз , есіл Наурыз,
Мейрам боп келдің екен көсіл Наурыз.
Ақ үйді қуанышқа толтырып бір,
Ән айтқан бозбалаға қосылды - ау қыз!

2 - жүргізуші: Мейіріммен мен де қолға домбыра алдым,
Биші қыз сахнада мың бұралды.
Жалынға дүниені орады күн,
Жадымда осы Наурыз мәңгі қалдың!

Би <<Қаражорға>>.

Алдар: Мен Алдармын, алдаймын,
Сайтанды да арбаймын.
Сараңдарға қаттымын.
Мырзаларға балдаймын.

1 - жүргізуші: Алдар ата, Ұлыстың ұлы күні сіздерді көргеніме өте қуаныштымыз. Төрге өтіп, қонақ болыңыздар.
Алдар: Ия, балам, біз ойын ойнап, той тойлаумен қатар балаларға ескіден қалған ескі сөздерді насихаттап жүрміз. Білгенге маржан деген емес па?
* - жүргізуші: Олай болса, ата, тіпті жақсы, білгенімізді бекітейік, білмесек үйренейік, ашыңыз сыр сандығыңыздың аузын!

Алдар: Дүниеде жеті тойымсыз бар дейді, соны балалар біле ме?

1 - оқушы: Көз көруге, құлақ естуге, жер жауынға, жол тұяққа, дария суға, аспан буға, пеш отынға тоймайды.

Алдар: Ой, бәрекелді, балам! Ал, енді жеті жұтқа нелер жатады?

2 - оқушы: Жұт жеті ағайынды. Олар: жұт, қуаңшылық, індет, өрт, соғыс, сел, жер сілкінісі.

Алдар: Қандай керемет! Соңғы сұрақ. Жеті қазынаны ата.

3 - оқушы: Сұлу әйел, ер жігіт, берен мылтық, жүйрік ат, құмай тазы, қыран құс.

Ойын <<Наурыз>>.

1 - жүргізуші:
Мұсылман ұғымы бойынша 21 - наурыз күні сағат түнгі 3 - те аспаннан Қыдыр Ата түседі екен. Бабаларымыз осы түнді кірпік ілмей күткен, Қыдыр бабаны қарсы алған. Осы түні әр адам қандай ой- арман ойласа, ол жаңа жылда қабыл болады деп ырым еткен.

Есік жақтан ақ сақалды, ақ киімді Қыдыр Ата көрінеді. Сол кезде шырақ ұстаған жеті жігіт екіге жарылып, жерге жеткенше бастарын иіп, сәлем беріп қарсы алады. Қыдыр Ата жоғары көрнекі орынға отырады.

Әже: Адал аттан бұйырған
Дәм татсын ел жиылған
Бидай салдым көжеге
Мол болсын деп биыл нан
Өткіздік деп қысты аман
Сүр ет салдым ыстаған
Ұлыс күнге сақталған
Тары да бар ақталған
Ақ бар адал ниеттен
Бала шаға шиеттей
Ұялуды қойып іш
Тоқтық болсын тойып іш! - деп отырғандарға көже ұсынады.

Қыдыр Ата : Көсегелерің көгерсін айналайындар! Ал, маған айтарларың бар ма? Күтіп отырған басқа халық ел бар, асығыспын.

Әже: Наурыз бата тілейміз, наурыз бата, Қыдыр Ата!

Қыдыр Ата : Ал, ендеше қол жайып батамды қабыл алыңдар!

Елдеріңнің іргесі берік болсын,
Жасқа құрмет, кәріге күтім болсын.
Сөздерің серттей берік болсын,
Ісің ілгері, ақының серік болсын.
Еккендерің өнімді болсын
Өмірлерің көңілді болсын.

Төрт түлік төлді болсын,
Баққандарың шелді болсын,
Ақ көп болсын,
Қайғы жоқ болсын,
Пейілдерің кең болсын,
Сапарларың оң болсын.
Мына Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына,
Қуаныш , бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын!
Әумин!

Бәрі: Айтқаныңыз келсін баба!

1 - жүргізуші:

Армысың, қызыр күнім, қыызқ күнім
Жайнапты рахман нұрдан жүзің бүгін
Ырыс боп , ынтымақ боп, игілік боп
Жер көкке жүре берсін құзырлығың!

2 - жүргізуші:

Аппақ - аппақ армандай,
Аспанда шам жанғандай.
Бастаңғыға жиналған,
Жастарымыз ай маңдай.
Аппақ нұрға малына ,
Наурыз келді тағы да.
Жиналайық халайық,
Алтыбақан маңына!

Ән <<Алтыбақан>>, хор.

1 - жүргізуші:

Қане , жастар наурызды паш етейік,
Келбетін жаңа жылдың ашып биік.
Әрқайсыңыз бір - бір лебіз айтыңызшы,
Қандай күн екендігін жиып - түйіп?

1 - ойыншы:
Наурыз - жыл басы,
Қыс пен көктем қауышады,
Суық пен жылылық ауысады,
Қатып жатқан тоң жібиді,
Тоңып жатқан өң жылиды.

2 - ойыншы:

Наурыз - теңдік күні,
Күн мен түн теңеледі,
Ұл мен қыз теңеледі,

Ұлылық пен кішілік жанасады,
Бай мен жарлы жарасады.

3 - ойыншы:

Наурыз пәктік күні ,
Реніштер ескерілмейді.
Жәбірлеуге дес бармейді,
Қарттардың көңілі кеңейеді,
Жастардың күлкісі көбейеді.

4 - ойыншы:

Наурыз - тазалық күні,


Ұқсас жұмыстар
"наурыз мейрамы, қазақ халқының ауыз әдебиеті, шешендік өнері" ашық сабақ 5 сынып
22 наурыз. 2 сынып, әдебиеттік оқу
Наурыз атаулары, Наурыз көже
Наурыз салтанаты
Келер Наурыз тойына
Қазақтың салт - дәстүрлеріне тоқталып кету
Наурыз имандылық мерекесі
Қазақ халқы наурызды қалай қарсы алған
Наурыз-Ұлыстың ұлы күні . Наурыз мейрамы
Наурызкөже
Пәндер