“жасөспірімдер мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты түзетудің психологиялық әдістемесі”

І. Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінің педагог-психологы Браташ Сауле Мухамедиярқызы
Тақырыбы: “Жасөспірімдер мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты түзетудің психологиялық әдістемесі”
Мақсаты: Ата-ана мен баланың отбасылық тәжірибесін түсіну және қабылдау, қарым-қатынас пен болашағы жайлы түсінік қалыптастыру.
- Танысу мен қағиданы қабылдау.
«Сәлемдесу» жаттығуы. Қатысушылар шеңберге тұрып мысалы «Мен Айжан өмірде бақыттымын» дегендей өмірге, бойындағы қасиеттерге байланысты сөз тіркестерін айтады.
Мақсаты: қатысушылардың көңіл - күйін көтеру, жүйке жүйесін демалдыру.
«Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» деген қағиданы топта қабылдайды.
2. Тақырыбы: «Гүл бейнесіндегі - Отбасы суреті» әдістемесі. авт. Л. Лебедева
Мақсаты: Отбасында қалыптасқан қарым-қатынас ерекшеліктерін, отбасылық жылуды, қарым-қатынасты, бір біріне жақындықтарын бақылау.
Орындау ережесі: Әр кім өзінің отбасындағы мүшесін гүлге теңеп сурет салуы керек.
Құрал жабдықтар: интерактив тақта, видеослайд, ақ қағаз, түрлі - түсті бояу, өшіргіш.
Міндеті: Отбасы мүшелерін суретке түсіру ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан қарым-қатынасты клиенттің бағалауы және одан әсерленуі, мазасыздануын анықтау.
Нұсқау: Отбасыңыздағы әрбір жанды өзіңіз қалаған гүл бейнесімен бейнелеңіз.
Суреттер бойынша интерпретация
Суреттерді талдау: Қатысушылар өз суреттеріне қарап талдау жасайды.
- Суреттен қандай көңіл-күй сезіледі? (немесе сурет қандай көңіл-күйді білдіреді?)
- Не нәрсе ерекше көріндер? (Отбасының әр мүшесінің жеке тұлға ретінде суреттелуіне және бейнелердің қайталануына мән беріңіз) .
- Қоршаған ортада өсімдіктер өзін қалай сезінеді, қаншалықты табиғи көрінеді?
- Суретші қандай сезімдерді көрсеткісі келген?
- Суретші қайсы нысанға көп көңіл бөлген?
- Автордың өзі суретте қандай орында тұр?
- Гүлдер өзара қалай жайғастырылған?
- Барлық отбасы мүшелеріне суретте орын жетті ме?
- Шын мәніндегі отбасы бейнеленген бе, әлде қиялдағы отбасы ма?
- Гүлдер арасында қайтыс болған туысқандар мен жақын ағайындар бар ма?
Суреттер бойынша интерпретация келесі 4 құрамды бөліктен тұрады:
- Суреттің құрылымын талдау.
- Отбасы мүшелерінің орналасуы және олардың өзара әрекеттесуінің ерекшеліктері.
- Отбасы мүшелерін салу реті және олардың сыртқы көрінісіне көніл аударуы
- Суретте қолданылған символикалар және оның мағынасын талдау.
Зерттеу барысы:
Суретті салып болғаннан соң, қатысушылармен әнгімелесе отырып, келесі сұраныс бойынша жеке қатысушымен осы сұрақтарға жауап алу керек: Осы «Гүл бейнесіндегі - Отбасы суреті» әдістеменің ерекшелігі оған қатысушының отбасын, өзін-өзі бақылауы, қарым-қатынас ерекшеліктері, қатысушының отбасындағы әр адамға көзқарасы, мазасыздануы, шиеленіс жағдайлар санадан тыс көрініс береді. Қатысушымен жеке байланысқа, тез тіл табысып, проблемаларын шешуге әрекет береді.
« Гүл бейнесіндегі - Отбасы суреті » деп аталып өткізілген арт-терапия ата-аналардың үлкен қызығушылығын тудырып, әркім өзінің, отбасындағы мүшелерінің рөлін жаңадан көргендей болып, қаншалықты отбасының тәрбиесі балаға әсер ететіндігін және осы отбасының татулығына ата-ананың жауаптылығы жоғары екенін білдірді. Соған байланысты мектеп психологқа деген сұрақтары да көп болды. 3. «Мен кіммін?» жаттығуы.
Мақсаты: Адам бойындағы ерекше қасиеттер туралы түсініктер беру. Кешігірім ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу, өзіне деген сенімділікпен оптимизмге бағыттау.
Құрал жабдықтар: Жұмсақ ұлу өзінің үйінің ішінде ойыншығы, үйдің ішінде түрлі түсті қағаздар, адамның бойындағы жақсы ерешелігімен жазылған.
Орындау ережесі: Әр қатысушы алдымен өзі жайлы ойланып, менің бойымда қандай қасиеттерім бар екен деп
4. “Сенің жұлдыздық сәтін” жаттығуы
Мақсаты: Өзіне деген сенімділігін арттыру, қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, қоршаған ортасына сенім білдіру, олардан қуат жігер алады.
Орындау ережесі: өз еркімен ортаға шығып, сол адамға екі жақтан жұлдызды қарсы алғандай қошеметтеп ортасынан жібереді.
5. «Отбасылық социограмма» тесті
Мақсаты: зерттелінушінің отбасындағы қарым-қатынасқа түсу ерекшеліктері мен тұлғааралық қатынастағы оның хал-ақуалын тікелей және жанама түрде “қазір және осы жерде” анықтау.
«Отбасы социограмма» сауалнамасында ата-аналар, балалармен отбасыңдағы қарым-қатынасты, проблемалық жерлерін көре алды.
- Қорытындысы:Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыздар? Өзіңізге қандай жаңалықтар аштыңыздар? Нені болашақта қолданар едіңіздер?
Жалпы топтық талқылау және ұсыныстар беру. Кездесу соңында рефлексия өткізілді.
Ата-аналар «Өте қызықты, өзімнің жанұямды жанадан көргенімдей болдым, енді жеке консультацияға да жазылып кетсем екен деп быраз ата-аналардан ұсыныстар түсті. Осындай өткізілген жиналыстар ата-аналар мен психологтар үшін керектігін көрсетті.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz