Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты
Файл қосу
Зиянды заттар қауіпті!
«Опорный орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
[pic]
(Дөңгелек үстел)
Дайындаған: Ибраева Айсара
2014-2015 оқу жылы.
Зиянды заттар – қауіпті!
(дөңгелек үстел)
Мұғалімнің сөзі: «Адамның мұқият ойланбай жасаған кейбір іс-әрекеттері
денсаулығына зиянды. Мысалға, темекі мен есірткінің зияны адам өміріне
қаншалықты әсер ететініне бәрімізге белгілі. Темекінің түтіні күрделі
химиялық қосылыс болып табылады. Оның ішіндегісі ең улысы — никотин. Ол
көптеген мүшеге тарап, оларды зақымдайды. Темекі мен нашақорлық ұрпағымызды
көктей солдырып жатыр». Міне осы мәселенің қоғамдық проблема екендігін
ескере отырып бүгінгі дөңгелек үстелімізде «Зиянды заттар – қауіпті»
тақырыбында ой өрбітетін боламыз.
1-оқушы: Темекі тарту ежелгі заманда пайда болған. Темекіні Еуропаға ХІV
ғасырда Колумб әкелген деген болжам бар. Еуропада алғашқы темекіні өсірген
дәрігер, ол Франция королевасының елшісі Жан Нико. Оған иіскеп рахат күйге
бөлену үшін темекі ұнтағын жіберіп, оны емдік ретінде пайдалануға кеңес
берді. Сол Никоның аты-жөнімен темекінің негізгі әсер етуші күші — никотин
деп аталып кеткен.
Темекі мен ішімдіктің зиянын барлық мамандандырылған дәрігерлер айтып әлек.
Темекіге әуес әйелдің етеккір циклі өзгеріске ұшырап, жатырдан тыс жүктілік
қауіпі күшейеді, жатыр түтікшелері түрлі ауруға шалдығады.
Репродуктивті технологияны көмекші ретінде пайдаланатындар осы темекі
тартатын әйелдер. Жүктілік кезінде дүние есігін ашатын балаға темекінің
залалды екені мәлім. Бұл дәлелденген де. Темекі тартқан келіншектен салмағы
жетпей қалған сәби туылады. Толғақ кезінде ана қатты қиналады. Ал,
еркектерді аталық ұрықтары әлсізденіп, оның қызметі төмендейді.
2-оқушы: Алкоголь, марихуана, есірткі заттарды пайдалағандар мен түрлі
дәрілерді ішкендер белдеулікке жиі ұшырайды. Өйткені бұлар ұрықтың
жиналуына себепкер болатын гармондар мен хромосомалардың қызметін бұзып,
сексуалдықты төмендетеді.
Кофе. Кофені құмартып ішетін аруларда денеге бала біту мүмкіндігі аз. Аяғы
ауыр әйелге кофеден бас тарту оңайға соқпас, әлбетте оны аз мөлшерде ішу
қажет. Кофеинді кофенің де зияндары жетерлік. Газдандырылған сусындар мен
шоколод құрамында да кофеиннің бар екенін естен шығармаңыз.
Бүгінгі таңда медицина қарқынды дамып кеткен. Бала сүю мәселесі де дұрыс
жолға қойылуда. Бедеулікке шалдыққандар күйзелмей медикаментозды терапия
және репродуктивты технология көмегіне жүгінуге болады-дейді дәрігерлер.
Әйел мен баланың денсаулығын жақсарту. Ана мен баланың денсаулығын қорғау
біздің мемлекетіміздің, денсаулық сақтау органдарының, жұртшылықтың тікелей
назарында болуға тиіс. Уақыт өтіп, қазына кірісі өскенде мемлекет үшін де,
отбасын қолдауға тиімді демографиялық саясат үшін де қолайлы нысанда аналар
мен балаларға мемлекеттік қолдау көрсетуге қаражат табамыз. Біз бұрынғы
уақыттан бері және қиындықтарға қарамастан бүгін де осындай көмекті
көрсетіп келеміз. Мен балалы болғысы келмейтіндерге салық енгізу туралы
ұсынысты көпшілік талқысына саламын. Одан түскен қаржыны көп балалы
отбасыларды қолдауға жұмсар едік.
Пікір: Бізге жергілікті деңгейде де отбасын, әйелдің жүкті кезін және
балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керек. Неке мен отбасы
институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғызбасты аналар
проблемасын шешу керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе,
жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ал ең бастысы балаларының алдындағы
жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына, ал балалар
өздерінің қартайған ата-аналарына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда
құрметке ие болғанда - еліміз үшін алаңдамауға да болады. Бұл ұсыныстар
Қазақстан халқына қашанда тән болған, оларды жандандырып, жан-жақты қорғау
қажет. Жұртшылық мұнда дұрыс шешімді көрсетіп, ол отбасы туралы заңда
бейнеленуге тиіс.
Салауатты тұрмыс құрып, сол арқылы балаларына үлгі көрсетіп отырған ата-
аналарды айрықша атап көрсету қажет. Мен компаниялар мен жұмыс берушілерге
осы тұрғыдан көтермелеудің тиісті нысандарын іздестіруді ұсынар едім.
Талқылау: Елімізде жыл сайын 200 мың аборт жасалады. Қоғамда абортқа тыйым
салу керек пе, жоқ па деген мәселе пікірталасына түсуі керек. Мұндай өте
нәзік мәселеде де, басқа мәселелерде де мен көпшілікті қолдаймын. Қандай
жағдайда да, әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін отбасын
жоспарлаудың өркениетті жолына түсуіміз керек.
Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жеткіншек ұрпаққа,
сондай-ақ жас отбасыларға көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз.
Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту.
Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20 процентіне себеп болып
отыр, ал кейбір аймақтарда жағдай мұнан да қиын. Отандастарымыздың үштен
бірі сапасыз ауыз-суды пайдаланады. Жеткілікті және дұрыс тамақтанбау да
теріс демографиялық салдарға әкеп соғады.
Пікір: Сондықтан біздің әрқайсымыз тамақтану мен ауызсуға ерекше көңіл
бөлуге тиіспіз. Біздің мамандарымыз қалай дұрыс тамақтану керек екенін,
табыс дәрежесіне қарай өз рационын қалай құру керек екенін қазіргі заманғы
жеке басының тазалығы ережелерін орындауды, сапасы төмен ауызсудың зиянын
қалай тигізбеуді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіруден жалықпауы
керек. Экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер мен стандарттау
органдары қойылған мақсаттардың басымдығына сәйкес жұмыс жүргізуге тиіс.
Кез келген сапасыз тамақ өнімдерін өткізушілер мен жасап шығарушыларға,
табиғи ортаны ластаушылардың бәріне берік және қат-қабат тосқауыл қойылуы
қажет.
Мемлекеттік ведомстволардың басшылары осының бәрінде де үлгі көрсетуге
тиіс. Сонымен қатар дінбасылар мен қоғамның басқа да құрметті адамдарын осы
процеске қосылуға шақырамын. Бұл - маңызы зор мәселелер. Адамдардың
денсаулығы мен оны мыңдаған отандастарымыздың өмірі осы шараларға тікелей
байланысты. Келесі оқушының баяндамасынан ащу су туралы мағлұмат алатын
боламыз. 3-оқушы:
Баяндама: «Ащы судың азабы көп»
Енді этил спиртінің (“самопалдағы” мұнайдан жасалған техникалық спиртті
қоса алғанда) адам ағзасына тікелей қалай әсер ететінін білгіңіз келсе,
мынаған назар аударыңыз:
1. Рактың тууына бірден бір себепкер – алкоголь. Көптеген зерттеулердің
қорытындысына сүйенсек, арақ ауыз, өңеш, жұтқыншақ, кеңірдек, асқазан, ішек
рактарымен қоса, тері рагінің 50-70 пайыз, қалқанша безі рагінің 100-150
пайыз, әйелдерде сүт безі рагінің 60 пайыз жиілікте пайда болуын арттырады.
2. Жүректі жегідей жейді.
Адамның “моторы” айталықтай өзгеріске ұшыраса, оның өмірі де қысқаратыны
белгілі. Дәрігерлер “алкогольдік кардиомиопатия” диагнозын қойса, осы
бастан жақындарыңмен қоштасып, ахиретке дайындала беруіңе болады.
3. Бауырды езеді. Арақты “жақсы көретіндер” әлі емі табылмаған цирроз
ауруына, сонымен қатар гепатит, бауырдың майлы дистрофиясы сырқаттарына
жиі, ерте ұшырайды. Ондай адамдардың бауыры бүрісіп, езіліп кетеді.
4. Тамырларды тарылтады, қуысын бітейді. Негізінен, қан қысымының
жоғарылауы тамырлардың тарылуынан, оның қуысының атеросклероздық әктенуі
салдарынан бітелуінен болады. Бұндай адамдардың инфаркт, инсульт алу
мүмкіндігі жоғарылайды.
5. Шұғыл өліп кетсең, арақтан көр. Маскүнемдер арасындағы тұтқиыл өлімдер
арақ ішпейтін адамдардан әлдеқайда көп кездеседі. Ол жүректің ырғағынан
жаңылысуынан, өкпе артерияларының қан ұйындыларымен бітелуінен т.б. болады.
6. Ақылдан адастырады. Психиатриялық емханаға түсетіндердің көбі –
маскүнемдікке салынғандар. Галлюцинация, сандырақтау, иллюзия, құтыру, есте
сақтау қабілетінің төмендеуі – осының бәрі арақтың кесірі.
7. Иммунитет төмендейді. Араққа құмар адамдар жұқпалы ауруларға, соның
ішіндегі қауіптілері туберкулезге, тұмауға жиі шалдығады.
8. Қабыну процестерін қарқындатады. Өңештің, асқазанның, ұйқы безінің,
өкпенің, бүйректің, жүйкенің қабыну аурулары да осы арақтың кесірі.
9. Астың сіңірілуін азайтады. Мальабсорбция процесі жүрсе, яғни ас
сіңірілмесе, тағам құрамындағы құнарлы заттар қанға өтпесе, ақуыз, көмірсу,
май, витамин, минералды заттар жетіспегендіктен ағза ашығады.
10. Кемтар ұрпақты дүниеге келтіреді. Спиртті ішімдіктерді “сүйетіндерден”
туған балалар өле-өлгенше ата-аналарын қарғап өтетін шығар (егер оған
ақылдары жетсе!).
Спирттік ішімдіктердің қауіптілігі мен тигізетін зардаптарына көзің жетті
ме? Бұл әңгімемізде тек оның ағзаға ғана әкелер зиянын айтып өттік. Ал,
харам сусыннан қоғамға келер моральдық, қылмыстық т.б жайттар өз алдына
бөлек тақырып. Ендеше одан отбасыңды, жақындарыңды сақтандыр, өзгелерге де
осыны айт! Ұлт болашағына қауіпті осы құбылыспен қоғам болып күресейік.
4-оқушы: Осыдан он жыл бұрын “Қазақстан-2030” стратегиясындағы 7 басым
бағыттың ішінде денсаулық сақтау және білім беру, адамдардың өсіп-өнуі
өміршең міндеттер екені белгілі. Бірінші кезекте сырқаттың алдын алу және
дені сау болып, жақсы өмір сүрудің берік дағдысын күнбе-күнгі әдетке
айналдыру, нашақорлық, арақ ішу, темекі шегу секілді теріс құбылыстарға
қарсы күрес жүргізу, ана мен баланың денсаулығын қорғау, дұрыс тамақтану,
қоршаған орта мен экологияның таза болуына күш салу секілді міндеттерді
жүзеге асыру бағытында әлі де көп істер атқарылуы тиіс. Бұл ретте
медициналық қызметтің сапасын халықаралық стандарттарға сәйкес ету, озық та
жаңа технологияларды дамыту асығыс-үсігіс реформалар жасауды емес, байсалды
көзқарастарды және мәселеге ғылыми саралау тұрғысынан келуді қажет етеді.
Нарық жағдайында жеке меншік медициналық қызметтің де дамуына жол ашылды.
Бір ғана мысал. Қазір ірі қалалар мен облыс орталықтарында тіс емханасының
көптігінен аяқ алып жүре алмайсыз. Бұл жақсы ма, жаман ба? Егер әр адам өз
денсаулығын күйттеп, шын кәсіби дәрігер таңдауға жүгіне алатынын ойласақ
және санның сапаға айналмай тұрмайтынын, ол қолайлы қызмет көрсету
бәсекелестігіне жетелейтінін ескерер болсақ, бұл жағымды көрінеді. Ең өткір
мәселе, соған қарамастан ауру біткеннің алдын алу, адамдардың өзін-өзі күту
жағдайы медициналық білім мен қолжетімді ақпарат болуымен байланысты екені
дау туғызбайды.
Темекінің зияны туралы ұлы адамдардың айтқандары: (көрнекілік ретінде
қолданылған нақыл сөздер)
Бальзак: «Темекі тәнді зақымдайды, ақыл ойды күйзелтеді, ұлттарды
топсаттандырады».
Роберт Бертон: «Темекіні әдетке айналдыру апатқа айналады, бізді қоршаған
ортаға, жерге, денсаулыққа кеселді қол салу. Осының бәрі тозақ сайтан
аққан, қарғыс атқан, жан мен тәнді бұзып, азапқа салатын — темекі».
Яков: «Темекі тарту — жанарға залалды, келбетке кеселді, миға зиянды,
өкпеге қатерлі әдет».
Індет! Елді жайлаған зияны мол, қайтуы қиын, қауіпті дертті халық осылай
атаған. Ол індет — нашақорлық.
Оқушы: Біз есірткіге құмарлықтың бәрін жинақтап «нашақорлық» деп атаймыз.
Алғаш рет ауылдағылар Ш.Айтматовтың «Жан пида» романын оқып, таң қалғандары
бар. Шу алқабындағы қарасораның «кереметі» сұмдық екен ғой! Қарасора, қазақ
«кендір» деп атайтын осы жабайы шөптің өспейтін жері жоқ. Соны жинап сатып
«бизнес» жасайтындар шықты. Оның тұқымын ауыл бақшасына егіп жатқандар да
бар екен. Тексергендерге: «Бұл дәрілік шөп қой» дейді. Ал «дәрі» қабылдаған
ауыл жастары сеңдей соғлы, көшеге сыймай жүргені.
Ел боламыз десек, осыған күйіп жан ауырту керек. Өйткені, бәріміз күресетін
жау біреу, ол — нашақорлық!
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Біз, келешек Қазақстан халқының ұрпағымыз.
«Қазақ» деген ұлттың жалғастырушысымыз. Ата-бабаларымыз сонау қиыншылық
заманында қан төгіп қазақ жерін сақтап келсе, ал біз бейбітшілік заманында
аман сақтап қалуымыз шарт. Ол үшін Қазақстанға дені сау азаматтар керек.
келер ұрпағымызды аурудан, кемтарлықтан сақтауымыз біздің қолымызда, яғни
зиянды заттарадан жат болуымыз және гигиенамызды сақтай білуіміз керек.
Осымен біз барлық әлемді бей жай қалдырмай, халықтың санасын улап жатқан
зиянды заттар туралы өз ойымызды ортаға салып, олардың зиянын оқушыларға
барынша жеткізуге үлесімізді қостық деп ойлаймыз. Бүгінгі таңның күрделі
мәселесін шешуге бүгінгі отырған оқушылар өз пікірлерін білдіру арқылы, әр
азаматтың өмірінде саламатты өмір қалыптастыру керектігін сезініп, өмірді
жақсарту жолдарын да үйренді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz